
- •2 Курс саясаты:
- •Студенттердің білімін бағалау
- •3. Курстың мазмұны
- •3.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •1 Модуль. Сын әдебиеттану ғылымының бір саласы.
- •3.2 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •3.3 Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •3.4 Курстық жоба (жұмыс) тақырыптары
- •5. Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер:
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
Ф.7.03-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» кафедрасы
Бекітемін______________
Факультет деканы Б.М.Тілеубердиев
«_____» _________2014 ж.
СТУДЕНТ ҮШІН
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ» (STM 4305) ПӘНІНЕН
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Мамандығы: 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Курс: 4
Семестр: 7
Кредиттер саны: 2
Дәріс: 15 сағат
Практикалық сабақтар: 15 сағат
ОСӨЖ – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Шектік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 7 семестр
Оқытушы туралы мағлұматтар:
Халикова Нурила Сатыбалдықызы – ф.ғ.к., доцент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы педагогикалық өтілі 18 жыл, қызмет саласы стилист– қазіргі қазақ әдебиеті.
Кеңсе: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Мекен-жайы: Шымкент қ, №8 оқу ғимараты, каб.206
Тел.: 31-43-25
Е-mail: adilbekova-@mail.ru
Кеңес беру уақыты: (сабақ кестесіне сәйкес)
Шымкент, 2014 ж.
Оқыту бағдарламасы (SYLLABUS) «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді, №1 хаттама, «28» тамыз 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі Н.Қ.Омаров
(қолы)
SYLLABUS филология факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған. Хаттама № 1, « » тамыз 2014 ж.
ӘК төрағасы _________________ Г.О. Жетпісбаева
(қолы)
Факультет администраторы __________________ А.Е. Сералиева
(қолы, күні)
1 «Қазақ әдебиетінің сын тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеті. Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процессіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан – жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей көмек жасаса, екінші жағына оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.
Қазақ әдебиеттану нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізге зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық жекелеген мәселелері зерттеуді қажет етеді. Осымен байланысты қазақ әдебиетінің сыны мен ғылымының тарихы кезеңдерін білу және қазіргі кезеңдегі сынның эстетикалық деңгейлерін студенттерге таныту пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, әдеби сынның табиғаты мен әдістері, қызметі (функциясы) принциптері, түрлері, жанрлары туралы оқып үйрету “Қазақ әдебиеті сын тарихы” курсының мақсаты болып табылады.
Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, ережелері бар. Көркемдік критерий, ең алдымен, әдеби шығармашылық бағалы жағын көре білу сынның ең үлкен міндетінің өзі осы.
- ХХ ғ. әдебиеттің тарихы,қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой-санасын оятудағы міндетін айқындау.
- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен байланысы,дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін тану
- ХХ ғ. әдебиеттері ірі әдеби тұлғалардың романтизммен реалистік әдіс тәсілдерді қатар ала жүріп,өмір шындығын ашудағы өзіндік қол таңбасын бағамдау.
- Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін нақтылап,белгілі өкілдерінің шығармашыфлығы арқылы творчествалық жетістіктері мен кемшіліктерді саралау.
- ХХ ғ. жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу.
- Кеңестік әдебиеттің алғашқы кезеңіндегі әдебиетке кері әсер еткен тапшылдық идеология мен кейбір теориялық тұжырымдардың
Курс пререквизиті: (курсты оқып үйрету үшін студент нені білу керек?): Болашақ мамандарға қазақ әдебиет пәнін терең білу үшін қажетті әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді пайдалануды,оқу құралдарын,оқытудың жаңа технологияларын қолдануды меңгеруі керек. Студенттерді дербес пәнді оқып үйренуде ондағы білімдер философия, психологиия, тарих мәдениеттану және т.б. ғылымдардың өзара байланысына негізделеді.
Курстың постреквизиті (курсты меңгерген студент нені біліп іске асыра алуы қажет): Пәнді оқыту барысында алынған және меңгерілген білім,іскерлік пен дағдыны студент келесі пәндерді меңгеруде пайдалана алады: әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика, жеке пәндердің әдістемесі, қарым-қатынас этикасы.
