Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Авто. тарту есебі МУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

2.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау

Негізгі берілістің беріліс саны мына формула бойынша анықталады

Uo=0,377 , (2.16)

мұнда ne max - қозғалтқыштың иінді білігінің ең үлкен айналу жиілігі; cv – жоғарғы берілістің коэффициенті. cv = 1 деп қабылдайды; Ub – берілістер қорабының жоғарғы берілісінің беріліс саны.

2.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау

2.4.1 Бірінші берілістің беріліс санын анықтау. Бірінші берілістің беріліс саны келесі шарттардан анықталады:

а) автомобильдің жолдың ең үлкен кедергісінен max өту мүмкіндігі, олай болса бірінші берілістің керекті беріліс саны

U1= , (2.17)

мұнда max- бірінші берілісте өтетін ең үлкен жол кедергісі. Автомобильдің бірінші берілісте өтетін ең үлкен жол кедергісі мынаны құрайды:

жеңіл автомобильдер үшін

жүктік автомобильдер үшін

толық жетекті жүктік автомобильдер үшін

жоғары жүргіштікті автомобильдер үшін

б) (2.17) формуласымен есептелген U1 беріліс саны автомобильдің жетекші доңғалақтарындағы айналма күшті іске асыру мүмкіндігіне тексеріледі. Сонымен, ілініс бойынша айналма күш іске асырылғанда бірінші берілістің беріліс саны былай анықталады

(2.18)

мұнда Gφ-автомобильдің ілінісу салмағы. Толық жетекті автомобильдің ілінісу салмағы Gφ= Ga, жетекші белдіктері артында орналасқан автомобильдердің ілінісу салмағы жетекші белдіктері алдында орналасқан автомобильдердің ілінісу салмағы Gφ = KR1G1. Мұнда G1 ,G2 – сәйкес алгы және артқы белдіктерге түсетін автомобиль салмағының бөлігі; KR1 және KR2 – жүктеме үлестірілу коэффициенті. KR1 = 0,8...0,9 және KR2 = 1,1 ...1,3 деп қабылдауға болады; - ілінісу коэффициенті. Құрғақ төсемді жол үшін ол 0,6...0,8 тең;

в) бірінші берілістің беріліс саны қозғалыстың ең кіші орныққан жылдамдығын қамтамасыз ету шартын қанағаттандыруы тиіс, яғни

U1v=0,377 , (2.19)

мұнда vmin-қозғалыстың ең кіші орныққан жылдамдығы. Оның шамасын (3...5) км/сағ, ал толық жетекті автомобильдер үшін vmin = 2...3 км/сағ деп алуға болады.

2.4.2 Берілістер қорабының сатылар санын анықтау

Алдымен берілістер қорабының беріліс сандарының диапазонын Дк анықтайды. Ол мына формула арқылы табылады

Дk = , (2.20)

мұнда Ub - берілістер қорабының жоғары берілісінің беріліс саны.

Жеңіл автомобильдердің берілістер қорабы төрт немесе бес сатылы болады. Жүктік автомобильдердің трансмиссияларының сатылар санын диапазонмен үйлестіру кажет

Дк

5,7...8,5

7,9...9,35

8...10

9,2... 18,5

Число ступеней

5

6

8 10

2.4.3 Аралық берілістердің беріліс сандарын анықтау

Ub=1 болғанда «m» аралық берілісінің беріліс саны мына формула арқылы анықталады

(2.21)

мұнда n –берілістер қорабының сатылар саны

2.4.4 Егер толық жетекті автомобильдің трансмиссиясында үлестіргіш қорап қойылуы көзделінсе, онда оның, әдетте, екі сатысы болады: жоғарғы және төменгі. Жоғарғы саты тікелей немесе беріліс саны бірге жақындау болады. Төменгі сатының беріліс саны мына шарттардан анықталады:

-автомобильдің ең үлкен қырдан өтуі бойынша, яғни

UH= ; (2.22)

-ілінісу салмақты толық пайдалану бойынша, яғни

UH= ; (2.23)

-ең кіші қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етуі бойынша, яғни

UH=0,377 . (2.24)

Мұнда Меmax-автомобиль қозғалысына керекті ең үлкен айналдырғыш момент; U1 және Uо-берілістер қорабының бірінші берілісінің және негізгі берілістің сәйкес беріліс сандары. Есептерде және км/сағ деп қабылдауға болады.