Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-грамматика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722.94 Кб
Скачать

19 Лекция

Тақырыбы: Аналитикалық сөзжасам.Екі сөздің қосылуы. Бірігуі, тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшелігі.

Лексикалану процесі туралы. Аналитикалық тәсілдің тарихи көнелілігі.

Силлабофонемалардың бірігуі арқылы болған сөздер туралы ғылыми көзқарас.Сөздердің күрделенуі арқылы жасалған туынды сөздердің өзіндік ерекшелігі.

Тұрақты тіркестердің, күрделі сөздердің номинативтік мағынасы. Олардың шығуының еркін тіркестермен байланысы. Еркін тіркес пен күрделі сөздің байланысы мен ерекшелігі туралы қазақ ғалымдарының ғылыми пікірлері.

Аналитикалық сөзжасамның ерекшелігі. Термин жасаудағы мәні.Екі сөздің қосылуы. Бірігуі, тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшелігі.

Пайдалынатын әдебиеттер:

1.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – А.,1988

2.Қордабаев Т. Түркология және тіл білімі – А.,1999

3. Оралбаева Н. Сөзжасам – А.,2002

4.Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – А.,1988

5.Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – А., 1991

Біріккен, кіріккен атаулар. Бұл сөздердің көне түрі-кіріккен заттық атаулар. Кіріккен атаулар деп өзінің құрамындағы сыңарлардың дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен жымдасып, ықшамдалып кірігуінен жасалған түрі аталады. Мысалы, білезік -білек жүзік, қарлығаш - қара ала кұс, белбеу - бел бау, ағайын - аға іні, қолғанат - қол қанат, сәресі - сахар асы. Кейде кіріккен сөздердін құрамын ажырату қиынға түседі. Мысалы, Е.Жанпейісов атан, қоян, кұлан, кдбан, қыран, торлан, сазан, жылан сөздерінің -ан/-аң сөзіне бітуі кездейсоқ емес деп, олардың қүрамында алғаш аң сыңары болған деген жорамал айтады .

Ал бір сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен кіріккен зат есім сөздердің сыңарларын ажырату онша қиын емес. Мысалы, көгал, қолғап, құлагер, жарғанат, бегзат, жегжат, қайната т.б.

А.Ысқаков кіріккен сөздерге мынадай анықтама берген: "Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып (делексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол компоненттеріне фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр килы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз". Осы кіріккен сөзге берілген жалпы анықтама кіріккен зат есім сөздерге тікелей қатысты.

Біріккен атаулар деп сыңарлары дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалыпта тұрып, мағына тұтастығына көшкен сөздер аталады. Мысалы, азатжол, айбалта, айнакөз, әнтаспа, балабақша, балқаймақ, бозкөде, жемазық, жолбасшы, карасөз, мүшелтой, өткел, пікірталас, шұбаршөп т.б.

Мағына жағынан біріккен атаулар әртүрлі:

1) Өсімдік атаулары: абжауқын, адамтамыр, адамшөп, айбалдырған, айгүл, ақбасшөп, бозшалғын, боркөз, дара түйнект.б. Қасым Балқия Қасымқызының "Күрделі зат есімдер сөздігінде" 1400 біріккен өсімдік атаулары берілген.

2) Жан-жануар, жөндік атаулары: абжылан, ағашжегі, айбалық, айырқұйрык, айырмүйіз, акалтеке, ақбалық, ақбауыр, ақбөкен, ақкекіре, ақкөз, аққаптал, аққарқара, акқоян, аккұйрық, аккұлақ, акмарал т.б. Мұндай күрделі атаулар аталған сөздікте үш жүздей.

3) Көне атаулар: арайна, алдаспан, алтыбасар, аркдрмұйіз, асатаяқ, аттеріс, атшабар, ашамай, әбілхаят, безаяқ, бетқағаз, бауыркөппе, бойтұмар, бүкдржай т.б. Көне, этнографиялық атаулар сөздікте жүз елу шамалы.

4) туыстық атаулар: ағайын, ақсакал, жамағайын, кдйнаға, кдйны, кайынбике, кдйынене, кэйынжұрт, кайынсіңлі, шөпшек т.б.

5) ауру атаулары: айкезбе, айырбақай, ақауыз, ақбайпақ, ақбас, аққаптал, аққұрт, ақтандақ, ақтопалаң, ақшелек, ақшешек, алабауыр, алагүлік, ашбаспақ, бақайқұрт т.б.

6) ойын атаулары: айгөлек, ақсүйек, алакүшік, алтыбақан, алтыбасар, алтынсақа, көжекжарыс, қазандоп, қарабие, карақұлақ, каралақ, қолтұзақ, күжтеке т.б.

Біріккен сөздер тек осы алты мағыналық топтан ғана тұрмайды, олар әлдекайда көп, оның бәрін келтіру мүмкін емес. Бүл келтірілген біріккен сөздердің мағыналық топтары олардың мағына түрлілігінің дәлелі ғана.

Тіркескен күрделі зат атаулары. Тіркескен күрделі зат атаулары деп екі не одан да көп сыңарлардан кұралып, бір лексикалық мағына беретін, бір лексема қызметін атқаратын сөздер аталады. Біріккен сездер бірге жазылса, тіркесті күрделі зат атауларының ішкі сыңарлары бөлек жазылады. Мысалы, азу тіс, ақ түйіршік, бас бармақ, жақ сүйек, желке тамыр, кәрі жілік, мүшел жас т.б.

Тіркескен күрделі зат атаулары көне кезендерден бастап қолданылып, қазір де сөздік қорды толықтырып келе жатыр. Аға буын, ай мүйіз, ақбата, ақжол, ақтұйғын, бесік бау, ер бала, жабағы жүн жеті қазына, жеті нан, күшік күйеу, кіндік бала сияқты тіркесті күрделі зат атаулары тілде кашаннан қолданылып келе жатса, сәулет өнері, шағын несие, азат жол, ак. түйіршік (термин), баж салығы, ғарыш айлағы (космодром), жат жазу, жол қағаз (путевка), қабылдау бөлмесі, оқу бөлімі, іс қағазы, іс бөлме сияқты тіркес-күрделі зат атаулары кейін қосылған сөздер.

Тілімізде тіркескен күрделі зат атаулары да үлкен орын алады.

Қосарланған күрделі атаулар. Күрделі зат атауларьшың қомақты тобы - қос сөздер. Күрделі сөзжасамының бір түріне жататын қосақтау тәсілі арқылы жасалған күрделі зат атауларыньщ бір түрі қос сөздер деп аталады. Олар тілден кең орын алады. Олар -тілден көне замандардан бастау алған өте белсенді сөздер. Қос сөздерге жататын күрделі атаулар тілдің сөздік қорын үнемі толықтырып келеді. Аға-жеңге, ағайын-туған, ағайын-жекжат, ата-әке, әке-шеше, әке-баба, жетім-жесір, аға-іні сияқты туыстық атаулар; ас-дәм, ас-су, дәм-түз, қазы-қарта, құрт-май, өкпе-бауыр сияқты тамақ атаулары; ақыл-ес, ақыл-ой, ақыл-сана, арман-үміт, ар-үждан, ар-үят, атақ-даңк, ашу-кек, ашу-зіл сияқгы дерексіз зат атаулары, т.б. толып жаткдн өмірдегі түрлі заттық ұғымдарды, қос сөздер білдіре береді. Қосақтау тәсілі арқылы соңғы кезде де бірсыпыра жаңа ұғымдарға атаулар жасалды: косметолог-дәрігер, мектеп-гимназия, мектеп-лицей, модельер-пішуші, суретші-модельер, эксперт-кеңесші, эксперт-маман, эксперт-сарапшы, экспресс-ақпарат т.б.

