- •1. Аманжолов с. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж
- •4. Жолдасбеков м. Асыл арналар. А., 1990ж
- •5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •1. Аманжолов с. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж
- •3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
- •5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
- •4. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •1.Ибатов а. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) а., 1983ж
- •2.Керімұлы ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж
- •3. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •19 Лекция
- •3. Ибатов а. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) а., 1983ж
- •4.Керімұлы ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж
- •5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
1.Ибатов а. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) а., 1983ж
2.Керімұлы ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж
3. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
Түркология ғылымында сөзжасамның зерттелу тарихы бастауын тереңнен аладыы. Орта ғасырда өмір сүрген, түркі тілдерінің алғашқы грамматикасы мен сөздігін, лингвистиканың картасын жасаушы М. Қашқаридың «Дивани лұғат-ат түрк » атты еңбегінде сөзжасам туралы алғашқы қисындар айтылды. Түркі тілдеріндегі дыбыстық алмасулардың ерекшеліктері, граматикалық категориялардың мағынасы мен қызметі айқындалды. Автор « түбір сөздерде өзгерістер аз болды» деген тұжырымы арқылы орта ғасырда қалыптасқан түбір сөздердің құрамының тұрақты әрі қалыпты мағынасы болғандығын айтқан болатын. «Диванда » сөзжасамның синтетикалық, (морфологиялық) тәсілі қосарлану тәсілі талданады. Айталық бір ғана лық – тың үш түрлі өзіндік мағынасы ( иелік, істелген іс, мекен мағынасын беру) айқындалып, содан кейін осы тұлға арқылы жасалған туынды сөздің мағыналары сараланады: нәрсенің өскен өнген жерін білдіретін мағынасы, айтылған нәрсені істеуге арналған нәрсенің аты, кісінің құлқын, табиғатын білдіретін мағынасында жұмсалғанын көрсетеді.
М. Қашқари түркологияда алғаш рет жалқы сөздердің жасалуын құрамына қарай, түбір және туынды сөз ретінде бөліп қарастырған. Түбір сөздерді екі әріпті (ал, іл), үш әріпті (тап,йук), төрт әріпті (оғра, теве),бес әріпті деп бөліп, оны бұйрық мағынасындығы тұлға деп түсіндірді.Яғни нөлдік тұлғада тұрған мағыналы сөздерді ғана түбір деп таниды. Әрбір түбір сөзді талдағанда, сол түбірлдерден жасалған туынды сөздер типі талданады. Мысалы екі әріпті есімнен жасалған туынды етістік болады деп, автор «ер атланды-ер атанды, ат тәрләнді- ат терледі» сияқты мысалдар келтірген. Мұндағы ат, тер түбір сөздері ла-лән сөз тудырушы тұлғаларының жалғануы арқылы туынды сөзге айналады.
М.Қашқаридың ұлылығы алғашқы түркі грамматисі ретінде түркі сөздерінің табиғатын тұңғыш рет таныта алуында. Жалғамалы тіл болып есептелетін түркі тілдерінің сөзжасамдық жүйесінің негізі тәсілінің бірі морфологиялық, синтаксистік тәсіл екенін дәл көрсеткен.
Түркі тілінің грамматикасын зерттеушілер тек ХІХ ғасырдан бастап, батыстық және орыстық дәстүр негізінде шыға бастады. Бұл кездегі түркі грамматикасының зерттелуі Н.Ф.Катанов, М.А.Казамбек, В.В. Радлов,Н.П.Мелиоранский, Н.И.Ильминский және т.б. ғалымдардың есімімен байланысты.
И.Гиганов: «Граииатика татарского языка» атты еңбегінде шы, -лы, -лық, аш, -шық т.б. аффикстердің сөз тудырушы қасиетін атап өтсе, М. Қазамбек «Общая грамматика турецко-татарского языка » деген еңбегінде есім сөздердің бес сөзжасамдық тұлғасы аталады.
