- •1. Аманжолов с. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж
- •4. Жолдасбеков м. Асыл арналар. А., 1990ж
- •5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •1. Аманжолов с. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж
- •3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
- •5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
- •4. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •1.Ибатов а. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) а., 1983ж
- •2.Керімұлы ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж
- •3. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
- •19 Лекция
- •3. Ибатов а. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) а., 1983ж
- •4.Керімұлы ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж
- •5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
3. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988
4. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз болған. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны бұдан әлдеқайда көп. Көне түркі дауыссыздарының қолданылу позициясы қазақ тілі дауыссыздарымен бірдей бола бермейді. Кейде бірған дыбыстың қолданылу орнына қарай әр қилы өзгеріске түскенін байқауға болады. Оның үстіне көне түркі дауыссыздарының әр түрлі түркі тілінде әр түрлі көрініске ие болғаны тағы бар. Мұндай өзгерістердің бәрі де жеке дыбыстардың қолданылу жүйесін салыстырғанда ғана байқалады
Көне түркі тілдерінде сөздің басында ғ-г дыбыстары жұмсалмаған. Бірақ, сөз соңында жиі айтылған: аңдағ, тег, т.б. Қазақ тіліндегі ғ-г дыбыстарымен салыстырғанда, айырмашылық байқалады. Ең алдымен қазақ тіліндегі көп сөздердің абсалют басында ғ-г дыбыстары айтылады: гүл,ғашық,ғұрып,ғұмыр, т.б. Төркінін байқасақ, ондай сөздер араб-парсы тілдерінен ауысқан болып отыр. Олай болса қазақ тіліндегі сөздердің басындағы ғ-г сыртқы әсерден, басқа тілдерден ауысқан сөздер құрамында қалыптасқан дыбыстар.
Тегі жағынан көне түркі тіліндегі сөз ортасы мен сөз соңындағы ғ-г екі басқа дыбыс. Сөз ортасындағылар қатаң дыбыстардың көрінісі (аллофоны) де, сөз соңындағы дербес фонемалардың өзара ықпалдасу заңдылығының нәтижесі емес.
Көне түркі тілінің осы дыбыстарының қазақ тіліндегі көрінісі мүлде басқаша. Олай екенін көне түркі тілінде қолданылған мына сөздерді салыстырудын байқаймыз: қағун.сарығ, кайғұқ, тағ бұзағу, т.б. қазақ тілінде қауын,сары,қайық,тау,бұзау т.б. түрінде дыбысталады. Көне түркілік осы сөздер біздің тілімізде сол мә-мағынасында сақталған. Бірақ, бір ғана өзгеріске ұшыраған. Ол өзгеріс қ-ғ дыьбыстарына байланысты.
Р дыбысы түсіріліп айтылатын сөздер қазақ тілінде көп емес. Беркіт-бекіт. Бірақ тарихи тұрғыдан р түсірілуі арқылы қалыптасқан фактілер едәуір ұшырасады. Мысалы, түрікмен, азеобайжан тілдерінде аслан, қазақша арыстан. Осы ізбен ала+туру+аладур-ала+ды формуласы әбден дәлелденген. Р дыбысы көне түркі тілінде сөз ортасында, әсіресе сөз соңында, қосымшалар құрамында жиі қолданылған, бірақ ол тілде бірде-бір сөз осы дыбыстан басталмаған. Сөздің соңғы шенінде р дыбысы еліктеуіш сөздер құрамында қатаң дауыссыздармен бір тіркесте айтылған.Осы жай қазіргі қазақ тілінде де сақталған: жарқ, сарт, т.б. Зерттеушілер мұндай позициядағы Р дыбысы жартылай дауыстымен бір тіркесте айтылған, сонда жоғарыда келтірілген сөздер көне түркі тілінде екі буыннан тұрған. (жа-рық) деп қарайды. Сөз ортасында Р үш түрлі қолданылған. 1) екі дауысты арасында,2)дауыссыз дыбыстан кейін: теңрі,соңра, 3) бірінші буынның соңғы дыбысы болады: арқа,қарға, т.б.
Н дыбысы түркі негіз тілінде сөз басында бірен-саран сөз құрамында ғана байқалады. С.Е.Маловтың көрсетуінше, Орхон-Енисей жазбаларында – н дыбысынан басталған сөздердің көпшілігі сырттан енгендер. Осыған қарағанда көнелік Н дыбысынан басталатын сөздер соншалық көп болмаса керек.
