- •1.2 .Қар көшкінінің, селдің туындау себептері, олардан қорғану тәсілі
- •2.3. Биологиялық қауіп:Түсінігі, классификациясы, қауіптілік дәрежесі
- •3. 3. Қазақстандағы инфекциялық аурулардың шығу ықтималдығы және әсер етуші факторлар.
- •4.2. Техногендік апаттар мен катастрофа түсініктері.
- •4.3.Өте қауіпті инфекциялардың алдын алу және алғашқы көмек.
- •5.2. Химиялық қауіпті аймақта,ы апаттар
- •5.3. Инфекциялық аурулардың түрлері олардың шығу себептері және таралу белгілері
- •6.2 Аумақтың зақымдану себептері және қатты әсер ететін улы заттардың құрамы
- •6.3. Радиация : Түсініктері және радиоактивті сәулеленудің түрлері
- •7.2 Қәуз – дің(сдяв) территорияны зақымдау масштабы және анықтаушы факторлар.
- •8.2. Қәуз(сдяв) улану белгілері және жеке қауіпсіздік шаралары.
- •8.3. Ақ(го) жинақталуының ұйымдастыру принциптері.
- •10. 2 Уландырғыш заттар, белгілері, классификациясы және қорғану шаралары
- •10.3. Қорғану құрылғыларының түрлері және зақымдаушы фактілерден қорғану эффектілігі
- •11.2 Химиялық және бактериологиялық қарулардың зақымдану факторлары
- •11.3 Зақымдайтын факторлардан халықты және шаруашылық объектілерді қорғаудың тәртібі.
- •13.2 Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.
- •13.3 Дем алу мүшелерін қорғау құралдары.
- •14.2 Радиацилар: түсінігі және радиоактивті сәулеленү түрлері.
- •14.3 Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.
- •15.2 Радиоактивті сәулеленудің бастауы және сәулелену түрлерінің қауіптілік дәрежесі.
- •15.3 Тж (чс) кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
- •16.2 Хка химиялық қауіпті аймақтағы негізгі қауіптер
- •16.3 Халықты қауіпсіз аймаққа шығару және ұйымдастыру.
- •17.2 Йонданған сәулелерден қорғану: негізгі сипаттамалары, әсері
- •17.3Төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық нысынының тұрақтылық ұйымдастыру әдістері
- •18.2 Сәулеленудін бір бөлігінің қуаты және алынған қуат
- •18.3 Негізгі жою факторлары және төтеше жағдайлар кезінде олардың нысанаға асері.
- •19.3 Апаттан таралу жұмыстарының апат қауіптілігіне тәуелділігінің ұйымдастыру реті
- •20.2Дозиметриялық немесе химиялық тексеру апаттары.
- •20.3Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс құралдары.
- •21.2 Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысынаға әсері.
- •21.3 Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы
- •22.2 Жойылу аумақтары- анықтау және анализі.
- •23.2 Тыныс алу мүшелерінің қауіпсіздік құрылғылары.
- •23.3Су тасқынының кауіптілік ережелері.
- •24.2 Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.
- •24.3 Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.
- •25.2 Қәуз (сдяв) улану белгілері және жеке қорғаныс шаралары.
- •25.3 Алғашқы медициналық көмек көрсету.Жүрек реанимациясы.
11.3 Зақымдайтын факторлардан халықты және шаруашылық объектілерді қорғаудың тәртібі.
Билет 12.1. Жер сілкіну себептері, пайда болуының жиілігі.
Баллдар |
Жер сілкінісі зардабы |
0 |
Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады. |
1 |
Адамдарға еш білінбейді. |
2 |
Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады. |
2,5-3,0 |
Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады. |
3,5 |
Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады |
4-4,5 |
Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін. |
5 |
Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады. |
6 |
Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайдыжәне сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды. |
6,5 |
Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды. |
7,0 |
Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады(паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады. |
7,5 |
Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзыладыжәне опырмалар орын алуы мүмкін. |
8 |
Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады |
8,5 |
Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады. |
9 |
Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді. |
Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.
Кесте . Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы
Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.
Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.
1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.
Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:
сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;
сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;
халықтың сейсмикалық білімін арттыру;
хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;
жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.
Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.
Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.
Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.
Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.
Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.
Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.
Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.
Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.
Билет 12.2 Төтенше жағдайцдың бағасы – бағалау әдісі және бақылау құралдары.
Билет 12.3. Жеке қорғаныс құралдкарының түрлері және оның қолдану уақыты.
Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар,радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған./Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі. /Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
Жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі. Оқшаулау костьюмдері
пневмокостьюмдер; гидрооқшаулаушы костьюмдер; скафандрлар;
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары
противогаздар; респираторлар; пневмошлемдер; пневмомаскалар;
арнайы киімдерді - комбинезондар, полукомбинезондар; курткалар; шалбарлар; костюмдер; халаттар; плаіцгар; полушубалар, тулуптар; фартуктар; жилеттер; қолғаптар.
арнайы аяқ қиім - етіктер, ботфорттар, полусапожкалар, ботиноктар, полуботиноктар, туфлилар, галоштар, боты, бахилдар;
қолды қорғау құралдары - қолғаптар; - басты қорғау құралдары - каскалар; шлемдар, подшлемниктер; шапкалар, береттер, шляпалар;
бетті қорғау құралдары - қорғау маскалары; қорғау щитоктары;
есту мүшелерін қорғау құралдары - шуға қарсы шлемдар; наушниктар; вкладыштар;
көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;
сақтандырғыш құралдар - сақтандырғыш белдіктер; диэлектрикалық төсеніштер; қол қыспақтар; манипуляторлар; тізе қаптар, шынтаққаптар, иыққаптар;
қорғаушы, дерматологиялық құралдар - жуу құралдары; пасталар; кремдар; мазьдар.
