Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус 4 курсқазақша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.8 Кб
Скачать

2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, сөмж, сөж-ның тақырыптық жоспары. Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыптары

Сағат көлемі

1.

Ортопедиялық стоматология пәні және міндеттері. Тіс протездерінің даму тарихының кезеңдері.

1

2.

Төменгі жақтың биомеханикасы. Артикуляция. Окклюзия және оның түрлері. Тістем және оның түрлері (физиологиялық, аномалиялық, патологиялық).

1

3.

Тіс-жақ жүйесінің функциональді-морфологиялық байланысының қалыпты жағдайды. Төменгі жақты қозғалтатын аппараттар (окклюдатор, артикулятор).

1

4.

Негізгі стоматологиялық аурулардың семиологиясын ортопедиялық емдеу.

1

5.

Науқасты тексеру әдістері. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы диагностикалық процесс.

1

6.

Стоматологиялық материалтану. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын материалдардың жіктелуі (клиникада және тістехникалық лабораторияда).

1

7.

Қалыптық материалдар. Жіктелуі, қолдануға көрсеткіштері. Қалыптық қасықтар және олардың түрлері.

1

8.

Абразивті материалдар. Кесу, абразивті құралдар. Әсер ету механизмі, таңдауға көрсеткіштер.

1

9.

Тіс протездері құрылымдарымен ортопедиялық емдеу кезінде тісті егеу, науқастың организміне және тіс тіндеріне егеудің реакциясы.

1

10.

Тісті егеу әдістері және тәртібі. Таңдаудың алгоритмі. Ортопедиялық стоматологияда жансыздандырудың күрделі мәселелері.

1

11.

Жасанды сауыттарды дайындаудың міндеттері. Жасанды тіс сауыттарының түрлері, қолдануға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

1

12.

Дәстүрлі және қазіргі заманғы штифті құрылымдар.

1

13.

Тіс қатарларының ақауларының жіктелуі. Алынбайтын көпірлі протездер қолдануға көрсеткіштер.

1

14.

Тістердің жартылай болмауы кезінде ортопедиялық емдеу.

1

15.

Тістердің толық болмауы кезінде ортопедиялық емдеу.

1

Барлық сағат: 15

2.7.1 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары **

4 курс 7 - 8 семестрлер

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары:

Сағат саны

1.

Ортопедиялық стоматология бөлiмiн ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология бөлiмшесiнiң мақсаттары. Стоматолог-ортопед-дәрiгердiң және орта кіші медициналық қызметкерлердің жұмыс орны. Медициналық материалдар, аспаптар, жабдықтар. Техникалық қауiпсiздiк. Ортопедиялық стоматология клиникасында науқастарды тексеру. Дәрігердің жұмыс орнындағы этика, деонтология, эргономика, медициналық құжаттар.

3

2.

Тістерді, тіс қатарларын, жақтарды, самай-төменгі жақ буынын тексеру әдістері, диагностикасы. Қалып алу.

3

3.

Ауыз қуысы шырышты қабығының, тіс жақ жүйесінің бұлшық еттерін тексеру әдістері.

3

4.

Ортопедиялық стоматология клиникасындағы тексерудің қосымша әдістері. Диагноз қою, дифференциалды диагноз. Аралық бақылау.

4

5.

Ортопедиялық стоматология клиникасында тіс жақ жүйесі ауруларын емдеу әдістері. Тістің клиникалық сауытының жартылай бұзылуы, клиникасы, диагностикасы, емдеуі. Науқасты тексеру ерекшеліктері.

3

6.

Тістің қатты тіндерінің патологиясын қондырма, өзекті тістермен емдеуге көрсеткіштер, тісті егеу әдістері. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері.

3

7.

Тістің қатты тіндерінің патологиясын винирлермен емдеуге көрсеткіштер. Тісті егеу әдістері. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері.

3

8.

Штампталған сауытқа арнап тістің сауыт бөлігін егеу. Тісті егеу кезіндегі жансыздандыру көрсеткіштері. Жансыздандыру, асқынулардың алдын алу.

3

9.

Тістің қатты тіндерінің патологиясын пластмасса, биокерамикалы жасанды сауыттармен емдеуге көрсеткіштер. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері. Тістің қатты тіндерінің патологиясын биокерамикалы сауытпен емдеуге көрсеткіштер. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері.

3

10.

Жасанды сауыттарды тіректі сауыттарға шақтап көру. Сауытты шақтау, цементке бекіту әдістері.

