Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Слож деф силлабус 2014 каз[1]..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236.54 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы

Факультеттің ғылыми кеңесінің

№ ___ хаттамасымен

« ___ » _______ 2014 ж.

Педагогика және психология

факультетінің деканы

_____________С.Н.Жиенбаева

СИЛЛАБУС

5В010500-Дефектология мамандығы

4 жылдық (3 курс), 3 жылдық (2 курс) қ/б, 2 кредит

Пәннің атауы: «Күрделі кемістігі бар балалардың дамуы»

Лектордың аты-жөні: Абаева Г.А.

Телефон: 87015962121

e-mail: abaeva70bk.ru

каб.: 201 (корпус № 2)

Практикалық сабақты жүргізетін оқытушының аты-жөні: Э.Т.Мукажанова

Телефон: 87026489659

e-mail: elmira_mukajanova@mail.ru

каб.: (корпус № 2)

Пререквизиттер: 1. 2. Арнайы психология: мүмкіндігі шектеулі балалардың таным іс-әрекетінің ерекшелігі. 3. Арнайы педагогика: МШБ оқытудың дидактикасы.

Постреквизиттер: 1.Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау. 2.Педагогикалық практика.

Алматы, 2014

Студенттерге арналған оқу-әдістемелік бағдарлама (силлабус) типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған.

Студенттерге арналған оқу-әдістемелік бағдарламаны (силлабус) құрастырушы: Абаева Ғ.Ә. п.ғ.к.,доцент

Мукажанова Э.Т. деф, ғ. магистрі

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

Хаттама № ____ «____» __________ 2014ж.

Кафедра меңгерушісі Абаева Ғ.Ә.п.ғ.к.,доцент_________________________

Педагогика және психология факультетінің оқу – әдістемелік кеңесінде талқыланған және мақұлданған.

Факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы

_____________________________п.ғ.к., доцент Л.Т.Сайдахметова

1.Пәннің мақсаты мен міндеті

Күрделі кемістігі бар балалардың санын көбеюіне байланысты оны бақылау үрдісі осы бағыттағы арнайы білім беру жүйесіне айтарлықтай түзетулер енгізілді. Реаблитациялық орталықтар жүйесі, атап айтқанда психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, психологиялық-медициналық педагогикалық кенес беру мекемелер дамуында әр түрлі категориялы ауытқуы, күрделі ақаулары бар балаларға коррекциялық көмек беру мүмкіндігін қамтамасыздандырады. Яғни осы бағытта болашақ арнайы педагогтардың құзыреттілігін қалыптастырумыз қажет.

Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы күрделі кемістігі балаларды оқыту, тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.

Пәннің мақсаты:

Студенттерде күрделі кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктері және жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып, осы категориядағы балалармен педагог-дефектолог ретінде сапалы жұмыс жүргізуге даярлау.

Курстың міндеттері:

  1. Күрделі кемістіктері бар балалардың психикалық және дене даму ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Дүние жүзіндегі күрделі кемістіктері бар балалармен коррекциялық жұмыс тәжирибесі туралы білімдерін кеңейту.

  3. Күрделі кемістіктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету.

  4. Бір немесе одан да көп кемістігі бар балалармен тәрбие және коррекциялық-дамытушылық жұмысын ұйымдастыра білу қабілетін қалыптастыру.

Курсты меңгерген кезде игерілетін құзыреттіліктер:

1.А – Жалпы құзыреттіліктер

А3 Педагогикалық үрдісте инновациялық технологиялардың қолдану біліктілігі, ақпараттық-қатынысушылық технологиялар (АҚТ) саласындағы ақпараттың барлық түрімен жұмыс істей білуі; ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау және таңдау, сақтау және жөнелту.

В Тұлғааралық құзыреттілік

В3 – Субъектілік қарым-қатынас триадасында (бала-педагог-ата-ана) педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыра білуі.

Пәндік құзыреттіліктер:

D1- мүмкіндігі шектеулі балаларды психофизиологиялық дамуына, жынысына, нәсіліне, дініне, қарамастан кемістпеу туралы көзқарастың дамуы.