ЖҚҚ пайдалану максималды түрдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан туатын ыңғайсьедық минимумға тең болу керек.
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық. Емдеу-профилактикалық құрал - жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары.
Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасьв етуді жұмыс беруші жүзеге асырады . Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады . Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып , немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі.
Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет , оларға : кім ілу , жуыну , тазалау , дәретханалар , ішетін су орнатылған орындар , арнайы киімдерді жуып , тазалау орындары кіреді . Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс . Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс.
Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет .
Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі
Жеке қорғаныс құралдары ( газдан қорғану құралы , қорғану белдіктері , каскалар және т . б ) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы , ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс.
Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады.
билет13.1Жер сілкінулердің белгілері және болжау мүмкіндіктері.
Жер сілкінісінің болжамы мынадай болады:
- ұзақ уақытты (бірнеше жыл);
- орташа уақытты (айлар);
- қысқа уақытты (күндер мен сагаттар).
Болжамның кез келген түрінің тура практикалық бағыты бар:
- ұзақ уақытты - сейсмикалык ауданда жерді қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкіндік береді;
- орташа уақытты - авариялық қызметгі дайындыққа келтіріп, материалдық затгарды қорландыруға мүмкіндік береді;
- қысқы уақытты - аса қауіпті өндірістердің тоқтап қалуынан бастап, халықты көшіруге дейінгі жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшін қолданылуы мүмкін.
Болуы мүмкін жер сілкіністерін алдын ала айту, болжап айтушыларды танып-білу негізінде іске асырылады.
Жер сілкінісін болжап айтушылар - бұл мәні жер сілкінісінің алдында жүйелі түрде өзгеріп отыратын Жердің мінездемесін болжап айтушыларға талдау жасалық.
Сейсмикалық - әр түрлі магнитудадағы жер сілкінісінің жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сілкінісінің аса маңызды индикаторының қызметін атқаруы мүмкін.
Жер қыртысының қозғалуы - Жердің үстінен триангуляциялық желістің көмегімен геодезиялық түсіру және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердің үстінде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.
Жер қыртысының учаскелерін төмен түсіру және жоғары көтеру - жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңізде теңізгравтың көмегімен өлшеуге болады.
Жер үсті еңістері - жер үсті еңісі бұрышының вариациясын өлшеу үшін наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезімтал құрал, жер сілкінісінің болуына аз уақыт қалғанда, жер үсті еңістерінде білінбейтін (5 см дейін) өзгерістерді байқайды.
Деформация - тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшін ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге екі нүктенің салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерін анықтап отыратын деформографтарды орнатады.
Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейі - жер сілкінісінің алдында жиі жер асты суларының деңгейі көтеріледі немесе төмен түседі.
Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленісу жағдайына байланысты, себебі бұл жыныстар арқылы толқында тарайды.
Геомагнитизм - тау түрінің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердің магнит алабы оқшаулап шектелген өзгеріске ұшырайды. Магнитті алқаптың кіші вариациясын өлшеу үшін арнайы магнитомерлер әзірленген.
Жер электрі - тау жыныстарындағы электр кедергісі жер сілкінісімен байланысты болуы мүмкін. Бір-бірінен бірнеше километр аралықта топыраққа орнатьшған электродтардың көмегімен өлшенеді.
Жер асты суларындарадонды ұстау - радон - жер асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиобелсенді газ. Ол әрдайым жерден атмосфераға бөлініп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруі, болуы мүмкін жер сілкінісінің белгісі.
Жануарлардың мінез-құлқы - жануарлардың мінез-қүлқын жер сілкінісін болжау үшін пайдалану қиын, себебі олардың мінез-құлқының өзгеруі көптеген себептерден болу мүмкін, оған ауа-райын, тамақты, денсаулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мінез-құлқы өзгергені байқалса, онда басқаша түсіндіру мүмкін болмайды, бұл өзгерісті жер сілкінісінің белгісі деп бағалау керек.
«Мир» ғарыш станциясында жер сілкінісін болжау туралы қызықты тәжірибе өткізілді. Бұл тәжірибені жүргізу барысында Жердің радиациялық белдеуінің шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруі» мен жер сілкінісінің арасында байланыс бар екені анықталды.
Тектоникалык жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магнитгі «Мир» спектрометрлары. Жер радиациялық белдеуіндегі бөлшектер ағынының өзгерісін байқағаны анықталды.
Бұл әрбір төрт жер сілкінісінің үшеуінде байқалды.
Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс апаттардың болуына бірнеше сағат қалғанда білуге мүмкіндік береді.
Республикадағы барлық болжағыштар түрлерін бақылау толық ауқымда жүргізілуде. Дегенмен, сәтті болжамдар зақымдағыш жер сілкінісінен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.
Дайындалу - жер сілкінісінде шығындарды азайтудың ең жақсы әдісі. Кешенді қорғаныс шараларын өткізгенде ғана болжам тиімді бола алады.
