Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 сабак жоспары 1 жарты жылдык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788.99 Кб
Скачать

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау:

  • Сұрақ бойынша жауап алу.

  • Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:

Әнді үйрену.

3 – сынып

1 Токсан № 1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Армысың музыка әлемі» «Әсемдік әлемі» «Мақал»

«Мектебім» А. Меңжанова

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 3-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.

V. Жаңа сабақ.

Музыка тыңдау: «Армысың музыка әлемі»

«Мектебім» А. Меңжанова

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1. Ән қалай орындалады? (Жылдам,ақырын)

2. Қандай дыбыстар естідің? (Көңілді, мұңды)

3. Әннің мазмұны не туралы? (Мектеп, табиғат, т.б.)

4. Алғашқы білім күні сыныптас достарыңа қандай тілек айтар едің?

5. Ән әуені саған қалай әсер етті?

6. «Білім отаны» дегенді қалай түсінесің?

7. Музыка сабағында қандай білім аламыз?

«Салауат» әні-сабақта оқушыларды осы пәнге даярлап, бағыттауға арналған шығарма.

Ертеде қазақ даласында сауат ашу орны көбіне мешіт-медіреселер немесе молдалар алды болған. Шәкірттер әрбір сабақ басталар алдында ұстазына арнап «Салауат» әнін орындайтын болған. Мұндағы мақсат-оқу-білім беретін ұстаз, білім алатын шәкірттер амандықта өмір сүрсін деген ізгі ниет білдіру.

«Салауат» әні қысқа әрі тартымды. Бұл ән екі міндет атқарады. Біріншісі – мазмұнында көрсетілгендей, оқушылардың ұстазына амандық, салауат тілеуі болса, екіншісі – оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау.

  • Сергіту

«Көңілді музыкант» музыкалық-қимылды ойынды еске түсіру.

  • Ән үйрену

«Мектебім» әні. Айымгүл Меңжанова. Әннің әуені сөз мәтініне сәйкес орындалады. Әннің сөзі мәнерлеп оқылып, талдау жасалады.

«Сен-бұлақ, мен-қайың бүр ашқан

Өзіңнен нәр алып өсемін», -

Деген сөздерің мағынасы, яғни, мектеп арқылы бала білім алады, ал білім-адамның өмірлік нәрі, бұлағы екені түсіндіріледі.

VI. Сабақты аяқтай келе сабақты қайталап пысықтау.

VII. Сабақты қортындылау: Сұрақ бойынша жауап алу. Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: Мазмұндау.

3 – сынып

1 Токсан № 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Бабалар мұрасы»

«Ыбырай»

І. Білімділік:

– Оқушылардың өнерге, білімге деген ынтасын арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

– Қазақтың халық әндері мен симфониялық музыка мен таныстыру және

осы шығармаларды тыңдату арқылы білік-дағдыларын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік:

– Эстетикалық тәрбие бере отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, домбыра, фортепиано, портрет, үн таспа .

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 3-ші сынып Музыка пәнінің оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Өткенді сұра-жауап арқылы қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

ІV. Жаңа сабаққа даярлау.