Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 сабак жоспары 1 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788.99 Кб
Скачать

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: «Сүйікті мектебім» әні: Ө. Байділдаев өлеңі: Ш. Смаханұлы

  • Оқулық пен жұмыс

Музыка әлемі-адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Асанқайғы (XIV – XV)

Асанқайғы – Алтын Орда ыдырй бастаған кезеңде өмір сүрген, Береке, Ұлы Мұхамед, Әбілқайыр хандар мен Керей Жәнібек сұлтандардың замандасы.

Оның «Ел айырылған» «Желмаяның жүрісі» «Зар» «Асанқайғы» сияқты күйлері – халықтық –әлеуметтік тақырыпқа арналған құнды туындылар.

Кетбұға (XII-XIII)

Кетбұға-белгілі күйші, жырау болған кісі. Шамамен 1150-1230 жылдары ғұмыр кешкен. Тарихта Кетбұға есімі әйгілі «Ақсақ құлан» «Нарату» күйлерінің шығу тарихымен байланысты айтылады.

Байжігіт (ХVІ-ХVІІ)

Байжігіт Алтай өңірінде өмір сүрген. Ол – күй өнерінен жұбаныш тауып, шер тарқатқан, қайғы-қасірет шеккен елін домбырасымен жұбатып, үн қатқан ұлы күйші. Байжігіттің «Азат» «Ақтабан» «Арман» «Әлдисұр» «Беласар» «Бөкен жарғақ» «Бұлғын сусар» «Былқылдақ» «Жетім торы» «Ерке атан» «Қайың сауған» «Қашқан қалмақ» «Қосбасқан» «Көкбалық» «Көктөбе» «Күншуақ» «Сылаңторы» «Тоғыз тоты» күйлерінде өмірдің мән-мағынасы, елдің болашағы мен тағдыры, адам, табиғат суреттері барынша терең көркемделген.

Боғда (ХІХ)

Боғда-Жем, Сағыз өзендерінің бойында туып-өсіп, Батыс Қазақстан өңірін еркін аралап, өзінен бұрынғы күйшілік дәстүрлерден тәлім алған күйші-композитор. Боғда әйгілі «Алпыс екі тармақты Ақжелең» цикіліне «Кербез Ақжелең» «Күмбез керік» атты екі күйімен үн қосқан күйші.

Оның «Қара жаяу» «Боғда» «Бозтөбе» «Кербез Ақжелең» «Кербез керік» «Сегіз лақ» «Жем суының тасқыны» күлері ел арасына кеңінен тараған.

  • Сергіту сәті

Әрбір әннің тезірек қабылдануы түрлі іс-қимылдар арқылы жүргізілуіне көп байланысты. Сондықтан осы әннің өзі де мазмұнына қарай би-ырғақты қимылды қажет етеді.

  • Музыкалық сауат

Музыкалық дыбыс қатары.

Октава. Бүтін және жарты нота.

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:

Мазмұндау. Ереже жаттау.

5 – сынып

1 Токсан № 6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұстаз-Үлгі-Өнеге. Ұлағатым. Ұстаздар күні.

Халық аралық музыка күні. Домбыраның құлақ күйі.

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 5-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.