
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Қ.Бекхожин «Дәстүр және жаңашылдық» Алматы – 1979ж
2. Р.Бердібай «Дәстүр тағлымы» Алматы – 1974ж
А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989
З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991
Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982
М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997
Н.Ғабдуллин «Замандас келбеті» А., 1972ж
Ж.Дәдебаев «Өмір шындығы және көркемдік шешім» А., 1991
Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп
Қаралатын мәселелер
-Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі.
-Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу.
-Белинский реалды және идеалды поэзия туралы.
-Реализмнің ерекшелігі жайлы Энгельс, Плеханов пікірлері. Кеңестік әдебиеттанудағы көркемдік әдіс мәселесі.
Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу. Белинский реалды және идеалды поэзия туралы. Реализмнің ерекшелігі жайлы Энгельс, Плеханов пікірлері. Кеңестік әдебиеттанудағы көркемдік әдіс мәселесі.
Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. Көркемдік әдістер
арасындағы байланыс-сабақтастық.
«Сыншыл реализм» мен «социалистік реализмге» өнер мен әдебиеттің саясаттану идеалогиясы деп қараушылық.
Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп әдеби дамудың формалары екендігі, әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
Әдеби мектептің үздік суреткердің жаңашылдық дәстүрінің тікелей шығармашылық ықпал-әсерімен қалыптасатындығы. Орыс («Гогольдің натуралдық мектебі», «Некрасовтың мектебі» т.б.) және қазақ («Абайдың ақындық мектебі» т.б.) әдебиетіндегі әдеби мектептер.
Бақылау сұрақтары:
Әдіс деген не?
Ағымның негізгі ерекшелігі?
Әдеби мектеп деген не?
Пайдаланатын әдебиеттер
А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989ж
З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992ж
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991ж
М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984ж
С.Мақпыров «Әдебиеттің тектері мен түрлері» А., 1994ж
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997ж
Р.Нұрғалиев «Трагедия табиғаты» Алматы 1968ж
Р.Нұрғалиев «Күретамыр» А., 1973ж
Р.Нұрғалиев «Айдын» А., 1985ж
Р.Нұрғалиев «Телағыс» А., 1986ж
БАТЫС ЕУРОПА ЭСТЕТИКАСЫ ТАРИХЫНАН (ХҮІІ-ХҮШ ғғ)
Қаралатын мәселелер: Классицизм өнері эстетикасы. ХҮШ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы '
-ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция т.б.) орнаған абсолюттік монархиялық ел билеу жуйесі.
-Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы.
-ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. Ағартушылық реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім, ғылымның кеңінен насихатталуы.
ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция т.б.) орнаған абсолюттік монархиялық ел билеу жуйесі. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне грек енері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы, нормативтік сипаты. Өнер мұратын жоғары қауымның мүддесімен ұштастыруы, шектеулілігі.
Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты - классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.
ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. Ағартушылық реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім, ғылымның кеңінен насихатталуы.
Ағатушылық эстетикасының классицизмнің нормативтік, сословиелік шектеуліліктерін т.б. қайшылықты жақтарын батыл сынауы.
Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т.б. озық ой-толғамдар.
Лессинггің «Лаокон...» еңбегінің маңызы.
Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары. И.Кант эстетикасьшдағы қисындылық ұғымы, әсемдік, асқақтық, олардың шарттары.
Г.В.Гегелъ эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар.
Көркемдік әдістің негізі-дүниетаным. Өйткені көркем шығарма жазушының өмір тарихымен тікелей байланысты. Жазушының творчествоы оның адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен өзгеден бөлек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен біте қайнасып жатады. Әрбір жазушның бүкіл шығармашылығының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея-тақырып-мінез-тіл) тек сол жазушыға тән осындай шығармашылық ерекшелік.
Стиль деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римдіктер сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұлы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған. «Тмінез қандай болса, стиль де сондай» деген Платоннан бастап, «Адамның барлық қасиеті стильде тұрады» деген Стендальға дейін талайлар стиль туралы өз пікірлерін айтқан.
Стиль деген-ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр түрлі. Ғылым мен өнер ғана емес, бұл ұғым өмірде де жиі кездеседі: жұмыс стилі, кеңсе стилі, газет стилі, киім стилі т.б.
Әдеби стиль - эволюция үстіндегі, диалектикалық даму үстіндегі құбылыс.
…шын мәніндегі ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімінен бөліп қарауға, оның әдеби беті мен бағытын, бүкіл творчествосының мазмұны мен рухын белгілеген ағымнан не әдісін ажыратып әкетуге тіпті болмайды. Стиль-өнер ерекшелігі. Осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге тән болуы мүмкін.
…бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық-көркемдік бірлікке оларды ұқсас сипаттар мен ортақ сырлар алып келеді. Дәл осы бірлік-әдеби ағым. Демек, стиль-бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым бірнеше жазушыға тән творчестволықбірлік; стиль-әр жазушының дара қасиеті болса, ағым-әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль-жалқыға тән ұғым болса, ағым-жалпыға тән ұғым; стиль-әр жазушының әдеби беті болса, ағым-әр жазушының әдеби бағыты.
Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы таптық жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым-әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиетегі көрінісі.
Әдеби ағым-тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. ХҮІІ ғасырдың аяқ жағында туып, ХҮІІІ ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Европа әдебиетінде кең өріс алған ағым-классицизм (латынша-үлгілі, өнегелі бағыт).
Классицистер қалмынан туған көркем шығармалар «өнердің табиғилығы мен еркіндігін талақ етті; шындыққа болған адамдар орнынан ешбір елде, ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» (Белинский).
Осы тұстағы (ХҮІІІ ғасырдың ортасы) өмірдегі абсалютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (француз сөз-сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» басталды да кейін Францияға, Германияға, Россияға ауысты.
Сентиментальдық шығармаларда сезімге табыну әбден шарықтау шегіне жеті: кітап беті ашылса-ақ болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас, көкейдегі мұң-шер ағытыла жөнелетін, сондықтан бұл ағымның да ұзаққа созылмады. Жалпы дүниежүзі әдебиеттің даму тарихына көз жүгіртсек классицизм мен сентиментализмнен басқа да, өмірде ірі мақсат та, асыл мұраттар да жоқ, тіршілік ұсақ түйектен ғана тұрады деген кертарпа ұғымға негізделген натурализм, әдебиеттегі мазмұн дегенді біржола ұмытып, жалаң пішінді ғана қуалаған жат сарынды формализм, оның асқынған түрі-абстракционизм, бұлардың «бел балалары»-әсіре қызыл экспрессионизм, бет алды лаққан футуризм, дарашыл, күйрек импрессионализм, күңіренген символизм, діни мистикалық акментизм, қылтың-сылтыңға толы имажинизм, күллі кертартпа ағым атаулының бүгінгі буржуазиялық өнердегі қырық құрау қосындысы-өңі айналдырып, қайта тысталған түрі модернизм секілді ағымдар болды.
Әдеби творчестволық процесте стиль мен ағымнан гөрі әлдеқайда тұрақты әдіс деген ұғым бар.
Стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес; стиль мен ағым қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс-қайталанып отыратын құбылыс; стильмен ағым-құбылмалы нәрселер болса, әдіс-тұрақты нәрсе.
М.Қаратаев «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» атты еңбегінде: «Творчестволық әдіс-өмірді образбен бейнелеп, көркем шындық жасау жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмыс дүниесінен өнер дүниесін, яғни тұтас бір шығарма көлемінде көркем образдар жүйесін жасау жолы. «жолы» деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардығ қызметін қоса атқарады»-дейді.
Көркемдік әдіс-бір адамға ғана тән стильде емес, бір қоғамға сай ағым да емес, мұның екеуінен де әлдеқайда кең ұғым, барлық адамдар мен қоғамдарға тән, өнер атаулының бәріне ортақ, тұрлаулы әрі тұрақты нәрсе және заты көркемдік әдіс деген атымен бірге емес, өнердің өзімен бірге туып, өнер арқауы-өмірдің өзімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан табиғи, тұтас құбылыс.
Көркемдік әдіс-өмір шындығын өнер шындығына айналдыра отырып саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.
Сонымен, көркем творчестволық әдіс екеу-романтизм және реализм. Романтизмнің өзіне тән ерекшелігі: суреткер шындық қиялға негізделеді; шығарманың идеялық көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады, автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, ерекше әсерлі келеді.
Қай кезде жасамасын өзге ел жазушылары да өз шығамаларында реализм мен роматизм араласып жатады; осылардың әрқайсысы роматизмнен реализмге келе жатады; әдеби дамудың обьективті заңы,әдеби әдістің эволюциясы осылай жылжуға тиіс. Әдебиеттегу реализм өзінің даму тарихында өзіне қарсы түрліше кертартпа ағымдармен күресе отырып нығайды.
Реализм (латынша-заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақты сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеудегі мақсат ететін. Көркемдік әдіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Әдеби ағым – бағыт деген не?