2 Курс саясаты:
СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі.
Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес
тапсырады.
Ағымды аптада тапсырманы дер кезінде орындамаған жағдайда бағасы 20%
төмендетіледі.
Студент семестр барысында оқытушы анықтайтын тізбеге сәйкес кем дегенде 6
тапсырма орындауы тиіс.
30-дан кем емес балл жинаған студент емтихан тапсыруға жіберіледі.
Студенттердің білімін бағалау
Әрiптiк жүйемен бағалау |
Баллы |
%-тiк мазмұны |
Дәстүрлi әдiспен бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
«өте жақсы» |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
«жақсы» |
В |
3,00 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
«қанағаттанарлық» |
С |
2,00 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D |
1,33 |
55-59 |
|
D+ |
1,00 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
«қанағаттанарлықсыз» |
3. Курстың мазмұны
3.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
1 Модуль. Сын әдебиеттану ғылымының бір саласы.
1-лекция. Сын әдебиеттану ғылымының бір саласы. Cынның әдебиет тарихымен, теориясымен байланысы және айырмашылықтары. Сынның эстетикаға, журналистикағажақындығы. Сыншылдық өнермен сыншының принциптілігі. Әдеби сынның қоғамдық ой пікірде алатын орны
2-лекция. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері. Халықтық эстетика. Фольклор халық әдебиетіндегі көркем сөздің ролі. Уалихановтың, Алтынсариннің көркемдік танымы, Абайдың эстетикалық көзқарасы
3-лекция. Баспасөз және сын. ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тууы. Баспасөз бетіндегі әдебиеттік материалдар. Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті
4-лекция. Жазба әдебиет және сын. Сын жанрының жазба әдебиетке тән жанр екендігі. Жазба әдебиет өкілдерінің сын жанрын дүниеге әкелудегі ролі. Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит, Мағжан, Сәкен т.б. сынға жасаған ықпалдары
5-лекция. ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты. Пролетариат жазушылары ассоциацияларының құрылуы. Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар
6-лекция. Дарынды тұлғалардың қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын жанрын қалыптастыруға қосқан үлесі. С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармаларына қатысты сынның дамуы.
7-лекция. 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы. СССР жазушыларының және Қазақстан жазушыларының бірінші съезі.
2 - модуль Сынның жанр ретінде қалыптасуы және осы қалыптасу
8-лекция. Әдеби мұра және оны игеру мәселелері. Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер. Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары. Қазақ эпосын Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев зерттеуі. Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу және дәуірлеу. Түркіхалықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалымен жалпы түріктік байланыстары.
9- лекция. Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері. Сапалы оқулық жасау жолындағы ізденістер. Хрестоматия, оқулық, ғылыми еңбектер жазудың ерекшеліктері.
10-лекция. Сынның жанр ретінде қалыптасуы және осы қалыптасу кезіндегі қиыншылықтар мен кедергілер М.Қаратаев, Е.Ысмайылов т.б. шығармашылығы
11-лекция. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қазақ әдеби сыны. Сын өнерінің дамуындағы идеологиялық ықпалдар
12-лекция. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы жаңа ізденістер. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы. С.Қирабаев, Е.Ысмайлов, Т.Кәкішев т.б.шығармашылығы жайлы зерттеулер7 Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің табыстарын жеке жанрлардың дамуын шола зерттеу арқылы анықтау. Қазақ әдеби сын жанрларын тууы мен дамуы тұрғысынан алып зерттеу
13-лекция. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы. Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев,Е.Ысмайылов. Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов т.б. еңбектері. і
14-лекция. 60-90 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы мен қалыптасуы, сын мен әдебиеттануға келген тұлғалардыңшығармашылығы, сын өнеріне келген жаңа толқынның еңбектері
15-лекция. Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі, қазіргі әдеби процестегі сынның атқаратын ролі. Әдебиет сыны мен ғылымның өзара сабақтастығы.