Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-грамматика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722.94 Кб
Скачать

3. Ибатов а. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) а., 1983ж

4.Керімұлы ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы А. Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған "Тіл-құрал„ атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына қатысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан Тіл-құралда" ол (бірінші жылдық) сөздерді мағынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, әрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаған.

А.Байтұрсынов "Тіл-құралдың„ (екінші жылдық) 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни "Заттарды көзге көрінетін, қулаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар", - деп екіге бөліп, "Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім „ деген анықтама берген.

Бертінде, 1930 жылдары морфология мәселелері зерттеу нысанына айналып, ғылыми түрде талдана бастады. Бұл жерде қазақ тілі грамматикасының тұңғыш авторы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен де сөздерді таптастыру мәселесі, соның ішінде зат есім жеке сөз табы ретінде танылғанын байқауға болады. Қ.Жұбанов жасаған "Қазақ тілінің програмында (1936)„ сөз таптары жеке тарау етіп көрсетіліп, зат есімнің өзіне тән ерекшелікгерін түсіндіру мақсатында 20 сағат берілген. Сондай-ақ ғалым "Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері„ атты мақаласында зат есімді "заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік, көптік, -шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана анықгап, анықгалушы сөзінежалғас қанатұра алатын түбір болады “,-деп сипаттаған.

Зат есімдердің қай-қайсысы да заттық ұғымдарды білдіргендерімен, олар семантикалық жағынан түрліше болып келеді. Мысалы, домбыра, жүзім, алма, орындықтәрізді сөздер көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын деректі зат атаулары болса, мейірім, қайырым, шілек, мүмкіншілік, досгпық, құпиялықсешді сөздер дерексіз (абстракт) заттармен байланысты ұғымды білдіреді.

Бұл жөнінде ғалымдар пікірлерінде бірізділік бар. Мысалы, проф. А.Ысқақов зат есімдерді семантикалық жағынан іштей нақтылық және абстрактілік, жаппылық және жалқылық, даралық жәнежинақтылық, жекелік және топтық деген түрлерге бөлсе , С.Омарбекұлы "Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақгылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама- шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір) аттарын да білдіре алады ,, ,-дейді.

Сонымен қатар ғалым зат есімнің жалқы, жалпы, жиынтық мәнді, адамзат, ғаламзат есімдер деген түрлерін де атаған. Зат есімдерді семантикалық топтарға бөлуде Ә.Төлеуов нақгылы және абстрактілі, жалқы және жалпы (жинақты, жіктемелі) деген топтармен шектеледі.

Осылайша, ғалымдардың зат есімдерді лексика-грамматикалық жағынан бірнеше топтарға беліп көрсетулері ол топтардағы зат есімдердің өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқатады. Сонымен зат есімдер адамзат және ғаламзат есімдері, жалпы және жалқы есімдер, көптік мәнді есімдер, эмоциялы-экспрессивтікреңді есімдер, көмекші есімдер деген ірі топтарға жіктеледі.

Қазақ тілінде зат есімдер кім? не? сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа белінеді. Зат есімдердің осылай екі топқа бөлінуі басқа тілдердің зат есімдерінен өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осымен байланысты А.Ысқақов персондықжәнебейперсондықдеген атаулар енгізді, яғни персондық зат есімдерге кім? деген грамматикалық сұраққа жауап беретін сөздер, ал бейперсондық зат есімдерге не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жатқызды. Ғалым бұл терминдерді "Қазіргі қазақ тілі,, оқулығының 1974 жылғы басылымында адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері деп өзгертті. Сондай-ақ кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерді өз ішінде тағы да бірнеше мағыналықтоптарға бөліп көрсетті:

а) адамға тән атаулар: бөпе, бала, ұл, қыз т.б. ә) туыс атаулары: аға, іні, нағашы, жиен т.б.

б) іс-әрекетпен кәсіп-мамандықиелерініңатаулары: студент, оқытушы, дәрігер, заңгер т.б.

в) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары: ректор, әкім,

директорт.б.

г) кісі атаулары: Арман, Дәурен, Әлия, Раушан т.б.

Проф. А.Ысқақов не? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлық жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына Қойылады дей келіп, оларды-дереюі я дерексіз затгар мен заттық ұғымдардың атаулары, өсімдік атаулары, ас пен ішімдік атаулары, хайуанаттардың, аң мен құстыңатаулары, балықаттары, құрт-кұмырсқа, бақа-шаян аттары, мекен, Ка- қопсы, құрал-жабдық атаулары секілді бірнеше түрлерге бөлген.

Ғалымның бұл пікірлерімен келісе отырып, ғаламзат есімдерін өз ішінен жанды заттар атаулары және жансыз заттар атаулары деп, екі мағыналық топқа бөлуге болады. Сонда жанды зат атауларына адамнан басқа кеуде-сінде жаны бар тіршілік атаулары жатады да, жансыз зат атауларына өлі табиғатденелері мен өсімдіктер дүниесіне қатысты есімдер жатады.

Бірақ тілімізде бұл қағидалардан ауытқитын да жайттар кездеседі. Мысалы, егер адам есімдері жер-су, мекен атауына ауысса, соңғы атауға не? деген сұрау қойылады: Алтай- екінші курс студенті. Алтай-кенге бай өлке. Бірінші Алтай сөзіне кім?, екіншісіне не? деген сұрақ қойылады. Ал керісінше, не? деген сұрауға жауап беретін жай ғана жалпы есім кісі аты ретінде қолданылғанда, кім? деген сұрауға жауап береді . Мысалы: бақыт, қуаныш-БақытХасенқызы, Қуаныш Үсенұлы,

Ә.Төлеуов бұдан басқа кім? не? сұрауларының ауысып жұмсалатын мынадай орындарын көрсеткен: «Өзіміз кісі туралы сөйлей тұрсақ та, сөйлемнің мағынасына қарай ауызекі тілімізде, ертегілерде не күлдіргі әңгімелерде ретіне қарай кім? не? сұраулар бірінің орнына бірі ауысып жұмсала береді. Мысал ушін, мен енді кім болдым? деудің орнына, мен енді не болдым? деп, ренжіп айта береді. Бұл жерде әңгіме кісі туралы екенін сейлемдегі сөздің контекстегі мағынасынан байқаймыз. Мұндай жағдайда не? деп сұрау коя тұрсақта, контекстегі мағынасына қарай, әңгіме кісі туралы екенін аңғарамыз «, - дейді.

Қазақ тіл білімінде зат есімдерді жалпы есім және жалқы есім деп екі топқа бөлу А.Байтұрсынов оқулығынан басталады. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, «зат есім екі турлі болады: біреулері-нәрсенің дербес өз басына ғана қойылған: жалқы есім. Екіншілері-нәрсенің біріне емес, барлық табына қойылған: жалпы есім»,-дей келіп, жалқы есімдерге- Ахмет, Ашымтай, Ағытай, Қызылжар, Семей, Қырым, Қытай, жалпы есімдерге: кісі, еркек, қапа, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке секілді мысалдар келтірген .

Зат есімдерді семантикалық және грамматикалық жағынан осылайша жалпы және жалқы есімдер деп бөлу кейінгі оқулықтар мен зерттеулерде жалғасып келеді. Мысалы, проф. А.Ысқақов жеке я дара заттарға берілген зат есімдерді жалқы есім деп, тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдерді жалпы есімдер деп атаса, Ә.Төлеуов "Кейбір зат есімдер тобы жеке нәрсенің өзіне арнай қойылған атын көрсетсе, кейбіреуі жинақты, жалпылама нәрсенің атын көрсетеді. Мәселен, тау, ағаш, жусан, сексеуіл деген сөздер бірыңғай көптеген заттардың жалпылама аттарын көрсетсе, Асан, Алатау деген сөздер- көптеген заттардың ішінен бөліп алынған жеке нөрсенің арнаулы аты. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай зат есімдер жалқы есім, жалпы есім болып екіге бөлінеді „ -деп сипаттаған. Осы пікірмен үндестікті 2002 жылы шыққан академиялық грамматикадан да кездестіреміз. "Жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш бол ып келетін сөздер жалқы есімдер, ал бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақатауы ретіндежұмсалатын сөздерді жалқы есім " деп аталған.

Бұдан шығатын қорытынды-зат есімдерді жалпы және жалқы деп бөлуде заттың саны ескерілуі керек. Жалпы есім саны жағынан шексіз. Мысалы: қала-жалпы атау, өйткені қала өте көп. Ал Алматы- жалқы атау, өйткені бір қаланың атауы. Олай болса, "жалқы есімдер - жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атаулар ,,.

Жалқы есімдер өз ішінде бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді. Олардың ішіндегі ең үлкені-кісі аттары мен географиялық атаулар. Осымен байланысты тіл ғылымының екі саласы жалқы есімдердің екі түрін зерттеу нысаны етеді, яғни кісі атауларын зерттейтін сала ономастика деп, географиялық атауларды зерттейтін салатопонимика деп аталады

Сонымен қатар тілімізде саны жағынан сай келмейтін, бірақ жалқы есімдергежататынбасқадасөздербар. Бұған газет-журнал, кітап атауларын жатқызуга болады. Мысалы, "Парасат„журналы, оныңт аралымыбООО болса да, мазмұны-біреу, бірақ басқа газет- журналдардан ажырату үшін жалқы есімге жатады.

