
- •Кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқау
- •3. Кәсіптік тәжірибе міндеттері:
- •4.Тәжірибелік дағдылар тізімі
- •Күнделікті толтыру үлгісі
- •2014- 2015 Оқу жылы
- •Жедел медициналық көмегі бойынша денсаулық сақтаудың біріншілік буыны дәрігерінің көмекшісі ретінде өндірістік тәжірибеде тәжірибелік дағдыларды орындаудың есебі
- •Кәсіптік тәжірибелік дағдыларды бағалау критериилері
G-041.07.05.70-2015 |
КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
Ред. 1. |
Страница
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқау
Мамандық: Жалпы медицина
Пәні: Жедел және шұғыл медициналық көмек
Кафедра: Ішкі аурулар кафедрасы
Жоғарғы базалық медициналық білім, курс 5
Құрастырушы:
Семей 2015
Кафедра отырысында бекітілген : «__»________________20__жыл
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі,
Кафедра отырысында бекітілген : «__»________________20__жыл
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі,
Кафедра отырысында бекітілген : «__»________________20__жыл
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі,
Кафедра отырысында бекітілген : «__»________________20__жыл
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі,
1. Кіріспе: Кәсіптік тәжірибе «Жедел жәрдем және кезек күттірмейтін көмек» пәнінен алған білімді толықтыруға және жетілдіруге бағытталған, әрбір студент бағдарламада көрсетілген тәжірибелік дағдыларды меңгеруі тиіс
2. Кәсіптік тәжірибе мақсаты: «Жедел жәрдем және кезек күттірмейтін көмек» пәнінен алған білімді толықтыру және жетілдіру, дифференциалды диагностика жүргізу және жедел медициналық жәрдемге шақыртулар кезінде дұрыс индивидуальді шұғыл көмек тағайындау
3. Кәсіптік тәжірибе міндеттері:
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуымен, медициналық іс-қағаздарының толтырылуымен танысу
Емдеу жоспарын құру, науқастарға тексеру жоспарын құру бойынша тәжірибелік дағдыларды толықтыру және жетілдіру
Дифференциалды диагностика жүргізу, жедел жәрдем шақыртулары кезінде «жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі» ретінде дұрыс индивидуальді ем тағайындау
Дәрігерлік манипуляцияларды жүргізуді терең меңгеру және жетілдіру
Науқастармен қарым-қатынас жасауды және оларға дәрігерлік кеңес беруді жетілдіру
4.Тәжірибелік дағдылар тізімі
Кәсіптік тәжірибе атауы: «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігерінің көмекшісі»
1. ЭКГ түсіру және талдау
2. Вена ішілік тамшылатып құю әдісі
3. Асқазан жуу
4. Қандағы қант мөлшерін анықтау және оны интерпретациялау
5. Жоғарғы тыныс алу жолдарын тазалау және еркін тыныс алуды қамтамасыз ету
6. Ауа өткізгішті, беттік маска мен тыныс алу қабын қолдана отырып, «ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды тыныс алдыру
7. Жүректің тура емес массажы, жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы
8. Қан тоқтататын жгутты салу және қан тоқтатудың басқа да әдістері
9. Зақымдалған аяққа иммобилизация жасау және таңу салу
10. Қуықтың кататеризациясы
Кәсіптік тәжірибенің күн тәртібі
№ |
Жұмыс түрлері |
Уақыты |
1 |
Жедел жәрдем бригадасымен бірге науқастарға күнделікті бару (3-4 сағат), кезекшілік бойынша есеп, науқасты рациональді тексеру жоспарын құру, Х (оныншы) қайта қаралған аурулардың халықаралық классификациясына сай болжам диагноз қою, дифференциалды диагностика жүргізу, шұғыл терапия жоспарын тағайындау, госпитальға дейінгі кезеңде науқасқа көмек көрсету, жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігін бағалау, ары қарай ем қабылдауға кеңес беру,емдік-диагностикалық манипуляцияларды орындау және оны белсенді жүргізу. |
8.00 – 14.00 |
2 |
Патолого-анатомиялық конференцияларға, клиникалық талдауларға қатысу, базалық емдеу мекемелерінің патолого-анатомиялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларына жаңа медикаменттер фирмалары жайлы презентацияларға қатысу. |
10.00 - 12.00 |
3 |
Жедел медициналық жәрдем шақыртуларында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу |
8.00 – 14.00 |