Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - әдебиет теориясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.65 Кб
Скачать

Қалшабеков А.Б.

«Әдебиет теориясы» пәнінен

лекциялар тезисі

Шымкент, 2012

Кіріспе

Қамтылатын мәселелер:

-әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және бұлардың бірлік-байланысы;

-әдебиеттану ғылымының тектология, историография, библиография секілді жанама тараулары;

-әдебиет туралы ғылымның өзге ғылымдармен байланысы;

-қазақ әдебиеттану ғылымы және сынының туу, даму тарихына шолу.

Әдебиет (араб сөзі, қазақша-сөз, үлгілі сөз)-өнердің негізгі түрлерінің бірі, яғни сөз өнері. Сөз-адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. Сөз өнері-өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі, сондықтанда халқымыз «Өнер алды—қызыл тіл» деп бекер айтпаған.

А.Байтұрсынов өзінің әйгілі «Әдебиет танытқышында» өнердің әр түрлі болатындығын, олардың өзіндік ерекшеліктерін (сәулет өнері-архитектура,, сымбат өнері-скульптура, кескін өнері-живопись, әуез өнері-музыка) айта келіп, әдебиетке: «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл-сөз өнері.

….Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара аладаы. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын-сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді»,-деп анықтама береді.

Әдебиеттану-сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылығын зерттейтін ғылым. Әдебиеттану-филология ғылымдарының бір тармағы.

Тіл ғылымы граматика, фонетика, лексикология болып жіктелетіні секілді, әдебиетану да бірнеше салаға бөлінеді: Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны.

Әдебиет тарихы әр халықтың әдебиетін тарихи қалыптасу тұрғысында қарастырып, дәуірге бөліп, әдеби бағыттарды, оған үлес қосқан ірі жазушылар шығармашалығын нақтылы зерттейді.

Әдебиет теориясының негізгі мақсаты-әдебиеттің даму заңдылықтарын, көптеген шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілерді айқындау. Сондықтан әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын ашатын идеялық, танымдық, ұлттық және интернационалдық сипаттарын, көркем шығарманың құрылыс бітімін, мазмұны мен түрі, тіл ерекшеліктері, әдебиетте қолданылатын көркемдік әдістерді кең тараған жанрларды тағы басқа осындай мәселелерді зертеп білуге көбірек мән беріледі.

Әдебиет сыны көркем шығармаларға талдап баға беру, олардың идеялық мазмұнын, қоғамдық мәнін, басты көркемдік ерекшеліктерін ашып беруді мақсат етеді. Ол өз тұсындағы әдеби процеспен тығыз байланыста болады. Бұрынғы қай дәуірдің әдебиетін алсақ та, ондағы идеялық ізденіс, күрес-тартыс анық танып білу үшін сол кездегі әдебиетке көзқарасты, әдебиет жайлы ұғым-түсініктерді және сол пікірдлердің ақын-жазушыларға қандай талап қойып, қай тұрғыда айтылғанын ескерудің мәні зор.

Әдебиеттану ғылымының жоғарыда аталған жекелеен салалары әрқайсысы өз алдына өрістеп-өркендей отырып, бір-бірімен сабақтас, тығыз байланыста болады. Әдебиет теориясы

әдебиет тарихына сүйеніп дамиды. Өткен замандардағы және бүгінгі әдеби процесті теориялық тұрғыдан қарап тану, түсіндіру—оның басты міндеттерінің бірі. Ал әдебиет тарихы ғылым ретінде ойдағыдай өркендеуі үшін теориялық принциптерді, әдебиет теориясының жетістіктерін пайдалануы шарт. Сондай-ақ, әдебиет теориясы бүгінгі әдеби процесті талдап ғылыми топшылаулар жасау үшін оның әдеби сынмен тығыз байланыста болуы қажет.

Әдебиеттану ғылымының бұлардан басқа текстология, библиография секілді жанама тармақтары да бар.

Библиография:

  1. Белгілі бір мәселе немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші;

  2. Жарияланған, басылып шыққан басылымдар жөніндегі пікірлер жарық көрген газет, журналдардың бөлігі. Қорыта айтқанда, әр түрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама-малұматтар беретін, көмекші құралдар жасайтын жанама ғылым саласы.