"Қазақ грамматикасында„ жалқы есімдердің тағы да мынадай топтары көрсетілген:

- аспан, ғарыш әлеміндегі денелердің жеке атаулары (астрономиялық атаулар): Ай, Күн, Үркер, Жетіқарақшы, Ақбозат;

-тарихи оқиғалардың аты: Ақтдбан шұбырынды (1723жылғы оқиға), Прием (1916жылғы оқига), ¥лы Отан соғысы (1941-1945 жылдардағы оқиға);

-сәйгүлікке, аңға түсетін құсқа, құмайтазыға қойылған аттар: Тайбурыл, Құлагер, Көкжендет, Бөрібасар .

Жалпы есім мен жалқы есімдерге тән тағы бір ерекшелік- олардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы: Арман, Жомарт, Болат, Қызғалдақ, Ләззат т.б. адам есімдері бұрын жалпы есім сөздері болғаны, ал алматылық, ақтаулық, тараздық сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден жасалғаны белгілі. Бірақ А.Ысқақовтың көрсетуінше, жалқы есімдердің жалпы есімдерге ауысуларынан гөрі жалпы есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі екен ).

С.Омарбекұлы жалқы есім қатарына жататын сөздер мен жалпы есім Қатарына жататын сөздердің өзара бір-біріне ауысып отыру факгорын тілдегі омонимдер пайда болуының бір жолы деп қараған (32,445). Шындығында Да тілімізде мұндай сөздер жиі кездеседі: жібек-(матаның бір түрі)-Жібек (қыздың аты), жұлдыз- (астрономиялық атау)-Жұлдыз (қыздың аты), Қарлығаш-(құстың бір түрі)-Қарлығаш (қыздың аты, әннің аты), раушан-(гүлдің аты) - Раушан (қыздың аты) т.б.

Көптік мәнді есімдер

Зат есімдердің семантикапық топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды білдіреді. Сондықтан, ғылымда "затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мәнді есімдер ,, деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық көрсеткіші болмаса да, көптік мәнді білдіреді.

Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай тұрлерге бөледі:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б.

2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетегет.б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау т.б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш т.б.

б.Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қарт.б.

Осы топтарға жататын зат есімдердің барлығы да ешбір грамматикалық көрсеткішсіз семантикалық жағынан көптік ұғымды білдіретін сөздер. Сондықтан да бұл сөздер осындай семантикалық жөне грамматикалық ерекшеліктеріне қарай зат есімдердің жеке бір тобы ретінде, яғни көптік мәнді есімдер ретінде танылып жүр.

Кейбір жеке сөздердің мағынасының өзінде көптік ұғымның болуы көне жазба ескерткіштертіліндеде кездеседі. Мысалы, жылқы (жылқы), барым (мүлік, дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелікте, көптікте ұғым берген .

Сондай-ақ табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (көз, құлақ, аяқ, қолғап, етік, сырға, кебіс, бәтеңке т.б.) көптік мәнді зат есімдер қатарына жатады.

25 лекция

Тақырыбы: Сын есім. Зерттелу тарихы. М.Қашқари сын есім туралы.

Сын есімнің құрамы,қалыптасу жолы,дамуы.

Шырай түрлері, шырай туралы ғылыми пікірлер. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.

Сан есім. Зерттелу тарихы.Сан есімнің дүниежүзі тілдеріндегі көрінісі, ортақтық сипаты туралы ғылыми ойлар.Жеке сан есімдердің қалыптауы.

Көне түркі тілдеріндегі санау жүйесі мен ерекшелігі.Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.

Сандардың таңбалық сипаты туралы ғылыми ойлар

Пайдалынатын әдебиеттер:

1. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988

3. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

4.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

5. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Тіліміздегі заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын сан алуан қасиеттерін білдіретін сөздер үлкен бір топ құрайды. Осы топқа жататын сөздердің лексикапық мағыналарының жалпылануы, абстракциялануы нәтижесінде оларда заттың сындық белгісін білдіретін жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Заттың сындық белгісін байқататын жалпы грамматикалық мағына сын есім деген жеке сөз табын тануға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылымдағы сөздерді таптасты-рудың бірінші белгісіне, яғни семантикалық ұстанымға сәйкес - "сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы әрі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы" болып табылады.

Сөз таптарының морфологиялық сипатын сөз еткенде, алдымен олардың құрылымы, екінші жасалу тәсілі, одан соң түрлену жүйесі ескерілуі керек. Осы тұрғыдан келгенде сын есім құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Ал жалаң сын есімдер өз ішінде негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып бөлінсе, күрделі сын есімдер біріккен, қосарланған, тіркескен сын есімдер болып бөлінеді.

Сын есімдер морфологиялық(синтетикалық), синтаксистік(аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. бірақ бұл мәселе сөзжасамда қаралатындықтан, бұған тоқталмаймыз.

Сөздерді топтарға біөлгенде олардың грамматикалық сипатын ашатын белгілердің бірі ретінде сөздердің түрлену жүйесі де ескеріледі. Мысалы, зат есім өзінің көптелу, тәуелдену, септелу жүйелері арқылы басқа сөз таптарынан ажыратылады. Бірақ сын есімде мұндай түрлену жүйесі жоқ, яғни сын есім өзінің негізгі қызметіне сай зат есімге тіркесіп, оны анықтағанда, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан сын есім түрленбейтін сөз табына жатады. Сын есімнің тұлғалық өзгеріске түспеуі, түрленбеуі сөздерді таптастырудың морфологиялық ұстанымына байланысты белгісі болып есептеледі, өйткені "түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі (морфологиялық) принципі ." Бірақ сын есімде басқа сөз таптарында кездеспейтін шырай категориясы бар.

Ғылымда қалыптасқан қағида бойынша жеке сөз табы болатын сөздер сөйлемде белгілі қызмет атқарып, басқа сөздермен байланысқа түседі. Осы тұрғыдан келгенде сын есім зат есімдермен тіркесіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Олай болса сын есімнің белгілі сөйлем мүшесі бола алу қабілеті - оның синтаксистік ұстанымға сай белгісі.

Сын есімнің семантикалық топтары

Өмірдегі заттардың сындық белгілері өте көп, қасиеттері де сан алуан. Сонымен байланысты сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен оелгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді . Сол себепті сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есімдер; 2) қатыстық сын есімдер.

Сын есімдерді мағыналық жағынан осылай екі топқа бөлу- ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, А.Байтұрсыновтың Тіл-құрал" оқулығының 1915 жылы шыққан 2- бөлімінде сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген жөне ғалым бұлардың әрқайсысына сипаттама берген. "Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді," - дей келіп, оған ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жузік т.б. мысалдарды келтірген.

Ал "Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді,"-деп, биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, қызыл, көк секілді мысалдармен көрсетілген. Әрине тек сынына келтірілген мысалдарда түбір күйіндегі екі зат есім бір-бірімен тіркесіп келіп, бірін-бірі анықтап тұр, яғни аяқтың ағаштан, қасықтың күмістен, жүзіктің алтыннан жасалғанын білдіріп,анықтауыштық қызметте тұр, бірақ олар(ағаш, күміс, алтын) сын есім емес, сөз табы жағынан зат есім сөздер екендігі кейінгі ғалымдар еңбектерінде дәлелденген жайт

Ал сыр сынына берілген анықтама, мысалдары қазіргі оқулықтардағы сын есімнің сапалықдеген мағыналық тобына келеді, сондықтан ғалымның сын есімдерді осылай топтап атауының үлкен мәні бар.

Сын есімнің шырай категориясын арнайы зерттеген (1951) және 1957 жылғы академиялық грамматикада "Сын есім" тақырыбын жазған Ғ.Мұсабаев сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлген.

Сын есімнің шырай категориясы

Сын есімнің ғылымда танылған бір- ақ категориясы бар. Ол-сын есімнің шырай категориясы. Шырай категориясы бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіреді. Мысалы, биігірек, биіктеу, өте биік, біп-биік дегенде биік деген негізгі мағына сақталады, тек қана реңк қосылып, біркелкі сынның әртүрлі дәрежеде көрінуі байқалады. Сондықтан "заттың белгісі я сипаты (түрі, түсі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формапары" деп аталады. Олай болса, бір түрлі белгінің өзінде әр алуан рең болуы шырай категориясының мағыналық құрамыныңт үрлілігін көрсетеді. Бұл түрлі реңцік белгі көрсеткіштер арқылы көрініс табады.

Бірақ сын есімнің барлығы бірдей шырай тұлғасымен түрленбейді, яғни кез-келген сын есімге шырай тұлғалары жалғанбайды. Оқулықгарда көрсетіліп жүргендей, сын есімнің шырай тұлғалары сапалық сын есімдерге жалғанады. Тіптен сапалық сын есімдерге де шырай жұрнақтарының бәрі бірдей жалғана бермейді. Мысалы, "көк" деген сын есімге "шіл" жұрнағын қосып, "көкшіл" деп, шырай мағынасы жасалса, "жасыл"деген сөзге "шыл" жұрнағын қосып, "жасылшыл" деуге болмайды. Немесе сарғыш дегендегі ғыш жұрнағы қызыл, көк, жасыл сын есімдеріне қосылмайды. Олай болса, шырай жұрнақтары "өздерінің еншісіне тиген, белгілі сөздерге жалғана алады. Бұл- қазақ тіліндегі сын есім шырайының ерекшелігі болып табылады.

