Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
02. Пнді оуды дістемелік нсамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.28 Кб
Скачать

Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:

  1. Қылмыстық құқықтық Ерекше бөліміне сипаттама беріңіз?

  2. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі жүйесінің құқылы принциптері не болып танылады?

  3. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы неде?

2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар

ҚР–ның 1997 жылғы Қылмыстық Кодексiнде тұңғыш рет адам өлтiрудiң заңдылық тұсiнiгi берiлген. «Кiсi өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру» деп ҚК-тiң 96 бабында тура көрсетiлген [3. 163 б.]. Осыған орай абайсызда кiсi өлтiру заң бойынша адам өлтiру деп танылмайды. Бiрақ топтық және тiкелей объект белгiсiне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда кiсi өлтiру) жеке адамға қарсы қылмыс үшiн жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмiрге қарсы қылмыстың, соның iшiнде адам өлтiрудiн де тiкелей объектiсi адамның өмiрi болып табылады.

Адам өлтiрудiң объективтiк жағы басқа адамды өмiрiнен заңсыз айырумен көрiнедi. Қылмыстың аяқтылуы үшiн адамды өмiрiнен айыруға бағытталған iс-әрекеттiң және соның зардабынан адам өлуiнiң арасындағы себептiк байланыстың болуын айқындау қажет.

Адам өлтiрудiң объективтi жағының екiншi белгiсi қылмыстың зардабы жәбiрленушiнiң өлiмi болып табылады.

Келтiрiлген зардапты кiнә деп жүктеу үшiн болған өлiм мен субъектiнiң әрекетi мен әрекетсiздiгi арасындағы себептiк байланыстың болуы негiзгi болып табылады . Адам өлтiру – материалдық құрамға жататын қылмыс. Қылмыстың субъективтiк жағы кiнәнiң қасақана жасалуымен сипатталады.

Қасақана адам өлтiрудiң субъектiсi 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал ҚК-тiң 97-102 баптарында көрсетiлген жағдайларда адам өлтiрудiң субъектiсi 16 жасқа толған адамдар болып табылады.

ҚК 96 бабының 1 бөлiгiнде көзделген адам өлтiру-адам өлтiрудiң қарапайым деп аталатын түрiне жатады. Бұған мынадай адам өлтiру түрлерi жатады: қызғаныштан, төбелес кезiнде немесе ұрыс-керiс үстiнде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбiрленушiнiң заңсыз әрекеттерiне байланысты, жеке қарым қатынас негiзiнде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтiру өқиғалары.

ҚР-ның ҚК-де адам өлтiруiнiң негiзгi құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтiрудiң құрамы бiр бапқа бiрiктiрiлген.

Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтiру - ҚК-тiң 96 - бабының 2- тармағында көзделген.

а) екi немесе одан да көп адамды өлтiру (96 -б. 2- тармағының «а» тармақшасы).

б) Адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтiру (ҚК 96- б. 2- т. «б» т.).

в) Дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сонымен бiрдей адамды ұрлаумен не адамды кепiлге алумен ұштасқан адам өлтiру (96-б. 2 -т. «в» т.).

г) Жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК 96- б 2-т «г» т)

д) Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтiру (96-б.2-т «д» т.).

е)көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтір(96-б.2-б 2б «е»т)

ж) ұйымдасқан топ жасаған адам өлтiру (96-б,2-т, «ж»т).

3) пайда табу мақсатымен немесе жалданып,сол сияқты қарақшылықпен,қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіру(96-б 2-б «з» т)

и) Бұзақылық ниетпен адам өлтiру (96-б,2-т, «и»т) қоғамды және жалпыға бiрдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан-ашық сыйламаудың негiзiнде жасалады, кiнәлiнiң мiнез-құлқы қоғамдық тәртiпке ашық қарсы шыққан және өзiн төңiрегiндегiлерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбiнесе бұл қылмыс себепсiз немесе болар-болмас нәрсенi адам өлтiруге iлiк ретiнде пайдаланумен жасалады.

К) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатындағы,сол сияқты зорлау немесе жыныстық қатынас сипатындағы куш қолдану ә»рекеттерімен ұштасу адам өлтіру(96-б 2-б «к» )

Л) әлеуметтік,ұлттық,нәсілік,дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру(96-б 2 б «л»)

м) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған адам қөлтіру(ҚК 96 -б, 2- т «м» т)

н) бірнеше рет қайталанған адам өлтіру(96-б 2-б «н»)

Өмiрге қарсы қылмыстардың басқа түрлерi:

  1. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi (97)

  2. Жан күйзелiсi (афектiлiк) жағдайда жасалған адам өлтiру (98)

  3. Қажеттi қорғану шегiнен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде жасалған адам өлтiру (99-100)

  4. Абайсызда адам өлтiру (101)

  5. Өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу (102)

ҚР ҚК-де адам деңсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетiлген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады: 103-119 баптар.

Дене жарақатының объектiсi- бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтiк жағы-басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсiздiктер арқылы зиян келтiрумен көрiнiс табады. Әрекетсiздiк арқылы да дене жарақыты келтiрiлуi мүмкiн, егер белгiлi бiр адам өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындамаса /6/.

Дене жарақатын келтiрудiң субъективтiк жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тiкелей және жанама); 2) абайсызда (менмендiк және немқұрайдылық).

Субъектiлерi:

ҚР-сының ҚК-нiң 15-бабының 2- тармағында көрсетiлген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есi дұрыс субъектiлер үшiн 14 жас белгiленедi: 103- бап, 104 -баптың 2 -тармағы.

Ал мына дене жарақаттарын салған үшiн заң бойынша есi дұрыс субъектiлер үшiн 16 жас белгiленедi: 105- бап, 107-119-бап.

Әдебиеттер: негізгі-1,2,3,4,5; қосымша-6,7,8,9;