Қазіргі түркі тілдерінде бұл дыбыс сөздің барлық шенінде актив қолданылатын дыбыстардың қатарына жатады. Н дыбысының сөз баында айтылуыайрықша комбинаторлық өзгерістің нәтижесі: сөз басында н айт, иіт сөздерінің құрамындағы й дыбысымен негіздес.
Көне түркілік сөз басында айтылмайтын дыбыс – Ң. Бұл дыбыс көбінесе сөз ортасында, сөз соңында ғана айтылады. Түркі тілдерінің тарихын зерттеуші ғалымдардың көпшілігі сөз ортасында айтылатын ң дыбысы нг (кейде нғ) дыбыс тіркесінің жаңа көрінісі, соның фонетикалық ықпалдасуының нәтижесінде деп қарайды. М.Ресянен монғол тілдері мен түркі тілдері арасында (монғол) нғ (түркі тілдері) ң сәкестігін көрсетеді. Қазақ тіліндегі қоңыр сөзі монғол тілінде қонур түрінде айтылады. Қазіргі қазақ тілінде мынадай құбылыс байқалады: сөз ортасында қ,к,ғ,г дыбыстарының алдында ң дыбысы айтылады. Мыс; жаңғыз, жаңка,Жоңғы т.б.Қорыта келе бұл құбылыстардың бәрі дыбыс алмасуларының әсері екедігін айтады.
№9лекция
Тақырыбы: Сингормонизм заңы.Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынана туындайды. Сингорманизм түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен мағына жасаушылық қызметі. Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үйлесуі, тарихи даму көрінісі. Ассимиляциялық даму нәтижесі мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері, негізділігі. Диссимляция. Тілдегі әртүрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың тарихи пайда болу себептері. Протезалық, эпентезалық дыбыстардың тіл дамуының бастапқы кезеңінде сөз мағынасының өзгерушілік қызметі. Дыбыстардың конвергенциясы мен дивергенциясы. Ықпалдың түрлері, тарихи себебі. Фузиядағы дыбыстардың бір-бірін ықпалы, үндесуі. Аккомодация құбылысының тарихи сипаты. – П фонемасының у-ға айналуы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988
2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
3. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж
Тақырыбы:
Пайдалынатын әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988
2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
3. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж
4.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988
Сөз құрамындағы немесе сөздердің аралығында бірі екіншісіне көршілес келген дыбыстардың біріекіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция депаталады. Ассимиляция деген термин латынның «ұқсаудеген мағынаны беретін деген сөзінен шыққан. Ассимиляция морфемалардың жігінде көрші келген дыбыстардың (дауыссыздардың) акустика-артикуляциялық жоқтан бір-біріне ұқсап бейімделуіне негізделген. Тілімізде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үшке бөліп қарастырылады:
Прогресивті ассимиляция.
Регрессивті ассимиляция.
Тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал немесе прогрессивті ассимиоияция тіліміздің табиғатын танытатын өте күшті негізгі заң екені белгілі. Бүл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың дауыссыз дыбысына ықпал етіп, өзіне ұқсатып бағындыруы жүзеге асырылады. Мұнда қосымшаның алғашқы дыбысы өзінің алдында тұрған түбірдің соңғы дыбысына бағындырылады. Прогрессивті ассимиляция мынадай жерлерде кездеседі:
1. Үнді дауыссыздарға немесе дауыстыға аяқталатын сөздер өзінен кейінгі қосымшаның тек үяң немесе үнді дыбыстан басталуын талап етеді. Мысалы: жол-дың, жол-ға, же-де, жер-ді, жер-ден, жер-мен, ана-ны, ана-ға, т.б.
Алайда қатаң дауыссыздардың ішінде с мен ш бүл заңға көнбейді: жол-сыз, жол-шы, жер-сіз, жер-шіл. Өзгелік етістіктің т жүрнағы да л, н, р, й, үнділеріне аяқталған етістіктерге жалғана алады: сарғай-т, жөнел-т, ойлан-т, ағар-т. Ал осы дауыссыздарға біткен сөздердің кейінгі сөз қ, к, қатандарынан басталатын болса, бүл дыбыстар өзінен бұрынғы сөздедің соңындағы үнді дыбыстылардың прогрессивті ықпалына үшырап, ұяңданып кетеді: малғора (мал қора), кітабымғайда (кітабым қайда), таңғалды (таң қалды), айғарады (ай қарады), тауғайда (тау қайда), т.б.
Регрессивті ассимиляция, оның кездесетін орындары.
