Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.54 Кб
Скачать

Билет 1 1. Терминдер, анықтамалар және төтенше жағдай классификациясы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің,жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жой- қын құбылыс.

Дүлей зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан злізала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді. Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды. Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді. Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР   2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.     Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені .

Төтенше жағдайлардың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азай- туға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен матери- алдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

Төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қор- ғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

1.2 .Қар көшкінінің, селдің туындау себептері, олардан қорғану тәсілі

Сел (гидрологида «саиль» сөзінен - «балшықты тастардың ағуы») – көбіне нөсерлі жаңбырлармен немесе қардың қатты еруімен кенеттен келетін өте үлкен концентрациялы минералды заттардың, тастардың және тау жыныстары сынықтарының (50-60% ағын көлемі) ағыны. Қазақстан аумағының сел ағынының пайда болу аймағында Алматы, Талдықорған, Шымкент және Тараз сияқты ірі қалалар бар. Сел ағынының көбіне шалдыққан жерлері Алматы облысының таулы және тау алды аймақтары. Сел – су мен борпылдақ, қарқынды жауынның немесе қардың, сондай-ақ қармен мұз үйінділердің қатты еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен сайлардың бассейндерінде кенет пайда болатын, заттардың қоспасынан тұратын үлкен бұзушылық күштің қарқынды ағыны. Сонымен бірге, селдер жер сілкінісінен және жанартаулардың атқылауынанда пайда болуы мүмкін. Селдердің пайда болуына антрпогендік факторлар да әсерін тигізеді, оларға орманның шабылуы және тау бөктерлерінің беткі топырақтарының деградациясы, жол салған кездегі тау жыныстарының қопарылуы, карьерлердегі жарылыс жұмыстары, үйінділерді дұрыс ұйымдастырмау және жердің топырақты-өсімдікті үстіңгі қабатына жойқын әсер ететін ауаның жоғары газдануы жатады. Сел – сұйық және қатты массаның арасындағы бір зат. Бұл қысқа мерзімді құбылыс (көбінесе ол 1-3 сағатқа созылады), ұзындығы 25-30 км су ағысына және су жиналуы 50-100 км² көлемдегі су қоймаларына сипаттас. Селге қалай дайындалу керек Көбінесе селдік ағынның жүріп кететін жерлері белгілі болады. Тауға шықпас бұрын өзіңіздің қозғалатын жолдарыңыздағы осы жерлерді зерттеңіздер және олардан аулақ жүріңіздер, әсіресе қатты жаңбырлардан кейін. Әрқашан естеріңізде болсын, сел ағынына ұшыраған адам құтқарыла алмайды. Сел ағынынан тек одан қашып қана құтылуға болады. Үйді қалдырмас бұрын, алдын ала эвакуация кезінде, электр желісін, газ бен су құбырларын өшіріңіздер. Есіктерді, терезелер мен желдеткіштерді нығыздап жабыңыздар. Селді ескерту бойынша алдын алу іс-шаралары Сел қаупі бар аудандарды селге қарсы дамбалар мен бөгеттер құрылады, айналма каналдар жасалады, тау көлдерінің деңгейі төмендетіледі, ағаштар егу жолымен баурайлардағы жер қатайтылады, бақылау жүргізіледі, ақпараттындырулар ұйымдастырылады және эвакуация жоспарланады. Сел ағыны кезінде қандай әрекет жасау керек Келе жатқан селдің даусын естіп, тез арада төмен қойнаудан 50-100м биіктікке көтерілу керек. Бұл ретте өкірген ағыннан үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті ауыр салмақты тастардың лақтырылуы мүмкін.