Түркі тілдерінің сөзжасамдық жүйесі кеңес өкіметі тұсында терең әрі ауқымды зерттеле бастады. Бұл зерттеулерді шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады:
1) Түркі тілдерінің грамматикасын жазу барысында, морфология құрамында сөзжасамдық тәсілдерге талдау жасайтын зерттеулер Н.А.Баскаков, И.А.Батманов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, С.Е.Малов, А.М.Щербак, К.М.Мусаев т.б. ғалымдар түркі тілдерінің әртүрлі салалары бойынша жан-жақты зерттеу еңбектер жазып,түркологияның ғылым ретінде танылып, дамуына үлкен үлес қосқан. Н.А. Баскаков «Каракалпакский язык», «историко-типологическая морфология тюркскихязыков» т.б. еңбектерінде сөз таптарының сөзжасамдық тәсілдеріне толық талдау жасап әсіресе морфологиялық тәсіл арқылы жасалатын туынды сөздердің тұлғалық қырларын сараптайды.
А.Н.Кононов «Грамматика современного узбекского литературногоязыка» атты еңбегінде сөзжаамды морфологиялық аспектіде қарастырған еді. «Грамматика тюркских рунических памятников» еңбегінде сөзжасам мәселелері жеке сипатталады. Автор сөзжаамдық тәсілдің бес түрін көрсетеді. 1. морфологтялық: 2.синтаксистік: 3. синтаксистік-морфологиялық: 4. фонетикалық: калькалау тәсілі. Көптеген сөз тудырушы аффикстердің қызметі мен мағынасын айқындап, тарихи даму жолын көрсетеді.
А.Щербак «очерки по сравнительной морфологии тюркских языков», «очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» т.б. еңбектерінде түркі тілдеріндегі сөз таптарының жаалу жолы мен сөз туғызушы аффикстердің шығу, қалыптасу жолдары салыстырмалы әдіс негізінде зерттеледі. Көптеген сөз тудырушы тұлғалардың түп негізі- қимыл есімге алып баратыны туралы ғылыми тұжырым жасады.
ІІ. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы ретінде бөліп қарастырған зерттеулер.
Түркологияда сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы етіп қарастырған, туынды сөздердің мағынасын айқындаған А.Юлдашев еді. «Система словообразования и спряжения глагола в башкирском языке» атты монографиясында башқұрт тілінде бір буынды түбір сөздердің жалпы саны 200, етістік түбірлердің саны 800 деп көрсете отырып, тілдің байланыс құралы ретіндегі негізгі қызметі туынды сөздер арқылы орындалатынын көрсетеді. Автор түркологияда алғаш рет түбір сөздің мағыналық кеңдігі мен ауқымдылығын, түбірмен салыстырғанда негізгі мағынасының жұтаңдығын айқындайды.Етістік сөзжасамын семантикалық аспектіде зерттеп, көптеген құнды теориялық тұжырымдар жасады.Сол сияқты Г.Гарипов «Башкирское именное словообразования» еңбегінде есімді сөзжасамды жүйеледі.Қазақ тілінде А.Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әртүрлі дәрежеде сөзжасамның теориялық және практикалық мәселелері жөнінде сөз қозғаған.Сөзжасам тек морфологияның ғана зерттеу нысаны емес, ол лексикалық бірлік жасауға, синтаксистік бірлік жасауға да қатысады. Морфологияның нысаны болатын себебі, сөз тұлғалық жағынан өзгеріске түседі, лексикаға қатысы болуы себебі, сөз сөзжасамдық процестің нәтижесі.
Сөзжасамның негізгі мәселелрі- туынды сөз туралы түсінік, оның жасалу жолдары мен тәсілдері, қос сөз, біріккен сөз туралы алғашқы мәліметтер А.Байтұрсынов еңбегінен байқалады. Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» зерттеуінің 1 бөлімі
Жалпы морфологияға арналған да, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады.Ал «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» атты мақалаларында сөзжасам тәсілдеріне арнайы талдаулар жасаған.Н.Сауранбаев еңбектерінің құндылығы – тілді семантикалық шеңберде зерттеуі.Осылармен қатар Ы.Маманов.А.Ысқақаов,А.Есенқұловтың еңбектерін атап кетуге болады. Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына жатады.
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен карым-катыска түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағьшаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқьшы жасалған.
Туынды сөздер - тіддің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туьінды сөздер-сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа кұбылыстарды атау үшін жасалып, тіддің сөздік
қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның кажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондыкган туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.
Казақтіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондыкган окулықга бұл терминдердің кдндай мағынада қодданылғанына түсінік беру кажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы,
отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіңе карамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады.
Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.
Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан қүралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдык тәсілдер түрлі болғандықган, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көміркышкьлы, ұзын, сонар деген туындылар бір емес. Сол сияқгы АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірак осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдык, бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жатагыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға кдтысты, сөзжасамнын мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.
Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.
Туынды сөздер қүрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осыяай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалык тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалык тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден түрады.
Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.
Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға т.б. Бүл сөздердің күнделік өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер қүрайды.
Туынды түбір
Туынды. түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.
Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бүл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі колданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде колдану керек.
Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады.
Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген.
Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды білдіреді. Бұлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық үғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды.
Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындық, белгі мағынасы туынды түбірде заттық, ұғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын.
Таулы, ақылды, өнерлі сиякгы туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналық өзгеріс әр топта әр түрлі. Бүдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туынды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.
Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.
Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, ұшкыш<ұш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың қүрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр.
Осы туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру арқылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары аныкталады.
Бұл жағдай тарихи түрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар қазіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар қазір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады.
Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туынды түбірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қыскар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнактары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықган туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табьшың сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнін сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.
Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:
1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;
2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды тұбірдіН мағынасы байланысты болады;
туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.
Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.
Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық тұлға қатысып тұрады.
Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына. Сөзжасамдық мағына өзінің белгісі мен реңі жағынан грамматикалық және лексикалық мағыналардан ерекшеленеді. Ол жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы пайда болады.
Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.
Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:
негіз сөздің қай сөз табына жататыны;
негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;
сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.
Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше.
Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.
Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре.
16 лекция.
Тақырыбы: Фонетикалық сөзжасам.
Дыбыстық сәйкессіздіктер нәтижесінде пайда болатын номинативті атаулардың тарихи қалыптасу жайы. Сөз мағынасындағы өзгерістер.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарының сәйкестігі нәтижесінде пайда болатын сөзжасамдық қалыптар.
Пайдалынатын әдебиеттер
1.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.А.,1988
2. Тіл тарихы және сөз табиғаты. А.,1997
3.Айдаров Ғ. Құрысжанов Ә., Томанов М.Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971
4. 1. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988
Сөзжасамдық процесс көне замандардан бастау алатын тарихи күрделі процесс. Сөзжасамдық мағына қалыптастырып, жаңа мағына туғызу үшін, дыбыстардың жіктелуі, сәйкесуі, қосылуы т.б. фонетикалық процестер тілдің ішкі даму заңдылығына айналған.
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөзжасамдық теория негізінде синтетикалық аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдер қарастырылып, фонетикалық сөзжасам тәсілі мүлде әңгіме болмайды. Дегенмен, сөзжасамның фонетикалық сөзжасамы-тілдік факт. Тарихи фонетиканы зерттеген түрколог ғалымдар дыбыстардың сәйкестігі нәтижесінде туынды мағына жасалатынын ескертіп, бұл мәселе төңірегінде зерттеу жүргізудің зәрулігін атап көрсеткен. Фонетикалық сөзжасамды арнайы зерттемегенімен, сөзжасамдық форманттар арқылы жаңа сөз жасалатыны туралы В. Томсен, В. Радлов, А.Н. Кононов, Ж. Аралбаев, М. Томанов, Е. Қажыбекова т.б. ғалымдар зерттеу еңбектерінде атап өткен болатын. Көптеген ғалымдар сөз мағынасының өзгеруіндегі интонацияның роліне ерекше мән берген, дыбыстардың жіктелуінің себебін анықтауға, жаңа мағына туғызатынына мән берген.
И. А. Батманов мұндай құбылыстарды “ішкі флексия” деп танып, түбір мағынасының семантикалық жағынан нақтылана түсу сипаты ретінде қарастырады. Ғалым л-т дыбыстарының сөздің лексикалық мағынасын өзгертудегі ролін айқындап, етістіктің сөзжасамдық көне тәсілі ретінде бағалаған. Қазақ ғалымдарының ішінде фонетикалық сөзжасам жөнінде құнды пікір айтқан Е. З. Қажыбеков. Ғалым зерттеуінде дыбыстық өзгерістер арқылы сөз мағынасының өзгеретінін бірнеше жерде анықтайды: Екпін арқылы сөз мағынасының даму мүмкіндігін айта отырып, дыбыстық жіктелу нәтижесінде болған туынды сөздерді талдайды, бір буынды сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі арқылы сөз мағынасының өзгеруі мен дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы сөз мағынасының өзгеру мүмкіндігін дәлелді көрсетіп береді. Ғалым л-т, и-қ, р-з дыбыстарының сәйкестігі арқылы сал-сат, кел-кет, ал-ат, жой-жоқ, той-тоқ, көр-көз т.б. сөздердің жаңа мағына алуына негіз болатын фонетикалық өзгерістер екенін көрсетеді.