Сонымен сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өз ара айырмашылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірімен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады . Мысалы, жасылырақ пен жап-жасылдың, үлкенірек пен өте үлкеннің, ұзындау мен ұп-ұзынның мәні де, жасалу жолы да бірдей емес. Осымен байланысты қазақ тілінде шырайлардың бірнеше түрі бар. Бірақ шырай түрлерін топтастыру, жіктеу туралы ғалымдардың пікірлері әртүрлі.

А.Байтұрсынов оқулығында шырайдың үш түрі көрсетілген: 1) Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді (жуас ат, қызыл шүберект.б.) 2)Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді, оны көрсету үшін жай сындағы сөзге "-рақ", -рек" деген талғау қосымшалары тіркеледі (жақсы-рақ, зерегі-рект.б.) 3) Таңдаулы шырай нәрсе сиқы өте артықекендігін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің апдына ең, нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер қосылып айтылады (ең жақсы, тым қорқақ т.б.)

Ал Қ.Жұбановтың 1936 жылғы қазақ тілі бағдарламасында сын есімнің шырайлары жекетақырып етіп беріліп, шырайлардыңжай шырай, кесімді араластырмапы шырай (бірітура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде болады), салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -лау), жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы), таңдаулы шырай, дәйек қосылыңқы (өте қысқа), қосақты (қып-қысқа), үстеулі (ұзын-ақ), орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бір жөн, едәуір сөздері қосылады) түрлері берілген . Бірақ жоғарыда аталған еңбектерде шырай түрлерінен орын алған жай шырайға қатысты кейінгі еңбектерде басқаша пікірлер де кездеседі.

Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын арнайы зерттеген Ғ.Мұсабаев "жай шырай" деп аталатын сын есімдерде шырай мағынасы жоқ, сондықтан жай шырай деп атауымыздың өзі қате ,-деп есептеп, сын есім шырайын салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтпелі, үдетпелі деп бөлген. Ғалымныңжіктеуінше,

1 .Салыстырмалы шырай -рақ,-рек.

2.Бәсең шырай -дау,-деу,-тау,-теу,-лау,-леу.

З.Шағын шырай -шыл,-шіл,-ғыл,-ғіл,-ғылт,-ғыш,-іпдіртұпғапары арқылы.

4.Күшейтпелі шырай -күшейту буыны арқылы.

б.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.

1967 жылғы «Грамматикада« бәсең, шағын шырайларды біріктіріп, сын есімнің мынадай 4 түрі берілген:

1. Салыстырмалы

2. Бәсең, я шағын

3. Күшейтпелі

4. Асырмалы.

Кейін ғылымда грамматикалық категорияларды топтауда олардың түрленбей тұрған түрін есепке алатын дәстүр қалыптасты. Бұл дәстүр бойынша етістік негізі өзге туынды тұлғалардың бәріне негіз болады, атау септік те "басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма " деп танылды, яғни олар етістіктің басқа формаларында қандай өзгеріс болғанын немесе қалған септікгердіңтұлғаларында қандай ерекшелікбар екенін салыстырып көрсету үшін алынған. Сондай-ақ басқа шырайлардың тұлғаларында қандай өзгеріс болғанын көрсету үшін кейінгі еңбектерде шырайдыңжай шырай деген түрі алынған. Шын мәніндежай шырайдың мағынасындасалыстыружоқ. Жай шырайдың осы ерекшелігін ескере отырып, шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма деп санаған проф. А.Ысқақов оқулығында шырайлар -жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай деген төрт түрге бөлініп, әрқайсысының мағынасы және олардың жасалу жолдары сөз болған. Сондықтан жай шырайдың атауы дәстүр бойынша сақталған.

Салыстырмалы шырайға оқулыктарда "бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылган белгілердіңбір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді"деген анықтама беріліп жүр. Шындығында салыстыру мағынасы шырайдың басқа түрлеріне де қатысты.

Қазақ тіл білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп фамматикасыныңкөлемінде қарастырылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық А. Байтұрсыновтың оқулықтары болды. Оның "Тіл-құралдары" (үш кітап) қазақ 1914 жылғы бірінші «Тіл-құрал» оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген:"Неше? қанша? деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз ." Ал 1915 жылғы екінші Тіл-құралда" сан есімге қатысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта "Сан есім нөрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер,"-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей жай және жадағай деп екіге бөлген), реттік, темілдік (қазіргіше бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген,

1954 жылы шыққан қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика мәселелерінен жан-жақты мағлұмат беретін "Қазақтілі" атты еңбекте сан есім жайында аздаған мәлімет берілді.

Сан есім кейінірекге арнаулы диссертациялық зертгеу объектісі болып, ол жөнінде Ә. Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде түркі тілдеріндегі сан есім категориясының зерттелуіне шолу жасай келіп, сан есімдердіңлексика-семантикалықерекшеліктерінетоқгалып, лексикалық жағынан сан есімдер түркі тілдерінің туыстығын айқын таныта аларлық категорияныңбірі болып табылатындығын және сан атауларының

түрік тілінде сөйлейтін халықгармен бірге жасап, көне заманнан бермен қарай қолданылып келе жатқандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына қарай есептік, реттік, жинақтық-субстантивтік, топтық, бөлшектік, болжалды-аіамалық деп алты түрге бөліп, әрқайсысына жеке- жеке тоқталған. Одан әрі сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есім-дердің жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылығы-сан есімдер не аффикстену, не басқаша тәсілдер арқылы басқа сөз таптарынан жасалмай-тындығын дәлелдеген. Сонымен бірге сан есімніңсинтаксистік қызметін де сипаттаған.

1964 жылы қазақ тіліндегі есім сөздерді түгел қамтыған проф. А. Ысқақовтың"Қазіргі қазақтілі" (морфология) атты монографиялықеңбегі жарық көрді- Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан-жақты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына қарай қосылмалы және көбейтілмепі болып келетіндігін тіл фаюісіне сай тұжырымдаған .

Трамматикаларда" да сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан қарастырылуында алдыңғы еңбектермен үндестік байқалады.

Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді. 1988 жыл ы профессор Н.Оралбаеваның "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі" атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны, атқаратын қызметі айтылып, сан есімнің эр семантикалық тобыныңжасалуы, күрделі сандардың жасалу модельдері керсетілді.

Сан есім сәйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері - зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т. Сайранбаев зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А. Елешева фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқгалған .

Сан есім-оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім- сөздерді таптастырудың бірінші ұстанымына сәйкес яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін свздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолда-нылады, ап зат есіммен тіркескенде заттың нақгы сандық мөлшерін көрсетеді.

Сан есімдер- тілімізде ете көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөнінде ғалымдар аРасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаковсанесімдер-есімдерден бөлініп шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіретіндігін айтқан. Ал қазақтіліндегі сан есімді зерттеген Ә. Хасенов "Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандықуғымдардыңдамуы математикағылымыныңдамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толыі^гыра, растай түседі... сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды,"-дейді. Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді .

Олай болса, сан есімдер-өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана түрленетін, мағыналықжағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі қызмет атқаратын сөз табы.

Сан есім зат белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсайды, сондықтан сан есім де зат есіммен тіркесте жиі қолданылады. Мысалы, Сарыбала атасымен бірге алыстағы қыр елінен он бес мың қой жинап қазынаға өткізді (Ғ. Мұстафин), Биылғы жылдың сегіз айында ғана мың адам курс бітіріп шықты . Осы сөйлемдердегі он бес мың, сегіз, мыңсан есімдерінің нақты мағыналары өздері тіркескен сөздер арқылы анықталып тұр, яғни қойдың он бес мың, айдың сегіз, адамның мың екендігі нақтыланып тұр. Ал сан есімдержеке қолданылғанда, оларда нақтылық болмайды, абстракт мағынаға ауысады, демекон бес мың, сегіз, мың деген сөздер жайындағы ұғымды ғана аңғаруға болады.

Қазақтіліндегі сан есімдер бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, өлу, алпыс, жөтпіс, сексен, тоқсан> жүз, мың секілді жиырма шақты сөздер арқылы жасалатындығы ғылымда дәлелденген жағдай, яғни "санға байланысты неше түрлі болып жатқан абстракт ұғымдар осы жиырма сөз арқылы және олардыңтүрленуі арқылы беріледі".

Қазақ тілінде сан есімдер сиякгы мөлшерлік мағынада қолданылатын бір топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә. Хасенов екі топқа бөліп қарастырған: бірінші-сан есімнің тура мағынасындағы, яғни дәл сан мағынасын білдіретін және солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, жарты, жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалгыз, некен-саяқ, дара және осы сөздердің әрқайсысының мағыналықжәне грамматикалық ерекшеліктеріне тоқгалған.