D8- баланың психологиялық, дене және сөйлеу тілінің дамуын пәнаралық (командалық) бағалауды жүзеге асыра білуі керек;

D9- баланың сөйлеу тілінің және психологиялық дене дамуының тексерістерінің құжаттарын жүргізу мен талдай білуі керек;

D10- түзете-дамытушылық іс-әрекеттің барысын нәтижелігін анықтау мақсатында динамикалық зерттеуді жүзеге асыруға қабілетті болу.

D12- мүмкіндігі шектеулі баланың жеке дамыту бағдарламасын жоспарлауға қабілетті болуы керек.

Курстың құрамы:

Апта

Тақырып

Сағат

БӨЖ тақырыптары

Құзыреттілік

БӨЛІМ 1. Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі тұғырлары

1.

Лекция (Л).

Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы ғылымның құрылу, даму жолдары, қысқаша тарихы.

1

БӨЖ-1. Есту, көру қабілеті зақымдалған және т.б. кемістігі жағдайлардағы кемістіктің бастапқы және екінші сатыларын көрсету

В3

Прак.сабақ.

Қазіргі кезеңдегі «күрделі кемістік» ұғымның мәні

1

2.

Лекция (Л). Күрделі кемістіктері бар балалардың классификациялары

2

БӨЖ-2.

1. Сенсорлық ауытқушылық кезіндегі ауытқушылық құрамының схемасын құрыңыз

2.Ушер, Маршалл, Альпорт және Харбоян синдромдарының сипаттамасы

В3

Прак. сабақ.

Күрделі кемістіктері бар балалардың классификациялары

2

3.

Лекция (Л). Күрделі кемістігі бар балалармен коррекциялық жұмысының қағидалары

1

БӨЖ -3. Л.Бриджмен және Е.Келлердің әдістемесі арқылы оқытудың айырмашылықтарын анықтау және талдау жасау

D1

Прак. сабақ. Күрделі кемістігі бар балалармен коррекциялық жұмыстың қағидалары.

2

БӨЛІМ 2 Тифлосурдопедагогиканың негіздері

4

Лекция (Л). Арнайы оқытудың алдында соқыркереңдердің өтетін даму кезеңдері

1

БӨЖ-4.

а) «Есту қабілетімен бірге ақыл-ойы немесе дене дамуында ауытқшулығы бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың дүниежүзілік тәжірибесі» және «Атақты тифлосурдопедагогтар» атты баяндама дайындау

б).Баланың психологиялық-педагогикалық зерттеу картасын толтыру

В3

Прак. сабақ. Арнайы оқытуға дейінгі зағип-етімейтіндердің даму кезеңдері

2

5.

Лекция (Л). Соқыркереңдермен мектепке дейін коррекциялық-дамыту жұмысты өткізу бағыттары

2

БӨЖ -5.

а) Баланың психологиялық-педагогикалық зерттеу картасын толтыру

б) Күрделі кемістігі бар балалардың отбасымен өткізетін жұмыс түрлеріне сипаттама беру, мазмұнын ашу

D9

Прак. сабақ. Мектеп жасына дейінгі зағип -естімейтін балалармен түзету жұмыстарын жүргізу

1

6.

Лекция (Л). Мектеп жасындағы соқыркереңдермен коррекциялық-дамыту жұмысты өткізу бағыттары

1

БӨЖ -6.

а) ҚР арнайы білім беру мекемелердің ұйымдастыруы мен жұмыс мазмұнын ашу

б) Ерте жастағы күрделі кемістігі бар балаламен өткізілетін жеке сабақтың конспектісін дайындау

D10

Прак. сабақ. Мектеп жасындағы зағипестімейтін балаларға оқу тәрбие жұмысының бағыттары

2

7.

Лекция (Л). Күрделі кемістігі бар баласы бар отбасымен өткізетін жұмыстың бағдарламасы

1

БӨЖ -7.

а) Күрделі кемістігі бар балалардың отбасымен өткізетін жұмыс түрлеріне сипаттама беру, мазмұнын ашу.

б) Көру қабілеті зақымдалған балалардың отбасымен өткізетін жұмыстың бағдарламасын құрастыру.