Қар көшкіні – бұл таулардың тік баурайларынан құлайтын немесе сырғып түсетін және 20-30 м/с жылдамдығымен жылжитын қардың массасы.Қар көшкіндері Алтай, Калбин жоталарында, Тарбағатайда, Саурада, Жетісу Алатауында, Ұзынқара жотасында, Іле Алатауында, Күнгей Алатауында, Теріскей Алатауында, Қырғыз Алатауында, Талас Алатауында, Ұғам жотасында, Қаратау жотасында байқалады. Қар көшкінің құлауы орасан зор қираулар жасайтын көшкін алдындағы ауа толқындарының пайда болуымен ілеседі. Қар көшкінінің түсу себептері: ұзақ уақыт қар жауу, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тау баурайлдарының дірілін және ауа ортасыының тербелісін келтіретін, адамдар қызметінің басқа түрлері болып табылады. Қар сырғанаған көшкіні ғимараттардың, инженерлік салынымдардың қирауына әкеп соғуы, тығыз қармен жол мен тау жолдарын жауып тастауы мүмкін. Қармен қоршалып қалған тау қыстақтарының тұрғындары, туристер, альпинистер, геологогиялық барлаушылар, шекарашылар және басқа тұрғындар жарақат алулары және қалың қардың астында қалып қоюлары мүмкін Егер сіздер қауіпті аймақтаболсаныздар, қандай әрекет жасау керек Қар көшкіні сырғитын аудандарда жүрудің негізгі ережелерін сақтаңыздар: тауға қар жауғанда және қолайсыз ауа-райында шықпаңыздар; тауда болғанда, ауа-райының өзгеруін бақылаңыздар; тауға шыққанда, өзіңіздің серуен жасайтын жолыңыздың аймағында қар көшкінінің болуы мүмкін орындарды біліңіздер; Қар көшкіні болатын жерден аулақ жүріңіздер. Олар көбінесе тау баурайларының 30° астам бөктерлерінен, егерде бөктерлер бұтасыз және ағашсыз болса - 30° астам бөктерлерден сырғиды. Қар көшкіндері 45° астам бөктерлерден әрбір қар жауған сайын сырғиды. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің қауіпті кезеңдерінде тауларда құтқару отрядтары құрылады. Ескертулік іс-шаралар Қар көшкінінің қауіпті жағдайларында қар көшкінінің қауіпті бағыттарында қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, қалыптасып жатқан қар көшкінінің жасанды түсуі шақыртылады, қар көшкінінің қауіпті бағыттарында қорғану құрылыстары салынады, құтқару құралдары дайындалады және құтқару жұмыстары жоспарланады. Кез-келген ауа-райында бөктерлері 30° асатын қойнаулардан өтіп керек емес, ал қар жауғаннан кейін бөктерлері 20° асатын қойнаулардан тек 2-3 күннен кейін өтуге болады. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің ең қаупті кезеңі – көктем мен жазда, таңғы сағат 10-нан күн бақанша дейін. Қар көшкіні түскенде қандай әрекет жасау керек Егерде қар көшкіні жеткілікті жоғары жақта түсіп жатса, жылдам адымдап немесе жүгіріп қар көшкінінің жолынан қауіпсіз жерге кетіңіздер немесе шыңның шоқысына, ойына жасырыныңыздар (жас ағаштардың артына тығылуға болмайды). Қар көшкінінен қашу қашып кетуге мүмкіндік болмаса, заттардан босап, тізелеріңізді ішіңізге тартып және денелеріңізді қар көшкінінің бағытына қарай бағдарлап, көлденең қалыпта тұра қалыңыздар.