Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-грамматика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722.94 Кб
Скачать

1. Аманжолов с. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

2.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

4 КеңесбаевІ, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988

5. Қордабаев т., Томанов м Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Жалпы түркілік консонантизй мынандай принциптер бойынша әр түрлі топтарға жіктелінеді: жасалу орнына қарай (ерін-дік, тіс, тіс-ерін, тіл арты, тіл алды, көмей, тіл ортасы), дауыс-тың қатысына қарай (үнді, ұяң, қатаң), айтылу жолына қарай (шұғыл, ызың)1.

Дыбыстардың қатаң және ұяң оппозициясы түркі тілдерінің барлығында дерлік сөздің кез келген шенінде байқалады. Мы-салы: бақа — баға, қашық — ғашьщ, күл — гүл т. б. Алайда, дауыссыздар қатаң-ұяң болып жарыса келгенде(бірдей фонема-лық мәнмен байланысты болып отырмайды.

Түркі тілдерінін, тарихи фонетикасын зерттеушілердің біра-зы сөз басыңда ұяң дауыссыздардың қолданылуын жалпы түркі-лік масштабта түркі негіз тілінің ыдырау дәуірінде орныққан құбылыс деп есептейді2. Сөздің абсолют басындағы қатаңдардьщ ұяңдауы, сөйтіп бүл позицияда үяң дыбыстардың пайда бо-луы — қатар айтылған екі сөздін, алдыңғысының соңрыс;ына әсе-рі (сандхи заңдылығы) деп қаралады. Қалайда сөздің абсолют басьшда қатаң дыбыстардың айтылуы түркі тілдері тарихында-ғы ете ескі, ежелгі кұбылыс болса керек. С. Е. Малов жіктеуінде қатаң дауыссыздардың қолданылуы тіл қүрамындағы ежелгі заңдылықтың, сипаттың сақталуының белгісі деп қаралғандығы мәлім. Әрине, Малов пікірі де бүгінгі түркі тілдері фактілерін ежелгі жазбалар тілімен салыстыруға негізделіп, олардын, ара қатынасын пайымдаудан туған. Қазақ тілінде осы процесс түгел жайылмаса керек. Жоғарыда келтірілген материалдарды еске алсақ, қазақтың байырғы сездері құрамында анлаутта ұяңдар-дан гері қатаң дауыссыздардың айтылуы жиірек. Бұл әсіресе қ, ғ, к, г, т, л, с, з дыбыстарыньщ қолданылуына қатысты. Мына темендегі мысалдарға назар аударайық: тег (ти), таш (тас), ташру (тыс), саб (сөз), сайу (сайын), қабыш (қабысу, жалға-су), қадын (қайын), қалын (щалыц), қамыш (қамыс), күмүш (күміс), кед (кій) т. б. Бұл сездердің бәрі де қазақ тілінде бас-қы қатаң дауыссызды сақтап қалған. Осымен байланысты, орта ғасыр авторларыньщ бірінің сол заманғы .түркі тілдерінде қа-таң, ұяң дауыссыздардың қолданылуы жайлы ескертпелерін келтірудің артықтығы жоқ. Орта ғасырлық «Китаб терджума фарси у турки у моғоли» авторы сол заманғы түркі тілдерін «біздің жақтың түрктері» және «түркстандық» деп бөледі. Оның себебінің бірі, кітап авторының баяндауына қараранда, сөз басында қатаң, ұяң дауыссыздардың қолданылуы. «Біздің жақ-тың түрктері» тілінде, автордың айтуынша, сөз басында л ұяң дыбысы қолданылған да, «түркстандықтар» тілінде осы пози-цияда т дыбысы айтылған: діш, тіш, діл, тіл, дірік, тірік. Мелио-ранский «Терджуман...» авторының осы тәріздес ескертпелерін келтіре отырып,- автордьщ айтып отырғаны шығыс тайпалары мен оңтүстік тайпалары тілінің арасындағы айырмашылық деп түйеді. Сонымен қатар. Мелиоранский «терджуман» авторынын «біздің жақтың түрктері» тілінде де кейде г мен д дыбысының қатарласа қолданылатындығы жайындағы ескертпесіне Ьол за-манғы шығыс тайпа тілдері дыбыс жүйесі мен оңтүстік тайпа тілдері дыбыс жүйесі арасындағы өзара ықпалдың көрінісі се-беп болса керек1.

Қьісқасы, сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдау процесі орта ғасырларда-ақ орныққан құбылыс. Бұған дәлел Махмуд Қашқари сөздігінде де кездеседі. Қашқари батысқа қарай орналасқан тайпа тілдерінде ұяң дауыссыздардың қолданысын көрсетеді. Мұның бәрі де қазақ тілінін, дербес халық тілі болып қалыптасуына дейін болған өзгерістер.'Алайда, қазақ тілінде, жоғарыда айтылғандай оңтүстік-батыс тілдерімен салыстырғанда, қатаң дауыссыздардың қолданылуы басым. Әрине, қиыр шығыстағы түркі халықтары тілдерімен салыстырғанда, қазақ тілінде кейбір қатаңдардың үяңдауы байқаладң. Мысалы, қазақ тілінде бау, бақ, балык, бес, балта сөздері хақас, шор тілдерінде қатаң п дыбысымен айтылады. Дегенман, қазақ тілінде көне түркі сөздерінің кейбірінің қатаңдауы да байқалады: пыш (ақ) — көне түркі тіліндегі түбір быч, піс,пісір, пісіру — көне түркі тіліндегі түбір быш. Сондай-ақ піл сөзі қатаңмен айтылады да, осы түбірден жасалған сың есім б ұяң дыбысымен қолданылады: білдей. Сөз соңында ұяң дыбыстардың қолданылуы да түркі тілдерінде бірдей емес. Алтай, шор, хақас, якут тілдерінде .сөз со-ңында тек қана қатаң дауыссыздар айтылады. Ал, бірсыпыра түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, бұл позицияда ұяң.' дардан гері қатаңдар кебірек қолданылады, Қейбір тілдерде сөз соңында қатаң не ұяң дыбыстардың айтылуы сәз мағынасын айқындайды. Мысалы, түркмен ғаз (қаз), қас,: ғыз, қыз т. б.

Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз фонема бар. Олардык қайсысы да бүгінгі тіліміздің нормасы түрғысынан фонемалық мәнге ие болады. Алайда, соған қарап сол 26 фонема түгелдей қазақтық, не жалпы түркілік дыбыс деп қарауға болмайдьь

10 лекция

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар жүйесі, дамуы. Ол туралы түркологиядағы пікірлер.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі мен олардың қазіргі қазақ тііліндегі көрінісі, ерекшелігі, айырмашылығы. Басқа түркі тілдерінен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы, дауыссыз дыбыстардың әуелгі қалпы туралы ғылыми көзқарастар.

Аффрикат дауыссыздар. Аффрикат дыбыстардың қалыптасу кезеңі мен жеке фонемаларға жіктелу сипаты. Зерттелу тарихы.Аллафондық даму нәтижесінде жасалған фонемалар, генезистік ерекшелігі мен сипаты.

Қандай бiр тiлде болсын, дауысты дыбыстар ға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Оқулықтарда оның саны – 26. Фонетиканың бас оқулығы - "Қазiргi қазақ тiлiнде" мынадай 26 дауычссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, щ, ш, қ, ң

Қазақ т3л3ндег3 дауыссыз дыбыстарды Н.Ильминскийден бастап, 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кейбір сөздіктерде қ,ғ мен к,г арқылы берілетін жайттар да кездеседі. Сондай –ақ А. Байтұрсынұлы,Х.Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.

Ә.Жүнісбеков көрсеткендей в,ф,х,ц,ч дыбыстар негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында І.Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в,ф,ч,х фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады.: Екі тілде сөйлейтін қазақтар в,ф фонемаларын ешбір мүдірей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып жүр. Ал, Х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады. »

Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделi. Сондықтан дауыссыздарды сипаттап мiнездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтан да, артикуляциялық жақтан да көптеген жайларды есепке алуды қажет етедi.

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшелiктерiне қарай үшке жiктеледi.

Дауыстың қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлiнедi:

а) үндiлер: л, м, н, ң, р, й, у

ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з,

б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, с, х, ш, ї, ц, ч

Ұяңдар мен қатаңдар үнсiздер делiнедi. Дауыссыздардың үш түрiнiң бiр-бiрiнен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысуы дәрежесiне байланысты.Сонда үндiлерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керiсiнше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайда).

2.Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге

болады.

а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң;

ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, ғ, ї, л, й, у;

б) Дiрiл дауыссыз – р.

Шұғыл фонемалады айтқанда дыбыстау мүшелерi бiр-бiрiне жабысып, ауа кiлт үзiледi де, содан-соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелерi бiрiне-бiрi жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады да бiрақ ауа бiржола сүзiлмейдi, сыздықтап, сүзiлiп шығады. Дiрiл дауыссыз тiл ұшының дiрiлдеуiнен пайда болады.

Жасалу немесе айтылу орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлiнедi:

а) ерiн фонемалары: п, б, в, ф, м,

ә) тiл фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й

б) көмей фонемасы: ї

Ерiн фонемалары iштей ерiндiк (п, б, м, у ) және ерiн мен тiс (ф, в) болып бөлiнедi. Ерiндiктердi айтқанда екi ерiн бiр-бiрiне жабысып (п, б, м ) немесе дөңгелене жуысып ( у ) тұрса, ерiн мен тiс дыбыстарында астыңғы ерiн үстiңгi тiске жуысады.

Дауыссыз фонемалардың көпшiлiгi тiлдiң тiкелей қатысуымен жасалады. Тiл фонемалары үшке бөлiнедi:

а) тiл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н,л, р

ә) тiл ортасы: й

б) тiл арты: г, ғ, қ, к, ң, х

Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерiнiң қатысын бiлудiң маңызы зор. Мүны бiлмейiнше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруiн түсiну де, түсiндiру де мүмкiн емес.

8 лекция

Тақырыбы: Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.

Қазақ тіліндегі анлаут позициясындағы – ж дыбысы қыпшақ тобындағы тілдерге тән негізгі ерекшелік екендігі. Ч дыбысының көнелілігі, қазіргі қазақ диалектілерінде кездесуі – реликтілік құбылыс.

Көне түркілік г-ғ дыбыстарының қазақ тіліндегі көрінісі.

Дауыссыз дыбыстардың сапалық сипаты. Басқа түркі тілдерімен салыстыруда танылатын қазақ тіліне тән өзгешеліктер. Инлаут пен анлаутта кездесетін және кездеспейтін дауыссыз дыбыстар.

Сөз соңындағы н-ң ауысуы, ң-н ауысуы. Протоалтайлық Р дыбысының дамуы, қазақ тіліндегі көрінісі.

Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздардан басталатын сөздердің молдығы – тілдің көнелілігінің кепілі. Қатаң дауыссыздардың ұяңдануы процесі, кезеңі,қазіргі тілдегі көрінісі.

Инлауттағы дауыссыз дыбыстар дың келу сипаты, басқа түркі тілдерімен салыстыр ғандағы қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешелі гі.

Интервокал позиция да қатаң дауыссыз дар дың ұяңдануы. «қазақы», «қалмақы» т.б. сөздердегі ұяңдалудың басты тарихи себебі – сөз мағынасын жасаудағы қызметімен байланыстылығы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988