Көне түркі тілдерінде л-т дыбыстарының сәйкесуі арқылы сөздің лексикалық мағынасының өзгеретіні туралы А.Н.Кононов, И.А.Батманов, Н.А:БАскаков, Н.К.Дмитрев, Е.З.Қажыбеков еңбектерінде тұжырымды пікірлер айтқан. Мысалы, кел-кет, ал-ат, қал-қат, құл-құт. Р-з сәйкестігі арқылы көз-көр, аз-арық, боз-бор, тіз-тір, таза-тара, езу-еру, түзу-теру, семіз-семір сөздері жасалған. Р-и дыбыстарының арқылы тіре-тайа, қырқу-қый, бар-бай, жар-жай, қырсық-қыйсық сөздері жасалған. Н-ң, н-й, б-м, т-с, с-ш, т-ш,т-ж,т-й, д-ж, ж-й, з-й, д-й, д-з, қ-с, қ-и, ғ-иқ-у,ғ-у,ш-ж дыбыстарының сәйкестігі арқылы: қон-қоң, күн-күй, бол-мол, тоғым-соғым, ас-аш, торлау-шырмау, тұл-жұл, ат-айт, жат-жай, адасу-ажырау, ажырай-адырай, ажырау-айыру,ұжым-ұйым, құдық-құйыққыдыр-қызыр, қылт-сылт, жақ-жай, соғыс-сайыс, сақ-сау, тарақ-тарау, шыр-жыр т.б.
Тілдің дамуы барысында сөздік құрамның молайып, ұғымда танылған заттар мен құбылыстардың белгісін, сипатын, сапасын, қасиетін айқындап таңбалау үшін дауыссыз дыбыстардың сәйкестігімен бірге, дауысты дыбыстардың да сәйкесуі мен алмасуы жүйелі түрде қолданылады. Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға жіктелуі процесінде сөздің лексикалық мағынасын өзгерте алу қасиеті түркологияда бұрыннан белгілі. А-е, а-ә, а-ы, о-ұ, о-ө, ұ-ы, ы-і, о-ы дыбыстарының сөзжасамдық қабілеті арқылы лапыру-лепіру, қал-кел, ауа-әуе, ақ-әк, маңқию-мыңқию, ояну-ұяну, соқ-сөк, оң-өң, тұс-тыс, пысқан-піскен, қол-қыл т.б. сөздер жасалған.
Фонетикалық сөзжасам жүйесі көне тәсілдің бірі ретінде танылады. Бұл тәсіл тек сөз туғызуда ғана емес, басқа да көптеген қызметтер атқарған:
Түркі тілдерінің өзге айтайлық тілдерден ерекшеленуінде ең маңызды рөл атқарды.
Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің ерекше сипаты дыбыстық ерекшеліктерімен тікелей байланыста болды.
Дыбыстық жүйенің алмасуы мен сәйкес дыбыстарға өзгеруіне байланысты қазақ тілінің сөздік құрамы едәуір байыды.
Фонетикалық сөзжасам сөздердің сөз таптарына жіктеле дамуына игі әсер етті, яғни сөздердің заттық, сындық, етістіктік мағыналары осы сөзжасам негізінде дамыды.
Сөзжасамдық мағыналар антонимдік, синонимдік, көпмағыналылық сипатта болады, бір архисема арқылы негізделгендіктен, бір-бірімен генетикалық сабақтастығы үзілмейді. Фонетикалық сөзжасам тек тарихи тұрғыдан ғана танылатын, бүгінгі тіл дамуына қатысы жоқ жүйе емес, керісінше,ғ қазіргі қазақ тілі үшін де маңызды сөзжасамдық тәсіл ретінде бағалануға тиіс. Қазіргі тілімізде жасалып жатқан кей сөздер осы тәсіл арқылы туындаған: өкімет-үкімет, аса-есе, әкім-өкім-үкім т.б.
