Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 сабак жоспары 1 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788.99 Кб
Скачать

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: өткен сабақтан бір ән орындалады

Оқушылардың шығары келген өлең жолдары оқылып, талданады, бағланады.

Өткен сабақта үйренген «Елтаңбасы елімнің», «Алтын адам» әндері қайталанды.

Екі сабақтың тақырыбы, мазмұны жағынан жақын болғандықтан, бір-бірімен сабқтастырып өткізуге болады.

Қазақ халқы еркіндікке жту үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді баста кешірді. Мыңдаған жыл тарихы бар қазақ халқы 1990 жылы 25 қазанда өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан өзінің Мемілекеттік Егемендік Декларациясын жариялады. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

  • Ән үйрену

Н. Алғашбаевтың «Егемен ел – Қазақстан» әні тақырып мазмұнын аша түседі.

  • Шығармашылық жұмыс

Туған жер, ел туралы мақл-мәтел жарысын ұйымдастыру тиімді болады.

«Мың бір мақал» ойыны.

1. Туған жерге туың тік.

2. Ат айналып қазығын тбар,

Ер айналып елін табар.

3. Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас.

4. Бірлік болмай, тірлік болмас.

5. Ұлтарақтай болса да ата-қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат.

  • Сергіту

Кәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

«Көңілді музыкант» музыкалық-қимылды ойынды еске түсіру

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: Әндерді үйрену.

3 Сынып іі-тоқсан

7 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл жырлары

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 3-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.

V. Жаңа сабақ

Музыка тыңдау: өткен сабақтан бір ән орындалады

Кіріспе әңгіме.

Сұрақтар:

1. Қазір жылдың қай мезгілі?

2. Қыста қандай тбиғат құбылыстары болады?

3. Қандай ұнатып ойнайтын ойындарың бар?

4. Серуенге шыққанда қалай дем алдың?

5. Қыс туралы қандай ән білесің? Қыста қандай мерекені асыға күтесің?

Қыс бейнесі салынған суреттерді көрсету, жұмбақтар шешу, өлең оқу.

Жұмбақтар

1. Ағаштардың көркемі,

Мәңгі жасыл бұтағы.

Өзгертпейді еш кейпін,

Жаралғандай асылдан. (Шырша)

2. Қыста шыныбоп қатады,

Жылыда су боп жатады. (Мұз)

3. Тек өзі көрінбейді,

Адамды тоңдырады.

Ызғары дірілдеп,

Есіңнен тандырады. (Аяз)

  • Ән үйрену

И. Нүсіпбаевтың «Қыс қызығы» әні тақырып мазмұнын аша түседі.

  • Сергіту

Кәне қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

«Көңілді музыкант» музыкалық-қимылды ойынды еске түсіру