
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1 Пәннің сипаттамасы:
- •Пәннің мазмұны
- •1 Сатып алу-сату шарты. Айырбас. Сыйға тарту.
- •2 Рента
- •Жалға алу шарты.
- •4 Қарыз алу шарты. Тұрғын үйді жалға алу.
- •5 Мердігерлік. Өтелмелі қызмет көрсету
- •6 Тасымалдау. Көлік экспедициясы.
- •7 Заем шарты. Факторинг. Банктік қызмет көрсету. Есеп айырысу қатынастары.
- •8 Сақтау. Сақтандыру.
- •9 Тапсырма. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Комиссия.
- •10 Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •11 Франчайзинг. Конкурстық міндеттемелер.
- •12 Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.
- •13 Интеллектуалдық меншік құқығы.
- •14 Мұрагерлік құқық. Халықаралық жеке құқық.
- •3 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •4 Қосымша
7 Заем шарты. Факторинг. Банктік қызмет көрсету. Есеп айырысу қатынастары.
Заем шартының түсінігі, мазмұны, түрлері. Факторинг шарты- ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты: ұғымы, нысаны, нысанасы. Шарттың пәнi: клиенттiң ақшалай талабы. Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы. Ақшалай талапты кейiн беру. Тараптардың жауапкершiлiгi. Банктiк қызмет көрсету шарты: ұғымы және оның түрлерi. Банктегi ақшаларға билiк етуге шектеулер. Банк құпиясы. Клиенттерге банктiк қызмет көрсету талаптарының бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Банктiк шот шарты: ұғымы, нысаны, мазмұны. Ағымдағы, есеп айырысу, корреспонденттiк, валюталық және басқа да шот. Клиенттiң ақшасына билiк ету. Банктiк шот шартын бұзудың ерекшелiктерi. Ақша аудару туралы шарт.
8 Сақтау. Сақтандыру.
Сақтау шартының түсінігі, мазмұны, түрлері. Тауар қоймасында сақтандырудың ерекшелiктерi: түсiнiгi, нысаны (қойма куәлiгi), сақтаушының жауапкершiлiгi. Тауар қоймасында сақтаудың ерекшелiктерi. Сақтандыру туралы жалпы ережелер (сақтандыру ұғымы және маңызы). Сақтандыру қатынастарын құқықтық реттеу. Сақтандыру нысандары: 1.мiндеттемелiк дәрежесi бойынша –ерiктi және мiндеттi сақтандыру; 2.сақтандыру объектiсi бойынша – жеке және мүлiктiк сақтандыру; 3. сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес. Сақтандыру-құқықтық қатынастарға қатысушылар. Сақтандыру шарты: ұғымы, мазмұны, нысаны. Сақтандыру шартының елеулi жағдайлары. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда босатудың негiздерi.
9 Тапсырма. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Комиссия.
Тапсырма шартының түсінігі. Тапсырма шартының мазмұны. Тапсырма шартын тоқтату. Сенім білдірген өкілдің міндеттері. Сенім білдірушінің міндеттері. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау міндеттемесінің түсінігі мен мазмұны. Комиссия шартының түсінігі мен мазмұны.
10 Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі, нысаны. Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері. Сенімгер басқарушының жауапкершілігі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының тоқтатылуы.
11 Франчайзинг. Конкурстық міндеттемелер.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының ұғымы,нысаны, міндеттері. Конкурстық мiндеттемелер ұғымы және түрлерi. Конкурстық мiңдеттемелердiң мазмұны. Сыйақыға жария уәде беру. Лотореялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткiзу ерекшелiктерi.
Тендер: түсiнiгi, тендердi ұйымдастырушы, қатысушылар, жеңiмпаздың таңдауы, комиссиялық тендер, жарна төлеу кепiлдiгi.
Аукцион: ұғымы, бағаның түсу және көтерiлу шарты (ағылшынша және голландық аукцион), ең төменгi бағаны белгiлеу, жарна төлеу кепiлдiгiн қайтару шарты, конкурстың женiмпазы, аукцион нәтижесiн дайындау.
12 Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.
Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi. Шарттық және деликтiлiк жауаптылықтың арақатынасы. Өтелетiн зиянның көлемi. Жәбiрленушiнiң кiнәсiн есепке алу. Моральдық зиянды өтеу. Заңды әрекеттермен келтiрiлген зиянды өтеу. Әкiмшiлiк басқару саласындағы билiк актiлермен келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен мазмұны.