№17 лекция
Тақырыбы: Семантикалық сөзжасам.
Семантикалық сөзжасам (конверсия) – тұлғалық өзгеріске ұшырамай-ақ, жаңа мағына иеленген туынды сөздер туралы.
Функционалдық мағынаның даму жолдары. Конверсия және тарихи синкретизм.
Семантикалық сөзжасамның нәтижесінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық дамуындағы ерекшеліктер.
Транспозиция құбылысы туралы, түрлері мен мағыналық құрылымы.
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.Оралбаева Н. Сөзжасам – А.,2002 ж
2.Қордабаев Т. Түркология және тіл білімі – А.,1999 ж
3.Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі – А.,1992 ж
4.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – А.,1988
5. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – А., 1993
Сөзжасамның көне әрі күрделі тәсілінің бірі-семантикалық сөзжасам. Тіл білімінде сөздің ешқандай тұлғалық өзгеріске түспей-ақ, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына беруінің мұндай тәсілін конверсия деп те атайды. Тіл білімінде конверсия туралы, оның сөзжасамдағы ролі жайында алғаш пікір айтқан ғалымдардың бірі А:И: СМирницкий, В:Н:Ярцева болды. Олар конверсияның табиғаты, сөз мағыналарының дамуы турлы, алғашқы теориялық тұжырымдарын айтты.
Бұрыннан белгілі ұғымды бейнелейтін таңбаның сыртқы дыбыстық жамылғышын өзгертпей-ақ, бір денотаттың не сигнификаттың әртүрлі қызметі мен белгісін атау немесе аналогия, абстакция, ассоциация заңдылықтары арқылы жаңа номинативті атау туғызу-адамның ойлауы мен танымы үшін ұтымды сөз жасау амалы болды. Бұрыннан белгілі таңбаның мағынасын жіктеу арқылы оның макросемаларын микросемаларға бөлшектеу арқылы жаңа номинативті атау туғызады. Әрі мұндай мағына жасау барысында сөздің тұлғалық жағын өзгертіп жатпайды. Осындай қажеттілікті атқарған сөзжасамдық тәсіл-конверсия тәсілі немесе семантикалық сөзжасам тәсілі болды. Ең көне тәсілдің бірі ретінде семантикалық сөзжасам көпқызметтіліктің, көпмағыналлықтың негізінде барып ерекше номинативті белгілерге ие болып, жаңа атау қалыптастыра алады. Көпмағыналылықтан дамығандығынан, бір түбірдің макросемасынан туындайтындықтан, олардың арасында генетикалық-семантикалық байланыс сақталады.
Сөз мағынасының конверсиялық жолмен жаң доминант мағынаға өтуі аз уақыт мөлшерінде іске асатын құбылыс емес. Тілдегі табиғи даму нәтижесінде, яғни сөздің қызметі өзгеруі арқылы болатын транспозиция құбылысына сәйкес бірте-бірте орындалатын күрделі де терең процесс. Транспозиция (латын-орын алмастыру) парадигмалық қатарда бір тілдік форманы басқа тілдік форманың орнына пайдалану. Транспозициялық құбылыстар-субстантивтену, адвербиалдану, адъективтену, вербалдану, прономиналдану арқылы сөз мағынасының сөйлемдегі қызметіне сай өзгеруіне тікелей байланысты.
Сөздің контексте келу сипатына орай, сөйлемдегі қызметі өзгереді, сөйтіп екіншілік мағыналық реңкке ие болады. (Мысалы, жақсы бала, Бала-жақсы, Бала жақсы оқиды). Мұнда сөздің лексикалық мағыналарында айтарлықтай айырмашылық болмайды, тек сөйлемдегі қызметі өзгереді. Дегенмен, осы қызметте жиі жұмсалу барысында, сөз мағынасында қызметтегі реңк орнығады да, алғашқы мағынасынан басқа ерекше номинативтік белгінің семасы сіңеді. Негізгі семадан өзге жаңа дифференциалды мағыналар орныға бастайды. Пайда болған лексикалық деривациядағы туынды сөздің мағынасы түбір сөздің мағынасымен тепе-тең келе алмайды.