  3. Текстология-филологияның шыағрма мәтінің анық-қанығын сақталған қолжазбасымен, түпкі нұсқасымен салыстырып тексеретін, жариялайтын саласы.

Текстология дербес ғылым ретінде 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методологиялық тұрғыдан танылады. Белгілі бір көркем шығарманың тарихын анықтау үшін тексеру тәсілдерін қарастырады, түпнұсқаны айқындау мақсатында зерттеп, екшеуден өткізеді, қосымша нұсқаларды, басылымдарды қарайды.

Текстологияның негізгі міндеті—автор мәтінінің нағыз, дәл нұсқасын анықтап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау.

Историяграфия--әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи даму туралы дәйектемелер мен деректер, мәлімдемелер жинағы.

Әдебиеттану ғылымының пәні, зерттейтін обьектісі сөз өнері болғандықтан, ол да әдебиетке, өнерге жақын сезіледі. Әдебиет өмірді бейнелеп көрсетсе, әдебиеттану ғылымы соның мәнін, өзшелелеп айқындап көрсетуді мақсат етеді. Яғни, әдебиет ғылымында да ой бейнелілігі мен сезімталдық қажет, ол әдебиеттің қоғамдық-эстетикалық мәнін түсініп-білу қажет. Бұл жағынан алғанда, әдебиет ғылымы сөз өнерінің, жалпы көркем өнердің көп қасиет—жетістіктерін бойына сіңіріп, нәр алып, өркендейді.

Алайда, әдебиеттанудың өз ғылым болғандықтан, ғылыми-логикалық ой-жүйесіне тән жүйелеп талдау, қорытынды-түйін жасау, қисын-байланыстарды көре білу шеберлігі, теориялық ұғым-түсініктерді айқындауға жүйріктік те қажет. Бұл ретте

әдебиеттанудың зерттеу тәсілдері философия, логика, эстетика, психология ғылымдарымен ұштасады.

Ғалым сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағы-адамзат тарихының қай кезеңінде де болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселер

«Философия мен поэзия қарсы біткен екі заңғардың басында тұрғанмен, бір ғана жайт төңірегінде сөз қозғайды»,-деп жазады неміс философы М.Хайдгер. Философиялық шығарма мен қадым заман ақындарының туындыларынан ежелгі дүниетаным іздері байқалса, ол-философия мен поэзия арасындағы мәңгі бірліктің, сарындастықтың айғағы.

Әр адамның көңілінде әсемдік жайындағы өмір тәжірибесінен туған түсініктері болады. Сол түсінік оны үлкен идеяларға жетелеп, әсем сезімге бөлеп, бақытына жол сілтейді. Жүректе асыл, пәк сезімнің ұялауы оған күшті ерік, жігер береді. Ол табиғатты, өмірдегі, өнердегі әсем құбылыстарды тап басып, тани біледі. Ал сол адамдағы асыл ойды, әсем сезімді ғылым арқылы терең ашып түсіндіруге болады. Адамдардың шындықты, өмірді сезіммен танып, өмірді өнер арқылы ашуы-эстетикалық таным деп аталады.

Әдебиеттану ғылымының шеңбер-шегі әдеби процестің дамуына байланысты кеңейіп отырады.

Сондай-ақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетіне қоса дүниежүзі әдебиетіне қатысты ірі көркемдік құбылыстарды да талдап, олардың қорытынды түйін жасап, өмірлік қажетімізге жаратып отыруға тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның объектісі және оның салалары.

2. Әдебиет тарихы, оның өзіндік ерекшеліктері мен зерттеу обьектісі не?

3.Әдебиет теориясының негізгі мәселелері, әдебиет теориясының зерттелу деңгейі.

4.Әдебиет сыны және оның өзекті мәселелері не?

5.Әдебиеттану ғылымының историография, библиография, текстология секілді жанама тараулары және олардың ерекшеліктері қандай?

6. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылымдармен (философия, эстетика, логика, психология, тіл тілі т.б.) байланысы неде?

