Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Авто. тарту есебі МУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

2.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі

Автомобильдің қуат теңестрімінің теңдеуін келесі түрде көрсетуге болады

(2.25)

мұнда Nк-жетекші доңғалақтарға келтірілген қуат; Nψ-жол кедергілерін өтуге жұмсалатын қуат; Nв- ауа кедергісін жеңуге жұмсалатын қуат; Naj- автомобильдің шапшаңдата қозғалуы үшін жұмсалатын қуат.

Автомобильдің жетекші доңғалақтарына келтірілген қуат мына формула арқылы есептелінуі мүмкін

(2.26)

мұнда ΔNТР-трансмиссиядағы қуат жойылымы; Рк-жетекші доңғалақтардағы айналма күш.

Жол кедергілерін өтуге жұмсалатын қуат мына формула арқылы анықталады

(2.27)

мұнда Рψ-жолдың кедергі күші.

Ауа кедергісін жеңуге жұмсалатын қуат мына формула арқылы табылады

(2.28)

мұнда Рв-ауа кедергісінің күші.

Автомобильдің шапшаңдата қозғалуы үшін жұмсалатын қуат мына формула арқылы анықталады

(2.29)

мұнда mа-автомобильдің толық массасы; Рaj-автомобильдің инерция күші; автомобильдің үдеуі.

(2.25) теңдеуін графикалық әдіспен шешкен ыңғайлырақ болады, яғни теңдеудің сол және оң жақтарындағы шамаларды берілістер қорабының әр берілісі үшін байланыстары үшін, ал жол кедергісі болғанда берілістер қорабының тікелей берілісінде автомобильдің қозғалысы үшін байланысы түрінде көрсетеді. Жол кедергісі домалауға кедергі коэффициент f (қанағаттанарлық күйдегі асфальтбетон немесе цементбетон төсемді шоссе үшін домалауға кедергі коэффициенті ) және құламалылығы i = 3% болатын қырдың қосындысымен анықталады. Сонда жылдамдық 30 км/сағ болуы тиіс.

Автомобильдің жылдамдығы км/сағ берілетінін ескерсек, (2.27) және (2.28) формулалары мына түрге келеді:

(2.30)

Nb = . (2.31)

Жетекші доңғалақтарға келтірілген қуат Nк берілістер қорабының сатысының номеріне байланысты емес, сондықтан берілістер қорабының әртүрлі сатылары үшін ол қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты анықталады.

Алдымен қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиіліктеріне сәйкес келетін әртүрлі берілістердегі автомобильдің жылдамдықтарын анықтайды, әртүрлі берілістерде автомобильдің жетекші доңғалақтарына келтірілетін қуатты табады, жол кедергілерін өтуге жұмсалатын қуатты анықтайды, сонан соң автомобильдің қуат теңестірілімінің графигін салады. Осы графикке N v =f(v) және (N v + Nb)=f(v) байланыстарының сызықтарын көрсетеді.