Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
02. Пнді оуды дістемелік нсамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.28 Кб
Скачать

Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстардың түрлерін көрсетіңіз

  2. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдануға қандай қылмыстар жатады?

  3. Адамзатқа қарсы қылмыстардың түрлеріне жататын қылмыстар

6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

ҚР-ның жаңа Қылмыстық Кодексiнде мемлекеттiк қылмыстар деген ұғым мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар деген жаңа ұғыммен алмастырылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегi жаңартылып, жетiлдiрiлiп берiлген бұл қылмыстық құқықтық нормалар ҚР-ның 1996 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында көрсетiлген, баянды етiлген конституциялық құрылысты, қоғамның iшкi, сыртқы қауiпсiздiгiн, саяси, экономикалық жүйесiн қорғау болып табылады.

Тiкелей объектiсiне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлiнедi:

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар (165,166).

  2. Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне қарсы қылмыстар (171).

  3. Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар (172,173).

ҚК165- бап. Мемлекеттiк опасыздық. Мемлекетке опасыздық дегенiмiз – соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияны жатқа беруден не ҚР-на қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұғымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, ҚР-ның азаматары ҚР-ның сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет.

Мемлекеттiк опасыздықтың тiкелей объектiсi- ҚР-ның мемлекеттiк қауiпсiздiгi болып табылады. Мемлекетке опасыздықтың объективтiк жағы ҚК-тiң 165- бабының диспозициясында көрсетiлген.Оған жататындар:соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету,шпиондық жасау,мемлекеттік құпияларды жатқа беру,ҚР- на дұшпандық әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке,шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету.

Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету- ҚР-сы азаматының шпиондық жасау болып табылады. ҚК-тiң 166-бабында шпиондық деген ұғыммен объектiсi, объективтiк жағы және субъективтiк жағы бойынша ұқсас. Осы екi бапта көрсетiлген ұғымның айырмашылығы тек қылмыстың субъектiсiнде ғана. ҚК-тiң 165 -бабындағы шпиондық субъектiсі -ҚР-ның азаматы, ал 166- баптағы субъектi шетелдiктер, азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттiң азаматтары болуы мүмкiн.

Мемлекеттiк опасыздық сбъективтiк жағынан тек қана тiкелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әртүрлi көрiнiс алады, бiрақ та ол қылмысты саралауға әсер етпейдi.

Қылмыстың субъектiсi болып 16-ға толған ҚР-ның азаматы ғана танылады.

ҚК166- бап. Шпиондық. ҚР-сы ҚК-сiнiң 166- бабына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге мәлiметтердi ҚР-ның сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiре отырып пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер осы әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса шпиондық деп танылады.

Шпиондықтың тiкелей объектiсi болып ҚР-ның сыртқы қауiпсiздiгi танылады.

Шпиондықтың объективтiк жағының белгiлерi: мемлекеттiк немесе әскери құпияны құрайтын мәлiметтердi беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi беру немесе жинау.

Кiнәлi адамның заңда көрсетiлген осы мәлiметтердi өзi тұратын мекен – жайда немесе басқа жерде сақтауы да мүмкiн.

Шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша мемлекеттiк құпиялар болып табылмайтын өзге де мәлiметтердi жинау, ҚР-ның сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiре отырып пайдалану үшiн берсе немесе жинаса ғана iс-әрекет шпиондық үшiн белгiленген қылмыс құрамын құрайды.

Субъективтiк жағынан шпиондық тек қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Шпиондықтың субъектiсi болып 16-ға толған шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.

ҚК171-бап. Диверсия. ҚР ҚК 171- бабына сәйкес ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып – жоюға, олардың денсаулығына зиян келтруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қаратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс- әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.

Диверсияның тiкелей объектiсi- ҚР-ның қауiпсiздiгi, қорғаныс қабiлетi және экономикалық күш қуаты болып табылады, өйткенi диверсиялық актiлер мемлекеттiң өзiн әлсіретуге, бүлдiруге бағытталған.

Объективтiк жағынан диверсия бiрнеше балама әрекеттердiң жиынтығы бойынша көрiнiс табады.

Субъективтiк жағынан диверсия тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi болып жасы 16-ға толған кез келген азамат танылады.

4. ҚК172- бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету.

Қылмыстың тiкелей объектiсi мемлекеттiк құпияларды сақтаудың заңда белгiленген тәртiбiне қол сұғу болып табылады.

Осы қылмыстың затына мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер жатады.

172 -бапта көрсетiлген қылмыс құрамының объективтiк жағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу,жария ету бойынша сипатталады.

Мемлекеттiк құпия әр түрлi тәсiлдермен – ауызша әңгiмеде, баяндама арқылы, хат жазысу немесе басқадай баспасөз беттерiнде жарияланған материалдар арқылы немесе басқа адамдарға құпия құжаттарды көрсету, сүретке салып алуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Қылмыс мемлекеттiң құпия болып табылатын мәлiметтер басқа адамға жария болғаннан бастап аяқталған деп табылады.

Субъективтiк жағынан бұл қылмыс тiкелей немесе жанама қасақаналықпен iстеледi.

Қылмыс субъектiсi болып мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтер өзiне сенiп тапсырылған немесе мұндай мәлiметтер өзiне қызмет немесе жұмысы бойынша белгiлi болған 16-ға толған адамдар танылады.

172 -баптың 3,4- тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрi – 172- баптың 1- тармағында көрсетiлген әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны үшiн жауаптылық белгiленген. Ауыр зардаптың тiзбегi заңда көрсетiлген зардаптың ауырлық дәрежесiн нақты жағдайларға байланысты тергеу, сот органдары анықтайды. ҚК-тiң 172- баптың 3,4- тармағындағы қылмыс материалдық құрамға жатады.

Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9.

Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. ҚР сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлеріне қандай қылмыстар жатады

  2. ҚР саяси жүйесіне қарсы қылмыстардың сипаттамасы

  3. ҚР экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстардың түрлері

  4. Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын жатады.