- •1.2 .Қар көшкінінің, селдің туындау себептері, олардан қорғану тәсілі
- •2.3. Биологиялық қауіп:Түсінігі, классификациясы, қауіптілік дәрежесі
- •3. 3. Қазақстандағы инфекциялық аурулардың шығу ықтималдығы және әсер етуші факторлар.
- •4.2. Техногендік апаттар мен катастрофа түсініктері.
- •4.3.Өте қауіпті инфекциялардың алдын алу және алғашқы көмек.
- •5.2. Химиялық қауіпті аймақта,ы апаттар
- •5.3. Инфекциялық аурулардың түрлері олардың шығу себептері және таралу белгілері
- •6.2 Аумақтың зақымдану себептері және қатты әсер ететін улы заттардың құрамы
- •6.3. Радиация : Түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері
- •7.2 Қәуз – дің(сдяв) территорияны зақымдау масштабы және анықтаушы факторлар.
- •8.2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
- •8.3. Ақ(го) жинақталуының ұйымдастыру принциптері.
- •10. 2 Уландырғыш заттар, белгілері, классификациясы және қорғану шаралары
- •10.3. Қорғану құрылғыларының түрлері және зақымдаушы фактілерден қорғану эффектілігі
- •11.2 Химиялық және бактериологиялық қарулардың зақымдану факторлары
- •11.3 Зақымдайтын факторлардан халықты және шаруашылық объектілерді қорғаудың тәртібі.
- •13.2 Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.
- •13.3 Дем алу мүшелерін қорғау құралдары.
- •14.2 Радиацилар: түсінігі және радиоактивті сәулеленү түрлері.
- •14.3 Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.
- •15.2 Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
- •15.3 Тж (чс) кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
- •16.2 Хка химиялық қауіпті аймақтағы негізгі қауіптер
- •16.3 Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.
- •17.2 Йонданған сәулелерден қорғану: негізгі сипаттамалары, әсері
- •17.3Төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық нысынының тұрақтылық ұйымдастыру әдістері
- •18.2 Сәулеленудін бір бөлігінің қуаты және алынған қуат
- •18.3 Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері.
- •19.3 Апаттан таралу жұмыстарының апат қауіптілігіне тәуелділігінің ұйымдастыру реті
- •20.2Дозиметриялық немесе химиялық тексеру апаттары.
- •20.3Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.
- •21.2 Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
- •21.3 Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
- •22.2 Жойылу аумақтары- анықтау және анализі.
- •23.2 Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.
- •23.3Су тасқынының кауіптілік ережелері.
- •24.2 Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.
- •24.3 Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.
- •25.2 Қәуз (сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.
- •25.3 Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.
15.2 Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
Радиоактивті сәулелену-атом ядролары бөлінген кездегі ядролық сәулелену (электромагнитті сәулелену, бөлшектердің
түсуі).Радиоактивті сәулелену көзінің активтілігі - сәулеленуші көздің радиоактивті атом ядросының толық ыдырау санының осы ыдырау саны өткен уақыт аралығына қатынасы.
Радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаларға әсеріЖануарлар мен өсімдіктердің сәулелену сипаты сыртқы, ішкі, аралас болады. Сырткы сәулелену түрінде, сәуле көзі ағзадан тыс болады. Ең негізгі сыртқы космостық сәулелену, рентгенді альфа сәулелер болып табылады.Ал бетта сәулелері, улкен мөлшерлерде, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін тигізеді. Егер сәулелену көзі ағзанын ішінде болса, ол ішкі сәулелену деп аталады. Өсімдіктерге радиактивті элементтер қорек заттары мен жапырақтары арқылы жиналады, ал жануарлар ағзасына олар өсімдікті қорекпен түседі. Сәулеленудің бұл түрін аралас деп атайды. Нуклиттердің радиактивті элементтер түрінде шашрағанда ионды сәулелену пайда болады. Бұл процесте оңды және теріс зарятталған элементтер пайда болады.осы малекулалар кейінен радикалдар мен иондарға бөлінеді. Иондалған сәулелердің су малекулаларымен әрекеттесіп, радиолизға ұшырайды, яғни су екі ионға болінеді. Бұл радикалдар бос оттектермен әрекеттесіп сутекке айналады. Сонымен басқа молекулаларды сәулелендіріп, радиацияға ұшырайды.