Қысқарған атаулар. Қысқарған аталымдардың тілде белгілі орны бар. Қысқарған аталымдар қазақ тілінде үлкен екі топқа бөлінеді:

1) кісі аттарының қысқартылуы

2) мекеме, ұйым т.б. атауларының қысқартылуы

Кісі аттарын қысқарту қазақ тілінде ертеден қолданылып келе жатыр. Ол сөйлеу тілінен бастау алып, жазба тілде де орнықты. Көркем шығармада ол жиі қолданылады Аналитикалык сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.

Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бұл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.

Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер катарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері карай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақ шашты (сын есімдер); қырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); тақ-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (еліктеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).

Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мәнін сақтамай, бір тұтас мәнге көшеді. Казақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар.

Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде өте мол. Аналитикалық тәсілдің бүл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.

Жоспар

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған заттық атаулар күрделі атаулар деп аталады. Көне замандардан қазірге дейін қолданылып келе жатқан аналитикалық тәсіл тілдің сөздік қорының күрделі атаулары арқылы баюына орасан қьізмет еткен. Сондықтан тілімізде кұрделі атаулар қүрамы, мағынасы жағынан алуан түрлі. Құрамына қарай ьсүрделі зат есім сөздерді 4-ке бөлу қалыптасқан: біріккен, кіріккен сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер. Мағынасы жағынан олардың әрқайсысы іштей бірнеше топ құрайды

20 лекция

Тақырыбы: Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты, мәні.Зерттеу тарихы.

Сөз – лингвистикалық зерттеудің негізгі нысаны. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты,қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, дамуы.

Тіл дамуындағы заңдылықтардың, сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.Этимон түбір.Түркітанудағы зерттелуі. Олардың тұлғалық және мағыналық сипаты.

Түркі түбірлерінің феномендік қасиеті.Морфемалар.Қосымша морфемалардың пайда болу жолдары, мағыналық сипаты, грамматикалануы.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі морфемалар, олардың түрлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

2.Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986ж

3. Ескі түркі жазба еакерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

5. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж

7.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

8. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Қай тілдің болмасын тарихи грамматикасы сол тілдің тарихи даму ерекшеліктері жайлы білімнің жинақталған, жүйеленген түрі. Жалпы тіл тарихы жайлы білімнің дәрежесі зерттеуге объ-екті болған материалдың аумақ-көлеміне ғана емес, сонымен қатар зерттеу методикасына да бағынышты.Тіл тарихын зерттеу, ең алдымен, салыстыру негізінде құрылады.Салыстыру туыс тілдер арасындағы айырмашылықты анықтаудың ғана емес, сондай-ақ көне мұралар тілі мен қазіргі тіл арасындағы, бір ғана тілдің құрамындағы «айырмашылықтардың» сырын айқындаудың да құралы. Салыстыру арқылы бір топқа жататын, бір құ-рылымдық түрдің көрінісі болатын тілдердің құрамындағы өзгерістердің бірдей бола бермейтіні, олардьщ құрамында тіл дамуының нәтижесі болып табылатын «жаңалықтармен» бірге көнелігінің «куәсі» де кездесетіндігін анықтауға болады. Тілдің осындай қат-қабат сыры айқындалмай тұрып, белгілі бір тілдің грамматикалық құрылысының тарихи дамуңның ерекшеліктерін білу мүмкін емес.

Салыстыру, ғылыми метод ретінде, жүйелі қолдануды қажет етеді. Ғылыми зерттеулерде салыстыру методикасының қалыптасқан жүйесі мына жайттарды ескереді: бір ғана тілдіқ әр түр-лі тарихи кезеңдеріне қатысты болып келетін фактілерді салыстыру. Бұл жерде қазақ тілі ыңғайында көне қыпшақ (белгілі дәрежеде көне оғыз тілінің де) тілінің фактілерін қазақ тілінін соларға эквивалент болатын фактілерімен салыстыру көзделеді. Әрине, қазақ тілі фактілерін көне түркілік (VI—VIII ғ.) ескерткіштер тілімен салыстыру да көп жайды айқындауға көмектеседі. Ондай салыстыру қыпшақ тілі материалдарын «аралық буын» ретінде қоса алғанда ғана енімді жеміс береді. Оның себебі мынада: қазақтың халық тілінің қалыптасуы қыпшақ тайпалары одағының тілімен тікелей жалғасып жатады. Көне түркі тілімен салыстырғанда, қыпшақ ескерткіштерінің тілі едәуір «жаңарған», өзгерген тілдік күйді танытады. Ондай «жаңалықтар» мен өзгерістер тек қана фонетикалық жүйеден емес, грамматикалық құрылыстан да, сөздік құрамнан да кездеседі. Сонымен, көне қыпшақ тілі материалдары қазіргі қазақ тілі мен көне түркі тілін «жалғастырушы буын» ретінде де салыстырудың қажетті компоненттерінің бірі- болып қаралуға тиіс. Көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тілін салыстыруда белгілі дәрежеде «аралық буын» ретінде қарастырылуға тиіс тілдің бірі — ескі оғыз тілі болуға тиіс. Қыпшақ тілімен салыстырғанда, ескі оғыз тілі материалдары қазақ тілінен бір шама алшақ.

Көне дәуірлерге қатысты мұралардың тілінде оғыздық деп қаралатын тілдік элементтердің біразы кейбір езгерістермен (кейде тіпті ешбір өзгеріссіз-ақ) қазақ тілінде де ұшырасады. Махмуд Қашқари оғыз тіліне тән деп керсететін кейбір сөздердің (әсіресе оларды дыбыстық құрам тұрғысынан қарастырсақ) сол қалпында қазақ тілінде орнығып қалғанын байқауға болар еді.Орта ғасырларда Сырдарияның орта ағысы бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалар бірлестігі әсте ізсіз кетпеген. Қожахмет Яссауидың «Хикметтері» мен Ахмет Югнакидің «Айбат әл — хакаигі» оғыз-қыпшақ бірлестігінін, әдеби тілінде жазылды десек, сол тілдін, қазіргі қазақ тілінде ізінің сақталуы тіл дамуының логикалық нәтижесі екені даусыз. Қыпшақ — оғыз әдеби тіл дәстүрі кейінгі кезеңдерде де жалғаса береді. Алтын Орда мемлекетінін, территориясында қолданылған әдеби тіл де негізінен қыпшақ тіліне сүйенсе де, онда оғыз тілінің әсері болды. Тіпті Египеттегі қыпшақ мамлюктерінің әдеби тілі де оғыздық элементтерден құралақан болмағандығы тарихи түркологиялық зерттеулермен дәлелденіп отыр. Орта ғасырлық «қыпшақтық» тілдік белгілер деп қаралатын элементтердің таза қыпшақтық сипаты жайындағы мәселенің де көп реттерде оғыз тілінің әдеби сипаты жайындағы мәселемен тығыз байланыстылығы, әдеби тіл дәстүрінің диалектілік топтардың дамуымен тығыз байланысты қаралуға тиістілігі өз алдына бір проблема.