Автор сан есім мағыналы сөздердің екінші тобын өз ішінде тағы да екіге бөлген: 1 .әртүрлі тіркестер арқылы берілетін абстрактылық ұғымдар; 2.счеттік (нумеративтік) сөздер мен сан мағыналы есімдер,

Ғалым бірінші топқа сүт пісірім, шап қапнатым, бір шай ішім, ет асым, ат шаптырым, еп жатар кез, түс ауа, күндік жер, қозы көш жер т.б. секілді тіркестерді жатқызған. Ал екінші топқа жүз бас қой, бір қап бидай, бір нар киім, екі қабат үй, үш түрлі мәселе, бір түп ағаш т. б. секілді сөздерді жатқызып, бул сөздерді счеттік (нумеративтік) сөздер деп атаған.

А. Ысқақов қазіргі қазақтіліндесан есімдер сияқты мөлшерлікмағы-нада қолданылатын сөздер бар екендігі,олардыңжеке-дара түрінде де, сөз тіркесі түрінде де кездесетіндігін айта келіп, жәрым, жарты сөздері бөлшеістік уғымдардың, жалгыз, жалқы, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақөлшемдердің, қадым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш(жер) аралық өлшемдердің және ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқгы уақыт, мерзім өлшемдердің атаулары есебінде қолданы-латындығын көрсеткен .

Бұл сөздердің мағынасында аздаған мөлшерлік ұғым болғанмен, олар сан есімге жатпайды. Мысалы: жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, ег/зсөздері-сынесімдер, центнер, қарабатпан, килограмм, тонна, гектар, кубомөтр, адым, қарыс, кез, метр,шақырым сөздері-зат есімдер, ат шаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пвн көздің арасында, әудегенше-тұрақты тіркестер).

Сан есімге жатпаса да, мөлшерлік мағынада тілімізде жиі қолда-нылатын осы сөздердің ерекшеліктері академиялық грамматикада (2002) нақтыланып көрсетілген және бұл сөздер мынадай ретте топтастырылған:

26 лекция

Тақырыбы: Есімдік.Зерттелу тарихы.Қалыптасу, даму жолы.

Есімдіктің түрлері,генезисі.Көне түркі тілдеріндегі есімдік жүйесі мен ерекшелігі.

Етістіктің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы. Түбір етістіктің тұлғалық және мағыналықТүбір етістіктің тұлғалық және мағыналық дамуы.

Зат есім мен етістіктің гегетикалық тектестігі. Көне түркі тілдеріндегі етістік жүйесі мен ерекшелігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлер мен негіздердің көрінісі, грамматикалық құрылымы. Қазақ тілімен салыстыру.

Күрделі етістік.Тарихи номинативтілігі.Салт және сабақты етістіктер.

Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі.Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары. Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі. Есімше және көсемше тарихы.

Рай тұлғаларының тарихы. Шақ тұлғаларының тарихы.Етіс тү\ұлғаларының грамматикалық және мағыналық құрылысы.М.Қашқари Етіс туралы. Етістіктің қызметі

Пайдалынатын әдебиеттер:

1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

5. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж

7.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

8. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердін, грамматикалық кластары тарихи дамуы тұрғысынан да көбіне бір-бірімен астасып жатады. Мысалы, зат есімнін, жеке семантикалық топтарының бірінің қалыптасуы жайлы әңгімелеу қажет болса, дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын Назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгіме қозғағанда, солармен орайлас қызметте жұмсалатын сан есімдер мен есімдіктер туралы да тоқталуға тура келеді. Бұлардьщ қазіргі тіліміздегі қызметі мен Қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктермен ұштасып жатса керек.

Тіл білімінде сөз таптарының тарихи категория екені, олар-Дың тілдің құрылымдық дамуы барысында орныққан құбылыс екені дәлелденген жайт. Сөздердің грамматикалық кластарға Жіктелуі кебіне сөйлем ішіндегі қызметіне байланысты. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Академик И. И. Мещанинов бүл туралы: «Зат есім әзінің сейлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады»—дейді. Ал, сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сез табы ретінде қа-лыптасуы туралы индоевропа тілдерінің материалдары негізінде академик В. М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни есімдерің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, индоевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары арқылы көрінеді»—дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі солардың бірі — қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдер туралы да айтуға әбден болар еді. Алтай тілдер тарихын зерттеушілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. «Алтай тілдері дамуының белгісіз бір дәуіріндегі деректі затты, қимылды білдіретін сөздердің кейбір шағын топтары ғана айқын семантикалық мәнерде болуы, қалған сөздер сөйлем ішіндегі қызметі бойьшша ғана бір-бірінен айрықшалануы мүмкін (аналитикалық тілдердегі тәрізді)»—деп жазды В. Котвич. Одан әрі: «Кейбір тұлғалары ғана есімдерше түрленетін етістіктер, басқа тілдердегі сияқты, өз алдына сөз табы ретінде қалыптасқан кезде, өз ішінде көп түрлі болып келетін есімдер де индоевропа тілдеріндегі сөз таптарына бір шама сәйкес келетін — зат есімдерге, сын есімдерге, есімдіктер мен сан есімдерге жіктеле бастаған. Қазіргі алтай тілдерінде осы аталған сөз таптары құрамынан сол мәндерде айқын жіктелген, сол категориялар аумағынан шықпайтын сөздер топтарын таба аламыз».

Бұл айтылғандарға қоса академик И. И. Мещаниновтың сөздердің атрибутив мүшесі болып жұмсалуынан — сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан— үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек болады. Егер осы айтылған-дардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматика-лық класс болумен бірге, лексикалық та топ екендігі, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.

Есім сөз таптарының ішінде оқшау түратын — үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің, құрама белшектерге оңай ажырауы да соған дәлел. Үстеулердің қалыптасуының, шамамен, екі түрлі жолы бар деп айтуға болар еді: 1) сөздердің синтаксистік жолмен үстеуге-айналуы, 2) белгілі бір формалардың көнеріп, ез қызметі мен мәнінен ажырауы. Сөздердің синтаксистік қолданысы арқылы үстеуге айналуында, ең алдымен олардың қандай мүшеге қатысты айтылуы шешуші роль атқарады. Сөйлем қүрамында сездердік белгілі бір тобы-ның етістік баяндауышқа түрақты қатысты айтылуы тілдің даму барысында олардың үстеу ретінде оқшаулануына алып келді. Екінші тәсіл де белгілі дәрежеде бірінші тәсілдің жалғасы сияқты.

Өздік етіс қосымшасы ескерткіштердің қадоысында да -н түрінде, немесе түбір сөз дауыссыз дыбысқа аяқталса, қысаңда дауыстылармен (-ын, -ін -үн) қолданылған. V—VIII ғасыр ескерт-кіштері тілінде -н аффиксі мынадай орындарда жұмсалған: өзі-нің тура мәнінде, яғни іс-әрекет иесі сөйлеушінің өзі екендігін білдіреді: өзім сақынтым.., анча сақынтым (өзім қайғылан-дым.., қатты уйымдадым). Қейде ырықсыз етіс мәнін де берген: не, басыналым, тегелім — тідім (М). (Несі бар, басып аламыз, шабамыз — дедім). Медиал мағынада: бір балык, қапығы көзүнті (бір қаланың қақпасы көрінді). Махмуд Қашқари -н аффиксінің мына темендегідей мағыналық қолданысын айырып көрсетеді: «бірінші, басқалардың жәрдемінсіз, істеушінің бір өзі істегенін аңғартады... Ол евге барынды — ол үйге барды және ол асы та-тынды — ол астан татты. Екіншіден, істі істеуші ешкімнің жәр-демінсіз езі істегендігін білдіреді: ер алымын алынды — қарыз берген адам қарызын бір өзі өндіріп алды. Ол тарыг тарынды— ол өзі үшін жалғыз езі егін екті. Етістік бұл мағынада езіқе, өзі сездерімен .бірге қолданылуы керек... Бұл ретте л мен ы әріптерінің бірінің орнына бірі алмасуы да кездеседі. Мысалы, бітік бітілді, яки бітінді дегендегі екі варианттың екеуі де бірдей. Мазмұны да бір — кітап жазылды деген. Бұл етістіктердегі л де, н де ырықсыз етіс белгісі. Тертінші, жорарғы мағыналарды бермей, өзінің тура мәніндегі етістік сипатында~қолданылады: теңріге тапынды — құдайға құлшылық етті. Теңірге сығын-дым — құдайға сиындым»1. Қашқари көрсетіп отырған бірінші қолданыс қазақ тілі говорларында да ұшырасып отырады. Мы-салы, шығынды (шықты), болынды (болды). Қашқари көрсет-кен екінші мағынасы қазіргі қазақ тіліндегі -н аффиксініңтура мағынасы болып табылады. Әрине, қазіргі қазақ тілі нормасы тұрғысынан өзіндік етіс мәнінде ал етістігін алынды, ек етістігін егінді деп айту норма емес және өз, өзіқе есімдігі әсте қолданылмайды. Алайда, аффикстің принциптік осы қолданысы орнығып қалды. Қашқари көрсеткен үшінші марына, -н аффиксінің ырықсыз мәнде қолданылуы ұшырасатын құбылыс. Қазақ тілінде майланды, тазаланды, эдеміленді, сыланды, безенді т. б. етістіктер өздік етіс мәнін де, ырықсыз етіс мәнін де береді. -к тұлғасының мұндай екі түрлі функциясы, бір жағынан, түбір етістіктің мағынасына байланысты болады. Қөңіл аударатын жайт — н тұлғалы етістіктің табыс септікті сөзді меңгеруі. Қашқари «ер алымын алынды» сөйлемін келтіре отыра, алынды етістігінін екінші бір қырын аңғартады. Қазақ тілінде шешін, киін, қағын (қағу етістігінен) тәрізді -м тұлғасында келген бірсыпыра етіс-тіктер өздік етіс мәнін бере отырып, екінші жағынан тура объек-тіге байланысты айтылатыны белгілі. Сен киіміңді киін, сен киіміңді шешін, үстіңді қағын тәрізді сөйлемдер құрамында олар тура объектіге қатысты болады, табыс септігін меңгереді. Әрине, сөйлем құрамында тура толықтауыштың айтылуы стильдік тұрғыдан факультативті, оның үстіне киіміқді шешін, киіміцді киін тәрізді тіркестер құрамындағы меңгеру де аяғықды бас, етті тузда тәрізді тіркестер құрамындағы меңгеруден гөрі әлсіз, ин-тонацияның мәні басымдау -н аффиксі жалғанғанмен, кейбір етістіктердің грамматикалық мәні өзгерместен, бүтіндей салт етістікке айнала бермейді. Орану, тарану тәрізді кейбір етістік-тер сондай. Бұларды, жоғарыда айтылғандай, тура объектімен байланыстырып үсті-басын оранды, шашын таранды деп айтуға әбден болады. Бұл ретте н сабақты етістікті түгелдей салт етістікке айналдыра алмаған. Олар ездерінід түпкі грамматикалық мәнінен түгелдей қол үзбеген.