2. Олардың ерекшелігі қандай?
3. Қазақ әдебиеті тарихындағы қандай ағым-бағыттарды білесің?
4. Әдеби ағым-бағыттардың әдеби процесте алатын орны қандай?
5. Стиль және әдеби стиль деген не?
6. Стильдік ерекшеліктердің танылу ауқымы қандай?
7. Әрбір көркемдік әдістің, ағым-бағыттың стильге қатысы қандай?
Пайдалануға ұсынылатын әдебиет
1. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. — Алматы, Мектеп, 1973.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кіт: Шығармалары. - Алматы, 1989.
3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.
4. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992; 2002.
5. Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрастырған: С.Мақпыров А., 1991.
6. Джунышбеков Н. Введение в литературоведение. А., КазНУ им. Аль-Фараби, 2005.
7.АхметовЗ. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995. 8. Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.
9. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.
10. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.
11. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.
12. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.
13. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.
14. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.
15. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.
16. Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1955.
17. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. -Алматы, 1991.
18. Мақпыров С. Әдебиетгің тектері мен түрлері. -Алматы, РБК, 1994.
19. Мәшьүр - Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. -Алматы, 1991. 20.Негимов С. Өлең өрімі. Ғылым, 1970; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. -Алматы, Ғылым, 1991.
21. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. -Алматы, 1972.
22. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. -Алматы, Ер - Дәулет, 1994.
23. Стиль сыры. Жинақ. - Алматы, Ғылым, 1991.
24. Ысқақұлы. Сын жанрлары. - Алматы, Санат, 1999.
25. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. - Алматы, Ана тілі. 1998;2006.
26. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші құрал (құраст. Ә.Дайырова, Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева). - Алматы, Мектеп, 2003.
27. Волков И.Ф. Творческие методы и художественные системы. Изд. 2-е. -Москва, 1978.
28. Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - Москва, 1980.
29. Словарь литературоведческих терминов. Сост. Л.Тимофеев, С.Тураев. -Москва, 1974.
Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар
Қаралатын мәселелер:
-XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар.
-Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы.
-Реализмге қарама-қарсылығы. Маринетти, А.Бретон, Хосе Ортега-и-Гассет тағы басқалары модернистік өнердің мақсат-міндеті, ерекшелігі туралы.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы. Реализмге қарама-қарсылығы. Маринетти, А.Бретон, Хосе Ортега-и-Гассет тағы басқалары модернистік өнердің мақсат-міндеті, ерекшелігі туралы. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциализм, абстракционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т.б.) өкілдері.
XX ғ. басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік-декаденттік бағыт-ағымдар. Бұлардың қазақ поэзиясындағы кейбір көріністері.
Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер. Модернистік өнерге қазіргі көзқарас.
Бақылау сұрақтары:
1. Модернизм ағымының ерекшеліктері қандай?
2. Марианетти шығармашылығының ерекшелігі?
3. Модернизмге әсер еткен филосрфиялық ағымдар?
Пайдалануға ұсынылатын әдебиет
1. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. — Алматы, Мектеп, 1973.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кіт: Шығармалары. - Алматы, 1989.
3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.
4. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992; 2002.
5. Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрастырған: С.Мақпыров А., 1991.
6. Джунышбеков Н. Введение в литературоведение. А., КазНУ им. Аль-Фараби, 2005.
7.АхметовЗ. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995. 8. Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.
9. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.
10. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.
11. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.
12. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.
13. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.
14. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.
15. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.
16. Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1955.
17. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. -Алматы, 1991.
18. Мақпыров С. Әдебиетгің тектері мен түрлері. -Алматы, РБК, 1994.
19. Мәшьүр - Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. -Алматы, 1991. 20.Негимов С. Өлең өрімі. Ғылым, 1970; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. -Алматы, Ғылым, 1991.
21. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. -Алматы, 1972.
22. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. -Алматы, Ер - Дәулет, 1994.
23. Стиль сыры. Жинақ. - Алматы, Ғылым, 1991.
24. Ысқақұлы. Сын жанрлары. - Алматы, Санат, 1999.
25. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. - Алматы, Ана тілі. 1998;2006.
26. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші құрал (құраст. Ә.Дайырова, Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева). - Алматы, Мектеп, 2003.
27. Волков И.Ф. Творческие методы и художественные системы. Изд. 2-е. -Москва, 1978.
28. Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - Москва, 1980.
29. Словарь литературоведческих терминов. Сост. Л.Тимофеев, С.Тураев. -Москва, 1974.