Диалектілік топтардың дамуының әдеби тіл дамуына әсері жайындағы мәселе, қазақ тілінің қалыптасуында қыпшақтық субстраттың ролі жайында ойлана түсуге итермелейді. Көне оғыз тілінің кейбір элементтерінің бүгінгі қазақ тілінде ұшырасуы бұл пікірге қосымша дәлел.

Сонымен, салыстырудың алғашқы кезеңі бір тілдід әр түрлі тарихи кезеңдеріне қатысты материалдарды қарастырудан басталуы тиіс. Әрине, салыстырылатын фактілер тілдің бір ғана саласына (уровень языка) жатуы және мағынасы мен қызметі (функция) жағынан бір-біріне эквивалент болуы тиіс екендігі тарихи зерттеулердің басты шарты.

Салыстырудың бұл кезеңі көне дәуірге қатысты ескерткіштер мен қазіргі тіл арасында ғана емес, бүгінгі тілдің құрамындары архаизмдік элементтерді соларға эквивалент болатын фактілермен салыстыру арқылы да жүреді.

№21 лекция

Тақырыбы: Түбірлердің сипаты.Этимон түбірлерінің бір буындығы.

Силлабофонема теориясы туралы. Түбір синкретизмі туралы.

Түбірлер дамуының кезеңі, ішкі флекция мәселесі.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

2.Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986ж

3. Ескі түркі жазба еакерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

5. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж

7.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

8. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Түбір, түбір сөз деп тіл білімінде дербес морфемаларға бөлінбейтін, тұтас күйінде ұғынылатын сөздің мағыналы бөлігі айтылады. Кейде бір-бірімен тікелей мағыналық байланысы жоқ сөздерді салыстыру арқылы да ортақ түбірді ажыратуға болады: кел, кет, кері. Байқалатын бір ерекшелік — сыртқы өзгешелік бұл сөздердің, соңғы дыбыстарында ғана, ал алғашқы бөліктері бірыңғай (ке-), қал, қайт, қайыр етістіктерін өзара салыстырғанда да алдыңғы элементтері бірыңғай да (қа-), -л, -(й) т, -(й) (ы) р элементтері ғана өзгеше болып шығады. Бұл фактілер кейбір антонимдік қатнастағы сөз парларының қалыптасуы да белгілі дәрежеде арнаулы аффикстер арқылы болғандығын көрсетеді. Қысқасы, осы аз ғана фактілер тобына жасалған талдаудын, өзі де (және тек бір ғана тіл ыңғайында) қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалан, түбір деп қаралатын сөздердің едәуір тобы «мағынасыз» түбірлер мен «белгісіз» қосымшаларға ажырайтындырын көрсетеді.

Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінін, түбір морфемасы жайлы сөз қозғағанда, түбірдің фонетикалық құрылысы мен сипаты, аумақ-көлемі жайлы мәселеге соқпай өту мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сөйтіп, түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де ұғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін ұғымдар сол түбірді құрайтын буынның сипаты жайлы ұғыммен тығыз байланысты қаралып отырады. Лексикалық қордың, ұйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің, ортақ ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшелігі яғни байырғы түбірдің, бір буындылары, қазіргі түркі тілдерінің бойында да сақталған. Сөз таптарын қарастырғанда, етістіктер құрамында бір буынды түбірлердің, саны екі буындыларға қарағанда әлдеқайда аз, бірақ сол аз ғана топ бір буындылар барлық етістіктердің ұйытқысы болып отырады.

Сонымен, байырғы түбір бір буынды, ал көп буынды түбірлердің қалыптасуы, орнығуы түркі тілдерінің солардың бірі қазақ тілінің, типологиялық ерекшелігінен туған құбылыс. Бір буынды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға (екі буынды, кейде үш буынды) айналып отырған да, кейін осы-ның өзі тұрақты құбылысқа ауысқан. Қазіргі тілде екі буынды байырғы түбірлер ретінде қалыптасып кеткен сөздердін, кейбірі байырғы түбір мен қосымшаға ажырайтыны байқалады. Келтірілген фактілерге қосымша мыналарға да назар салу мақұл: аршы, ашы, айык,, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек есімдерімен және айыр етістігімен салыстырғанда, ортақ түбірлер ар-, аш-, ай-, үр- шығады.

Дегенмен, екі буындылардың (тіпті, кейбір үш буындылар-дың) қалыптасуын да беріде болған деп қарауға болмайды. Егер хронологиялық жүйемен қарастырсақ, бір буындылармен қатар 2—3 буынды түрлердің актив қолданылуын V—VIII ғасырлар ескерткіштерінен ұшыратамыз. Орхон-Енисей тобына жататын ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі, тарихи зерттеулерге қарағанда, Енисей ескерткіштері И. А. Батманов бір буындылармен қатар екі буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды түбірлердің де Енисей ескерткіштері тілінен кездесетіндігін, бірақ бір буындылардың басымдығын көрсетеді1. Орхон ескерткіште-рін зерттеуші Ғ. Айдаров ол жазбалар тілінде түбір зат есімдердің көбіне бір буынды, екі буынды болып отыратьшдығын көрсетеді. Ал, зат есімдердің үш буындылығы тек күрделі сөз ыңғайында ғана үшырасатындығын айтады. Бірақ, Ғ. Айдаров зерттеуінше етістік түбірлер тек бір буынды, не екі буынды ғана болып келеді. Дегенмен, сол екі буынды етістік түбірлердің кей-бірін түбір мен қосымшаға ажыратуға болатындығы байқалады. Р. Айдаров керсететін уды (ұйықтау) етістігін сол жазбаларда кездесетін у есімімен салыстыруға болады, сонда соңғы -лы қосымша болып шығады; сол сияқты йаса, тыцда, йацыл етістікте-рін де түбір (йас, тьщ, йан), қосымшаға ажыратуға әбден болады2. Көне үйғыр жазбалары тілін жете зерттеген В. М. Насилов та ол ескерткіштер тілінде бір буынды, екі буынды түбірлердің аса мол екендігін, бірақ үш буынды түбірлердің өте сирек және олардың өзі де туынды түбір екендігін көрсетеді3. Алайда, В. М. Насилов келтіретін бір буынды, екі буынды түбірлерді өзара салыстыруға да болады. Сонда олардың біразының бір буынды түбірлер негізінде қалыптасқан екі буындылар екені байқалады. Мысалы: ад (ат), ада (ата), сав (сөз), сөзле (сөйле), тап (табыну), тапын (табыну), ы (ағаш), ығач (ағаш). Сондай-ақ бірсыпыра екі буынды түбірлер құрамынан сол заманғы түркі тілдерінде актив қолданылған сөз жасаушы аффикстер айқын ажырап тұрады: йабыз, йаблак, (жау, жаман), мунад (мұнай), сығта (жылап-сьщта, -ла аффиксініц варианты), сувса (суса), ішле (істе), тақла (тацдану), улғад (ұлғаю) т. б.

Сонымен, бұл фактілер екі буынды түбірлердің қалыптасуы, сөйтіп түбірдің, буын саныньщ ұлраюы өте ертеде Орхон-Енисей жазбалары дәуіріне дейін-ақ әбден орныққандығын дәлелдейді.

22-лекция

Тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі бір буынды түбірлердің мағыналық, тұлғалық сипаты, қазіргі қазақ тілінің деректерімен салыстырғандағы ерекшеліктері, бірлігі, дамуы.