Ырықсыз етіс қосымшасы -л (-ыл, -іл) V—VIII ғасыр ескерт-кіштерінде мынадай орындарда қолданылған: өзінің тура мәнін-де — ырықсыз етіс мәнінде: табғачда адырылты, қанланты (Т.). Өздік етіс мәнінде қолданылады: білге Тонуқуқ бен өзүм Табғач іліқе қылынтым (Т). -л түлғалы етістіктер ескерткіштер тілінде кейде бірле шылау сөзімен қосарлана жұмсалады: Таб-рач будун бірле түзелтім. Оғуз будун тоғуз татар бірле тіріліп келті (Т).-Бұл мағыналық мәнерлердің қайсысы да казіргі қазақ тіліндегі осы тұлғалы етістіктердің бойынан ұшырасатындар. Қазіргі қазақ тілінде айрылу етістігі /айыр түбірінен/ ырықсыз түлғалы болса да, өздік етіс мәнінде қолданыла алатыны мәлім: Мен жолдасымнан айырылдым дегенде айрыл өздік мағынасында қолданылса, араш қақ айрылды дегендегі айрыл ырықсыз етіс мағынасын береді. Сөйтіп, тіліміздегі кейбір етістіктер ырықсыз тұлғалы бола тұра, контекст ыңрайына карай өздік етіс қызметінде де ұшырасады. Сонымен қатар, жиыл т. б. етістіктер қолданыс ретіне қарай бірде ырықсыз мәнін берсе, бірде бастауыштың (іс істеуші субъектінің) езгеруіне қарай ол мәннен айрыльш қалады. Ондай ыңғайда қазақ тілінде етістік жетегіи-дегі есім сез көмектес жалғаулы болуы да ұшырасады: Жанат Сәбитпен қосылды т. б. Махмуд Қашққари -л аффиксінің мынадай қызметін керсетеді: 1) жаңа етістік жасайды, 2) ырықсыз етіс жасайды, 3) салт етістіктен ырықсыз етіс жасайды, 4) «дер-бес» етістік жасайды1. Қашқари айтып отырған-л аффиксінің бірінші қызметін желінді етістігінің құрамындағы -л аффиксінін, мәнімен шендестіруге болар еді. Қазақ тілінде же етістігінен ырықсыз етіс тұлғасы жел емес, желінді. Соңғы тұлға-л алфиксінің мағынасының көмескіленуінен кейін қалыптасуы мүмкін.

Көне түркі тілінде көсемшелік тұлғалар қазіргіден сан жағынан көп болған. Олардың кейбірі сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамына “өлі” элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімнің құрамындағы –ты V-VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы щақты білдірген: қатығды>қатды>к,атты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінін, бұрынғы шақтық мәнінен тұгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII р.) қолданылған -ы, -и көсемше форманттарының ізін көреміз.

V—VIII ғасыр ескерткіштерінде кесемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған: 1. -а, -е, уча, тута, -й, -ы: ти, алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі; өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2. -п, -пан, пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өз-герістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталана-ды. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (көбінесе шағатай әдеби тілінің құрамында), -мадын, -мазын, майын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ганча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Қөне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше түлғасы дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағы-ныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қол-данылған. Көрсетілген кесемше форманттарын шақтық мән біл-діруіне қарай осы шақ көсемшелері: -а, -е, -ы, -й, -ү, -ты өткен шақ көсемшелері -п, -пан (орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, -ыбан) және мақсат көсемшесі -ғалы деп топтастыруға болады. Бүл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды, -а, -е және -ы, -и, -у, -ү түл-ғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айналысқан В. Томсен бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер арқылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы тұлғасы X—XIII ғасырларда-ақ, А. М. Шербактың айтуынша, жеке сөздер қүрамында ғана сақталған өлі түлға болған.

Қазақ тілінде мүның ізін сайын (сай-ы-н), дейін, (тегі-н) тәрізді шылаулар қүрамынан көреміз, -у, -ү тұлғалары ортағасыр жазбаларында аса кең қолданылған, Алайда, кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюыменбірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана -а, -е, -й формаларына шоғырланған. Айталық,ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде керінесе -у, -ү, -ы тұлгалары қолданылса,қазіргі тілдеосы мағыналар -а, -е, -й көсемшелерімен беріледі-а, -е түлғаларының арғы түбі туралы А. М. Шербак бұл — қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне орта ғасыр жазбаларында шы-рай жұрнағы -рақ жалранып та қолданылуы сондай екендігін дәлелдейді деп жазады3. -п түлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл түлғадан тараған -пан, -пен және -ыбан, -ібен варианттары да болған. -п тұлғасын А. Н. Қононов көне бол етістігінід -(й)а, -(й)е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптасқан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске тускен: -(й) ыпсш>-(ы) пан -ып1. Ал, кейінгі дәуірлерде -пан күрделі аффиксінің құрамынан -ан буыны түсіп қалса керек. Қазіргі якут және чуваш тілдерінде -ан өнімді аффикс. Көне заманда бұл есімшелік аффикстерінің бірі болған. С. Е. Малов та -пан тұл-ғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді2. Бұлар-дан сәл өзге пікірді соңғы кезде А. М. Шербак айтты. Ол -п. тұл-ғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ал -ан ескі құрал-дық септік қосымшасы деп есептейді..

Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат кесемше деп аталып жүрген -галы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде — мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сақталған -галы қосымша-сы құранды. -галы көсемшесінід екі түрлі қызметі екі түрлі мор-фологиялық түлғадан құралуына байланысты. -ғалы қосымша-сының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына мегзей-ді, бір істің басталуы мен екінші әрекеттің ыңрайластығын, тұс-тастығын білдіреді. -ғалы, тұлғасының семантикасы осындай морфологиялық құраманың нәтижесі деп қаралатыны да сондықтан.

Орта ғасыр ескерткіштері тілінде үшырасатын -матын, -ма-дын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде қазақ тілінде сақталмаған. Тарихи жағынан бүл күрделі: -ма — етістіктің болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын көсемшелері екені айқын. Бұл аффикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген. Қысқа-сы, қазіргі қазақ тілінде -май, -мей (көрмей сөйлеме, білмей айтпа) тұлғасы беретін мағыналарда қолданылған4. Орта расыр ескерткіштері тілінде де бұл аффикс бірде толық түрінде (-ма-йын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қазақ тілінде толық түрі -майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырайды. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде үшырасады. Соңғы -ша қосымшасының ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

Көне түркі тілінде көсемшелік тұлғалар қазіргіден сан жағынан көп болған. Олардың кейбірі сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамына “өлі” элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімнің құрамындағы –ты V-VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы щақты білдірген: қатығды>қатды>к,атты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінін, бұрынғы шақтық мәнінен тұгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII р.) қолданылған -ы, -и көсемше1 форманттарының ізін көреміз.