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

  2. З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

  3. Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

  4. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

  5. М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

  7. Г.Абрамович «Введение в литературоведение» М. 1979

  8. Т.Кәкішев «Қазақ әдеби сынының тарихы» А., 1994ж

  9. Д.Ысқақұлы «Сын шын болсын» А., 1993ж

  10. Д.Ысқақұлы «Сын сонар» А., 1994ж

Коркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері

Қамтылатын мәселелер:

- әдебиет – сөз өнері, өмір мен өнер мәселесі, өнер және оның түрлері;

- А.Байтұрсынов сөз өнері туралы;

- әдебиеттің бейнелеу құралы–тіл;

- бейнелілік, сөзбен салынған сурет - сөз өнерінің еншісі;

Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.

Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.

Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.

Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген

Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы… Өнер дүниесінің (туындысының) бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.

Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың өзгеше тәсілі.

Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес.

Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.

Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады.

Әдебиеттің пәні-адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебит қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси, экономикалық, моральдық тағы басқа талай мәселелерді қорғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-әркетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды.

Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әрекет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әрекетінің, мінез-

құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Әдебиет өмірді көрккем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке оқиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді.

Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму пройесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді.

Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдқ, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді.

А.Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқышы», ең алдымен, сөз өнерінің табиғатын, өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді.

…Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай өлеңдерінен мысалдар келтіреді. «Әдебиет танытқышта» ауыз әдебиетінің ең шұрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған. Ағартушы өз айтқандай, «адамның насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарына, ерлік пен батырлқ істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерген көбірек көңіл бөлген.

…ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі.

Суреткерге тән ерекшеліктер:

  1. Сезім. Нәзік сезімталдық

  2. Бақылау. Жіті бақылағыштық

  3. Қиял. Творчестволық фантазия

  4. Интуиция. Сезімталдық

  5. Өмірбаян. Тәжірибе молдығы

  6. Парасат. Сананың саралығы

  7. Шеберлік. Өнердегі шын шеберліккеапарар жол-еңбек. Шеберлік шексіз.

  8. Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктенде ештеңе шықпайды.

Суреткерлік сипаты оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен басталады. Демек, оның жеке өз басының дара асиеті, оның рухани жан дүниесі, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескіні, дүниетанымы мен қоғамдық қызметі, білімі мен мәдениеті бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз суретекердің өзіндік болмысын танытады.

Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу, адамгершілігі мол, мінезге бай, білімі терең және мәдениеті биік болуы керек.

Суреткер-өз дәуірінің перзенті, сондықтан ол-қоғғам қайраткері, өйткені қаламгерлік-қоғамдық іс. Әдебиеттің қоғамдық мәнін сөз еткенде, оның танымдық маңызын аттап өту мүмкін емес. Көркем шығарма адамға өмірді танытады, таныта тұра тәрбиелейді. (М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы туралы камерун жазушысы Бенжамен Матиптің пікірін келтіру) көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, тұрмыс-тіршілігіне әсерін тигізеді. (М.Өтемісұлынан, С.Мұқановтан, М.Мақатаевтан, Ә.Нұршайықовтан мысалдар айту)

өркем әдебиеттің құдіретті күшін, немес, оның өмір таныту, атәрбиелеу жапйын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетикалық тбиғатын тану қажет. Эстетика-жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер. Әдеби шығарма аамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурап алар әсем әсері. Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық-өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.

Сөз өнері-қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы. Қоғамдық сана (идеология)-белгілі бір таптың мақсат-

мүддесіне сәйкес көзқарастар жүйесі. Демек әдебиет-қондырма,

яғни қоғамның белгілі бір дәуіріндегі экономикалық құрылысына, базиске негізделеді. Әр дәуірдің әдеиетінде сол дәуірдің ізі сайрап жатады, онда қоғамдық құрылыстағы іс-әрекеттерді даттау не жақтау болады; олардың дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді. Демек, әдебиет-тіл сияқты бірнеше дәуірдің жемісі, емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Тіл-бәріне ортақ және бейтарап.

Әдебиет-мәдениеттің бір бөлігі, ал мәдениет-қондырма.

Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; көркем шығарма өзегі-шындық. Жазушы өмірдегі сан-салалы шындықтан зінің суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап, шығармасына арқау етеді. Ол өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ал суреткердің бл қасиеттерін ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын-бәрі-бір, белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (Горький) болмақ. Демек-әдебиет таптық. Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.