Бір сөз көлемінде бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляциялық жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз.
Регрессивті ассимиляция немесе кейінді ықпал да прогрессивті ассимиляция сияқты бір сөз көлемінде де, сөздер аралығында да кездесе береді.
Регрессивті ассимиляция мынадай жерлерде жиі үшырасады:
Дауыстьщан басталған қосымшаның ықпалынан сөз алдындағы қ, к, п, қатаң дауыссыздары өздері жұптас үяң дауыссыздарымен алмасады (қ г ғ, к г г, п г б) тарақ+ы-тарағы, жүрек+і-жүрегі, қап+ы-қабп, т.б.
Мұндай жағдай екі сөз аралығында к, к, п қатаңдарының үяңдануы жүреді: үй-қонақ үй, керек еді-керег еді, қап алды-қабалды, көк өгіз- көг өгіз, т.б. Осы екі сөз аралығында кезең жазуда елейнбейді. Ескерту: Қазақ (п) бала дегендегі п жүрнағы негізгі сөздің соңғы қатаң қ дыбысын үяңдата алмайды. Сонымен қатар оның бөркі,сенің көркің, орфографияның принципі дегендегі тәуелдік жалғауы к, п, дыбыстарын үяңдатып түрған жоқ. Сөздің мағынасы мен грамматикалиқ түлғасын айқын аңғарту қажет болғандықтан, осындағықатаң дауыссыздар ұяңдай алмайды деп қорытынды жасауға болатын сияқты.
Қосымша басталатын дауыстының ықпалынан түбір сөз алдындағы п қатаңы у сонорымен алмасады. Мысалы:тап+ып-та-уып, шап+ып-шауып, теп+пі-теуіп, т.б.т
3)Түбірдің соңғы н дыбысы б, п, дыбыстарының алдынан келсе, н дыбысы айтылуда өзгеріп, м дыбысына айналады, ал жазуда бүл ескерілмейді. Мысалы: Сен+бе- сенбе, Құрманбек-Құрмамбек, т.б.
Билабиаль б ұясынан басталған қосымшаның ықпалынан сөз аяғындағы тіл алды н соноры айтылуда билабаль м сонорымен алмасады: сөн-беді-сөмбеді, жанбады-жамбады, қанбады-қамбады.
Мұндай жағдай екі сқз аралығында да болады. Он бір-ом бір, он бес-ом бес, т.б. Бірақ жазудамүны елемейміз.
Ғ, г, қ, к, дауыссздарының ьасталған қосымшаларының ықпалынан сөз аяғындағы н соноры айтылуда тіл арты ң сонорвмен алмасады: нан-ға-наңға, сөн-ген-сөңген, түн- гі-түңгі, көн-гіш-көңгіш, т.б.
Ш дыбысынан басталатын қосымшаның әсерінен түбір сөздің аяғындағы с, з, ызыңдары ш ызыңымен алмасып айтылады. Мысалы: колхоз-шы-колхошшы, бас-шы- башшы, қос-шы-қошшы, т.б. Бірақ жазуда бұл ескерілмейді.
С қатаңынан басталатын қосымшаның ықпалынан түбір сқз аяғындағы з үяңы айтылуда с қатаңымен алмасып айтылады: жаз-са-жасса, сез-сін-сессін, жүз-сін-жүссін, т.б. Бүл қүбылыс жазужа ескерілмейді.
Кей жағдайларда алғашқы сөздің аяғындағы з үяң дуыссызы екінші сөздің алғашқы ж дыбысының әсеріненж болып алмасып айтылады: боз жүгері-бож жүгері, Боз-жігіт-Божжігіт, т.б.
Алғашқы сөздің соңғы дыбысы қ, к, п, дыбыстарының бірі болып, одан кейінгі сөздің бастапқы дыбысы үяң немесе үнді дауысты дыбыс болса, онда бүл үш қатаң дауыссыз да үяңданып айтылады. Мысалы: көк дөнен- көгдөнөн, ақ ешкі-ағешкі, кқп жер-көбжер, керек екен,- керегекен.
Регрессивтік ассимиляция қырғыз тілінің маманы И. А. Батманов ол тілдегі көне заң ескіліктің қалдығы деп түсінеді. (Фонетическая система современного киргизского языка. М. 1946, стр-70). Бүл пікір-назар аударуды керек ететін пікір. I. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың айтуынша «Қазақ тілінің фактісі ассимиляцияның қай түрі болса да өзінің генезисі жағынан тілде терезесі тең құбылыс екенін анықтайды. Белгілі-бір құбылыстың өзге құбылыстан азырақ кездесуін үнемі көнеленудің белгісі деп түсінуге болмайды.
