Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.54 Кб
Скачать

18.3 Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері.

Билет 19.1Қазақстанның таулы аймақтарындағы селдің қауіптілігі және селдің сипаттамасы.

Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.

Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады.

Сел тасқынының тікелей қаупінің белгілері: күшті шуылдың шығуы, сел ағызып әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің дірілдеуі, лас шаңды бұлттың пайда болуы жатады.

Егер сел тасқынына тап болсаңыз онда жергілікті өкімет органдарының, полицияның берген нұсқауларына сәйкес қауіпті аймақтан тез арада шығу керек. Қауіпсіз аймақтар айтылатын болады. Егер уақыт мұрша беретін болса, онда қауіпті аймақтан малды айдап әкетуді қолға алу керек.

Адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді, бағалы заттарды құтқарып қалу үшін суға жүзу құралдары пайдалануы тиіс. Құралдар дер кезінде табылмаса, онда қолдан салдар жасау қажет.

Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып - жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге жетеді, яғни "сел бась”деп аталады.                             

Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады- бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып - жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Бір кезде шегіне жетіп сел массасы бөгеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.

Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әртүрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.

Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер - судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады.

Селдің қауіптілігі - тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгеу) түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып әкетеді.

19.2Радияциялық,химиялық бактериялардың таралу орталықтары. Химиялық зақым ошағы — химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағынын аумагы колданылған улағыш заттардың мөлшеріне, олардың типіне, метеорологиялық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Химиялық зақым ошағының сақталу ұзақтығы, орта есеппен алғанда, жазда Ү-газдарымен зақымданғанда 1-3 апта, заринмен зақымданғанда 6-8 тәулік, ипритпен зақымданғанда 1,5 тәулікке дейін, қыста кейбір улагыш заттар, мыс., Ү газы зақымдаушы әрекетін бірнеше ай бойы сақтай алады. Химиялық зақым ошағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен арнайы құрылған жасақтар тартылады, қажет болған жағдайда оларға көмекке АҚ-тың баска да жасақтары бөлінеді.

Бактериялық зақымдану орталығы деп бактериялық құралдарымен жұқпаға ұшыраған, адамдар мен жануарлар арасында инфекциялық аурулардың таралуын тудырған қалалар мен жергілікті тұғын жерлер, экономикалық аудандарды айтады. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Зақымданған халықтың арасында эпидемияға қарсы санитарлық іс-шаралар кешені жүргізіледі. Бұл іс-шаралар мыналарды қамтиды: байқау және карантин; жұғуға ұшыраған адамдарды санитарлық тазартуы және зақымданған аумақдезинфекцисы;

Атом энергетикалық станцияларды пайдалану кезінде бір қатар елдерде авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Осындай жағдайға ұшыраған аумақ радияциялық зақым орталығы деп есептелінеді. Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді: 1). Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге үшырауы мүмкін). 2). Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі). 3). Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС шекарасына таралады).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]