
Бақылау сұрақтары:
1.Әдебиет туралы ғылымның ең негізгі мәселесі не?
2. Көркем әдебиеттің оқырманға әсер ету күші қандай және оның негізі не?
3. Әдебиеттегі деталь мәселесін қалай түсінесің?
4. Суреткердің адамның ішкі болмысын таныту жолдары қандай?
5. Жасалу жолдары мен тәсілдеріне қарай образ қандай түрлерге бөлінеді?
6.Тип және типтендіру дегеніміз не?
7.Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері қандай?
8. Көркем бейненің оқырманға ықпалы жөнінде не айта аласың?
Пайдаланатын әдебиеттер
А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989
З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992
Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991
Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982
М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997
КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі
Қамтылатын мәселелер:
- мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік шарты;
- көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі;
- бір мазмұнның бірнеше пішінінің болатындығы.
Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).
Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.
Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді). Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Қорыта айтқанда, шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысын негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірі өнерге айналдырған ең құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.
Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны-баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмір құбылыстарының тікелей өзі емес, соның көркемдік крінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті.
Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан беретін, өң нұр беретін идеалық мазмұн-жазушының биік қоғамдық мақсаттарының көрінісі. Әдеби шығарманың көркем түрін (пішінін) оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланыс.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушның өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.