Ассимиляцияның регрессивті түрі әсіресе үнді европа тобывдағы тілдерде көбірек орын алады. Ғалымдар, үнді европа тілдерінің қамдасып түркі тілдеріне қондыра салу керек деген пікірден аулақ бола отырып, қазақ және өзге түркі тілдерінде ассимиляцияның бір тарауы дамымалы деу үшін тарихи дәлелдер қажет екенін айтады. Мәселенің бүл жағы әлі де байсалды зерттеуді керек ететіні даусыз...
Тіл дыбыстары жеке-дара айтылмай сөзішінде немесе сөздердің аралығында бір бірімөн тіркесіп өзара тізбектелген күйде қолданылатыны белгілі. Сөздердің қүрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне бірі ықпал етіп, бірімен бірі өзара үндесіп айтылады. Сөз қүрамында дауысты дыбыстардың бір бірімен үндесіп айтылатыны сияқты, дауыссыз дыбыстар да бір бірімен ықпал етіп, өзара үндесіп олардың айтылада. Дыбыстардың артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.
Сөз ішіндегі сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен бірі үқсауын үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңы 2түрі болып келетіні белгілі: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін жуан дауысты қосымшаларының келуі, жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауысты қосымшалардың келуі түрінде кездеседі (бау-лар, бақша-лар, өзен-дер, көл-дер, т.б.).
Қазақ тілі, сондай-ақ өзге түркі тілдерінің ең басты фонетикалық ерөкшелігі- снигорманизм қубылысы. Ол гректің sun-бірге жәнe harmonia-байланыс, үндесу деген сөзінен шыққан.
Түбірдегі дауысты жуан не жіңішке болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісіншө жуан не жіңішке болуы алдындағы өзімөн тетелес қосымшамен байланысты біртіндеп сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар сөздегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы. (Қазақ тілі: А. 1954ж, 159-бет.) Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты бірімен бірі үндесіп түрады.
Сингорманизм қазақ тілінің морфологиялық қүрылысымен байланысты. Қазақ тілі типологиясы жағынан агглютинативтік, қосымшалар мағыналы морфеманың түлғасын өзгертпей белгілі біртәртіппен жалғанып отырады: жаз+у+шы+лар+ымыз+ға, і+ні+лер+іміз+дің деген сөздердің негізгі мағыналы «жаз», «іні» түбір марфемаларының соңына әлденешө өзгеріп түрған жоқ. Қосымшалар белгілі тәртіппен түбір сөздеоге жалғанып оған түрлі лексикалық немесе синтаксистік мағыналар қосқанмен түбірдің о бастағы тулғасы бүзылмайды. Қосымшалардың түбір сөзге агглютинация процесі дыбыстардың гармониясы болған белгілі фонетикалық қүбылыс арқылы жалғанады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымша дыбыстары да жуан нө жіңішкеленіп айтылып түрады. Дыбыстардың гармониясы сөздегі агглютинативтік элементтердің арасын біріктіріп, тұтастырып, бір фонетикалық бүтінді жасайды. Сөз бен сөздің шекарасын айқындайды. Сөз бен сөздің шекарасын айқындау буын екпінімен де, интонациямен де байланысты болады. Бірақ оларға қарағанда сингорманизмнің қызметі өзгеше. Кейде дыбыстардың гармониясы сөз тіркесіндегі түрлі элементтердің фонетикалық жағынан байланыстырып тұруға да себепші болады.
В. Радлов пен О. Бетлингтер симнгорманизмді дауыстылардың гармониясы деп дауысты дыбыстарға байланысты қарап оны бүтін сөз көлемінде түсінген: түбір буындағы дауысты қандай болса, соған жалғанатын қосымшадағы дауысты да сондай болады деген.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сқздің соңғы буыны, соңғы дыбыстарының ауанына қарай жалғанып отырады. «Ол ауылдан көлген көзде, мен мектептен келген едім» деген сөйлемдегі «ауыл» сөзінің қосымшасы «-дан» өзінен бүрынғы буынмен үндесіп тұр. Басқаша айтқанда «ауыл» буынындағы жуан дауыстының ықпалынан оған жалғанған «-дан» қосымшасындағы дауысты да жуандап тұр, «мектеп» дөгеннің «төп» буындағы жіңішке дауыстының ықпалынан оған жалғанған «-тен» жалғауындағы дауысты да жіңішкеріп тұр.