Көне мұралар дағы негіздердің номинатив тілігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлердің мағына лық дамуы. қазақ тілімен салыс тыру.

Түбірлердің грамматикалық тұлға мен түрленуі. Грамматикалық категориялар дың қалыптасу тарихы мен сипаты. Сөздердің грамма тикалық таптарға топтастыры луы, ол туралы ғылыми ойлар.

Есім мен етістіктің сөз табы ретінде жіктелу процесінің грамматикалық категориялар дың шығуымен сабақтастығы. Сөз таптарының функциялық дамуы.

Пайдалынатын әдебиеттер:

1. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

2. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

3. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

4.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

5. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәнді сөздің ) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасыда болады. Сөздің лексикалық мағынасы- нақты , ұғымдық мағына , яғни бір сөздің екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.

Грамматикалық мағыналардың өзі бір келкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар.Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең ( Абай) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір он сөз бір-бір лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: 1.туғанда, лексикалық мағынасы – нақты туу қимылы ; грамматикалық мағыналары – 1) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән ; 4) бір қимылдың ( ашудың) мезгілін білдіру ; 2. дүние, лексикалық мағынасы - әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық – меншіктілік мән; 3. есігін, лексикалық мағынасы – үйдің бір бөлігі болып табылатын (есік) нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа (дүние) тәуелді соның бөлшегң болу, 3) ол тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура объектіні білдіру; 4. ашады , лексикалық мағынасы- ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары : 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3) ауыспалы осы шақ мәнін білдіру, 4) 3 – жақтағы субъектінің қимылы; 5. өлең , лексикалық мағынасы – нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) ашу қимылының грамматикалық субъектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық мағынасы- нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы, 2) кіру қимылының амалын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы – нақты жер деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) қатыстық – меншіктік мән; 8. қойнына , лексикалық мағынасы – нақты қойын деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа ( жер) тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдың (кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы – нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер шақ мәні, 4) 3-жақ субьект арқылы ол қимылдың іске асуы; 10. денең, лексикалық мағынасы – дене деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше , анайы, 4) кіру қимылының грамматикалық субьектісі.

Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері әр түрлі. Осы сөздерді кейбір ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да болады. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние, есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, жалпы қимылды білдіруіне қарай туғанда, ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, салттылық сипаты жағынан туғанда, кірер сөздерін бір топ етіп, 3- жақ субъектінің қимылын білдіруі жағынан ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, тәуелділік мәніне қарай есігін, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, т.б. топтауға болар еді. Сөйтіп, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның бірыңғайластығы, ортақтығы жағынан сөздерді белгілі топтарға жіктеугк болады. Сонымен бірге ол грамматикалық мағыналардың түрлері де, берілу жолдары да бір келкі емес. Мысалы, туғанда, ашады, кірер сөздерінің жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі мен салттылық ( туғанда, кірер) я сабақтылық ( ашады) мағыналары нақты қимылдың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болған. Сондай-ақ дүние, есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерінің жалпы зат атауын білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болып отыр. Демек, бұл тәрізді грамматикалық мағыналар сөздердің лексикалық мағыналарының абстракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сөйтіп, бұл – грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі (жолы) екен.

Берілген сөйлемдегі дүние, есік, жер сөздерінің әрқайсысы – жеке - жеке ұғымды білдіретін заттың аты, туғанда, ашады, кірер – нақты қимыл ұғымын білдіретін сөздер, сондай-ақ төрт, жеті – нақты санды білдіретін сөздер, ақ, көк, сары- заттың нақты түсін білдіретін сындар, т.б. Атап айтқанда, дүние- өмір, тіршілік, есік – ауыс. өмірге, іс пен еңбекке алғаш аттап қадам басып кіру, араласу, жер – жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы құрылық дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы – бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда- ана құрсағынан шығу, дүниеге келу, ашады – ауыс, жабық тұрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту; кірер – ену , келу дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, ұқсастық жоқ, бір – бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт – үштен кейінгі есептік сан; жеті – алтыдан кейінгі сан дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; ақ – қардың, сүттің, бордың түсіндей (қараға қарама- қарсы) ; көк – ашық аспан тәрізді түс; сары – піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс дегендердең де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бұлар әр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге бұл нақты ( лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді, туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді, төрт, жеті – жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары - жалпы түсті білдіреді яғни сапалық сынның белгілері. Міне бұл соңғы көрсетілгендер – нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бұлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипатыемес, белгілі бір топтағы ( айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл іс-әрекетті білдіру, т.б.) сөздердің ортақ жалпы мағынасы.Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды: дүние, есік, жер – заттың атын білдіретін сөздер – зат есім, туғанда, ашады, кірер – қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер – етістік, төрт, жеті – заттың санын білдіретін сөздер- сан есім, ақ, көк, сары ( жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін сөздер –сын есім, т.б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалры грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөзқдермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық топ құрауға бейімделеді.

Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағына ( жалпы заттың аты, жалпы қимыл, т.б.) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген ( жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан турлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін ( жалпы есім) ; деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін, т.б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық немесе сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін ( қалып, қозғалыс, амал- әрекет, ойлау қабілетіне байланысты, көңіл күйіне байланысты, т.б.) . Бұлардың барлығы да сөздің жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін.

Рас, оқулықтарда грамматикалық мағына көбінесе солай анықталады. «сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқы сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады». Ең алдымен грамматикалық мағына – лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағыны одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге ( формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болатындықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дұрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді.

23 лекция

Тақырыбы: Еліктеуіш сөздердің ерекше табиғаты. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.

Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да,фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын,соған сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу сөздер дейміз.Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс-тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына елікгеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.

Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы: Құл Мұхамед көзі жарқ етіп,бас өкіл-Василий Щелкаловқа сынай қарағанда,қасындағы кеңесшілеріне мойын бұрған. Шөгел бек күбір етіп еді,Бұқа мерген бас иді(11)-деген сөйлемдердегі «жарқ, күбір» еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тур.

Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен ғалым Л. Н. Харитонов .

Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып белініп даралануы профессор А.Ыскақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді . Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды. Епіктеу сөзге арнап Ш. Сарыбаев кітап шығарса , Б.Катембаева ғылыми жұмысының тақырыбы етеді.

Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы. Обьективті өмірде болып жатқан дыбыстар мен бейнелер еліктеу сөздер мәні арқылы ұғыны-лады. Еліктеу сөздер өзінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына қосылмайды. Адам баласы тілінің пайда болуы, тілдің шығуы туралы пікір-лердің бірі - дыбысқа еліктеу теориясы бойынша табиғаттағы дыбыстарға елікгеуден алғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол заттардың атауларына айналған делінеді . Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, ыңқ-ыңқтәрізді еліктеуіш сөздер және олардан жасалған қарқылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау, саңқылдау, қорыл, қорылдау, сықыр, сықырлау, ыңқыл, ыңқылдау тәрізді туынды сөздер жасалған. Бұдан тілдің шығуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мысалы, «көкек» сөзі құстың «ку-кук» деп шығарған дыбысына байланысты, құстың бір түріне берілген атау. Мұндай атаулар тілде көп, әрі бұл туралы түрлі теориялар қазақ тіл білімінде айтылып та жүр. Бұған Қ. Хұсайыновтың ғылыми еңбегі дәлел . Бұл ғылыми зерттеуде қазақ тілінде нағыз дыбыс пен бейнеік еліктеуден пайда болған бір топ сөздердің бары, олардың дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортақ мағынасы болатыны, ондай сөздер елікгеу сөздер тобына жататыны ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Еліктеу сөздерін сөз табы ретінде танудың екінші себебі, оларды түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің жоқтығы және оларды басқа сөз таптарынан бөліп тұратын айрықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесінің болуы. Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тілін-дегі еліктеу сөздер дыбыстық құрамының бестүрін көрсетеді. 1) «Дауыссыз-дауысты» дыбыстардан құралған үлгі-модель. Бұған «ду, гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жатқызады; 2) Дыбыстық құрамының қатары «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз» болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге «сар, маң, шыр» т.с. с. үш дыбыстан құралған сөз-дерді келтіреді. 3) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына «былқ, сырт, дұрс» сөздерін жатқызады. 4) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жалаң, қылаң, сылаң, ырсың, ербең» т.с.с. құрамы бес дыбыстан құралған еліктеу сөздерді жатқызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жалб-аң, қорб-аң, жалт-ың, кірж-ің» сияқты еліктеу сөздерін келтіреді . Бұл модельдер қазақ тіліндегі еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында басқа сөз таптарына ұқсамайтын өзіндік ерекшелік барын айқындай түседі.

Еліктеу сөздердің біразының семантикасы табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты мағыналарды білдірсе, кейбірінің мағыналары сол табиғаттағы әр қилы көріністердің бейнелерін білдіреді. Мысалы, «мылтық тарс етгі», «қарға қарқ етті» деген мысалдарда, «тарс» мылтықгың атылуынан шыққан, «қарқ» қарғаның қарқылдауынан пайда болған дыбыс-тардың мағынасын беріп тұрса, «Алшаң басып аю келеді», «Абай кілт бұры-лып, жалт қарады» дегенде «алшаң, кілт, жалт» сөздері бейнеге еліктеу мағынасын білдіріп тұр.

Еліктеу сездер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі - елікгеуіш (елікгеме) сөздер, екіншісі - бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады.

1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семан-тикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

Адамның тыныс мүшесі арқылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін елікгеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мәселен, бір ғана у.йықгауға байланысты елікгеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай «қор-қор, пыс-пыс, быр-быр»сияқты сөздермен беріледі.

Адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: «ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солқ-солқ күлу, сық-сық күлу, сылқ-сылқ күлу, сыңғыр-сыңғыр күлу, таңқ-таңқ күлу, тарқ-тарқ күлу, шаңқ-шаңқ күлу, ырқ-ырқ күлу, т.б.» (46) келтіреді.

Түрлі жан-жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған түрлі еліктеуіш (еліктеме) сездер де бар. Мысалы: ..Дегбірі қашқан жоқ,бірақ жүрегі сарғая сыздап,не жарытып ас ішпей,не мезгілімен ұйқыға жатпай,,бейжай,мең-зең қалыпта,төс қалатасындағы бұрама алтын шынжырлы,зүбаржат,гауһар тастар орнатылған күміс қорап сағатына бұрын құлаққа тосқанда ған естілетін,енді әлденеше есе күшейіп кеткен,қаны тасыған тамыры басқандай,тынымсыз тық-тық соққан үнінен бөтен ештеңеге көңіл алаңдатқысы келмей, мелшиіп отырған да қойған (14).Бұл сөйлемде,адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстарына байланысты мең-зең сөзі алыныса, сағат тілінің айналып уақыт көрсетуіне байланысты шығаратын дыбысына байланысты еліктеуден туған тық-тық еліктеуіш сөзі қоданылып отыр.

Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстары су-су, дүрс-дүрс, зырқ-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, зырқ-зырқ, даң-дұң, әңкі-тәңкі, шың-шың, дың-дың, астан-кестен, ың-жың, мең-зең, алай-түлей, ұйқы-тұйқы, алау-жалау, сап-сап, әлем-жалам сияқты еліктеме сөздер арқылы беріледі. Еліктеуіш сөздер тілде қолданылған жеріне әрдайым әсемдік, ықшамдылық сипат беріп, шығарма тілін көріктендіріп тұрады. Мысалы: Төрде қызыл ала кілем үстінде,ұзыншақ,төрткүл жастыққа белінен батып отырған,дағарадай жасыл сәлделі қара шұбар кісі селт етпеді (24). Құл Мұхамед тапап жіберердей төніп келіп, қос қолын бірдей ұсынғанда ғана салаң еткізіп оң қолын ұстата салды (24).

2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, нетүрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді. Мысалы,

-- Сенің Аббас шахқа, қалса, бүкіл қызылбас жұртына пайда келтірер істен бой тартуға хақың жоқ!- деді Құл Мұхамед сұқ саусағын Ғаби-бектің өңменіне тірегендей оқыс қимылмен,шегелей,нығарлай сөйледі (31). - деген сөйлемде адамның түрлі қимыл әрекетінің көрініс бейнесі « оқыс» бейнелеуіш (бейнелеме) сөздерінің мағынасы арқылы берілген.

Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың қимыл процесін ғана көрсетіп қоймай, олардың сыртқы көрінісінің бейне-сипатына байланысты қалыппын да білдіреді.

Бейнелеуіш сөздерге жалпы жарық сәуленің қатысы арқылы көзге шағылысу бейнелерінің мағыналарын білдіретін оттың жануы, күннің жарқырауы, жалтыр нәрсенің жылтылдауы байланысты мағыналарды білді-ретін «жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, лап-лап, лау-лау» сияқгы сөздер де жатады. Етістік сөздерден -аң, -ең, -ң жұрнағы арқылы жасалынған туынды еліктеу сөздер де бейнелеуіш сөздердің мағынасын білдіреді. Мысалы, сүйрең, қисаң, созалаң. Жалпы адамның, тірі жанның, нәрсенің қимыл-қалпын көру қабілеті арқылы қабылдаудан пайда болған еліктеу мағынасындағы сөздер бейнелеуіш сөздер тобына кіреді.

Адамның көру қабілеті арқылы танылатын бейне-құбылыстар, тірі жанда болатын сезім-күйлер семантикалық жақтарынан құбылып түрліше мағынаны білдіруіне байланысты, өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.

1. Адам мен хайуанаттардың, құстардың жүрістерінің бейне-сипатын білдіретін бейнелеуіш сөздер тобына «алшаң-алшаң, тайраң-тайраң, апыл-тапыл, қаз-қаз, қақшаң-қақшаң, митың-митың, байпаң-байпаң, күйбең-күйбең, талтаң-талтаң, маң-маң, қойқаң-қойқаң, тепең-тепең, шоқаң-шоқаң» т.с.с. сөздер жатады.

2. Адамдар мен хайуанаттардың, құстардың қимыл, іс-әрекеттерінің сырт тұлға көріністерін бейнелейтін сөздерге «қылт-қылт, қылтың-қылтың, елбек-елбек, елең-елең, еңкең-еңкең, мықшың-мықшың, қыбжың-қыбжың, қутың-қутың, елбек-елбек, сылқ-сылқ, былқ-былқ, қалт-құлт, ербең-ербең, шыбжың-шыбжың, қаужаң-қаужаң, шошаң-шошаң» сияқты сөздер жатады.