3

11.

Металлокерамикалық сауытты дайындау кезінде тістерді депульпация қолдануға көрсеткіштер. Қауіпсіздік аймақтары. Тісті металлокерамикалық сауытқа егеу, қалып алу.

3

12.

Металл қалпақшаны тіректі тістерге шақтап көру. Керамикалық массаның түсін анықтау.

3

13.

Металдыкерамикалық сауытты тексеру, түзету ерекшеліктері, глазурьден кейінгі цементке бекіту. Аралық бақылау.

4

14.

Тiс қатарының кетіктері кезiндегi тексеру ерекшелiктерi, клиникасы, диагноз қою. Көпiрлі протездермен емдеу көрсеткiштерi. Көпiрлі протездердiң тiректi бөлiктерi мен аралық бөлiгiн таңдауды негiздеу. Тiректi бөлiктерi әр түрлi болып келген дәнекерленген көпiрлі протездердi дайындаудың клинико-лабораториялық кезеңдерi. Тiректi тiстердi егеу ерекшелiктерi.

3

15.

Көпiрлі протездiң тiректi сауыттарын тiстерге кигiзiп шақтап көру, қалып алу.

3

16.

Көпiрлі протездi кигiзiп шақтап көру, тістерге бекіту. Сапалық белгілері.

3

17.

Тiс қатарының ақауларын пластмассалы, металлопластмассалы металлокерамикалы, және фарфорлы, металсыз протездермен емдеу ерекшелiктерi. Тiректi тiстердi егеу ерекшелiктері. Аралық бақылау.

4

18.

Жартылай тістер болмаған кезде жартылай пластиналы протездермен емдеу көрсеткіштері. Құрылымдық бөліктері, орналасуы, сипаттамасы.

3

19.

Жартылай пластиналы протезді дайындаудың клинико-лабораториялық ерекшеліктері. Асқынулардың алдын алу. Қалып алу.

3

20.

Қарама-қарсы тiстерi бар жағдайдағы орталық окклюзияны анықтау және бекiту.

3

21.

Жартылай пластиналы протездің құрылымын тексеру. Қателіктерді түзету.

3

22.

Жартылай пластиналы протезді шақтау және тапсыру. Науқасқа кеңес беру. Асқынулар және болжамы.

3

23.

Доғалы протездермен емдеу көрсеткiштерi, конструкциялық элементтерi, олардың сипаттамасы, тағайындалуы және протез орнының тiндерiне қатысты орналасуы. Доғалы протездiң клинико-лабораториялық дайындау кезеңдерiнiң ерекшелiктерi. Қалып алу.

3

24.

Қарама-қарсы тістер болмаған кезде орталық окклюзияны анықтау және бекіту.

3

25.

Доғалы протездi кламмерлiк бекiту. Кламмерлер түрлерi. Протездi құрастыру.

3

26.

Жақтың диагностикалық мүсiнінiң паралеллометриясы. Жүргізу әдiстемесі.

3

27.

Доғалы протез қаңқасын шақтап тексеру. Сапасын бағалау.

3

28.

Доғалы протездiң құрылымын тексеру және тапсыру. Сапалық белгiлерiн анықтау, емнiң болжамы. Аралық бақылау.

4

29.

Тiстердiң толық болмауы, ауыз қуысын тексеру ерекшелiктерi, клиникасы, диагноз қою, емдеу.

4

30.

Тiстердiң толық болмауы жағдайында толық пластиналы протездi бекiту және тұрақтандыру тәсiлдерi.

4

31.

Толық пластиналы протезді дайындаудың клинико-лабораториялық кезеңдері.

4

32.

Функционалды қалыптар. Әдістемесі.Гербст сынамасы.

4

33.

Жақтардың орталық арақатынасын анықтау және бекiту.

4

34.

Толық алмалы протез конструкциясын тексеру. Мүмкiн болатын қателiктер, оларды түзету кезiндегi дәрiгердiң амалдары.

4

35.

Протездi орналастыру, сапалық белгiлерi. Ауруға кеңес беру. Аурудың протезге бейiмделуi.

4

36.

Аралық бақылау. Қорытынды сабақ

4

Аралық бақылаудың уақыты:№ 4, 13, 17, 28, 36 сабақтарда

Қорытынды бақылаудың уақыты: ОҮБ және ЖБ-нің кестесі бойынша емтихан

2.7.2. СӨМЖ **