V—VIII ғасыр ескерткіштерінде кесемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған: 1. -а, -е, уча, тута, -й, -ы: ти, алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі; өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2. -п, -пан, пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өз-герістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталана-ды. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (көбінесе шағатай әдеби тілінің құрамында), -мадын, -мазын, майын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ганча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Қөне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше түлғасы дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағы-ныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қол-данылған. Көрсетілген кесемше форманттарын шақтық мән біл-діруіне қарай осы шақ көсемшелері: -а, -е, -ы, -й, -ү, -ты өткен шақ көсемшелері -п, -пан (орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, -ыбан) және мақсат көсемшесі -ғалы деп топтастыруға болады. Бүл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды, -а, -е және -ы, -и, -у, -ү түл-ғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айна-лысқан В. Томсен бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер ар-қылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы тұлғасы X—XIII ғасырларда-ақ, А. М. Шербактың айтуынша, жеке сөздер қүрамында ғана сақталған өлі түлға болған.

Қазақ тілінде мүның ізін сайын (сай-ы-н), дейін, (тегі-н) (_1) тәрізді шылаулар қүрамынан көреміз, -у, -ү тұлғалары орта ғасыр жазбаларында аса кең қолданылған, Алайда, кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана -а, -е, -й формаларына шоғырланған. Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде керінесе -у, -ү, -ы тұлгалары қолданылса, қазіргі тілде осы мағыналар -а, -е, -й көсемшелерімен беріледі -а, -е түлғаларының арғы түбі туралы А. М. Шербак бұл — қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне орта ғасыр жазбаларында шы-рай жұрнағы -рақ жалранып та қолданылуы сондай екендігін дәлелдейді деп жазады3. -п түлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл түлғадан тараған -пан, -пен және -ыбан, -ібен варианттары да болған. -п тұлғасын А. Н. Қононов көне бол етістігінід -(й)а, -(й)е тұлғалы көсем-шелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптас-қан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске түскен: -(й) ый. Ал, кейінгі дәуірлерде -пан күрделі аффиксінің құрамынан ан буыны түсіп қалса керек. Қазіргі якут және чуваш тілдерінде -ан өнімді аффикс. Көне заманда бұл есімшелік аффикстерінің бірі болған. С. Е. Малов та -пан тұлғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді 2. Бұлардан сәл өзге пікірді соңғы кезде А. М. Шербак айтты. Ол -п. тұлғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ал -ан ескі құралдық септік қосымшасы деп есептейді.

Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат кесемше деп аталып жүрген -галы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде — мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілін-де де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сақталған -галы қосымша-сы құранды. -галы көсемшесінід екі түрлі қызметі екі түрлі мор-фологиялық түлғадан құралуына байланысты. -ғалы қосымша-сының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына мегзей-ді, бір істің басталуы мен екінші әрекеттің ыңрайластығын, тұс-тастығын білдіреді. -ғалы, тұлғасының семантикасы осындай морфологиялық құраманьщ нәтижесі деп қаралатыны да сон-дықтан.

Орта ғасыр ескерткіштері тілінде үшырасатын -матын, -ма-дын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде қазақ тілінде сақталма-ған. Тарихи жағынан бүл күрделі: -ма —• етістіктің болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын кө-семшелері екені айқын. Бұл аффикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген. Қысқа-сы, қазіргі қазақ тілінде -май, -мей (көрмей сөйлеме, білмей айтпа) тұлғасы беретін мағыналарда қолданылған4. Орта расыр ескерткіштері тілінде де бүл аффикс бірде толық түрінде (-ма-йын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қазақ тілінде толық түрі -майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырайды. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде үшырасады. Соң-ғы ша қосымшасының ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

27 лекция

Тақырыбы: Үстеу – негізгі белгілері,сипаты,ерекшелігі.

Үстеудің сөз табы ретіндегі қалыптасу жолы. Үстеу – екіншілік атау.негізгі үстеу мен туынды үстеу.Үстеудің арғы негізі туралы ғылыми пікірлер.

Еліктеуіш сөздердің семантикалық және грамматикалық сипаты.Еліктеу теориясы туралы ілім.

Еліктеуіш сөздердердің түрлері. Көне түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздердің сипаты мен ерекшелігі.

Көмекші сөздердің пайда болу, қалыптасу жолы. Десемантизация және грамматикалану процестері. Зерттелу түрлері.Шылаудың пайда болу жолдары, грамматикалық мағынасы

Пайдалынатын әдебиеттер:

1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

5. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж

7.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

8. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Еңбір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі -үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Коно-нов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.

Ал қазақ тілінде көрнекгі ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеудейміз-сын есім, сан есім, есімдік, етістіксөздерді толықгыру, күшей-ту үшін айтылатын сөздерді» . АЬайтұрсынов үстеуді бес мағынапық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.

Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»-деген түсінікбереді . Ғалым оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулержәне есімдермен тіркесетін есім үстеулер». С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін т.б. үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. сөздерді жатқызады .

Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профессор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын бул еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, II тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір кенерген қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. Ү тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дәлелдейді. Екіншіден, үстеулердін басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті қандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сез таптарыньің қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталады, А.Ысқақов үстеулердИ сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықгауыш пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында тұрады».

Үстеуді арнайы зерттеген ғалымдардың бірі - Е.Саурықов. Е.Саурықов «Адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация жазды. Онда үстеу сөз табының лексика-сематикалық сипаты, морфологиялық белгісі, синтаксистік қызметі сияқты белгілерін жалпы түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Еңбекте үстеулердің пайда болуы мен тарихы қалыптасу жолдарын диахрондық әдіспен зерттеу нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетіледі

Үстеулер мәселесін арнайы қарастырған - Ә.Ыбырайым. Ол үстеулердің тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырау құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз табының бойында болып жатқан әр түрлі лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қасиеттері туралы ғылыми түсінік береді. Ғалым сондай-ақ үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан-жақты дөлелдейді .

Сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалық сипатына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін сөз таптарының бірі - үстеу.

Үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақ-сатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалықжағынан түрленбейтін сөздер. Кеше ғана шуақ өріп жамырап, Тірлік біткен қалып еді жадырап (М.Мақатаев). Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен (Ш.Сариев). Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеуболып табылады. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап берсе, осылап сөзі қимылдың сын - бейнесін білдіріп, қалайша? деген сұраққа жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал-әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. бепгілерін білдірсе ғана үстеу болады.

Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп қарастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.

Сөйлемде пысықтауыш қызметіндежұмсалатын есімдер мен көсемше тұлғалы етістіктер бар, бірақ олар үстеулер емес. Бұл туралы А.Ысқаков: «.. қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Ь|рақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерініңбастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу сюлуы шарт емес» - дейді .

Үстеу сөздер іс-әрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын - бейнесін білдіретіндіктен негізінен етістіктермен тіркеседі. Бірақұстеу сөздердің есім сөздермен тіркесі де тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге болады.

Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі - оның лексика-семантикалық сипаты. Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік. мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты ,олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мекен үстеулері. 3. Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.

28-29 лекция

Тақырыбы: Тарихи синтаксис зерттеу нысаны.

Синтаксистік тұлғалардың дамуы, түрлері. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа түркі тілі синтаксистік жүйесімен ұқсастығы, айырмашылығы.

Синтаксистік жүйені айқындаудағы негізгі принциптер.

Түркітанудағы және қазақ тіл білміндегі тарихи синтаксистің зерттелуі.

Сөз тіркесі, ондағы өзгерістер. Орхон-Енисей жазбаларындағы сөз тіркесінің құрылымдық, мағыналық сипаты.Есім, етістік сөз тіркесінің дамуы.

Сөз тіркесінің даму бағыттары. Зерттелуі.Байланысу түрлерінің қалыптасуы.

Қабысу – түркі тілдерінің тарихындағы байланыстың ең ежелгі түрі.

Матасу, меңгеру- синтетикалық тәсілдің қалыптасқан кезінің жемісі.

Изафеттік тіркестер, түрлері. Сөз тіркесінің коммуникативтік мақсаттарға қызмет ету жағдайлары, лексикалануы.Жай сөйлемнің дамуы.

Тілдік элементтердің номинативтік, коммуникативтік қызметтердің сараланбаған көне көздері, атаулы сөйлемнің көнелік сипаты.

Есімді сөйлемдер, олардағы бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын көмекші етістіктің болуы не болмауы туралы пікірлер.

Баяндауыш сөйлемнің негізгі тұтқасы.

Есімд., етістікті жай сөйлемдердің дамуы.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің орын тәртібі.

Көне қазақ тіліндегі сөйлем құрылымының сипаты, сөйлемнің жинақтылығы, қарапайымдылығы. 18-19ғғ жазба нұсқаларындағы сөйлемнің сипаты

Пайдалынатын әдебиеттер:

1.Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986ж

2Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

4. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Синтаксистің зерттеу нысанына сөз тіркесі мен сөйлем жатады. Сөз тіркесі- сөйлем жасаудың негізгі материалы,негізгі синтаксистік тұлғалардың бірі. Сөздің, сөз тіркесінің табиғи жұмсалу айналасы, өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың өмір сүру қызметі сөйлем ішінде жүзеге асады.Сондықтан сөз тіркесі сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі. Сөз тіркесі екі сөздік форманың арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Бұл оның жеке сөзден құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Ал қызметі жағынан алғанда ол сөзбен бірдей: екеуі де атауыштық қызмет атқарады.Бірақ сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ.Демек, айырмашылығы- сөз тіркесі заттар мен құбылыстардың сапа, белгілерімен қоса алғандағы кең де нақтырақ түрдегі атауын білдіреді. Мысалы: алма- қызыл алма, піскен алма; жапырақ- қайыңның жапырағы, еменнің жапырағы. Қимыл-күйді де оның қосымша жағдайларымен (мекенімен,мезгілімен, объектісімен) ашып, дәлдеп атап көрсетеді: үйге келу, бүгін келу, поезбен келу.

Сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығын көрсететін белгілері де бар. Ол –пікірді, ойды білдіретін коммуникативтік тұлға емес, сондықтан онда предикативтік мағына, интонациялық аяқталғандық болмайды. Сонда лексика- грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептелінеді. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, ең алдымен, оның мынадай белгілерін білу шарт.

1)сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;

2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады;

3)тіркескен сөздер предикативтік емес қатынаста болады( анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық).

Жалпы синтаксистік қатынастың негізгі екі түрі бар: предикативтік қатынас, предикативтік емес қатынас. Предикативтік қатынасты білдіретін тұлғалар –сөйлемнің грамматикалық негізін құрайтын бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы предикативтік қатынасты баяндауыштың жақтық, шақтық, модальдық мағыналары белгілейді. Предикативтік емес қатынастың үш түрі бар. Олар: анықтауыштық (атрибутивтік), толықтауыштық (объектілік), пысықтауыштық (адвербиалдық). Бұлардың әрқайсысы өз ішінде жеке грамматикалық мағыналарды бейнелейді. Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді (үлкен үй, он студент, баланың кітабы). Толықтауыштық қатынас қимылдың немесе сапалық күйдің затқа тікелей немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура және жанама объектілік қатынастарға бөлінеді (тауды бұзу, ағашты жару, қаламмен жазу, оқуға ықыласты болу). Пысықтауыштық қатынас мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, амалдық, сын- мөлшерлік мағыналарды білдіреді ( бүгін келу, теңізде жүзу, қуанғаннан секіру).

Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нәтижесінде пайда болады, яғни лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым- қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық мағына пайда болады.

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі деп атайды.

Түркітанушы ғалымдардың бір тобы есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді.Проф. А.П.Поцелуевский сөз тіркесін жеке сөзге балап, оны былай бөледі:1) детерминативті; 2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын болғанмен, автордың сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.

Н.К.Дмитриев пен Н.А.Баскаков «атрибуттық» топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе сөйлем деп таниды.Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зертеудің нысаны еткен-Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркесінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады, сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан қарастырады.

Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі деген термин 1950 жылдардан бері қарай қолданыла бастады. 1954жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» атты кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы-сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қарастырылуы.

Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек. Осы шартпен құралған тіркес еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің құрамындағы сөздер еркін қатынаста өзгеріп, алмасып отырады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, грамматикалық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады.Мысалы: асау жүрек, асау қиял, асау жел, тәтті қылық-метафоралық тіркес болса, жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу-тұрақты тіркестер.

Сөз тіркесі синтаксисінің басты зерттеу нысаны- еркін құрамдағы сөз тіркестері.Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады.Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады:бірі-сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, негізгі мағынаға ие болатын грамматикалық діңгегі-басыңқы сыңары, екіншісі-басыңқы сыңарды айқындап тұрған, оған қатысты әрі тәуелді бөлігі-бағыныңқы сыңары деп аталады. Мысалы:Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі.

Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп, ал құрамы үш не одан да көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды.Көлге қонды- көлге қонып жатыр; асықпай сөйле-асықпай сөйлеп ала жөнелді.

Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады:

1) Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне – бірі сатылана байланысады.Үшеуінің көңіл-күйі бұзылды.

2) Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Сол күні Теңсер үйге кеш оралды.

Сөз тіркесін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше. Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер ( сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, поэзияда керісінше орналасуы мүмкін.

Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр- тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек. Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркестер деп танылып жүр. Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Қаракер шапқан сайын үдейді.

Лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес деп атайды. Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобына мыналар жатады:

1) Күрделі етістіктер тобы: оқып жатыр, келе бер, келе беретін болды, көріп отыра бер.

2) Есім мен көмекші етістіктер тобы: жұмыс істеу, қонақ болу, уәде беру, ағалық ету.

3) Қосарлы есімдер тобы: бірін-бірі, біріне-бірі, өзімен-өзі, жылдан-жылға, бау-бақша.

4) Күрделі есімдер тобы.Бұған енетін сөздердің 1-сыңары барыс, шығыс, ілік септігіндегі есім болып, 2-сыңары осы жалғауларды керек ететін көмекші есімдер не шылаулар болады. Шығанақ жұмыс басында болды. Қала үстіне біздің самолеттер де келіп қалды.

5)Тұрақты тіркестер тобы. Тұрақты тіркестер 2 түрлі болады:

а) Идиомалық тіркестер: қой аузынан шөп алмайтын, іші күю, қабырғаңмен кеңесу т.б.

Идиомалық тіркестегі сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.

ә) Фразалық тіркестердің мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Мысалы: жаны ашу, көзі жету, бас көтеру т.б. Ол бүгінгі келісілген уәдені есіне салды.

Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары деп атайды. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік байланысу амалдары мыналар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

Қиысу- синтаксистік байланыстың ең көп қолданылатын түрі. Қиысу- сөйлемдегі бағыныңқы мүше мен басыңқы мүшенің жіктік жалғауында жақ-жағынан жекеше-көпше тұлғада грамматикалық мағынасына қарай байланысуы. Мысалы:Мен сіз білгеннің жартысын білсем, бір күн тұрмас едім. Сендер студентсіңдер.

Матасу- сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің ілік жалғауда, басыңқы сөздің тәуелдік жалғауда тұрған грамматикалық байланыс. Мысалы: ағаштың жапырағы, жақсының ісі. Енді мен сол жүректің сөйлеуін тілеймін.

Меңгеру- сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін яғни, бағыныңқы сөз табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз – басыңқы сыңар етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған орай меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті, есімді, ортақ меңгеру.Мысалы: терезені жапты, оқуға ынталы, жұртқа риза еді. Сапар сөзін бітірді де, суыған шайын жұта салды.

Қабысу-сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланысатын сөздердің барлығы дерлік тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Мысалы: қызық кітап, мәдениетті адам, үшінші қабат. Тегенеге шағын ыдыстармен сабадан тасып құйған қымызды мырза құлаштай сапырды.

Сөз тіркестері тіркесу жолына қарай тікелей тіркес және сатылы тіркес деп екіге бөлінеді. Осы ерекшелік қабысуға тән. Тікелей қабысуда бағыныңқы сыңардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мысалы: мөлдір таза ауа, ұзын сұлу кірпік. Сатылай қабысуда алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі: бір тонна көмір, қой көзді жігіт, қылқан жапырақ ағаш.

Жанасу-сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы бірде алшақ, бірде іргелес тұрып байланысуы. Мұның қабысудан айырмасы-тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Шарықтап ұшу-шарықтап көкке ұшу; ертең бару- ертең бірге бару. Асқар өмірден тосырқап қалғанын енді сезді. Асқар енді өмірден тосырқап қалғанын сезді. Күн бата Еркебұлан келді. Кешеден бері Отарбайдың мінезі түсініксіз болып кетті. Әлсін-әлсін желкесін қаси берді.

30 лекция

Тақырыбы:Құрмалас сөйлемнің грамматикалық және семантикалық сипаты.

Көне түркі жазба мұралары тіліндегі құрмалас сөйлемнің көрінісі. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік.

Құрмалас сөйлемнің пайда болу, қалыптасу тарихы туралы пікірлер.Сөйлемді құрастырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, сөйлем жүйесінін дамытудағы рөлі.

Құрмалас сөйлем түрлері,дамуы. Құрмалас сөйлем дамуындағы жазба әдеби тілдің рөлі.

Құрмалас сөйлем-сөйлемдердің құрылымдық бір түрі.

Құрмалас сөйлем деп екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтады. “Құрмалас” деген атау қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың 20-жылдардан бері қарай,

А. Байтұрсынұлының 1925 жылы жарық көрген “Тіл құралы” атты оқулығынан бастап қолданылып келеді. Ол - “құра, құралу” деген етістіктер негізінде қалыптасқан туынды сөз. Бұл-тек тіл білімінде ғана қолданылатын лингвистикалық термин.

Құрмалас сөйлем жалпы сөйлемнің құрылымдық бір түрі болғандықтан, оның синтаксис саласындағы орны да жалпы сөйлемдермен біртұтас болады. Ал жалпы сөйлем атаулының синтаксистегі орны, синтаксистің нысаны деген мәселе-грамматиканың негізгі, түйінді нысандарының бірі.

Синтаксис ғылымының басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін өзіндік күрделі нысаны бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөйлемдерді ғана айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне жалғасып, өзара ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Тізбек құрамындағы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасуында қалыптасқан мағыналық және құрылымдық заңдылықтар бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті-осы заңдылықты ашып айқындау, яғни жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы, сол арқылы бір ойды екінші ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Бұл жағынан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен елеулі өзгешелігі бар: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып, құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Демек, бірінің зерттеу нысаны - ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің нысаны - ойлар тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі. Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын ғана зерттемейді, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысанын құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік бірлік деп екі топқа болуге болады.

Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің өзіне тән қалыптасу, даму жолы, тарихы бар. Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш-сөйлем. Сондықтан да сөйлемге “біршама аяқталған ойды білдіреді” деп анықтама береміз. Сөйлем мен ой - бірі форма, екіншісі - соның мазмұны ретінде өзара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Құрмалас сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған. Тіл дамуының қазіргі дәуірінде тілдерді, соның ішінде қазақ тілінде де құрмалас сөйлемдердің неше алуан күрделі түрлері кездеседі. Қазіргі әдеби тіліміздің барлық жанрында қолданылатын құрмалас сөйлемнің қалыптасып дамуы бір күннің жемісі емес. Бұл жөнінде

Т. Қордабаев: “Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздей бірі екіншісіне меңгеріліп, жетектеліп бірі екіншісін меңгеріп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлері болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы бұл тәсіл олардың тұрған орындарына мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен арақатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған” – дейді.

Тіл дамуының көнерек заманында сөздердің де, сөйлемдердің де арасында дербестіктің, бытыраңқылықтың басым болғандығын үнді-европа тілі синтаксисін зерттеген ғалымдар да көрсеткен. Үнді-европа тілдерін салыстырмалы түрде зерттеуге арналған еңбегінде А. Мейе сөйлемдер бір-бірімен ешқандай дәнекерсіз, бірінен соң бірі қатар қойылғанын айтады. Көне заманда сөздер мен сөйлемдер байланысының нашар болғандығын А. Рифтин де “Құрмалас сөйлем дамуының 2 жолы туралы” деген мақаласында айтқан. Осы мақаласында А. Рифтин тетелес тұрған екі жай сөйлемнің салаласу негізінде бір-біріне қосылуы, бірігуі құрмалас сөйлем дамуының бірінші жолы дегенді айтады. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі – яғни компоненттері бір-бірімен ешқандай қосымша дәнекерсіз, тек мағына жақындықтарына қарай іргелес, қабыса айтылулары арқылы байланысатын түрі – паратаксис деп аталады. Ғалымдардың айтуынша, алдымен салалас құрмалас пайда болған да, соның негізінде сөйлемнің әртүрлі дәнекерлер арқылы байланысатын түрлері, соның ішінде сабақтаса байланысатын түрлері де тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде пайда болған. Бұл пікірдің дұрыстығын қазақ тілі жазба ескерткіштер фактілері де дәлелдейді. Мұны “Құрмалас сөйлем және олардың даму жолдары” деген мақаласында Н. Сауранбаев та айтқан еді: “Жеке сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы түркі тілдерінің ескі дәуірлерінде басталған, яғни сөздердің бір-бірімен байланысуы сияқты жеке сөйлемдер де өзара байланысатын болған”.

Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі болып саналатын көне заманғы салалас құрмалас сөйлемді қазіргі тіліміздегі салалас құрмалас сөйлеммен тең дәрежеде қарауға болмайды. Ол кездегі сөйлеммен салыстырғанда тіл құрылысы күрделеніп, жаңалану үдерісінен өткеніне көз жеткізуге болады.

Құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрі болып табылатын паратаксистен кейінірек келе жай сөйлемдердің бір-бірімен сабақтаса құрмаласатын гипотаксис деп аталатын түрі пайда болған. Тіл дамуында, алдымен, сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын дәнекерлер пайда болмайды, керісінше, алдымен, сол дәнекерлерді керек ететін мұқтаждық пайда болып, соның қажет етуінен барып, әртүрлі жалғаушы дәнекерлер пайда болған. Сөйтіп әрқайсысы өз дербестіктерін толық сақтап компоненттері бір-бірімен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрінің орнына компоненттері бір-бірімен тығыз байланыстағы жаңа түрі пайда болады. Құрмаластың ең бастапқы түрі болып табылатын паратаксис пен оның негізінде туған гипотаксистің бір-бірінен өзгешелігі тек байланыстырушы дәнекерлерде ғана емес, сонымен бірге олардың әрбір жеке компоненттерінің ішкі құрылысындағы жаңалықтарында.

Қорыта айтқанда, құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар байланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердің өзара салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек келе сол салаластың негізінде компоненттері әртүрлі дәнекерлер арқылы бір-біріне бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан.

Қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу А. Байтұрсынұлы оқулығынан басталады. 1924 жылы “Тіл құралы” деген атпен Орынборда баспадан шыққан еңбегінде автор “Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі – мағына желісі жағындағы жақындық та, екіншісі – сөйлемдердің сыртқы қисын жағынан жақындығы. Мұның алдыңғысы, яғни тек ой іргесі, ой желісі жағынан ғана жақын болатын іргелес сөйлем (Күн ашық. Торғайлар шат.), ал әрі ішкі мағына, әрі сыртқы қисын жақындығы бар сөйлем құрмалас деп аталады” – дейді. Құрамына енетін жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу түріне қарай автор құрмаласты салалас құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлем деп екіге бөледі. Бұл екеуінің бір-бірінен өзгешелігі – салаласта оның құрамына енген жай сөйлемдер өзара тең байланыста болады да, сабақтаста тең болмайды, бірі екіншісінен кем болып келеді дейді. Құрмалас сөйлемнің салалас түрі мен сабақтас түрлерінің, олардың құрамына енген компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай өз ішінен әртүрлі салаларға жіктеу де тұңғыш рет А. Байтұрсынұлы оқулығында кездеседі. Терминдік жағындағы өзгешелігі болмаса, әдеби тілімізде кездесетін салалас, сабақтас сөйлемдер түрлері толыққа жуық қамтылған. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарын сөйлем мүшелерінің атымен бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы деп бөлуі де ғалы еңбектерінен бастау алады. А. Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемге қатысты жазғандары кейінгі зерттеулерден, әсіресе Н. Сауранбаев, С. Аманжолов еңбектерінен берік орын алды, мол пайдаланылды.

Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің ортақ жақтары да, өзіндік ерекше сапа қасиеттері де бар. Қызметі жағынан алғанда, құрмалас сөйлем де, жай сөйлем де сөйленіс бірлігіне жатады. Қарым-қатынас үдерісінде, сөйленіс кезінде ол екеуі де бірдей қатысымдық қызметте жұмсалады. Олардың әрқайсысы интонациялық тиянақтылыққа, мағыналық аяқталғандыққа ие.

Ең алдымен, құрмалас сөйлем мен жай сөйлем бір-бірінен құрылыс жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлем бір ғана предикативтік бірлікке ие болса, құрмалас сөйлем екі не одан да көп предикативтік бірлікке ие. Мысалы: Ушаков үйінде болмай, Бұланбай қайтып кетті (Мүсірепов). Кеше күні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісілердің аузынан ең алғаш сын сөздерін есітті (Әуезов). Алғашқы сөйлем екі предикативтік орталығы бар құрмалас сөйлем болса, екінші сөйлем соншама көп сөзден жасалғанымен, онда бір ғана пердикативтік орталық бар, сондықтан ол жай сөйлем болады.

Екіншіден, құрмалас сөйлем оны құраушы бірліктердің сипаты жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлемнің компоненттері сөз тұлғалары мен сөз тіркестері болса, құрмалас сөйлемнің компоненттері предикативтік бірліктерден тұрады.

Үшіншіден, құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің білдіретін грамматикалық мағыналары бір емес. Жай сөйлемнің грамматикалық мағынасы – модальдық, жақтық, шақтық категориялар арқылы берілетін предикативтік мағына болса, құрмалас сөйлем бөліктері арасынан нақты мағыналық қатынастар туындайды: мезгілдік, себеп-салдарлық, шарттылық, қарсылықты т.б. Осылар құрмалас сөйлемнің грамматикалық мағыналарын құрайды. Демек, құрмалас сөйлем оқиғалардың арасындағы қарым-қатынасты білдіруге қызмет етеді, сол үшін пайда болған. Мысалы: Көктем келді. Жерде әлі қар бар. Құстар ұшып келе бастады. Көктем келгендіктен, жерде әлі қар бар болса да, құстар ұшып келе бастады.

Төртіншіден, құрмалас сөйлемнің өзіндік интонациясы болады. Құрмалас сөйлем компоненттері арасында интонациялық кідіріс болатыны белгілі. Бірақ ол интонациялық кідіріс сөйлемді жеке синтаксистік тұлға бірліктерге айырып, олардың әрқайсысын тиянақтап тұрмайды, ол предикативтік сыңарларын бір-бірімен байланысытырып, құрмалас сөйлемге тән мағыналық-құрылымдық тұт арасындағы интонацияны ажыратушы емес, жалғастырушы, ұластырушы интонация деуге болады. Ол интонация құрмалас сөйлем компоненттерін әрі ажы астықты, сол арқылы ой бірлігін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің ратып, әрі байланыстырып, екі жақты қызмет атқарып тұрады.

Бесіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын лексикалық-семантикалық, грамматикалық амал-тәсілдер болады. Қазақ тілінде олардың тұтас бір қалыптасқан жүйесі бар.