3. Көру сезімі арқылы танылатын әр қилы заттардың құбылып көрінуі және адамның бет пішінінде болатын қуаныш, реніш сияқты реңктердің, құбылыстардың бейнелерін білдіретін сөздер тобына «жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, мөлт-мөлт, жымың-жымың, лау-лау, лап-лап, лып-лып, алау-жалау, жылт-жылт, алай-түлей, бұлдыр-бұлдыр, ұйқы-тұйқы, бурқ-бұрқ, алай-түлей, елең-алаң, апақ-сапақ, қылаң-қылаң, жапба-жұлба, тоз-тоз, құж-құж, ығы-жығы, айқыш-ұйқыщ, олпы-солпы» тағы осы сияқты мағынадағы бейнелеуіш сөздер жатады.

4. Ойламаған жерден, қапылыстан, кенеттен шұғыл істелетін қимылдың көрінісін, құбылысын бейнелеу мағынасын білдіретін сөздерге «сау-сау, сумаң-сумаң, қылп-қылп, зып-зып, қылт-қылт» сияқгы сөздер жатады.

5. Қимыл процестің тәртіпсіз, жүйесіз астан-кестен, үсті-үстіне болған қалпын білдіретін бейнелеуіш сөздер мағынасын «жапыр-жұпыр, астан-кестен, абыр-сабыр, ойран-топыр, қапыл-құпыл, опыр-топыр, бұлан-талан, ұмар-жұмар» бейнелеуіш сөздері білдіреді.

Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі қолданылады.

Еліктеу сөздер мағыналық түрлері жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сипаттары жағынан да өзіндік ерекшелікке ие. Еліктеу сөз табына жататын сөздердің буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары бір-бірімен ұқсас, орайлас келеді.

1. Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Еліктеу сөздердіи дыбыстық құрамындағы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.

Еліктеу мағынасын білдіретін сөздерде болатын мұндай ерекшеліктермен қатар, олардың құрамында келетін дауысты және дауыссыз дыбыстардың келуінде де ерекшелік бар. Дауысты дыбыстардың барлық түрлері емес, белгілі бір түрлері ғана еліктеу сөздің құрамында келеді. Еліктеу сөздерді жасауға тек «а, е, ы, і, ұ, ү, у» дауыстылары қатысады. Сонымен бірге бұл дауысты дыбыстар бірен-саран еліктеу сөздің басында болмаса, бірінші дыбыс болып келмейді, көбіне негізінен екінші орында тұрады. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігі еліктеу сөз білдіретін мағынаның өзгеруіне әсер етеді. Дыбыстық құрамы жағынан бірдей жуан дауыстылар қатысқан елікгеу сөздің мағынасы, жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздердің мағынасынан бөлек мағынаны білдіреді. Мысалы, бір топтағы еліктеу сөзге жататын құрамында жуан «а» дауысты дыбысы бар «шаңқ» сөзі мен жіңішке «і» дауысты дыбысы келген «шіңк» еліктеу сөзінің ішкі білдіретін мағыналары бірдей емес. «Шаңқ» сөзі көлемі жағынан ірі, үлкен заттың, әрі одан шыққан дыбыс қарқынының күштілігін білдірсе, «шіңк» сөзінің мағынасы көлемі кіші заттардан әлсіз шығатын дыбысты білдіреді. Еліктеу сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке түрлері, оның айтылуына да әсер етеді. Жуан дауысты дыбыс бар еліктеу сөз күшті қарқынмен айтылса, жіңішке дауыстысы жай қарқынмен айтылады. Бұл еліктеусөздерінің айтылуына тән дауыс ырғағының болатынын көрсетеді.

Еліктеу сөздердің құрамына дауысты дыбыстар сияқты барлық дауыссыз дыбыстар да қатыса бермейді. Әрі сөздің басы мен соңында келетін дауыссыз дыбыстың түрлері біркелкі болмайды, олардың келуінде де өзіндік ерекшелік бар. Дауыссыз дыбыстан басталған еліктеу сөздердің бірінші дыбысы дауыссыздың қай түрінен басталғанына шек қойылмайтын болса, соңында келетін дауыссыз дыбыстардың түрі мен орналасуында белгілі тәртіп болады. Негізінен үш, төрт дыбыстан тұратын соңы екі дауыссыз дыбысқа аяқталатын тұйық және бітеу буынды еліктеу сөздердің алдыңғы дауыссызы үнді, соңғысы қатаң дауыссыз болуы шарт. Мысалы, «сылқ, бүлк, сырт, еңк, епп» т.б.

Еліктеу сөздердің соңында келген р, ж, ң дыбыстары созылып айтылады. Мысалы, гүр-р-р ете түсті, быж-ж-ете қалды, дың-ң-ңетгі., ыр-р етті, мыж-мыж-ж болды т.б. Басқа сөз таптарына жататын сөздердің соңында сирек кездесетін «ж» дыбысы еліктеу сөздердің соңында көп кездеседі. Мысалы, гүж- гүж, баж-баж, шыж-быж, мыж-мыжт.б.

Басқа сөз таптарында «л»дыбысынан басталатын сөздердің алдында естілетін «ы,і» протетикалық дыбыс (лақ, лай, лезде, ласт.б.) еліктеу сөздерде айтылмайды. Мысалы, «лақ етті,лап ете қалды, лау-лау етті».

Егер дыбыс жылдам, шұғыл, тез шықса, онда еліктеуіш сөздің айтылу интонациясы да тез шұғыл болады. Ал дыбыс шұғыл болмай, созылыңқы шьіқса, онда еліктеуіш сөздерде созылыңқы интонациямен айтылады.

Екі буынды дыбыстық еліктеуіш сөздердің соңғы дыбысы көбіне вибрациялық «р» дыбысына аяқталады. Мысалы, «даңғыр-дүңгір, тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір т.т.

Үш дыбыстан құралған еліктеу сөздердің соңғы дыбысы сонор «р, л, м, ң» дыбыстарына аяқталады. Мысалы, «дыр, дал, шым, шың, маң».

Төрт дыбыстан құралған еліктеу сөздердің үшінші дыбысы сонор, ал төртінші дыбысы міндетті түрде қатаң дауыссыздарға бітеді. Мысалы,» сарт, бырт, былқ, селк, тарс» т.т.

Буын түрі жағынан бір буынды еліктеу сөздердің көбі ашық және бітеу буынды сөз болып келеді. Мысалы: зу, ду, гүж, шың, мырс, селкт.б. Қосарланып келген еліктеу сөздердің сыңарлары аралас буынды сөздерден тұрып, көбіне екі буынды болады.

Бір буынды негізгі түбір еліктеу сөздер интонациясы жағынан мағыналарына орай бірде жылдам ырғақпен, бірде баяу, ақырын ырғақсыз айтылады. Жалпы еліктеу сөздер интонацияға бай, әрі олар құбылмалы келеді. Олардың интонация байлығы, оларды омонимдес зат есімдермен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, «Қор болды» мен «қор ете түсті» деген екі тіркестің бірінші заттық мағынадағы «қор» сөзі жай, қоңыр интона-циямен айтылса, «қор ете түсті» тіркесіндегі «қор» еліктеу сөзі жұлып алғандай күшгі екпінмен айтылады. Мұндай интонациялық құбылмалық «дар асты -дар ете қалды», «қыз бала- қыз-қыз қайнады», «шөп шапты - шөп ете қалды» тіркестеріндегі омоним сөздердің айтылу интонациясының бірдей еместігінен де көрінеді. Бұл еліктеу сөздердің интонациялық құбылу шеңбері кең екенін көрсетеді.

2. Еліктеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі тұлғаларда келеді. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер менолардан синтетикалық тәсіл арқылы жасалынған туынды сөздер жатады.

Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын қулақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсінікгердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.

Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақ-тардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфе-мадан (түбір морфема + қосымша морфема) тұратын туынды сөздер жатады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды еліктеу жасайтын негізгі сөз тудырушы жұрнақтар: -аң, -ең, -ң, -ың, -ің, -алаң, -елең, -лаң, -лең. Мына «балпаң -бал-паң», «жылтың-жылт-ың», «томпаң-томп-аң», «елпең-елп-ең», «көлбең - көлб-ең», «сылаң - сыл-аң», «ирелең - ир-елең», «бұралаң - бұр-алаң», «шұбалаң - шұб-алаң» сөздері екі морфемадан құралған туынды түбір еліктеу сөздері. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.

Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір елікгеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Мысалы, «күж-күж, быж-быж, шыр-шыр, шыж-шыж, пыс-пыс» еліктеу сөздері негізгі түбір еліктеу сөздің қайтала-нуынан жасалынған қайталама түбірлі қос сөз тұлғалары. Ал,бір сыңарының фонетикалық өзгеріск еұшырап қосарлануынан жасалынған «шыж-мыж, шарт-шұрт, арбаң-тарбаң, алақ-жұлақ» сияқты еліктеу сөздер қосарлама немесе қосарланған түбір еліктеу сөздеріне жатады.

Бір сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі еліктеу қос сөздердің бір қалыпты болған дыбысқа еліктеуді білдіреді. Мысалы, тырс-тырс, быж-быж т.б. Ал қосарлама қос сөздердің мағынасы әр түрлі дыбысталған еліктеулердің мағынасын береді, Мысалы сатыр-сұгыр, бұрқан-тарқан, шаңқ-шұңқ, т.т,

Күрделі елікгеу сөздер сыңарлары фонетикалық дыбысталуы және беретін мағынасына байланысты бірыңғай қосарлы және әр түрлі аралас қосарлы болып келеді. Күрделі еліктеу сөздердің бір сыңарының дыбыстық өзгеріске ұшырау арқылы қосарланған еліктеу сөздер қатарына «жапыр-жұпыр, қыбыр-жыбыр» сияқты сөздер жатады. Ал аралас қосарлы күрделі еліктеу сөздер сыңарларының дыбыс саны тең келмейді және мағынапық жағынан бірі мәнді болса, екіншісі мәнсіз сөз болады. Кей еліктеулердің екі сыңары да мәнсіз сөздерден қосарланады. Оны мына «ойпаң-тойпаң, апалаң-жұпалаң, абыр-сабыр, тасыр-тұсыр» сияқгы қосарланған түбір еліктеу сөздерінің сыңарларынан көруге болады. Мұндай қосарланған түбір еліктеу сөздердің сыңарларының біреуі, кейде екеуі де жеке қолданылмайды.

Күрделі түбір еліктеу сөздердің сыңарлары арасында «да, де, та, те» шылаулары келетіндері де бар. Мысалы, «гүрс те гүрс, жалт та жұлт, елтең де селтең, тасыр да тұсыр» дегендер аналитикалық тәсіл арқылы жасалынып тұрған тіркесті күрделі еліктеу сөздер. Бұндай тіркесті түбірлер көбіне әр түрлі бейне, дыбыстауға байланысты аралас еліктеу ұғымын білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: Ел қағынды, мал сабылды, ұрлық, өтірік, гу де гу .

Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады. Еліктеу сөздердің зат есім мен етістік жасауға қабілеті күшті. Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл; -да, -де; -ақ, -ек; -ыр, -ір; -ық, -ік. Мысалы, «гүрсіл естілді, жалтақ бала, жалтыр қағаз, бүлкек жүріс» деген тіркестердің ішінде не? сұрағына жауап беріп тұрған «гүрсіл» сөзі туынды зат есім, ал «жалтақ, жалтыр, бүлкек» сөздері қандай? сұрағына жауап беретін туынды сын есімдер, яғни еліктеу сөздерден жасалған есім сөздер.

Бір буынды еліктеу сөздерінен -ыл, -іл жұрнақгары арқылы зат есім жасалатын (сыр-ыл) болса, оның үстіне -да, -де жұрнағы жалғану арқылы туьінды зат есімнен жаңа сөз- туынды етістік(сыр-ылда)жасалады. Туынды зат есімнің де, туынды етістіктің де негіз сөзі елікгеу сөз болады. Еліктеу сөздерден жасалған етістіктер қазақ поэзиясында есімше, көсемше формаларға түрленіп келуі, әсіресе өлең ұйқасы көсемшенің «-ып» формасында қолданылуы жиі кездеседі.

Қазақ тілінде еліктеу сөздерге -дақ,-дек жұрнағы жалғану арқылы зат есімдер де жасалады. Олар жер-су аттарында көп кездеседі. Мысалы, Ысылдақ (сайдың аты), Лоқылдақ (бұлақ ата), Бақырақсай (өзен аты), Сарқырама (өзен аты) т.б. Кейбір еліктеуіш сөздер сықырлауық, сылдырлауық, тоқылдауық сияқгы туынды етістіктен жасалған туынды зат есімдердің жасалуына да негіз болған. Кейде –у жұрнағының еліктеу сөзге бірден жалғануынан жасалынған зат есім сөздер сирек болса да кездеседі. Мысалы, шаншу, қыңқу, каңқу. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман. Ел арасында қыңқу, сыңқу көбейді.

Туынды еліктеуіш сөздерге -ла,-ле жұрнағы тікелей жалғанып та туынды етістік жасалады. Мысалы, «талтаңда, сопаңда, бұраңда, қиқалаңда» туынды етістіктердің негіз сөзі «талтаң, сопаң, бұраң, қиқалаң» - туынды еліктеу сөздері. Аталған сөздердің үстіне «-да» жұрнағы жалғанып, жаңа туынды етістік жасалған.

Кейбір еліктеуіш сөздерге «и» жұрнағы жалғанып та етістік жасалады. Мысалы, «бүкши, секси, түкси» т.т. Осылай еліктеу сөздерден сөзжасам жұрнақгары арқылы екі сөзтабының туынды түрлері жасалатын болса, «ет, бер, қақ» негізгі мәнді кемекші етістіктердің еліктеу сөздерге тіркесінен күрделі етістіктер жасалады. Мысалы, «тарс етті, лап берді, бүрсең қақты».

Елікгеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сейлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздіңанықгауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы, Шаңқ-шұңқ айқай естілді. Қандай айқай естілді? - Шаңқ-шұңқ. Бұл - бастауышты анықгап тұрған сөз, анықтауыш мүше. - Не естілді?-Айқай. Зат есімнен болған бастауыш. Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Мысалы, Төңірекгі шаңқ-шұнқ басты. -Не басты? -Шаңқ-шұңқ. Мұнда еліктеу сөз заттық ұғымдағы сөздің орнына жүріп, сөйлемнің бастауышы болып тұр. Етістіктен болған баяндауыштың алдында тұрып, сөйлемнің пысықтауышы қызметін де атқара алады. Мысалы, Үй іші де ду күліпті. - Не істеді? - Күлді. -Қалай күлді? - Ду. Күлу қимылының қалай болғаны «ду» еліктеу сөзі арқылы білініп түр.

