
- •1. «Жалпы тіл білімі» пәнінің мақсаты мен міндеті.
- •2. Курс саясаты:
- •3 Курстың мазмұны
- •3.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •1 Модуль Жалпы тіл білімі, оның салалары.
- •2 Модуль. Жалпы тіл білімнің негізгі сапалары.
- •3.2 Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •1 Модуль. Жалпы тіл білімі, оның салалары.
- •2 Модуль. Жалпы тіл білімнің негізгі сапалары.
- •3.3 Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •4 Сөж берілген тапсырмалар
- •5. Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
Ф.7.03.-09.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» кафедрасы
Бекітемін
Факультет деканы
Б.Тілеубердиев
«___» «______» 2014
Студенттер үшін Жалпы тіл білімі ZНТВ -3302пәнінен
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Арналған мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Курс: 4
Семестр: 7
Кредиттер саны:
Лекциялар: 15 сағат
Практикалық сабақтар: 15 сағат
ОСӨЖ - 30сағат
СӨЖ - 30 сағат
Шектік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 7 семестр
Оқытушы туралы мағлұматтар:
Әлімқұлов Әбілда – аға оқытушы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы педагогикалық өтілі 24 жыл, қызмет саласы – Жалпы тіл білімі.
Кеңсе: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Мекен-жайы: Шымкент қ, Ватутина көшесі,.№8 оқу ғимараты, каб.206
Тел.: 22-43-25
Е-mail:
Кеңес беру уақыты: (сабақ кестесіне сәйкес)
Шымкент, 2014
Оқыту бағдарламасы (syllabus) «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді, № 1 хаттама, 28.08. 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _________Омаров Н.Қ.
Филология факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған, хаттама №1, 29. 08. 2014ж.
Төрайымы _________________Жетпісбаева Г
Факультет администраторы ______________
1. «Жалпы тіл білімі» пәнінің мақсаты мен міндеті.
Бұл пәнді оқыту мақсаты – Жалпы тіл білімі курсы қазақ филологиясы студенттері үшін өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын, фактілерін ғылыми терең түсінуге, ана тілінің туыс тілдерімен генетикалық жақындығын білуіне, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыруға мүмкіндік береді.
«Жалпы тіл білімі» пәнiнiң негiзгi мiндеттерi: Жалпы тіл білімі курсының басты мақсаты – студенттерді тіл туралы ғылымның негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі, бастамасы болып табылатын бұл курста тіл теориясын атап айтқанда тілдің ішкі құрылымы және оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функциональдық және құрылымдық баламалармен байланысы және т.б. мәселелер қарастырылады. Студенттің кәсіби дайындығының, филолог мамандығын алудың алғашқы кірпішін қалайды.
Курс пререквизиті (курсты оқып үйрену үшін студент нені білуі керек). Тіл білімі. Фонетикамен дыбыс жүйесі, орфоэпиялық қателерді жібермеу басшылыққа алынады; Лексикалогия – сөз, сөздік қор, сөздердің мағыналық реңктерін ажырату, сөзді дұрыс таңдай білу; Грамматика сөздің құрамы, сөз тіркесі, сөйлемді тілдік единицаларды жазу,сөйлеу барысында дұрыс қолдана білу.
Курс постреквизиттері (курсты меңгерген студент нені біліп іске асыра алуы қажет).
Жаңа өмір мүддесіне қызмет ететін қазақ тілінің жеңімпаздық туын көтеріп, әдеби тілді шыңдай түсуіміз керек. Өз өміріне өзі қожалық ететін адам өз тілінің өміріне де ықпалын тигізіп, оны дамыта түсудің қамқоршысы бола алады. Сондықтан сөйлеуде, жазуда кездесетін кемшіліктерді дер кезінде қоғам тезіне салып отыру керек.
2. Курс саясаты:
СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі.
Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес тапсырады.
Ағымды аптада тапсырманы дер кезінде орындамаған жағдайда бағасы 20% төмендетіледі.
Студент семестр барысында оқытушы анықтайтын тізбеге сәйкес кем дегенде 6 тапсырма орындауы тиіс.
Әр тапсырманы оқытушы 100% -ға дейін бағалайды, балға шағуды компьютердің өзі анықтайды.
Әр межелі бақылауда 30 балл.
Кемі 30 балл жинаған студент емтихан тапсыруға жіберіледі.
Емтихан балы 40 пен 20-ның арасында бағаланады
Студенттердің білімін бағалау
Әрiптiк жүйемен бағалау |
Баллы |
%-тiк мазмұны |
Дәстүрлi әдiспен бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
«өте жақсы» |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
«жақсы» |
В |
3,00 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
«қанағаттанарлық» |
С |
2,00 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D |
1,33 |
55-59 |
|
D+ |
1,00 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
«қанағаттанарлықсыз» |