- •1 Есепті жүргізу тәртібі
- •2 Автомобильдің тарту есебінің әдістемесі
- •2.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •2.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •2.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •2.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •2.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •2.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •2.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •2.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •2.8 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •3 Автомобиль тарту есебін жүргізу үлгісі
- •3.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •3.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •3.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •3.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •3.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •3.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •3.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •3.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •3.9 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •4 Семестрлік жұмыстың тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.8 Автомобильдің отындық сипаттамасы
Жолдық отын шығыны (л/100км) мына формула бойынша анықталады
Qs=
,
(2.44)
мұнда geN
– қозғалтқыштың ең үлкен қуат кезіндегі
сыбағалы отын шығыны; КИ
–қозғалтқыштың қуатын пайдалану
коэффициенті; KЕ
– қозғалтқыштың айналу жиілігін
пайдалану дәрежесіне тәуелді коэффицинет;
-
отынның тығыздығы. Бензин үшін
= 730 кг/м3,
дизельдің жанар майы үшін
= 860 кг/м3.
Қозғалтқыштың ең үлкен қуат кезіндегі сыбағалы отын шығынын шамалап былай алуға болады
geN = (1,15... 1,05) ge. (2.45)
Қозғалтқыштың қуатын және айналу жиілігін пайдалану коэффициентерін былай анықтауға болады:
- дизельдер үшін
КИ = 1,2 + 0,14И- 1,8И2 + 1,46И3; (2.46)
- карбюраторлық қозғалтқыштар үшін
КИ = 3,27-8,22И + 9,13И2-3,18И3; (2.47)
- барлық қозғалтқыштар үшін
КЕ= 1,25 -0,99Е + 0,98Е2-0,24Е3. (2.48)
Қозғалтқыштың қуатын пайдалану дәрежесі былай табылады
И=
,
(2.49)
мұнда Nдв – қосымша механизмдердің жетегіне жұмсалатын қуат; NTP- трансмиссиядағы қуат жойылымдары.
Қозғалтқыштың айналу жиілігін пайдалану дәрежесі былай табылады
Е = ne/nN. (2.50)
Автокөліктік құралдардың барлық категориясы үшін бақылау отын шығыны берілген қозғалыс жылдамдықтарында горизонталь жолдағы жоғары берілістегі қозғалыста анықталады. Gа<35 кН болатын автомобильдер үшін бақылау отын шығыны v=90 км/сағ (егер vmax<90 км/сағ, онда v=0,9 vmax ) және v=120 км/сағ (егер vmax>120 км/сағ) жылдамдықтарында анықталады. G>35 кН болатын автокөліктер үшін (бұған магистральдік автопоездар, қалалық, қалааралық және туристік автобустар кірмейді) бақылау отын шығыны v=60 және 80 км/сағ, ал егер vmax<80 км/сағ болса, онда 40 және 60 км/сағ жылдамдықтарда анықталады. Қалалық автобустар үшін бақылау отын шығыны v=40 және 60 км/сағ (егер vmax<80 км/сағ болса, онда 40 және 60 км/сағ) жылдамдықтарда анықталады. Әдетте, бақылау отын шығынының шамасы және ол анықталатын жылдамдық автомобильдің техникалық сипаттамасында беріледі.
3 Автомобиль тарту есебін жүргізу үлгісі
ТАПСЫРМА: Жүк көтергіштігі 50 кН жүктік автомобильдің тарту есебін жүргізу керек. Орташа сапалы асфальтбетон төсемді шосседегі қозғалыста автомобильдің ең үлкен жылдамдығы 90 км/сағ.
Тарту есебін орындағанда мыналар анықталуы тиіс:
1 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы;
2 Негізгі берілістің беріліс саны;
3 Қозғалтқыштың берілістер қорабының беріліс сандары;
4 Автомобильдің қуат теңестірілімі;
5 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы;
6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері;
7 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы;
8 Автомобильдің отындық сипаттамасы.