15.3 Тж (чс) кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек – төтенше жағдайлар кезінде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның төтенше жағдай режимі енгізілген шекараларында жүзеге асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу іс-шараларының кешенін ұсыну нысаны; Төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары – төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық көмектің мазмұнын, көлемі мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен шарттардың жиынтығы. Оның негізгі элементтері: халықтың санитариялық шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары; зақымданғандардың (науқастардың) медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше жағдайлар аймағының (ауданының), төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтың санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиялық жай-күйі, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдардың қажеттілігі және олардың болуы; медициналық күштер мен құралдардың жай-күйі; төтенше жағдайларды жою кезінде медициналық және авариялық-құтқару құрамаларының жұмыс жағдайы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жағдайы және басқалар болып табылады; Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің түрі – медициналық көмек көрсететін тұлғалардың біліктілігімен өткізілетін орны және қолда бар медициналық жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу–алдын алу іс-шараларының тізбесі; Шұғыл медициналық көмектің көлемі – тіршілік көрсеткіштері бойынша төтенше жағдай аймағындағы, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңінің мүмкіндіктеріне байланысты медициналық көмек түрінің шеңберінде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу іс-шараларының жиынтығы.
2. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну тәртібі
1.Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайдың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады. 2.Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетуді күнделікті қызмет режимінде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. 3.Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай режимі енгізілген кезде апаттар медицинасы қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі. 4.Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестіре отырып, зақымданушыларды (науқастарды) зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай кезеңдік емдеу әдісімен ұсынылады. 5.Бірінші кезеңде тікелей төтенше жағдай аймағында немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта шұғыл медициналық көмекті шұғыл медициналық көмек қызметінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің, апаттар медицинасының құрамалары мен Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі, сондай-ақ өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған аумақтық медициналық ұйымдардың күштері көрсетеді. 6.Екінші кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі. 7.Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлік ұйымдарының персоналы мен материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкін. 8.Төтенше жағдай аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды, одан әрі медициналық көмек көрсетуді, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. 9.Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта мынадай медициналық көмек көрсетіледі: 1) дәрігерге дейінгі – орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері, парамедиктер, құтқарушылар, шұғыл қызметтің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ өзіндік және өзара көмек көрсету тәртібінде өзге де тұлғалар; 2) білікті – жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың апаттар медицинасы мен медициналық қызметтерінің құрамаларының күштері, далалық жылжымалы медициналық әскери бөлімдер мен бөлімшелер, сондай-ақ өздерінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған денсаулық сақтау ұйымдары; 3) мамандандырылған – апаттар медицинасының мамандандырылған құрамалары, сондай-ақ көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдары.
Билет 16.1 Балдық шкала түсінігі және Рихтер магнитуда шкаласы және олардың қатынасы.
16.1Балдық шкала түсінігі және Рихтер магнитуда шкаласы және олардың қатынасы.
Жер сілкінісінің қарқындылығы - белгілі бір орындағы жер сілкінісінен болған шығындардың дәрежесі. Балл түрінде арнайы шкалалардың көмегі арқылы анықталады:
- 12 балдық шкала ММ( 902 жылы Итальян вулканологы Меркалли әзірлеген, түрлендіріп АҚШ-та қабылданған);
-12 балдық МҢК-64 шкаласы (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В.Шпонхойер (ГФР) және В. Карник (ЧССР) әзірлеген, еуропаның кейбір елдері мен ТМД-да қабылданған).
Жер сілкінісінің қарқындылығы салыстырмалы мөлшер болып саналады және ол мыналарға байланысты:
- жер сілкінісі кіндігінің ара цашъщтыгынан - жер сілкінісі кіндігіне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;
- жер сілкінісі ошагының тереңдігінен - тереңдігі аз болған сайын қарқындылығы көбірек бола түседі;
- топырақ жағдайына байланысты - кеуепті жыныстар және жер асты суларының жоғары жатуы жер сілкінісі қарқындылығының бір балға көбеюіне әсер етеді.