Сөйлемде елікгеу сөздер көбіне жеке қолданылмайды, негізінен басқа сөздер мен тіркесіп, күрделі сөздің құрамында келеді. Көбіне «ет» етісті-гімен тіркесте келіп күрделі сөйлем мүшенің қызметін атқарады. Мұндайда аналитикалық формадағы етістік сөйлемнің күрделі баяндауышы болады. Мысалы, «тарс ете қалды, арс-арс етіп, арс етті, жарқ ете қалды, жарқ-жұрқ ете қалды»-деген тіркестерде, «арс, тарс, жарқ» еліктеу сөздері атау тұлғада «ет» етістігімен тіркесіп келіп жаңа туынды сөз - күрделі етістіктің бір түрі -құранды етістікгер жасап, олардың бірі - көсемше формада, екіншісі -шақгық формада, үшінші-төртінші-аналитикалық формаларда түрленіп тұр. Мұнда грамматикалық формаларға түсіп тұрған еліісгеу сөз емес, еліктеу сөзге «ет» етістігінің тіркесі арқылы жасалынған құранды етістіктің грамматикалық формаларға түрленуі, етістіктің грамматикалық категориясында жұмсалуы. Еліктеу сөздердің кейбіреуі «бер, қақ» сияқты етістіктермен тіркесіп келіп, қ^ранды етістіктұлғасын жасайтындары бар. Мысалы, «лап берді, шап берді, сылаң қақты, бүрсең қақты» деген кұранды етістік құрамында қолдану кездеседі. Профессор АЫсқақовтың елікгеу сөздерді «жеке-дара қолданыл-майтын формалар», «түрленбейтін сөздер» - деп атауы, осы ерекшелігіне байланысты болса керек. Еліктеу сөздер сөйлемде басқа сездермен ішкі тіркес құрып, күрделі мүшенің құрамында айтылады, бірен-саран жағдайда болмаса еліктеу сөздер көбіне етістіктермен тіркеседі. Кемекші етістікпен тіркес келгенде грамматикалық формалар еліктеу сөзге емес, көмекші етістікке жалғанады.

Еліктеуіш сөздерде заттану процесі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар зат есімдерше түрленеді. Мысалы. Осы абыр-сабыр, даң-дұңын тыста тұрып есітті. Мұнда «даң-дұң» еліктеу сөзіне әуелі «-ы» тәуелдік, онан соң «-н»септік жалғаулары жалғанып келіп несін?деге затесімнің тәуелдеулі септік формасының сұрағына жауап беріп тұрған заттанған сөз. Еліктеу сөздерге әдетте жалғаулар бірден тікелей жалғанбайды, тек заттанған жағдайда ғана зат есімнің категориялық көрсеткіштері жалғанып сөйлемде бастауыш, толықгауыш мүшелерінің қызметін атқарады.

Еліктеу сөздер толық мәнді етістіктермен де, көмекші мәнді етістіктермен де тіркесіп келеді. Осы тіркесу сипатына қарай олардың синтаксистік қызметі де әр түрлі болады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. «Ет» көмекші етістігімен тіркесіп қолданылғанда, күрделі баяндауыш не күрделі пысықгауыш болдады.

Еліктеу сөздер сөйлемде зат есім сөздің орнына жүріп заттанып қолданылғанда, олара зат есімнің көптік, септік, тәуелдік категорияларының формаларына түрленеді.

Еліктеу сөзде жалаң түрі мен күрделі (қосарланған) түрінің қай-қайсысы болса да, көбіне «ет» етістігімен еркін тіркеседі. Кейде толық мағыналы дербес етістіктердің ішінен тек өздерінің мағыналарына орайлатарымен ғана тіркес құрайды. Елікгеу сөздер барлық сөзтаптарымен тіркесе бермейді. Сөз таптарының кейбір сөздерімен некен-саяқ тіркескенімен, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен мүлде тіркеске түспейді.

Еліктеу сөздер атау түлғада зат есімдерден бұрын тұрса, анықтауыш (шаң-шұң дауыс естілді), шығыс септігі формасында (шаң-шұңнан бас қатты) келсе, толықтауыш, етістікпен тіркескенде сын-қимыл пысықтауыш (маң басты, жалт қарады) болады. Ал, «ет» көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер құранды мүшенің құрамына енеді де, тұтас бір күрделі мүшенің не күрделі баяндауыш, не күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы, Ал Ділшат қос етек көйлегі судырай төгіліп, лып етіп орнынан көтерілген. Қорыта келгенде, еліктеу сөздердің негізгі сипаты мынадай:

1. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан белгілі бір заңдылыққа бағынған жалаң түбір күйінде екі, үш, төрт, кейде бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келгенде еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстық құрамы екіден бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Мысалы, зу, пыр, саңқ, ербең, жалбаң, зу-зу, пыр-пыр, сарт-сұрт,сатыр-сұтыр, қорбаң-қорбаңт.б.

2. Елікгеу сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке және ашық, қысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді Мысалы, «сарт етіп түсті» мен «селк ете түсті», «шиық етті» мен «шіңк етті» мағыналары бірдей емес. Сөз қурамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жуан дауысты барына сөздерге қарағанда, қимылдың әлсіз, жай, қысқа болғанын білдіреді.

3. Еліктеу сөздердің соңғы дыбыстары қос дауыссызға аяқталады. Оның алдыңғысы міндетті түрде үнді, кейінгісі қатаң дыбыс болады.

4. Еліктеу сөздер түбір күйінде тұрғанда нақты қандай мағынаны білдіретіні білінбейді. Олардың мағыналары көбіне дыбысқа, көрініске, құбылысқа тәуелді болып келетіндікген, елікгеудің дәл мағынасы оның басқа сөздермен тіркеске түскенінде анық білінеді. Мысалы, «сылқ, жылп, сылп,қарқ» еліктеу сөздерінің мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз.Мысалы,Екі қолтығындағы қос мамық жастыққа кезек шынтақтап,кең бөлмені басына көтере,зор денесі селкілдей,қарқ-қарқ күліп,өзінің астарсыз,қыртыс-бұқпасыз кең көңілін танытқан (37). сияқты сөйлемдердегідей «күл, ет» етістіктерімен тіркесте қолданғанда олардың мағынасының анықтығы мен толықтығы байқалады. Өйткені «сылқ,қарқ, жылп, сылп» еліктеулері адамның күлуіне қатысты бейнеден пайда болған сөздер. Егер ондай қимылдар болмаса, «сылқ,қарқ, жылп, сылп» сөздері де тумас еді.

24 лекция

Тақырыбы: Зат есім.Зат есімнің дамуы, лексика-грамматикалық сипаты.

Түбір және негіз есімдер.Дара және күрделі зат есімдер. Жалпы, жалқы есімдердің пайда болуындағы уәждеменің ролі. Ономастикалық атауларлың шығу тарихын зерттеудің тарихи – танымдық маңызы

Зат есімнің грамматикалық категориялары.

Септік, көптік,тәуелдік,жіктік жалғау. Олардың зерттелуі мен даму тарихы.Жалғаулардың тарихы туралы жаңа ғылыми көзқарас тар. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру

Пайдалынатын әдебиеттер:

2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988