Қазіргі қазақ тіліндегі белгілі ғалым Ә. Жүнісбеков өзінің «Снигорманизм в кзахском языке» (Алматы, 1970ж.) деген еңбегінде туркологияда сингорманизм туралы ертелі-кеш айтылған пікірлерді елеп-екшеп соны бір қорытындыға келді. Тіліміздегі босы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда:
Сингорманизмнің басты фонетикалық қызметі- қазақ (түрік) сөзінің бытында біркелкі тембрдің (фр.tembre -дыбыстың сапасы, болуы) сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Үнді-европа тілдеріндөгі фонеманың (франц. constitutit-мағына айқындаушы ) қызметін түркі тілдерінді сингорманизм (сингармема) атқарады.
Бір ғана дыбыс түрінде түсінетін т- ат, ет, от, өт сөздерінде т, т, т, т, болып төрт түрлі (езулік-жуан, езулік-жіңішке, еріндік-жуан, еріндік-жіңішке,) реңге ие болатыны белгілі. Олардың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп тур. Оларды бірінің орнына бірін қолдану сөзге зор нуқсан келтірер еді. Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқындайды.
Байырғы қазақ сөздері мынадай снигормониялық белгілерімен ажырайды.
1)жуан, езулік-жіңішке, езулік: тыс-тіс, бас-бәс.
2)Жуан, еріндік-жіңішке, еріндік: сол-сөл, жыл-төн, от-өт.
3)Жуан, еріндік-жуан, езулік: тот-тат, сүр-сыр, от-ат.
Жуан, еріндік-жіңішке, езулік: түс-тіс, от-өт.
Жіңішке, еріндік- жіңішке, езулік: түр-тер, от-ет.
Жіңішке, еріндік-жуан, езулік: түс-тас, өр-ар, өт-ат.
Бүдан Жүнісбеков тіл жіне ерін сингорманизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады. Ол Қ. Жұбановтың «Сингорманизм- грек сөзі, қазақшалағанда- үндесу деген болады! Деген сөзін келтіріп, мысалдармен дәлелдеп, сингорманизм жерде дауыстыларды ғана емес, барлық дауыстыларды, сөздерді қамтып үндестік заңына синоним болып отыр деп есептейді.
Сингорманизм-тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым.
Сингорманизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады.
Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі (лингвальдық сингорманизм латын тілінің «linguo»-тіл деген сөзі бойынша) дейді.
Қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына тәуелді болады. Түбірдің соңғы буыны жуан болас, қосымшалар да жуан буынды болады: қой-шы-лар-ымыз-ға, дала-мыз-ды, т.б.
Соңғы жіңішке буынды болып келетін түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: төр-іміз-де, көл-дер-де, т.б.
Тілімізде түбірдің соңғы буынына тәуелсіз буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшалар да бар. Олар:
-бан: мейірбан, бағбан.
-гер: қаламгер, саудагер, майдангер.
-дар: білімдар, хабардар, қарыздар.
-еке: басекө, Асеке, ат(а)еке.
-жан: ағажан, көкежан, Зәурежан.
-кент: Шымкент, Құмкент, Сүткент.
-қар: күнәқар, кінәқар.
-кер: айлакер, сәулеткөр.
-кеш: арбакеш, түйекеш.
10. -көй,-гөй: ақылгөй, батагөй, жәдігөй.
11. -күнем: маскүнем, пайда-күнем.
-қыт: сән-қыт, кәсіп-қыт, даңқ-қыт.
-қор: жемқор, бейнетқор, мансапқор.
-мар: ділмар.
-нікі, -дікі, -тікі: баланікі, менікі, студенттікі.
-паз: өнөрпаз, әсемпаз.
-пен, -бен, -мен: өнермен, шабытпен, қағазбен.
17. -стан: гүлстан, Тәжікстан, Өзбекстан.
18. -тал: сезімтал, өзімтал.
19. -уар. Сөзуар, тілуар.
20. -хана: кітапхана, емхана.
Сөздің соңғы буынына бағынбайтын бул қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген немесе әлі қосымшаға айналып алмаған (сөз бен қосымшаның аралығындағы) тілдік элементтер деуге болады.
Тіліміздегі қосымшалар орыс тілінен енген сөздердің де соңғы буынына сәйкес жуан не жіңішке жалғанады. Алайда орыс тілінде буындардың жуан нө жіңішкелігі көбінө дауыссыздарға байланысты болады да, оларды айыру оңай бола бермейді.