А3

D8

Прак. сабақ.

Күрделі кемістігі бар баласы бар отбасымен өткізетін жұмыстың бағдарламасын құрастыру

2

БӨЛІМ 3. Күрделі кемістігі бар балаларға заманауи коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жағдайы

8.

Лекция (Л). Сенсорлық ақауымен қатар ақыл-ойының жетіспеушілігі бар балаларға коррекциялық көмек көрсету

2

БӨЖ -8.

а) БЦП-дағы қимыл кемістік құрылысы. БЦП-ның жалпы мінезі. Сөйлеу тіл кемістігі.

б) Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы типтік бағдарламадағы «Әлеуметтену» атты білім беру саласын талдау.

D12

Прак. сабақ.

Күрделі кемістігі бар балалардың әлеуметтік және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

1

9.

Лекция (Л). Церебральды параличпен үйлескен кешенді кемістігі бар балалармен коррекциялық жұмыстың бағыттары

2

БӨЖ -9.

а) Церебральды параличпен үйлескен жиынтық кемістігі бар балалардың сипаттама

б) Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы типтік бағдарламадағы «Коммуникация» атты білім беру салаларын талдау.

D10

Прак. сабақ. Күрделі кемістігі бар балалардың танымдық және шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру.

1

10.

Лекция (Л). Мінез-құлқы бұзылған күрделі кемістігі балаларға коррекциялық көмек көрсету жүйесі

2

БӨЖ -10.

а) Көру және есту қабілеті бірдей зақымдалған балалардағы ойын әрекетінің даму ерекшелігі анықтау.

б) Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы типтік бағдарламадағы «Таным» атты білім беру салаларын талдау.

в) Күрделі кемістігі бар балаларды мектепке дейін оқыту мен тәрбиелеі типтік оқу бағдарламасының «Денсаулық» саласын талдау

D1

Прак. сабақ. Күрделі кемістігі бар балалардың денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру

1

D1

Күрделі кемістігі бар балалардың отбасымен өткізетін жұмыс түрлері

Білімді бағалау критерийлері, балдар %

Бақылау жұмыстары

Жеке тапсырмалар (АБ 1, АБ 2) 60

Қорытынды емтихан 40

Білімді бағалау шкаласы:

Бағаның әріптік эквиваленті

Бағаның сандық эквиваленті (GPA)

Балдар %

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

«Өте жақсы»

А-

3,67

90-94

«Өте жақсы»

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

«Жақсы»

В-

2,67

75-79

«Жақсы»

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

«Қанағаттанарлық»

С-

1,67

60-64

«Қанағаттанарлық»

D+

1,33

55-59

«Қанағаттанарлық»

D

1,0

52-54

«Қанағаттанарлық»

D-

0,67

50-52

«Қанағаттанарлық»

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз» (өтпейтін баға)

I

-

-

«Пән аяқталмаған»

W

-

-

«Пәннен бас тарту»

AW

-

-

«Пәннен шығарылу»

AU

-

-

«Пән тыңдалды»

P/NP (Pass/No pass)

-

65-100/0-64

«Есептелінді/есептелінбеді»

Семестр бойы студенттің жұмысын бағалау кезінде келесілер есепке алынады:

  • практикалық сабақтарға белсенді және тиімді қатысу;

  • негізгі және қосымша әдебиеттерді оқып білу;

  • СӨЖ орындау;

  • барлық тапсырмалардың уақтылы тапсырылуы.

Үш СӨЖ тапсырмасын уақтылы тапсырмағаны үшін AW бағасы қойылады.

Академиялық мінез-құлық саясаты және этика.

Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін құрметтеңіз. Қарсы пікіріңізді сыпайы түрде білдіріңіз. Плагиат және жұмыстың басқа да адал емес формаларына жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде айтып кеңес беруге, көшіруге, басқа тұлғалар орындаған жұмыстардың көшірмесін жасауға, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға тиым салынады.

Көмек: Өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындау бойынша кеңес алу, оларды тапсыру және қорғау үшін, сонымен қатар өткен материал бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылған курс бойынша басқа да сұрақтармен оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде хабарласуға болады (СОӨЖ).