Сіздерді қар көшкіні бассып қалса, қандай әрекет жасау керек Мұрныңыз бен ауызыңзды қолғаппен, шарфпен, жағамен жабыңыздар; қар көшкінінің ішінде қозалып келе жатып, қолдарыңыздың жүзу қозалыстарымен қар көшкінінің жоғарғы жағында болуға, жылдамдығы төмен болатын шетіне қарай жылжуға тырысыңыздар. Қар көшкіні тоқтаған кезде, бетіңіз бен кеудеңіздің маңында кеңістік қалдыруға тырысыңыздар, ол демалуға көмектеседі. Мүмкіндік бола қалса, үстіне қарай қозғалыңыздар (жоғарғы жақты слекейдің көмегімен анықтауға болады, оны аузыңыздан шығарып). Қар көшкінінің ішінде болғанда, айқайламаңыздар – қар дыбысты толығымен басып тастайды, ал айқай мен мәнсіз қозғалыстар Сізді күштен, оттегінен және жылудан айырады. Сабырлық сақтаңыздар, ұйықтап қалмаңыздар, естеріңізде болсын, Сіздерді іздеп жатыр (қар көшкінінен адамдарды бесінші және тіпті он үшінші күндері құтақарған кездер де болған). Қар көшкіні түскеннен кейін қандай әрекет жасау керек Егерде Сіздер қар көшкінінен тыс жерлерде болсаңыздар, болған жай туралы қайткенде де жақын орналасқан елді-мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыздар және зақымданғандарды іздеуге және оларға көмек көрсетуге кірісіңіздер. Қардың астынан шығып, өз беттеріңізше немесе құтқарушылардың көмегімен өз денеңізді қараңыз және қажет болған жағдайда өзіңізге көмек көрсетіңіз. Жақын орналасқан елді-мекенге жетіп алып, болған жай туралы жергілікті әкімшілікке хабарлаңыздар. Медпунктке немесе дәрігерге саумын деп есептесеңіздер де көрініңіздер. Одан кейін дәрігердің немесе құтқару отрядының басшысының нұсқауы бойынша әрекет жасаңыздар. Өздеріңіздің туыстарыңыз бен жақындарыңызға өз жағдайларыңызды және тұрған жерлеріңізді хабарлаңыздар. 1.3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құралдары.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады. Азаматтық қорғаныстың негізгі күштері Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары; жедел-құтқару отрядтары – жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар болып табылады. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары. Азаматтық қорғанысты жүргізу және қызметкерлер мен студенттерді ТЖ салдарларынан қорғау үшін КИМЭП Университеті АҚ президентінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 52 бұйрығымен келесі АҚ және ТЖ басқару органдары құрылды: Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы (АҚ және ТЖ штабы); Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия (ТЖК); Эвакуациялық комиссия (ЭК). Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы – Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді. Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.

