Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 сабак жоспары 1 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788.99 Кб
Скачать

V. Жаңа сабақ.

Корей музыкасы Қиыр Шығыстың ежелгі музыкалық дәстүрлеріне жатады. Корей музыкасының қайнар көзі біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдқтан бастау алады. Әр алуан тарихи кезеңдерде Орталық және Шығыс Азияның, Тынық мұхит аралдарының музыкалық мәдениетімен тығыз байланысты дамып қалыптасты.

Музыка тыңдау: «Мунген» корей хал. Муз.ы тыңдау

Дауыс жаттығуын әннің алғашқы фразасына жасатып, дыбыс биіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындалуына назар аударылады.

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Корей халқының музыка өнері неше бағытта дамыды?

  • Корей халқының музыкалық аспаптарын ата?

  • Қазақ жеріне танымал корей халық ансамбльдерін мұғалімнің, достарыңың көмегімен анықта?

Неміс музыкасы

Орта ғасырларда Германияның аумақтық мемілекеттік бөлшектенуі оның музыкалық фольклорының жергілікті стильдерінің қалыптасуына әсер етті. Шекаралық ән диалектісі көрші елдердің фольклорымен тызыз қатынаста болды.

Неміс музыка мәдениетінің қалыптасуын зор үлес қосқандар – ұлы неміс сазгері, органшы Иоганн Себастьян Бах және ұлы сазгер, дирижер әрі пианиношы Людвиг Ван Бетховен. Неміс музыкасындағы романтизм өкілдері: Шуман, Мендельсон, Шуберт, Лист, т.б.

Неміс музыкасын тындау: «Пастушка прягожая» тыңдау

Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Мазмұндау.

4 – сынып

1 Токсан № 8 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қытай музыкасы » П.И.Чайковский. «Шелкунчик» балетінен «Қытай биі» - тыңдау

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 4-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру; балалармен амандасу, жаңа сабаққа кірісп келтіру.

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.

V. Жаңа сабақ.

Қытай халық музыкасының даму жолдары – бірнеше мыңдаған жылдарда жатыр. Қытай музыка өнеріне Қытай мемілекетінде тұратын ұйғыр, тибет, чужурчжен, маньчжур, т.б халықтар музыкасының әсері болды.

Қытай мәдениетінде юэ – тек қана музыка емес, әсемдікке байланысты өнер түрлерін дәріптейді.

1920 жылы консерватория ашылып, симфониялық оркестр құрылды.

Оқулықпен жұмыс: Қытай музыксы мәтіні оқылады.

Музыка тыңдау: П.И.Чайковский. «Шелкунчик» балетінен «Қытай биі» - тыңдау

Дауыс жаттығуын әннің алғашқы фразасына жасатып, дыбыс биіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындалуына назар аударылады.

Ән орындау өткен сабақтардан:

Көңілменен өлшенген

Дастарқанның қуаты.

әлсіресең, күш берген

қазы-қарта, шұбаты.

Қайырмасы:

Буы шығып

Шай қайнап.

Құрт пен майы, балқаймақ,

Бауырсағы ірімшік

Дастарқанда тұр жайнап.