Жер сілкіну күші сейсмикалық кесте (шкала) арқылы анық-талады. XIX ғасырда жасалған ең алғашқы салыстырмалы кестенің авторлары Италия ғалымы де Росси мен Швейцария ғалымы Форрель (1880 ж.) болып саналады. 1931 ж. жапония ғалымы Вадати жер сілкінудің магнитудалық шамасын анықтауға арналған өз кестесін ұсынады. 1935 ж. белгілі сейсмолог, американ; (Калифорния) ғалымы Ч. Рихтер (Вадати кестесінің .негізінде) оның жетілдірілген және толықтырылған вариантын жасайды. Магнитуданы есептеп шығару үшін, жер сілкіну ошағының тереңдігін және оның эпицентр- ден қашықтығын білу керек. Әрине, мұндай жұмыстарды жүргізу өте сезімтал аппаратураны қажет етеді.
Ч. Рихтер мен австриялық ғалым Б. Гутенбергтің берген анықтамасы бойынша, магнитуда (“М>>) деп, сейсмикалық толқынның (эпицентрден 100 км-лік қашықтықта стандарттық сейсмограф көмегімен жазылып3 алынған) максимал (“тах”) амплитудасының ондық логарифм шамасын (мм-дің мыңнан бір бөлігі) айтады.
Басқаша айтқанда магнитуда дегеніміз жер сілкіну-дін салыстырмалы энергетикалық өлшемі. Онын, шамасы сейсмограммада жазылған толқынның амплитудасы мен периодын өлшеу арқылы анықталады. Әдетте толқын амплитудасы шамамен он есе артқан кезде, жер сілкіну магнитудасы бір шамаға артып отырады.
Рихтер кестесінің (теория жүзінде) не жоғарғы, не төменгі шегі болмайды. Бұл кесте бойынша Гималайда (1950 ж.) және Лиссабонда (1755 ж.) болған жер сілкі-нулер ен, күшті (М^8,9) апатты оқиғалар қатарына жатады.
Жер сілкінудіқ магнитудалық шамасын (М) көрсететін Рихтер кестесі
Рихтер кестесі бойынша жер сілкінудің (энергетикалық) күші тек магнитудалық өлшем (жер сілкіну ошағында бөлінген энергияға пропорционал шама) арқылы анықталады. Қейде жер сілкіну әрекетінің қарқындылығын магнитудалық ұғыммен шатастырады. Сондықтаң түсініктірек болу үшін бұл үғымдардың мазмұнына толығырақ тоқталуға тура келеді. Магнитуда шамасы (әрбір жер сілкінісі үшін) тұрақты бір санмен анықталатын объективті шама. Ал жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы (интенсивтігі) жер бетінде байқалатын формациялық өзгерістердің көлемімен және оның жер бетінде өмір сүретін адамдардың физиологиялық сезім мүшелеріне тигізетін әсері арқылы сипатталатын субъективті өлшем. Де Росси мен Форрель (1880 ж.) ұсынған кесте бойынша жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы ден X ға дейінгі аралықтағы рим санымен белгіленеді.
1964 ж. үш сейсмолог ғалымның (С. В. Медведев —1 ТМД, В. Шпонхойер — ФРГ, В. Қарник — ЧССР) фамилияларының бас әріптерінен құралған халықаралықі кесте (МSК.-64) қабылданып, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді. Бұл кесте бойынша, I мен IV балға дейінгі аралықта жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы адам- дардың (физиологиялық) алған әсері (эмоциясы) негізінде, V тен IX балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирау дәрежесіне қарай анықталады, алі X нан XII балға дейінгі аралықта байқалатын жер бетінің деформациялық ірі өзгерістері (ығысу, ыдырау. қатпарлану, жылжу, жылысу, опырылу, жарылу) жер сілкіну әрекетінің ең жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші болып саналады. Магнитуда мөлшері сейсмограммада жазылған толқынның (беткейлік толқын) амплитудасы мен периодын өлшеу арқылы анықталады. Әдетте, толқын амплитудасы шамамен он есе артқанда, жер сілкіну магнитудасы бір өлшемге артады. Магнитудалық шкала алған негізін салған американ сейсмологы Г. Рихтердің есімімен Рихтер шкаласы деп те аталады. Бұл шкал бойынша тарихта белгілі ең күшті жойқын жер сілкінісінің магнитудасы М-8,9. Ал 1971 ж. 10 майда Жамбылда болған жер сілкінудің магнитудасы М-5,7 шамасында екендігі анықталды.