Билет 2.1. Өмір тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету заңдары

"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.  Пәнде мынадай мәселелөрдің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:  тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары  - адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;  - жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;  - шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;  - ТЖ мөн оның салдарын болжау;  - Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;  - Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері.  Курстың негізгі мақсаты - төмендегі мақсаттарды шешу үшін қажетті теориялық білімдер, практикалық іс әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне жәрдемдесу:  - еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;  - адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу жәнө оны іске асыру;  - техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;  - шаруашылық объектілері мен техникалық жүйелердің қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығы;  - төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;  - халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жө- ніндегі шараларды қабылдау.  -"Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсының көлемі гуманитарлық жоғары оқу орындары үшін кемінде 45 сағат (1 кредит).  «Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы жоғары оқу орындарының бірінші курстарында оқытылады.  Курсты игеру барысында шәкірт мынаны білуге тиіс.  - өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;  - тіршілік қауіпсіздігінің қүқықтық және нормативтік техникалық негіздерін;  - жарақаттаушы, зілзалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын;  - ТЖ-да шаруашылық объектілерінің түрақты жүмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерді;  - төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін.  Азаматтық қорғаныс - бүл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау қүралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.  Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да қүрылыстар.  Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар үжымы. ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары  Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, онын қорғаныс шараларының қүрамдас бө-лігі. ТЖ-ды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" ҚР Заңында белгіленген.  ҚР АҚ-на жалпы басшылықты ҚР Премьер Министрі-Азаматтық қорғаныстын бастығы жүргізеді.  ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігіне жүктелген.  ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи жәнө техногендік сипаттағы ТЖ-ды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жүмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында арнайы атқарушы және рүқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады.  Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен қүры-лымдық бөлімшелерден түрады.  Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департаментті, директор басқарады.  Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:  - Төтенше жағдайларды ескерту департаменті;  - Жедел іс-әрекет дөпартаменті;  - Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;  - Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;  - ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі департамент. Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың  орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) тиісті өкімшілік-аумақтық бірліктердің өкімдерімен көлісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды.  Агенттікте төраға, оның орынбасарлары, департамент директор-лары, Агенттік пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен үйымдардың басшылары қүрамындағы алға қүрылады. Ғылыми кеңес қүрылады.  Агентік қүрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:  - облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);  - қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары);  - аудындық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық ба- ғыныстағы үйымдар;  - біліктілікті көтеретін Республикалық курстар;  - Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;  - химиялық-радиациялық лабораториялар;  - Республикалық жедел-қүтқару отрядтары;  - АҚ әскери бөлімдері;  - мемлекеттік өрттен қорғау қызметі;  - "Қазселден қорғау" Республикалық кәсіпорны.  ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның өкілеттігі  Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің:  - Агенттік құдіретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;  - Үкімет құрамына кірмейтін министірліктерге, орталық атқару- шы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және тех- ногендік сипаттағы ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;  - өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға;  - ҚР үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қүқық қорғау органдарының, қарулы күштердің әскери бө- лімдері мен қүрамаларын, басқа әскерлер мен қүрамалардың күштері мен қүралдарын тарту туралы үсыныс енгізуге;  - өз құзіретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жүмыс түрлерін жүргізу үшін рүқсат бөруге;  - объектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге;  - егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда, үйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтатуға;  - бүкіл республика аумағында бірыңғай радио жүйелері белдеуін ұстауға;  - ТЖ-ды ескерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.  Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия  Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия түрақты жүмыс істейтін орган. Комиссияның мақсаты:  - төтенше жағдайдағы ескерту және іс әрекеттер жөніндегі жүйені қүруды және дамытуды қамтамасыз ету;  - орталық, жергілікті атқарушы органдарының және шаруа- шылық объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтөншө жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету және жою жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;  - төтенше жағдай кезінде құтқару-іздестіру және авариялық құтқару қызметтерін, құралдарын және халықтың тіршілік жүйесін күру.  "Азаматтық қорғаныс туралы"Қазақстан Республикасының Заңы  Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, қүрылу және жүмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы орган-дардың, үйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың қүқықтары мен міндеттерін анықтады.  Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-тың бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізілөді.  2.2. Су тасқынының себептері және оның характеристикасы

Су тасқыны – бұл өзенге, көлге немесе су қоймаларына жақын жерлерге судың жайылуы, ол материалдық залал келтіреді, тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді немесе адамдардың өліміне алып келеді.

Судың жайылуы Қазақстанның барлық ірі өзендерінде байқалады. Ең үлкен залалдарды Сырдария, Шу, талас, Ассы, Жайық, Жем, Сағыз, Торғай,Сарысу, Тобыл, Нұра, Есіл, Ертіс өзендеріндегі су жайылуы келтіреді.Егерде судың жайылуы залалмен ілеспесе, бұл өзеннің, көлдің жағадан шығуы. Судың тасуы көпірлердің, жолдардың, ғимараттардың, салынымдардың бұзылуына әкеп соғады, едәуір материалдық залал келтіреді, ал су қозғалысының жоғары жылдамдықтарында (4 м/с астам) және судың биік көтерілуі кезінде (2 м астам) адамдар мен жануарлардың өлімін келтіреді. Бұзушылықтардың негізгі себептері ғимараттар мен салынымдарға су массасының, жоғары жылдамдықпен жүзген мұздардың, түрлі сынықтардың, жүзетін заттардың және т.б. гидравликалық соққыларының әсерінен болады.Тасқын - өзеннің сулы режимінің фазасы; қардың, мұздың күшті еруімен немесе жаңбырдың көптеп жаууымен келген, өзендегі су деңгейінің қысқа мерзімді және кезеңмен біршама көтерілуі. Тасқындар Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қалыптасады.

