
- •1 Есепті жүргізу тәртібі
- •2 Автомобильдің тарту есебінің әдістемесі
- •2.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •2.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •2.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •2.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •2.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •2.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •2.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •2.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •2.8 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •3 Автомобиль тарту есебін жүргізу үлгісі
- •3.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •3.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •3.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •3.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •3.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •3.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •3.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •3.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •3.9 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •4 Семестрлік жұмыстың тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
КІРІСПЕ
050713-мамандыың оқу жоспарына сәйкес студенттерге «Автомобиль қозғалысы теориясы», «Автомобильдің қолданушылық қасиеттері» арнайы пәндерін оқып білу көзделінген және олар осы пәндер бойынша өз бетінше семестрлік жұмыс істеулері тиіс.
Өз бетінше істелінетін семестрлік жұмыстың мақсаты болып мыналар табылады: студенттердің дәріс сабақтарында және өз бетінше даярлаған теориялық білімдерін терең меңгерулері және оларды баянды етулері, автомобиль параметрлерін және оның тарту –жылдамдық қасиеттері мен отын үнемділігінің көрсеткіштерін есептеуге іс жүзінде дағдылануы, автомобиль қозғалысы бойынша білімін тереңдету.
Бұл білімдер студенттердің басқа пәндерді, солардың ішінде «Автомобильді есептеу және құрастыру», «Арнайы қозғалмалы құрылым», «Автомобильдің сынаулары» және тағы басқалары, өте сапалы игерулеріне мүмкіндік туғызады.
Бұл әдістемелік нұсқаулар студенттердің өз бетінше автомобильдің параметрлерін және оның тарту жылдамдық қасиеттері мен отын үнемділігінің көрсеткіштерін есептеу бойынша семестрлік жұмысты орындағанда жетекші құрал болады және автомобильдің тарту есебінің әдістемесінен, есепті орындау тәртібінен, тарту есебінің үлгісінен, тапсырманың мәліметтерінен және ұсынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Осы жетекші құралда оқылатын тақырыптың дәлелдемесі бар, ол студенттердің автомобильдің тарту есебін жүргізу білімі мен дағдысын тереңдетуге мүмкіндік береді және студенттердің өз бетінше ойлау процестерін кеңейтуіне бағыттайды.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар басқа мамандықтардың студенттеріне қарастырылып отырған тақырып бойынша курстық немесе семестрлік жұмыс орындаған кезде пайдасы тиюі мүмкін.
Семестрлік жұмысты орындаған кезде келесі талаптардың орындалғаны дұрыс:
- автомобильдің тарту есебін жүргізген кезде студенттер өз вариантын ғана шешуі керек. Тақырыптың вариантын оқытушы береді;
- ізделініп отырған шамаларды анықтайтын формулаларды келтіру керек және бұл формулаларға кіретін шамаларды көрсеткен жөн. Сонан соң, керек болса, есептеу формулаларын шығарып, оған берілген мөлшердегі мағыналарды қойып, есептеген дұрыс;
- есепке қысқаша түсініктемелер беріп, толық шығару керек;
- жұмысты А4 (210×297) форматындағы парақ қағазға, ал лауазымды бет пен қалған беттерді СТ РГП 39114145-У-е-010-2008 сәйкес орындау керек;
- семестрлік жұмысты орындау алдында әр студент осы жетекші құралда келтірілген автомобильдің тарту есебінің әдістемесімен танысуы керек;
- семестрлік жұмыстың соңында қорытынды беріледі, ал бұл қорытындыда есептелінген параметрлерді автомобиль – аналогтың сәйкес параметрлерімен салыстырып, жүргізілген есептің кемшіліктері көрсетіледі және параметрлерді жақсарту жолдары беріледі.
1 Есепті жүргізу тәртібі
1.1 Барлық варианттарға бастапқы мәліметтер.
Автомобильдің түрі, оның жүк
көтергіштігі немесе жолаушылар
сыйымдылығы,
байланысы ескерілгенде автомобильдің
цементбетон немесе асфальтбетон
төсемді горизонталь жолда қозғалысындағы
ең үлкен жылдамдығы.
1.2 Берілген вариантқа сәйкес автомобильдің тарту есебін жүргізу керек. Сонда мыналар анықталуы тиіс:
1.2.1 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы;
1.2.2 Негізгі берілістің беріліс саны;
1.2.3 Берілістер қорабының беріліс сандары;
1.2.4 Автомобильдің қуат теңестірілімі;
1.2.5 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторлары;
1.2.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері;
1.2.7 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы;
1.2.8 Автомобильдің отындық сипаттамасы.
2 Автомобильдің тарту есебінің әдістемесі
Тарту есебінің мәселесі болып берілген қолданушылық жағдайларда автомобильдің керекті тарту –жылдамдық қасиеттері мен отын үнемділігін қамтамасыз ететін қозғалтқыш пен трансмиссия сипаттамаларын анықтау табылады.
Жаңа автомобиль жобалағанда немесе қазіргі кезде шығарылатын автомобильді жаңартқанда тарту есебі орындалады. Тарту есебінің бастапқы мәліметтері техникалық тапсырмада беріледі.
Тарту есебі үшін техникалық тапсырмаларда мыналар көрсетіледі: автомобильдің түрі, оның қажеттігі, қолдану жағдайлары, жүк көтергіштігі немесе жолаушылар сыйымдылығы, ең үлкен жылдамдық, ең үлкен өтетін қыр, қозғалтқыш түрі, трансмиссия түрі, доңғалақтық формула.
