Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013 сабак жоспары 2 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.14 Кб
Скачать

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: өткен сабақтан бір ән орындалады

Кіріспе әңгіме. Ертеде Гам мен МА өмір сүріпті. Олар бір – бірін жақсы көріп, үйленеді. Олардың жеті баласы болады. Оларға ата – аналары қойған есімдері: До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си екен.

Әр баланың есімі төмендегідей сөздерді білдіреді:

До – домбыра, достық.

Ре – ребус, рельс.

Ми – минут, микрофон.

Фа – фабрика.

Соль – солдат.

Ля – ля-ля.

Си – сиыр.

  • Ән «музыкалық сызықтар» - айту

Нота сызықтары төменнен жоғары қарай саналады.

Нота сызығы скрипка кілтімен ашылып, әрбір нотаның орнын анықтайды.

Скрипка кілті – музыка тілінің кілті.

Скрипка кілті төменне санағанда екінші сызықт орналасады.

Балаларға нота сызығын сызуды үйретеміз.

Скрипка кілтін салуды үйретеміз.

  • Жұмбақ шешу

  • Сергіту

Кәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

«Көңілді музыкант» музыкалық-қимылды ойынды еске түсіру

Елбаланың қоржынынан шыққан ертегі

Музыка еліне саяхат

Бізге өнер әлемінен қонақ келеді. Ол – Елбала. Елбала бізге музыка өнерін меңгеруге көмектеседі.

Нота сауатымен танысу осы тоқсаннан басталады.

  • Ән үйрену

«Балалардың бақыты» әнін жаз. Б. Әлімжанов. сөзі: С. Мәуленов.

Әннің мазмұнын талдаған кезде ой екпіні түсетін басты сөздерді табу керек. Әннің тынысы кең, мағынасы терең, әуендік желісі күрделі, ырғағы да ерекше. Ән үйретпестен бұрын оқушыларға әндік қалыпты сақтап, дұрыс отыру ережесі түсіндіріледі:

  • Ән айту, тыныс алу ережелері қайталау.

  • Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

  • Күй тыңдау

«Балбырауын» Құрманғазы

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: Әндерді үйрену.

3 Сынып ііі-тоқсан № 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Баршаға дос – «До» «Ре» нотасы

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

–Музыкалық ноталармен таныстыру және шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 3-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: өткен сабақтан бір ән орындалады

  • Баршаға дос – «До» нотасы

  • До – музыканың ең үлкен нотасы. Төменгі қосымша сызықта орналасады.

  • Нота сызықтарына До нотасын жазып үйрену.

  • Нотамен ән саламыз

Мен отырмын бақылдап

Бірінші сызық жақын – ақ!

«До» нотасы болған соң

Көтерілем сатылап.

  • Ибрагим Нүсіпбаев – өмірімен шығармшылығы туралы мәлімет беру.

  • Ән «Кең дала» - үйрену әнін жазған И. Нүсіпбаев

  • Жұмбақ шешу

  • Сергіту

Кәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

«Көңілді музыкант» музыкалық-қимылды ойынды еске түсіру

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.