- •Машина жасау факультетінің
- •5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының
- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Оқу бағдарламасы ( силлабус)
- •1.5 Оқыту нәтижелері:
- •2. 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы күндізгі оқу бөлімінің 3 курс студенттеріне 2013-2014 оқу жылының
- •2 Семестріне арналған пән бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар
- •Пәннің мазмұны
- •3. Дәріс жоспары
- •4. Практикалық сабақтар жоспары
- •5. Зертханалық сабақтар жоспары
- •6. Баөж тапсырмаларын орындау кестесі
- •7. Баоөж сабақтары мен кеңес берулерді өткізу тәртібі
- •7 Оқытушының талаптары
- •8 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылатын әдебиет
ёҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Машина жасау факультетінің
5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының
3 Курс студенттеріне арналған
М 23- Көмірсутекті шикізат модулінің
«Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы»
пәні бойынша
Оқу бағдарламасы ( силлабус)
Орал, 2014
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
«Машина жасау» «Машина жасау»
факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы
___________Бегалиева Р.С. ______ Шакешев Б.Т. «___» _________ 20__ ж. «___» _______ 20__ ж.
М 23 – Көмірсутекті шикізат модулінің
атауы
«Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы»
пәні бойынша (міндетті компонент)
оқу бағдарламасы ( силлабус)
Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Алмагамбетова М.Ж., аға оқытушы Киишева Д.Ж.
«Химия және химиялық технология» кафедрасы
«Машина жасау» факультеті, 416- кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2007 ж. бекітілген 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды
Кредит саны – 2 / 3
ҚР кредиттері / ECTS кредиттері
Дәріс – 10 сағат
Практикалық – 10 сағат
Зертханалық – 20 сағат
БАОӨЖ – 15 сағат
БАӨЖ – 35 сағат
Барлығы – 90 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды, «___» _________ 20__ ж. № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Алмагамбетова М.Ж.
1 Пәннің сипаттамасы: пән көмірсутекті, органикалық заттарды өндіру мен өңдеу бағыттарын, технологиясын, процестің технологиялық сызбаларын, қондырғыдардың типтік конструктивтік құрал-жабдықтарын таңдау бойынша болашақ мамандардың арнайы дайындығын қалыптастыратын, негізгі практикалық курс болып табылады
1.1 Пәннің пререквизиттері: «Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары».
1.2 Пәнді оқудың мақсаты: органикалық заттардың химиялық технологиясы аумағында негізгі ғылыми-техникалық проблемалар мен даму болашағын оқып-үйрену.
1.3 Пәнді оқудағы міндеттер: студенттерді мұнай, газ, көмір, пластмассалар және композициялық материалдарды өндіру мен өңдеудің негізгі әдістерімен; мұнайхимиясы өнімдер өндірісімен таныстыру; жүргізілетін технологиялық операцияларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеуге үйрету; органикалық заттарды алудың технологиялық процестерін зерттеу мен ұйымдастыру; шығарылатын өнімнің негізгі сипаттамаларын анықтау; ассоциативті инженерлік химия-технологиялық ойлау мен тапқырлықты дамыту; техникалық құжаттарды жасаудың әдістері мен тәсілдерін үйрету.
1.4 Пәннің қысқаша мазмұны: пәнді оқуда студенттер органикалық заттардың химиялық технологиясының жалпы заңдылықтарымен танысып, органикалық заттардың теориялық негіздерін үйреніп, табиғи материалдарды өндіру және тұтынудың экологиялық проблемаларына шешім табады.
