
- •Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
- •2 Тарау пәннің жекелеген тақырыптарын оқып-үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1 Бөлім. Қр Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлiмiнiң түсiнiгi. Қылмысты саралаудың ғылыми негiздерi
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
- •4 Бөлім Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •5 Бөлім: Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •6 Бөлім: Мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
- •7 Бөлім:Меншiкке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •9 Бөлім Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •10 Бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •11 Бөлім.Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •12 Бөлім. Экологиялық қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •13 Бөлім: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •14 Бөлім: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
- •16 Бөлім: “Әскери қылмыстар”
- •Өзін-өзі тексеруге арналған қайталау-пысықтау сұрақтары:
Пәндi оқудың жалпы әдiстемелiк нұсқамасы
«Қылмыстық құқық» курсын оқытудың мақсаты - студенттерге қылмыстық заң жағынан тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, принциптерін ,оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру.
Қурсты оқу барысында студенттер қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолдануы, қылмыс дегеніміз не және кеңістікке қарай қолдануы, қылмыс дегеніміз не және іс-әрекеттің қоғамға зияндылығы, құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыс істеудің сатылары және одан өз еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу, оған жанасушылық, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және оның турлері / бас бостандығынан айыру орындарынан шартты турде мерзімінен бұрын босату; сотталғандықты жою және одан арылу; медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар/ туралы толық түсінік алады.
Қылмыстық құқық курсының бағдарламасына сондай-ақ қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көзделген ҚР ҚК тиісті баптарына сәйкес нақты іс-әрекеттерді дұрыс саралауға мумкіндік беретін қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері де кіреді.
Студенттердің қылмыстық-құқықтық нормаларды теория жүзінде ғана емес, практикалық тұрғыдан да игеруі көзделген. Олар осы нормалардың сот, прокуратура және тергеу органдарының тәжірибесінде қалай колданылатындығымен де таныс болуы қажет.
Қылмыстық құқық курсын оқытудың тағы бір міндеті - студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салаларында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.Қылмыстық құқық курсын оқу барысында студентке жеке адамдардың нақты әрекетінде / әрекетсіздігінде/ қылмыстың құрамының барын нақты анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды , іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгіледі ,кінәліге жаза тағайындауды дәлме- дәл қолданалып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты білуге үйрету болып табылады.
«Қылмыстық құқық» курсын меңгеру барысында студенттердің қылмыснама, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік құқық пәндерінің кейбір тақырыптарымен танысуының мәні зор.
Өндірістен қол үзбеу оқитын студенттер үшін, жыл сайын қылмыстык құқық курсын оқып үйренуге байланысты әдістемелік нұсқауларды пайдалану қажет.Бұл әдістемеде өз бетімен курс материалдарын қалай дұрыс қолдану, курстың күрделі және қиын тараулары мен тақырыптарын меңгерудің тәсілдері туралы ұсыныстар беріледі.
Қылмыстық құқық бойынша оқулықты және басқа да арнаулы әдебиеттерді пайдалану кезінде қылмыстық заңдармен танысып, соны басшылыққа алу керек.
Қылмыстық заңға тұрақты сүйенбей, қылмыстық құқық курсын тек қана оқулықтан немесе басқа да әдебиеттерді оқу арқылы менгеруге болмайды. Қылмыстық құқық курсын оқу барысында сот тәжірибесі материалдардың, ең негізгісі ҚР Жоғарғы Соты пленумдарының әр түрлі қаулыларын пайдалану қажет.
Бұл оқу әдiстемелiк нұсқамасында сырттай оқитын студенттер өздерiнiң бақылау жұмыстарын қалай орындау және оның мазмұнын қалай ашу керек екендiгi туралы айтылады.
Әдiстемелiк нұсқама оқу жұмыс бағдарламасы 2005 жылдың 11.05. “Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы” пәнi бойынша типтiк бағдарламаның негiзiнде құрастырған (мiндеттi компонент үшiн).
Осы аталған оқу курсының мына оқулықтар жатады:
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық.Ерекше бөлім.Оқулық Алматы: Жеті жарғы,2007.-584 б.
Сонымен қатар қосымша әдебиеттерге мынаны қосуға болады:
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негiзгi:
1.ҚР Қылмыс кодексіне түсінік.Жауапты редакторлар:з.ғ.к.профессор С.М.Рахметов,Т.Ә.Бапанов-Алматы:ЖШС «Издательство «Норма К»,2004.-648-б.
2. ҚР Қылмыстық кодексі.Алматы «Жеті жарғы».2009
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық..Ерекше бөлім.Оқулық Алматы: Жеті жарғы,2007 ж.-584 б.
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық.. Ерекше бөлім.Оқулық Алматы: Жеті жарғы,1998 ж.-298 б.
5.Ағыбаев А.Н.,Алауханов Е.Қылмыстық құқық.Ерекше бөлім.Оқулық.Алматы:Жеті жарғы,2004ж.-535
Қосымша:
6. ҚР Конституциясы
7.Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бойынша тапсырмалар жинағы.-Алматы;» Баспа».2001.-112 б.
8.Ж оғарғы Сот Пленумының Қаулыларының жинағы.(1992-2002).Алматы,2002.
9.Бектасова З.К.ҚР Кылмыстық құқығы пәнінен дәрістер тезистері