Тұлғалық жағынан ешқандай өзгеріске түспей-ақ, мағыналық байланыстылығы мен негізділігін сақтай отырып, туынды мағынаға көшуін, олардың мағыналық ерекшелігін тек контексте ғана айыруға болады. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағынасы сөйлемде туындайды, сөйлем ішінде анықталады. Жекелей тұрғанда конверсиялық сөзжасамдарды бір-бірінен айыру мүмкін емес, өйткені тұлғалануы бірдей. Демек, семантикалық сөзжасамның негізінде жасалған туынды сөздің мағынасын нақты айқындау үшін контекстің ролі ерекше деп атап көрсету қажет.
Транспозициялық құбылыстар-тұлғалардың категориялық жағынан өзгері мен лексикалық мағынасының жаңа сапалық семаға дамуын, жеке номинация ретінде орнығуын қамтамасыз етеді. Транспозицияның кез келген түрінің орындалу сипатын шартты түрде екіге бөліп көрсетуге болады:
Толық транспозиция.
Окказиональды транспозиция.
Толық транспозиция тілдің ұзақ даму процесінде, сөздің қызметтік жағдайында ғана емес, жекелей тұрғанда да жаңа дара мағына ретінде ұғыныла алатындығымен айқындалады. Толық транспозиция-сөзжасамдық мағына жасалғанда, жаңа номинативті мағына туғанда ғана мүмкін болады. Мұндай сөздер толық мағыналы атауыш сөз ретінде жалпы халықтық деңгейде қолданады, номинациялық талаптарға толық жауап бере алады. Яғни: 1. Толық мағыналы сөз ретінде сөздік тізбесіне енеді.
Жеке лексикалық бірлік ретінде жұмсалады. 3. Алғашқы категориялық мағынасы тек шеткі өрісте ғана сақталады. 4. Жеке бүтін тілдік бірлік ретінде сөз тіркесінің бір сыңары болып жұмсалады.
Окказиональды транспозиция-контекстегі сөздің қызметімен байланысты. Бір сөз табындағы сөздер контексте басқа сөз табының грамматикалық категорияларымен түрленіп, уақытша сол сөз табының қызметін атқара алады. Ауызекі тілде де, жазба тілде де окказиональды транспозиция жиі ұшырасады. Окказиональды транспозицияның өмір сүретін ортасы тек контекс саналады.Окказиональды транспозицияда сөзжасамдық мағына туындамайды, тек оның бастау нүктесі, қайнар көзі сияқты рол атқарады. Толық транспозицияның жасалуы үшін окказиональды транспозицияның атқаратын ролі маңызды саналады. Сөзжасамдық аспектіде қарастырылатын, негізінде толық транспозиция. Мысалы, жаз сөзінің мынадай ерекше номинативтік мағыналары бар:
Жаз-жаз айлары, жыл маусым (зат есім).
Жаз-жаймалап тегістеу (етістік).
Жаз-хат жазу. (етістік).
Жаз-жазық жер, тегіс жер (зат есім).
Жаз-аурудан, дерттен жазылу (етістік).
Жаз-кінәлі, айыпты саналу (етістік).
Жаз-ырзық, несібе бұйыру (зат есім).
Жаз-бетінен жаңылу, адасу (етістік). Контекстік ауыспалы мағыналары: көңілі жаз, бой жазу, бауырын жазу, қабақ жазу, құшақ жазу, құлаш жазу, бас жазу, жаза басу, дәм жазу, Құдайдың жазуы, көз жазып қалу т.б. Жар, жақ, жан, ай, бай, бояу, би және т.б.
Лексика-семантикалық тәсіл аркылы жасалған туынды зат есім сөздер ғылымда субстантив зат есімдер деп аталады.
Сын есім, сан есім, етістік сөздер қодданыста затгық маганаға ие болып, бара-бара зат есімге көшеді. Бүл үрдісте ықшамдалу зандылығының қызметі күшті. Сын есімдер сөйлемде соңындағы зат есім сөздің қолданыста түсіп калуы арқылы оның мағынасын қосып алып, заггық мәнге көшеді. Мысалы, кәрі кісілер - кәрілер, жас адамдар - жастар, қызыл әскерлер - қызыдцар, ақ әскерлер -ақгар, ыстык күн - ыстық, бөріюгі қыз - бөрікгі, атты адам - атты, қоркдк адам - қоркэк-
Зат есім мәнінде қолданысы төмендегідей. Мысалы, Бөріктінің намысы бір. Әлсіз кәрілер көріне бастады (М.Әуезов). Оқымыстылар жайлауда отырган ауьшға өң берді (К,Жармағанбетов). Олар жапа-тармағай ыстықкд отырысты (С.Мүкднов).