соңғы дыбыстары ог, уг болып келгөн сөздер мен рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль, сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке жалғанады. Мысалы: паркке, банкке, пунктке.
X әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әр уақытта жуан түрдежалғанады: цөх-тар, штрих-тар.
Жазу практикамызда сингорманизмге заңдастырылғанымен, орфографиялық норма екінші буында ә дыбысы кездесетін сөздерге қосымшалар нкжуан буынды болып жалғануын қостайды: Күләш-қа, Күләндаға, Ілиясқа, Әлиядан.
Қорыта айтқанда үндестігі- тіліміздегі ең күшті фонетикалық заң. Кейбір азырақ ауытқулар бұл заңға нұқсан келтіре алмайды.
Ерін үндестігі- дауыстылардың бір сөз ішінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып үйлесіп келуін ерін үндестігі (лабиальді аттракция) дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: көбөлөктөрді, түлкүлөрді.
Ерін үндестігі негізінен алтай, қырғыз тілдеріне тән.
Тіл дамуының кейінгі кезеңдерінде, сез құрамы күрделеніп, тілдің жалғамалылық жүйесі (агглЮтинация) қалыптаса бастаған кезеңде, алғашқы екпін түскен, буын (бір буынды түбір) кейінгі буындарға доминант болды. Қейінгі буындар алдыңғы буынның сапалық ерекшелігіне бағынды. Бұл даму барысында сингар-монизм (дауыстылар гармониясы) заңдылығының қалыптасуы-на алып келді1. Егер мәселеге осы тұрғыдан қарасақ, сингармо-низм заңыньщ шығуы мен қалыптасуы екпіннің алғашқы орны жайлы мәселемен тығыз байланысты болады. Зерттеушілердің біразы сингармонизмнің шығуын сөздің мағыналық тұтастығын белгілеуден туған деп қарайды2. Егер сөз қүрамындағы буын-дардың езара ыңғайласып, бір фонетикалық комплекске бірі-гуінін белгісі — сингармонизм қүбылысы десек, онда бұл екі пікір бір-біріне қайшы емес, қайта бірін-бірі толықтырады.
Дауыстылар гармониясы заңдылығы екі жағдайда: жуан дауыстылардан соң жуан жіңішке дауыстылардан соң жіңішке дауыстылардың айтылуынан көрінеді. Мұны ғылыми әдебиеттер-де палатальдық гармония деп атайды. Кене түркі тілінде дауыс-тылардьщ жуан-жіңішке үндесуі сөздің басынан аяғына дейін сақталады. Ерін дауыстылардың үндесуі (лабиалдық гармония) туралы кейбір ерекшеліктерді ескеру керек болады. Ен, алдымен, қазіргі түркі тілдерінде лабиалдық гармония заңдылығының таралуы бір қалыпты емес. Түркі тілдерінің көпшілігінде дауыс-тылардьщ еріндік үндесуі жүйеге түспеген. Мысалы, қазақ ті-лінде еріндік үндесу екінші буыннан аспайды, кейінгі буындар-да көмескіленген, сондықтан жазуда ескерілмейді. Ал, түркі ескерткіштері тілінде сез құрамында еріндік үндесудің біркелкі келетін жүйесі сақталмаған. Ол тілде бір сөзде бірінші буында-ғы ерін дауыстының кейінгі буындағы* дауыстыға ықпалы. болса, екінші бір сөзде ондай ықпал байқалмайды: буцсуз, суц-сыз. Онан соң, кейінгі буындардағы дауыстыларға бірінші буын-дағы ерін дауыстысының ықпалы оның сапасына қарай болып отыратыны байқалады. Енисей ескерткіштерінде кейінгі буында-ғы ы, і дауыстылары басқы буындағы еріндік дауыстының ықпалымен еріндікке айналады. Бірақ осы позициядағы ашық дауыс-тылардың еріндік ықпалға ұшырауы кездеспейді3. Қысаң дауыстылардың басқа түрлерінің осындай позицияда лабиализа-цияға ұшырауы жүйелі емес.
№14 лекция
Тақырыбы: Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі.
Ежелгі бір буынды тұлғалардың сипаты туралы ғылыми пікірлер.
Сингармониялық варианттар мен параллельдер, зерттелу жайы. Екпін.Екпіннің түрлері, орны, сипаты.