2.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
Техникалық тапсырма негізінде қажеттігі бойынша жақындау қазіргі кезде шығарылатын автомобильдердің техникалық сипаттамаларын талдап және олардың даму перспективаларын бағалап, тарту есебін жүргізу үшін керекті кейбір сипаттамаларды таңдап алады. Мұндай сипаттамаларға мыналар жатады: автомобильдің толық салмағы, салмақтың осьтерге үлестірілуі, шина өлшемдері, трансмиссияның пайдалы әсер коэффициенті, ауа кедергісінің коэффициенті немесе сүйірлік фактор. Бұл сипаттамаларды автомобиль –аналогтың сипаттамаларындай қылып таңдап алуға болады.
Оське түсетін жүктемені осы осьтегі доңғалақтар санына бөлу арқылы бір доңғалаққа түсетін жүктемені анықтайды. Шина стандарттарынан ең үлкен жүктеме бойынша шина таңдап алады.
Ескерту. Бұл жерде таңдап алынған шинаның көрсетілуінің толық түсіндірмесі келтірілуі қажет, шинаның өлшемдері мен параметрлерін жазып алу керек.
Сырғанаусыз домалап келе жатқан доңғалақтың домалау радиусы шамалап жетеленетін тәртіпте домалаған доңғалақтың домалау радиусіне тең болады. Ол еркін радиус rс мен статикалық радиус rст арасында орын алады.
Іс жүзіндегі мақсаттар үшін жеткілікті дәлділікпен rко радиусы (жетеленетін тәртіптегі домалау радиусы) мына формуламен табылуы мүмкін
(2.1)
мұнда
-шинаның
жаншылу коэффициенті. Оның шамасы
шинаның түріне, өлшемдеріне және моделіне
тәуелді болады; rc
– доңғалақтың еркін радиусы.
Доңғалақтың еркін радиусы мына формуламен табылады
rс = 0,5d + H, (2.2)
мұнда d – доңғалақ тоғынының отырғызу диаметрі; H – шина профилінің биіктігі.
Сонан соң сүйірлік факторды Кb Fb анықтайды.
Автомобильдің кедергі қарсы ауданы мына формуламен анықталуы мүмкін
Fb= λBrHr , (2.3)
мұнда λ – аудан толтыру коэффициенті: жеңіл автомобильдер үшін λ= 0,78.. .0,8; жүктік автомобильдер үшін λ = 0,75...0,9 (ауырлау автомобильдер үшін үлкен шамалар алынады); Вг және Нг – автомобильдің сәйкес ең үлкен ені мен биіктігі.
Төменде қазіргі кездегі әртүрлі автомобильдердің ені мен биіктігінің көбейтіндісі (1 -кесте) және ауа кедергісі коэффициентінің шамалары келтірілген (2 -кесте).
1 –кесте - Автомобильдердің қарсы кедергі аудандары
Автомобиль түрі |
Нг· Вг, м2 |
Автомобиль түрі |
Нг· Вг, м2 |
Жеңіл автомобильдер өте кіші класс кіші класс орташа класс үлкен класс |
1,4…1,9 1,6…2,1 1,9…2,3 2,2…2,6 |
Жүктік, жүк көтергіштігі 0,5...2т 2,0...5,0т 5,0...15т 15т жоғары |
4,2...5,7 5,2...7,5 6,9...9,0 9,0...15,0 |
2 –кесте - Ауа кедергісі коэффициентінің шамалары
Автомобиль түрі |
Кв, Нс2/м4 |
Автомобиль түрі |
Кв, Нс2/м4 |
жарыстық жеңіл автобустар |
0,13…0,15 0,15…0,35 0,25…0,4 |
жүктік автопоездар |
0,5...0,7 0,55...0,95 |
Егер трансмиссияның пайдалы әсер коэффициенті туралы мәлімет болмаса, онда механикалық трансмиссия үшін ηтр = 0,8...0,92 (кіші шамалар көп жетекті автомобильдерге, ал үлкен шамалар- жеңіл автомобильдерге жатады).
Егер автомобиль салмағының осьтер бойынша үлестірілуі туралы мәлімет болмаса, онда жетекші белдікке түсетін салмақты былай қабылдауға болады, сонда қосарланған шиналы А тобындағы автомобильдер үшін автомобильдің толық салмағының 0,67...0,7 бөлігін, Б тобындағы автомобильдер үшін - 0,7...0,75 бөлігін алуға болады. Жеңіл автомобильдердің салмағының белдіктерге үлестірілуі автомобильдің схемасына байланысты болады. Қозғалтқышы алдында және жетекші белдік артында болса, онда толық салмақтың 52...55 %, қозғалтқышы алдында және жетекші белдік алдында болса, онда толық салмақтың 43...47 %, қозғалтқышы артында және жетекші белдік артында болса, онда толық салмақтың 56...60 % артқы белдікке түседі.
Жалғыз доңғалақты толық жетекті автомобильдердің салмақ үлестірілуі барлық белдіктердің бірдей жүктелуін қамтамасыз ету шартымен алынады, сонда алдыңғы белдік қалған белдіктерге қарағанда 4...8 % кішілеу жүктеледі деп есептейді.