Сан есім сөздерден де заттық ұғымға ауысқан біраз сөздер бар: тоқсан (оку мерзімі), жеті (неделя), екі, үш, төрт, бес (оқу бағасы), үші, жетісі, қырқы, жүзі (өлімге катысты). Сөйлемде қолданысы. Мысалы, Оспанның қырқына жиналған ел топ-топ болып орналасты (М.Әуезов). Оқушылар бүл тоқсанды жақсы аяқгады (газеттен).
Етістіктен заттықүғымға көшкен сөздер көп: туған-туысқан, туыс, жасаған, жаратқан, бойжеткен, атқамінер, күн қақты, ауызашар, қолкесер, қолүздік, жанкүйер, алТыатар, нақсүйер, антүрған, жиған-терген т.б. Қолданыстағы жағдайы. Мысалы, Әміре пешпент қалтасындағы алтыатарды суырып алып та үлгерді (Қ.Жармағанбетов). Жаратқанға жалбарынған несібесіз кдлмайды (газеттен). - Ойнар көбейсін! - Сауық молайсын! (М.Әуезов).
№18 лекция.
Тақырыбы: Синтетикалық сөзжасам тәсілінің ерекшелігі. Сөзжасам жұрнақтарының мағыналық сипаты.Синтагматикалық және парадигмалық қатыстылығы
Сөзжасам жұрнақтарының әуелгі лексикалық мағынасы мен грамматикалану тарихы. Сөзжасамдық мағына туғызудағы негіз бен жаңа сөз туғызушы жұрнақтың рөлі.
Синтетикалық сөзжасамның сөздік құрамды дамытудағы рөлі, маңызы.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.Оралбаева Н. Сөзжасам – А.,2002 ж
2.Қордабаев Т. Түркология және тіл білімі – А.,1999 ж
3.Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі – А.,1992 ж
4.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы – А.,1988
5. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – А., 1993
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық; дегендерге егін, өнім, білім, сәнкрй деген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де - лексикалық мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болған, өйткені лексикалық, мағыналы сөзсіз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сондықтан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның кұрамындағы негіз сөзге байланысты болады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болатындықтан, оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалық тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол-жалпы сөзжасамға катысты калыптасқан, толық, қатал сақталатын зандылық.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалган туынды сөздің мағынасы байланысты болатындыктан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалык мағынасы - өну әрекеті арқылы шыкқан заттың аты. Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.
Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі казақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда канша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің қүрамынан үяның негіз сөзі орын алады да, ол үядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.
Туынды түбірдің қүрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті шарт саналуы оның туынды түбірдін лексикалық мағынасын жасауға кажеттілігіне байланысты.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрңақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жүрнақ жасайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.
Сонымен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан түрады. Мысалы, өнерпаз>өнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқгы барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жүрнақтан тұрады.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жүрнақ екінші орында тұрады.
Туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың орны тұрақты.
Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.
Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық мағына жасау. Сондықтан көпшілік сөзжасамдық жүрнақтар лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жүрнагы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.
Сөзжасамдық жұрнақтардың көбі осылайша жаңа лексикалық мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды қалыптастырған.
Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботақан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.
Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған.
Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,
2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жүрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқты туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнқой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жүрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған.
Мына туынды түбірлердегі жұрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, үзар, ақта, жина т.б.
Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жүрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.
Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықгырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықтан тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де - туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір санынан бастап, миллион, миллиардкд дейіңгі күрделі сан атаулары -сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу - туынды сөзге кедей сөз табы.
Бұл есім сөздердің бәрінің де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді, сонымен бірге олардың сөзжасамдық кабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол түрлілік әр сөз табының сөзжасамында сөзжасамдық төсілдердің түрлі қызмет атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің түрлілігіне, олардың құрамына, мағынасына, шындық өмірмен байланысына т.б. осы сияқты түрлі себептерге байланысты.
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын карауды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етсе, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім өз кұрамын үнемі туынды сөздермен толықтырып отыратын сөз табы болса, сан есім өз құрамын.Омаров).
