Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013 сабак жоспары 2 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.14 Кб
Скачать

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: «Ақсақ қлан» хал. Күйі – тыңдау үзінді

  • Оқулық пен жұмыс

Музыка аспаптарында орындалаты шығрмаларды аспаптық музыка деп атайды.

Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық аспаптарында орындалатын әуен – сазды күй деп атайды.

Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бадарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жаныр. Онда табиғат құбылыстары Алатау, Саржайлау, Көбік шашқан,, тарихи оқиғалар Ел айырылған, Жеңіс, халық мрекелері Тойбастар, Балбырауын, жан – жануарлар Аққу, Қоңыр қаз, Көк ала ат, аңыз адамдар Байжұма, Абыл, адам сезімдері Қуаныш, Сағыныш, т.б. түрлі оқиғалар менқұбылыстар суреттеледі.

Күй - туралы түсіндіру

  • Төкпе

  • Шертпе - таныстыру.

  • Сергіту

Әрбір әннің тезірек қабылдануы түрлі іс-қимылдар арқылы жүргізілуіне көп байланысты. Сондықтан осы әннің өзі де мазмұнына қарай би-ырғақты қимылды қажет етеді.

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:

Мзмұндау

5 – сынып

3 Токсан № 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы. Дәулеткерей. Тәттімбет. Абыл.

«Домбырасыз сән қайда» И. Нүсіпбаев

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 5-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.

V. Жаңа сабақ Құрманғазы. Дәулеткерей. Тәттімбет. Абыл.

Құрманғазы - 18 – ғасырдың аса көрнекті композиторы, куй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші.

Ол - өз заманындағы қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Куйлер: Кішкентай, Серпер, Сарарқа, Адай, Көбік шашқан, Кісен ашқан. Т.б.

Дәулеткерей Шығайұлы – қазақтың күйшілік өнеріндегі өзіндік үнімен, ерекше музыкалық тілімен танылған үлкен өнер иелерінің бірі. Дәулеткерей – қазақтың хандық дәуірінде билік еткен төре тұқымы. Куйлері: Байжұма, Тартыс, Бұлбұл, Желдірме, Көріғұлы, Жігер. Т.б.

Тәттімбет – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірлеріне кеңінен танылған, шерітпе күй өнерінің ең ірі, көрнекті күйші – композиторларының бірі.

Күйлері: Бес төре, Былқылдақ, Қосбасар, Сары өзен, Саржайлау т.б.

Абыл Тарақтыұлы – Маңғыстау өңірінің Оймауыт, Желтау деген жерінде дүниеге келген.

Абыл күй өнеріндегі «Алпыс екі тармақты Ақ желең» цикілін барынша дамыта білген.

Күйлері: Абыл, Ақжелең, Ақсаққұлан, Кеңес, Нарату атты күйлері жиі орындалады.

Музыка тыңдау: «Сарарқа» Құрманғазы – тыңдау үзінді

«Жілер» Дәулеткерей – тыңдау

«Саржайлау» Тәттімбет – тыңдау

«Абыл» Абыл – тыңдау

ән үйрену: «Домбырасыз сән қайда» И. Нүсіпбаев

Елдің жырын жырлаған

Қайғысында толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған

  • Сергіту

Әрбір әннің тезірек қабылдануы түрлі іс-қимылдар арқылы жүргізілуіне көп байланысты. Сондықтан осы әннің өзі де мазмұнына қарай би-ырғақты қимылды қажет етеді.

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.