Сөз мағынасын өзгертуге әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер.Орфография мен графика. Графика туралы түсінік.
Көне түркі жазуы. Жазу – мәдениет көрсеткіші.
Арамей жазуы мен көне түркілік жазу арасындағы сабақтастық.
Қазақ жазуының тарихы туралы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж
2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж
3. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж
4. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж
5. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж
Сөздің буын құрамы жайында әңгімелегенде, назар аударарлық жағдай – буындардың фонетикалық сипаты. Буынның тұрақталған тарихи фонетикалық сипатына қарап, сөздің байырғы түбірін сөздің негіз құрамынан ажыратуға болады.
Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде, буынның негізгі екі түрі кездеседі:
Ашық буын
Бітеу буын.
Бұдан басқа , тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі де бар.
Алтай тілдерінде, соның ішінде түркі тілдерінде сөздің буын құрамы қандай фонетикалық сипатта болды? дейтін мәселе жөнінде әзір бір тоқтамға келу қиын. Алтай тілдері жайлы әдебиеттерде бұл мәселеге екі түрлі көзқарас бар. Екі көзқарас өкілдері де өз дәлелдерін, өз байламдарын ұсынады. Бұлардын әр қайсысына жеке-жеке тоқталған мақұл. Н. А. Баскаковтың айтуынша, осындай буындардан құралған сөздердің ішінде ең байырғысы бітеу буын түрі де, қалғандарының бәрі осы түрдіц әр түрлі модификациясы. Бұл ретте қазіргі түркі тілдерінің құрамында сақталып қалған кейбір сөздердің ескі формалары жә-не көне дәуірде қолданылған жазу түрлерінің бәрі де сөздің фонетикалық сипатын түгелдей бере алмағандығы еске алынады. Айталық, қазіргі түркі тілдерінін бірсыпырасында су, кейбірінде суғ түбірі кездеседі. Сол сияқты, йу, жу//йуғ, сы, сын//сырын т. б. Сонда осы көрсетілген сөздердің қай варианты ескі? Әрине, дауыссызға дауыссыз болғанда да тарихи «әлсіз» деп есептелетін дауыссыздарға біткен варианттарын ескі деп қарауға тура келеді. Олай болса, көне түркі тілі ескерткіштерінің кейбірінде кездесетін ды, су, бі (қазақ — бие), йу тәрізді дауыстыға біткен екі дыбысты түбірлерді жаңарған (әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшыраған) түрі деп қарау әлдеқайда дәлелді болмақ.
О баста «әлсіз» дауыссызға біткен түбірлердің соңғы дауыссыз дыбысы не алдыңғы дауыстыға үласып созылыңқы дауысты құраған немесе түгелдей жойылып кеткен. Ал, созылыңқы дауыстылар кеп тілдерде әдеттегі дауыстыға айналған, немесе жойылып кеткен. Осыдан барып дауыссыз-дауысты дыбыстардан ғана құралған түбірлер пайда болған деп қарауға әбден болады.
Бұл теорияны ұсынушылар де//те, же//йе тәрізді етістіктер де о баста й дауыссызына біткен деп есептейді. Яғни ле/те етістігінің алғашқы түрі тей, же етістігінін. алғашқы тұлғасы жей. Олар ұйғыр, ноғай тілдерінде осы етістіктерден жасалатын қимыл есім формалары дейін, жейін түрінде, қазіргі түркі тілдерінде айтылатын есімдік Махмуд Қашқари сөздігінде нен сол сияқты бірсыпыра түркі тілдерінде бу түрінде айтылатын есімдік кейбір тілдерде (қазақ, қарақалпақ) бұл түрінде қолданылатынын да дәлел ретінде келтіреді.
Сонымен, түркі сөзі ең алғашқыда үш дыбысты түбірден (дауыссыз — дауысты — дауыссыз) жасалған деп қарайтын көзқарасты ұсынушылар екі дыбысты (дауыссыз — дауысты) түбірлердің көне түркі ескерткіштерінде кездесуін соңғы «әлсіз» дауыссыздардың (р, л, н. ғ) алдыңғы дауыстымен үласуынан, сөйтіп, созылыңқы дауыстының тууынан (кейбір тілдерде олар қысқа дауыстыларға айналған), немесе сол дауыссыздың түгелдей түсіп қалуынан пайда болған деп есептейді. Мұндай түбірлер (дауыссыз — дауысты — дауыссыз) басқы дауыссызы түсіп қалуы да кездеседі. Мысалы: оңтүстік тілдердегі ол//бол. Кейде байырғы буынға (түбірге) сөз жасаушы элементтердің қосылуы арқылы да буын күрделенеді. мысалы, айт, қайт (соңғы т.), оларды айқай, щайыр сөздерімен салыстырғанда алдыңғы түбірдегі т дыбысының жоқтығын көруге болады. Н. А. Баскаков ұсынған пікір көп ыңғайда кене түркі тілдерінің материал-дарымен де деңгейлесіп қалады. Батмановтың зерттеуінше, Енисей жазуыныд ескерткіштерінде дауысты — дауыссыз түрімен қатар дауыссыз — дауысты — дауыссыз сипатты түбірлер бар да, бүлардың ішінде соңғы түрі өте кеп кездеседі1.
