Бақылау сұрақтары:
1. Композиция деген не?
2. Композицияның көркемдік қуаттылығы дегеніміз не?
3. Композициялық тәсіл туралы не білесің?
4. Сюжет деген не? Қай елдің сөзі, терминге анықтама бер.
5. Сюжеттің негізі не?
6. Сюжеттік элементтерге нелер жатады?
7. Сюжеттен тыс элементтерге не жатады?
8. Сюжеттен тыс элементтердің шығарма идеясына қатысы қандай?
Пайдаланатын әдебиеттер
З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992
М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969
М.Атымов «Идея және композиция» А., 1970
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991
М.Дүйсенов «Әдебиеттегі мазмұн мен форма бірлігі» А. 1962
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997
ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Әдеби жанрлар теориясы
Қаралатын мәселелер:
- әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі;
- тек, түр, жанр терминдерінің мән-мағынасы;
- жанрлық жіктеудің шарттылығы;
-эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі; - эпикалық тектің жанрлық түрлері;
- Белинский, Байтұрсынов эпикалық жанр туралы;
Әдеби жанр (французша-тек, түр) шартты түрде екі мағынада қолданылады. Дұрысында, жанр әдебиеттің тегі емес, тегінен тарайтын ішкі тармақтар.
Шығарманы белгілі бір жанрға жатқызудың бірінші сипаты қай текке қатысты екендігі болса, екінші сипаты қандай сарынмен жазылғандығы, ал үшінші сипаты қандай көлемде, қалай құрылғандығы деуге болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жек басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністері суретеледі.
Ал драмалық шығармаларда көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына-түрліше тағдырлар тартысына-құрылатыны мәлім.
Жанр-тарихи категория. Сондықтан ол барлық заманға бірдей қатып-семген дүние емес. Ол-заман талабына сай өзгеріп, жаңғырып отыратын құбылыс. Кез келген жанр кез келген әдебиетте өніп, өркендей бермейл-ді. Оған қолайлы жағдай қажет, тиісті дәстүр керек. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі өсімдіктің тек белгілі бір топырақта ғана, белгілі жыл мерзімінде ғана өсіп-өнетіні секілді, белгілі әдебиет жанры да белгілі бір тарихи –қоғамдық,мәдени-ұлттық жағдайда өсіп, өнеді.
Францияда ХҮІІІ ғасырда классицизммен бірге өріс алған ода жанры сол классицизммен бірге ХІХ ғасырда бүкіл Европа әдебиетінің сахнасынан түсіп қалды. Кей жанр үздіксіз ұзақ өмір сүрсе (мысал), кей жанр кейде сөніп, кейде лап етіп жанады. (сонета).Әдебиеттегі тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктеледі: бірі автордың өз атынан баяндау (эпика), екіншісі-геройдың толғанысы (лирика), үшіншісі-геройлардың өзара қақтығысып сөйлеуі (драма).
Әр жанрдың әдеби түр ретінде тууы мен қалыптасуының, жамуының негізінде мазмұнның ұланғайыр құбылулары-пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Жанр жасайтын байыптауға әншейін пішін тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан келіп, оның ішкі даму заңдылығының тарихын талдап, тексеру керек, яғни историзм принципі тұрғысынан келу керек.
Әрбір адам шығарма-белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әр дәуірдің өз шындығы болатындықтан, бұлар бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері ұқсас болғанмен Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені сөзсіз. Жанр даму үстінде болатындықтан, жанрлық дамудың өзі-тірі процесс. Шығарманың жанры, яғни кейпі дегеніміз бірыңғай және біркелкі қиысқан өзгеше сипаттардың ерекше образ жүйесінің, айрықша композиция құрылысының, лайық тіл оралымының, белгілі интонацияның т.б. нақты бірлігі деп білу керек.
Көркем творчество жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән бірден-бір сипат поэтикалқ синкретизм болғаны мәлім. Синкретизмде жанрлық сипаттар жапа-тармағай қосылып жатты. Мәселен, бір топ адам қосыла әндететін баяғы хорлардың мазмұнында кейде бастарындағы күйініш-сүйініштер (лирикаға тән сипат)-араласып, кейде ән бастаушы мен қлстаушылар арасындағы диалогтар (драмаға тән сипат) кездесіп отырады.
Осылардың бәріне қоса, хорға адамдардың дене қимылдары, бет құбылыстары, билері араласатын да, өнерге қолма-қол сахналық сипат беретін. Қоғамның даму барысында синкретизм жойылды да, өнердің жеке дара түрлері пайда болды. Бір поэзияның өзі талай түрге бөлінді. Ол түрлер ғасырдан-ғасырға өзгеріп, ескісі жоғалып, жаңасы туып отырды. Бұл-жанр табиғатындағы бұрыннан болған, бар және бола беретін заңдылық.
Эпос (грек сөзі-баяндау, әңгімелеу,тарихтап айту)-көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Лирика (грек сөзі-ежелгі үніне қосылып ән салған музыка аспабы)-әдебиеттің аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі; басты ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетуі.
Лирикадағы тартыс әдебиеттің басқа жанрларындағыдай сюжеттік ситуация арқылы көрінбейді, лирикалық геройдың күйініш-сүйніші, ой-сезімі арқылы суретеледі.
…Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да лирикада сөз кезеңнің отты нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармалардан айырмасы да, артықшылығы да осында.
Егер эпикалық жанрдың ең басты ерекшелігі уақиғаның қалай баяндалып, суреттелуінде болса, лирикалық шығарманың күші, қуаттылығы алдымен адамның көңіл-күйін, өмірден алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады. Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән ерекше сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын, табиғатты айрықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады.
Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен бсталады. Мысалы, қазақ лирикасының басы баяғы тұрмыс-салт өлеңдерінде-тойбастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық сарын толассыз дамып әр түрлі ән өлеңдеріне, толғау, жырларға тоғысқан да, одан лиро-эпосқа сіңген.
Адам, адамның қоғамда атқаратын қызметі, оның моралдық, мінез-құлықтық сипаты, өмір, уақыт, Отан туралы поэткалық байыптауларға, философиялық тұжырымдарға бара алатын әр кезең өзінің лирикалық герой характерін анық танытарлық ой, пікір, болжам айтады. Ол әрі жасампаз, әрі қажетсізді қирата да алады. Ол сүйінеді, күйінеді. Ол жақсыны дәріптеуден, жаманды сынаудан шегінбейді.
Отты сезім, ойға бай түйіндеулер арқылы лирикалық геройдың заманға лайықты ірі, сом тұлғасын жасай алуының сыры-оның ең алдымен, ақындарымыздың қоғам өмірінің әр саласына ой жіберуіне, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ашуға қоғамдық көзқарас тұрғысынан келуіне байланысты.
Лириканы сөз еткенде, лирикалық қаһарман туралы айтпай мүмкін емес. Лириканы сөз еткенде, лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін айқындайтын қасиеттер-ақынның қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеалдары, өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын өзінше түсініп-сезінуі. Сонда лирикалық қаһарман деген ұғым ақынның көптеген шығармаларындағы ой-сезім дүниесінің, мақсат-мұраттардың бірлік-тұтастығн танытады. Жекелеген шығармада лирикалық қаһарман бейнесі бір қырынан ғана көрінетіні табиғат лирикасының кейбір үлгілері мысал бола алады. Лирикалық шығармада көбіне-көп қоғамдық күрделі ой-пікірлер, ақынның жеке адамға деген ыстық сезімі, не болмаса сезімін қозғаған табиғаттың бір көрінісі-бәрі тығыз байланысып жатады. Мәселе тек қай шығармада қай жағы басым келетінін ескеруде. Қорыта айтқанда, қаһарманның бейнесі мейлінше толық, жан-жақты қалпында ақынның бір ғана емес, көптеген туындылары арылы танылатынын есте ұстау керек.
Нағыз лирикалық шығармалар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. В.Г.Белинскийдің «ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке басы туралы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді»,-деуі сондықтан лирикалық қаһарманның терең байланыста суреттелсе, соғұрлым ол тптік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің көрнекті өкілі болып шығады.
Лирикалық өлеңдерінің бүкіл әлем әдебиетіндегі дамуы тұрғысынан сөз етсек, оның мынандай түрлері болғанын білген жөн: баллада, идиллия, мадригал, ода, сонет, элегия, эпиталама, эпитафия, эпиграмма т.б.
Әдебиет зерттеушілері шартты түрде лириканы мынандай түрлерге бөледі:саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы.
Лириканы бұлай саралаудың бірқатар мәні бар: оның әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады. Мысалы, Абайдың махаббат лирикаларынан оның сұлулыққа көзқарасынан бастап терең гуманизміне дейінгі талай қырын аңғаруға болады. . Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнаған.
Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жанды ұқсатамын туған айға
Сөзбен салынған суреттей-сұлу бейне.
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді өзі керегі.
Мұнда адамның сырт құбылысының өзінен-ақ ішкі сезімі көрініп тұр.
Пушкин аудармасына:
Шеш көңілімнің жұмбағын,
Әлде бәрі-алданыс
Жас жүрек жайып саусағын
Талпынған шығар айға алыс,-
дейді. Ақын кемелденген, есейген
Драма (грек сөзі-қимыл,әрекет)-шындықта айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында «әдебиеттің ең қиын түрі». Себебі, драматургияда шарттылық басым.
Біріншіден, драмалық шығармаға көлемі жағынан шек ойылады, 70-80 беттен аспауы шарт.
Екіншіден, драмалық шығарма тек қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ диалог пен монологқа негізделеді, авто сахна сыртында қалады. Сондықтан, драмадағы ең негізгі нәрсе-тіл. Пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көкейге қона түсетіндей таза, санаға әсер ететіндей мағыналы да мәнді болуы керек. Драма тілі тұжырымды да түйінді болады.
Үшіншіден, қимыл-әрекет жоқ жерде драмалық шығарма да жоқ. Демек, драмаға шымыр шиеленіс, шиыршық атқан тартыс керек.
Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада табады, драмадағы образ тек сахнаа жасалады. Гогольдің сөзімен айтсақ: «Драма сахнада ғана тіршілік етеді; сахнасыз драма-денесіз дем». Пьесаны сахнаға шығару жолында режиссердің, актердің, суретшінің композитордың, түрлі саладағы жұмысшылардың еңбегі жұмсалады. Сөйтіп сахналық шешімін тапқан драматургиялық шығарма көрермен көңілінен шыға ма, жоқ па?! Бұл негізгіқиындық.
Біздегі театр өнерінің ұлттық негізгі халықтың өзінде жатқанеді: ел ішінде ежелден келе жатқан ойын-сауық, ән мен күй, жар-жар мен беташар, естірту мен жоқтау, айтыстар мен шешендік сөздер, түрлі толғаулар мен күлдіргі әңгімелер.
Драмадағы ең шешуші нәрсе-тартыс.
Көлемді эпикалық шығарманың сюжеті секілді, драмадағы тартыстың да кезең-кезеңді басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі болады; драмалық шығармалардың классикалық үлгілерінде бұл кезеңдер композициялық жағынан шебер қиыстырылып, оқиғаны өрбітуі тәртібі жазылмаған заң ретінде қатал сақталады.
Эпос пен лирика секілді, драманың да бірнеше жанрлық түрлері бар. Соның бірі-трагедия (грек сөзі-текенің әні)-құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асқақ кедергілермен кескілесуіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап, бас қаһрманның қазасымен-мұңмен, зармен бітіп отырады.
Драматургияның келесі бір түрі-комедия (грек сөзі-күлкілі, қызық ән)-өмірдегі келеңсіздікті, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы оспадарлықты, мінезіндегі ерсілікті сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса.
Трагедия ежелгі Эллада елінде, көне гректерге көктем сайын жүзім мен шарап шаттығын сыйға тартып тұрытын тек тұрпатты Дионис құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен сналатынынан туған. Сайранды ұйымдастырушы топ хормен жамырап, Дионис туралы аңыз-трагедия (трагодс-теке, ода-ән) яки текенің әнін орындайтын болса, комедияның басы да осы Дионис мейрамында жатыр: өлген «текенің» қайта тірлуін көне гректер енді комедиямен (комиос-көңілді топ, одэ-ән) яки көңілді әнмен, күлдіргі ойындармен, қызықты бимен құттықтаған.
Комедияның күші-күлкіде, күлкінің күші-шыншылдық пен табиғилықта. Шыншыл әрі табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толыққанды юморлық, не сатиралық образдарға көркем жинақталып, парасатты, биік идеяға шебер бағындырғанда, ғана бұл жанрдың шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады.
Қорыта айтқанда, драма-сахнаға арналған, оқиғаны, оған қатысушы кейіпекрлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Драмалық шығармада кейіпкер өздерінің айтатын сө арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөз (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог)-бұлар оның характерін, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Біз болып жатқан, өткен жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен оқиғаны баяндайтын эпкалық жанрға тән көркемдік тәсіл ұштасып жатады.