Тасқындар кезеңмен қайталанбайды, және де бұл су басу кезеңінен ерекшелігі. Тасқынның ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Су тасу кезеңі мен тасқын кезіндегі орташа айлық шығыны орташа жылдықтан көп. Су тасу кезеңіне қарағанда тасқын жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін. Үлкен тасқын су басуға әкеп соғуы мүмкін. Тасқынның орын ауыстыру процесінде өзен бойынша тасқын толқыны пайда болады.

Су тасуына қалай дайындалу керек

Егерде Сіздің аймақ су басудан жиі азап көрсе, су басуы мүмкін жерлердің шекараларын, тұратын жерге жақын орналасқан сирек су басатын жерлерді, оларға баратын қысқа жолдарды зерттеңіздер және есте сақтаңыздар. Ұйымдасқан және жеке эвакуациялау кезіндегі, сондай-ақ кенеттен және қатты таралған су басу кезінде әрекет жасау ережелерімен отбасы мүшелеріңізді таныстырыңыздар. Қайық, плот және оларды жасау үшін арналған құрылыс материалдарын сақтау орындарын есте сақтаңыздар. Эвакуация кезінде шығарылатын құжаттардың, мүліктер мен дәрі-дәрмектердің тізімін жасаңыздар. Арнайы чемоданға немесе рюкзакқа бағалы заттарды, қажетті жылы киімдерді, азық-түлік, су қорларын және дәрі дәрмектерді салып қойыңыздар.

Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек

Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз аймақтарға немесе биік учаскелерге, жерлерге шығыңыздар, өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, қажетті заттарды және бүлінбейтін азық-түліктердің екі тәулікке жететін қорын ала шығыңыздар. Соңғы эвакуациялау пунктіне тіркеліңіздер. Үйден шығарда электр желісін және газды өшіріңіздер, жылу беретін пештердегі отты сөндіріңіздер, ғимараттан тыс жерлердегі барлық жүзетін заттарды бекітіңіздер, немесе

оларды үй сыртындағы үй-жайларға орналастырыңыздар. Уақыт болған жағдайда, үйдегі бағалы заттарды үйдің жоғарғы қабаттарына немесе 21 шатырдың астына ауыстырыңыздар. Терезелер мен есіктерді жабыңыздар, қажет болған жағдайда және уақыт болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін тақтайлармен (щиттармен) сыртынан шегелеп тастаңыздар.

Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенше дейін немесе су азайғанша дейін, ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және шатырларында, ағаштардың үстінде немесе басқа биік заттардың үстінде болыңыздар. Бұл ретте үнемі апаттық белгі беріп отырыңыздар: күндіз – ағашқа бекітілген жақсы көрінетін орамалды іліп немесе сонымен бұлғап, ал түнгі уақытта – жарық белгісімен немесе анда санда дауыс беріп. Құтқарушылар келген кезде сабыр сақтап, дүрлікпей және әбігерленбей, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу құралына ауысыңыздар. Бұл ретте құтқарушылардың талаптарын бұлжытпай орындаңыздар, жүзу құралының шамадан тыс ауырлауына жол бермеңіздер. Қозғалыс кезінде белгіленген орыннан кетпеңіздер, бортқа отырмаңыздар, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыздар. Су басып қалған аймақтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, су деңгейінің жоғарылауы жалғасқанда, жоғарғы (шатыр астын) қабаттарды су басу қаупі болу сияқты маңызды себептер болғанда ғана өз беттеріңізше шығу ұсынылады. Бұл ретте сенімді жүзу құралы болу және қозғалыс бағытын білу қажет. Өздеріңіз шықан кезде апаттық белгі беруді тоқтатпаңыздар. Суда жүзіп келе жатқан және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]