Түркологияда, сонымен бірге, дауыссыз — дауысты буыннан тұратын сөздер ескі болуы керек дейтін де болжам бар. Мұндай болжам авторлары мынадай фактілерге сүйенеді: қо+(й), қо-}-(зы), қо+қошақан), кө + з—(двойств. число) т. б. Сондай-ақ, ба (байлау), су (әскер) тәрізді көне түркі материалдарын да осыған жатқызуға болады.
Қөне түркі түбірі екі дыбысты ашық буыннан түрған деп есептейтіндердің бірі поляк ғалымы Қотвич орыс тілінде «Иссле-дование по алтайским языкам» деген атпен басылған зерттеуінде қазіргі алтай тілдеріндегі (түнғыс — манжур, түркі, монғол) түбірдің фонетикалық құрамын салыстыра келіп, тұнғыс тілде-рінде екі дыбысты ашық буыннан тұратын түбірлердің көптігін, ал түркі мен монғол тілдерінде екі дыбысты ашық буыннан және үш дыбысты бітеу буыннан құралатын түбірдердің ара салмағы шамалас екенін айтады. Бұдан ашық буынды түбірлер қалайда байырғы болуы керек дейтін қорытынды шығады, Олай болса, екі дауыссызға бітетін бітеу буыннан тұратын түбірлердің пайда болуын қалайша түсіндіруге болар еді?— дейтін заңды сүрақ туады. Екі дыбысты ашық буынды түбір теориясын жасаушы-лар, оның ішінде Котвич, монғол мен түркі тілдері материалдарын тұнғұс-манжур тілдерімен салыстыра отырып, содғыларда мұндай сипатты түбірлердің бүтіндей кездеспейтіндігін айтады. Олай болса түркі тілдері мен монғол тілдерінде бір фонетикалық сипатта, бір мағынада қолданылатын қырык, — қырға, шаш — сачу (етістік) тәрізді параллельдердің бірінде екі буынды, бірін-де бір буынды болуын қалай деп қарауға болар еді? Қотвичтің айтуынша, түбірдің мұыдай сипаты алтай тілдеріне жат еді, сондықтан қалайда бүдан құтылуға тырысты. (Мүмкін түнғыс тілдерінің езгешелігі осының салдары болар). Сол себептен және екі дауьіссыздың қосарлануынан құтылу үшін түркі-монғол тілдері қатар айтылған екі дауыссыздың арасына дауысты қойып айтуға, немесе ең соңына дауысты дыбыс қосып айтуға тырысты. Қазіргі тілдердің фактілеріне қарағанда, монғол тілдері соңғы тәсілді пайдаланғанда, түркі тілдері алдыңғы тәсілді қолданған.
№15 лекция.
Тақырыбы: Тарихи сөзжасамның зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті, сөздік құрамды дамытудағы маңызы мен ролі. Сөзжасамның негізгі заңдылықтары.
Сөзжасамның түркі тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі зерттелуі жайы.
Тарихи сөзжасамның негізгі ұғымдары, әдістері. Туынды сөз. Туынды сөз мағынасының қалыптасуындағы уәждеме мәселесі.
Атау теориясы туралы. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамдық мағына. Этимон түбірлер – сөзжасамдық тұлға. Сөзжасамдық макро және микросемалар.
Сөзжасамдық мағынаның дамуындағы көп мағыналық пен синонимияның, антонимияның өзіндік ролі. Түбір мен негіз. Негіздің уәжі, уәжделеу.
Түбірдің архисемасы, түбірлес сөздер мағынасындағы ортақ сема, өзек сема, негізгі сема, арнайы сема. Атау мағынасы, семалық дәрежесі. Туынды сөздегі номинативтік белгі.
Пайдалынатын әдебиеттер:
