- •1 Есепті жүргізу тәртібі
- •2 Автомобильдің тарту есебінің әдістемесі
- •2.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •2.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •2.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •2.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •2.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •2.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •2.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •2.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •2.8 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •3 Автомобиль тарту есебін жүргізу үлгісі
- •3.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •3.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •3.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •3.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •3.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •3.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •3.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •3.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •3.9 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •4 Семестрлік жұмыстың тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
Ең үлкен жылдамдық кезінде автомобильдің үдеуі нольге тең болғандықтан, қуат теңестірімінің теңдеуінен берілген vmax (км/сағ) жылдамдықтағы қозғалысты қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың керекті қуаты Nev (кВт) мына формуламен табылады
(2.4)
мұнда
-жол
кедергісінің коэффициенті.
Жол кедергісінің коэффициенті мына формуламен анықталады:
- үлкен жүк көтергіштікті автомобильдер үшін
(2.5)
мұнда
- км/сағ өлшенген автомобильдің ең үлкен
жылдамдығы;
-қалған автомобильдер үшін
.
(2.6)
мәндері мына аралықтарда болады: жеңіл автомобильдер үшін 0,025...0,04; автобустар үшін 0,018...0,03; жүктік автомобильдер үшін 0,015...0,025; үлкен жүк көтергіштікті автомобильдер мен автопоездар үшін 0,01...0,015; жоғарылатылған және жоғары жүргіштікті толық жетекті автомобильдер үшін 0,015...0,05.
Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын салу үшін мына формуланы пайдаланады
Ne
= Nemax[a(
)+b(
)2
-c(
)3],
(2.7)
мұнда а, b және с - коэффициенттер. Олардың шамалары қозғалтқыш түрі мен құрылысына тәуелді болады; Nе, nе-қуат пен қозғалтқыштың иінді білігінің айналу санының ағында шамалары; Nеmax, nN –ең үлкен қуат және ең үлкен қуатқа сәйкес келетін иінді біліктің айналу жиілігі.
Әртүрлі қозғалтқыштың а, b және с коэффициенттері былай анықталады:
-айналу жиілігін шектегішпен (карбюраторлық қозғалтқыштар) немесе айналу жиілігін реттегішпен (дизельдер) жабдықталған қозғалтқыштар үшін
(2.8)
мұнда М3 –айналдырғыш момент қоры, %; Кω –жиілік бойынша бейімделу коэффициенті.
Табылған коэффициенттердің дұрыстығын мына теңдеумен тексереді
а+b-с=1; (2.9)
- айналу жиілігін шектегіші немесе айналу жиілігін реттегіші жоқ қозғалтқыштар үшін
a=2-
;
b=
-1;
c= . (2.10)
Таблған коэффициенттердің дұрыстығын мына теңдеумен тексереді
а + 2в - 3с = 0. (2.11)
Қозғалтқыштың момент бойынша бейімделу коэффициенті мен айналдырғыш момент қорының арасында мынадай байланыс бар
Kм=1+
.
(2.12)
Әртүрлі қозғалтқыштардың М3 және Кω өзгеру аралықтары
М3 Кω
Карбюраторлық қозғалтқыштар 5…35 1,5...2,5
Дизельдер (үрлеусіз) 10...20 1,4...2,0
Қозғалтқыштың ең үлкен қуаты (2.7) формуласы бойынша Ne және nе ағынды шамаларын Nev және nv белгілі шамаларымен алмастыру арқылы есептеледі:
Nemax=
. (2.13)
Автомобильдің ең үлкен жылдамдығына сәйкес келетін қозғалтқыштың иінді білігінің айналу санының ең үлкен қуатқа сәйкес келетін қозғалтқыштың иінді білігінің айналу санына қатынасы мыналарды құрайды:
- айналу жиілігін шектегіші
немесе айналу жиілігін реттегіші жоқ
қозғалтқыштар үшін
nv/nN
= 1,1 деп қабылдауға болады;
-айналу жиілігін шектегішпен
немесе айналу жиілігін реттегішпен
жабдықталған қозғалтқыштар үшін
nv/nN
= 1 деп қабылдауға болады, онда Ne
max =
Nev.
Қозғалқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын салу үшін nN жиілігін таңдап алу керек. Әртүрлі автомобильдердің қозғалтқыштарының nN (айн/мин) жиілігінің шамалары келесі аралықтарда өзгереді:
- карбюраторлық қозғалтқыштар: жеңіл автомобильдердікі 4500…6000 айн/мин; жүктік автомобильдер мен автобустардікі 3000...4600 айн/мин;
-дизельдер: жеңіл автомобильдердікі 3500...4600 айн/мин; жүктік автомобильдердікі 2000...3200 айн/мин.
Автомобильге қойылған қозғалтқыштың жұмысы кезінде қозғалтқыш қуатының бір бөлігі қосымша механизмдердің жетегіне жұмсалады, сондықтан қозғалтқыш және автокөлік құралының түріне тәуелді kс коэффициенті енгізіледі. Әдетте, қозғалтқыштардың техникалық сипаттамаларында қуаттың Nс стендтік шамалары келтіріледі, ал ол Nе қуатының сәйкес шамаларымен келесі байланыста болады
Ne = kс Nc. (2.14)
Осыдан
Nc=
.
Есептерде kc = 0,93.. .0,95 деп қабылдауға болады.
Қозғалтқыштың иінді білігіндегі айналдырғыш момент мына формуламен анықталады
Ме
= 9554
Нм.
(2.15)
Мұнда Ne кВт, ал nе айн/ мин өлшенеді.
Қозғалтқыштың иінді білігінің ең кіші айналу жиілігін белгілейді. Қозғалтқыштың иінді білігінің орныққан айналу жиілігі мыналарды құрайды: карбюраторлық қозғалтқыштар үшін 800...1000 айн/мин; дизельдер үшін 600...800 айн/мин.
Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінің әртүрлі шамаларын беріп, (2.7) және (2.15) формулалары бойынша қуат пен айналдырғыш моменттің сәйкес шамаларын табады. Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын салу үшін кем дегенде жеті нүкте таңдап алады, сонда автомобиль-аналагтың қозғалтқышының nM айналу жиілігіне сәйкес келетін нүкте болуы тиіс.
