Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 сабак жоспары 1 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788.99 Кб
Скачать

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: Өткен әндерден бір әнді қайталау.

  • Оқулық пен жұмыс

Мұғалім – құрметті де жауапты мамандық. Ол әрқашан оқушылардың ортасында болады. Ұстаз сендерді үлгілі, мәнді өмір сүруге, еліміздің адал, білімді азаматы болып өсуге тәрбиелейді.

Домбыраның құлақ күйі - туралы түсінік беру.

  • Ән үйрену

«Ұстазым менің»

әні: Ә. Еспаев өлеңі: А. Шамкенов

Тұлғаңды арманыма ұқсатқаным,

Үлгіңді көңіліме қыстатқаным.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым!

  • Сергіту сәті

«Көңілді музыкант» музыкалық-қимылды ойынды еске түсіру

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:

Мазмұндау. Ән жаттау.

5 – сынып

1 токсан № 8 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыка-әлемінің рухани елшісі.

Орта Азия халықтарының музыкасы.

Кавказ халықтарының музыкасы.

Мажор және Минор. Тоника.

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 5-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: Елім-ай (Қазақтың халық әні)

  • Оқулық пен жұмыс

Орта Азияда тұратын қырғы, өзбек, түркімен, тәжік халықтарының тілдері, діни наным-сенімдері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары бір-біріне өте жақын болып келеді. Сондай-ақ олардың міндеті мен өнері де бір-бірімен қабысып, ұштасып жатады. Ол елдердің музыкасы мен музыкалық аспаптарында да көптеген ұқсастық бар. Дүние жүзі халықтарының музыка өнеріне толық тоқталу мүмкіндігі болмағандықтан, кейбіреулерінің ғана музыкасы мен аспаптарына қысқаша шолу жасап, танысу мақсаты көзделді.

Ота Азия халықтарының музыкасы - туралы түсіндіру

  • Өзбек

  • Түркімен

  • Тәжік

  • Қырғыз халықтарының музыкасы - таныстыру.

  • Сергіту

Әрбір әннің тезірек қабылдануы түрлі іс-қимылдар арқылы жүргізілуіне көп байланысты. Сондықтан осы әннің өзі де мазмұнына қарай би-ырғақты қимылды қажет етеді.