Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - шетел әдебиетінің тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.Элинизм кезеңінің басты ерекшелігі қандай?

2.Элинизм кезеңінде мәдениет қалай дамыды?

3.Элинизм кезеңіндегі тарихи жағдай қандай болды?

4.Элинизм кезеңінде қандай мәдени орталықтар болды?

5.Муздар храмы дегеніміз не?

6 Шешендік өнердің негізін кімдер қалады?

7. Римдік тұңғыш ақындар кімдер?

8. Гректік риторика мен философия қалай дамыды?

9.Цицерон Марк Тулийдің шешендік өнердің дамуына тигізген әсері қандай?

10.Вергелий Марон Публий қандай дидактикалық поэмасы, батырлық эпосы бар?

11.Горацийдың әдебиеттің дамуына қандай ықпалы бар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тахо-Годи А.А. Античная литература. М., 1963

2. Честякова Н.А., Вулих Н.В. История античной литературы. Л., 1963; М., 1971

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1983

4. Овидий. Метаморфозы. М., 1977

5. Лукреций. О природе вещей. М., 1964

6. Вергилий. Энейда. //Буколики. Георгики. М., 1971, 1979

7. Федр и Бабрий. Басни. М., 1962

8. Тит Макций и Плавт. Комедии в 2 томах. М., Искусство, 1987

4 Лекция

Тақырыбы: Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті.

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Ежелгі Қытай әдебиеті.

2.Ежелгі Қытай әдебиетінің б.э.д. ІІ мың жылдықтан б.з. ІІІ ғ. дейінгі үш кезеңі.

3.Конфуций – адамды сүю гуманизмінің өкілі.

4.Ежелгі үнді әдебиеті. Б.з. І мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы.

5.Ежелгі Иран әдебитеті. Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы иран тайпаларының әдебиеті.

6.Ежелгі үнді әдебеті үнді әдебиеті. Б. з.д. бірінші ғасырдағы санскрит әдебиеті.

Ежелгі Қыттай әдебиеті. Б.э.д. II мың жылдықтан б.з. III ғ. дейінгі үш кезеңі: Шань-иньдік тайпалык, одақ б.з.д. ХУПІ-ХІІ/; кала — мемлекеттік Үжблық дәуір. /б.з.д. ХІІ-УІП/; Импунялык, дәуір /б.з.д. VIIғ.-дан б.з.д. IIІ ғ./

"Шан-шу" /"Ежелгілік туралы жазу"/ - деларацияла, указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазұнды мәдени ескерткіш. Ескерткіштердегі риторикалық сөздер. Сыма Цянының "Тарихи жазбалары".

Б.з.д. Кытай патшалығыньщ тарихи - өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций /551-479 ж.ж./, Мо Ди /479-400 ж.ж./ - адамды сүю гуманизмнщ өкілдері.

"Луньюй" /тұжырымдар мен сүхбаттар/ - қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы.

"Дао-цзы" /"Дао жөне табитттың болмысы туралы"/ - метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу мазмұны.

Хань империясы түсындағы Қытай әдебиеті. Дун- Чжун-шу /120-122/ - Ханъ филологиясының негізін салушы. Хань филологиясындғы "Бескітаптық" іріі шығармалар: "Шицаин" /"Өлеңдер кітабы/", /"Шуцзин"/ "Тарих кітабы/, "Ицзин" /"Өзгерістер кітабы", "Лицзи" /"Әдет-ғұрыптар кітабы"/, "Чунь-цю" /"Көктемдер мен күздер"/. Лу патшалығының шежіресі. Конфуций жоғары бағалаған "Юэцзин"/"Әуез кітабы"/.

Лю Сян — ескі жазбаларды жинаушы, зерттеуші, жариялаушы, әдебиетші, тарихшы, жазушы. Шығармалары; "Хунфинз у син чжуань" /"Үш заң туралы \ кітап және табитттьщбес хубылысы туралы"/, "Басқарудың ұлы заңы".

Съма — Сян жу /б.з.д. 179-117 ж.ж./ - Империя дәуірінің "алтын [ гасырының" өкілі. Шығрмалары: "Цзы сю туралы дастан" "Императорлық аңшылық" - прозалык, әрі поэзиялық дастандар, шығармалардан қытайдың табиғатының, аңшылық салттың, халықьы; көңіл-күйдің шьнайы суреттері. "Алтын ғасырдың" өзге өкідері: Дун - Чжун — шу — оқымысты филолог, Ли-янь-нянь - әуезші, Цоя И — кесемсөзші.

Сыма Цянь /145-87 ж. шамасы/ - тайшы/немесе тайшилин/. /"Тай" — "ага", "бас" ұгымында ежелгі Египетте перғуындар сарайларындағы шенеуіктерге колданылтын сөз/.

Сыма Цянъ - әкесі Сыма Тяньның ісін жалғастырушы. Тайшылык, қызмет — мемлекеттік архивтегі бүкіл кұжатты сақтаушы, күнтізбені құрушы, уақытты — бақытсыз күндерді белгілеуші, елдегі окцғалар мен істерді жинаушы, жазушы.

Сыма Цяньның "Тайшицзи" /"Тайшы жазбалары/" ашты еңбегі. Сыма Цяньның осы "Тарихи жазбаларындағы" бес бөлім: біріншісі - қытайдың ежелгі \ заманынан хандық дәуірге дейінгі уақыт; екіншісі - /бяо/ - Чжоу заманынан империяға дейінгі жекелеген билеушілер туралы таблица; үшіншісі /шу/ - әртүрлі әдет-ғұрыптар, жағрафиялық шаруашылық мәселелер; төртіншісі /ишцзя/ - Конфуциймен деңгейлес иеленуші ерекшелікті өмірбаянды баяндау; бесіншісі /лечжуанъ/ - жеке тұлғалардың өмірін сипаттау; бұл бөлімге Кытаймен шекаралас халықтар туралы да очерктер енген.

Ежелгі үнді әдебиеті Б.з. д. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері. Б.з.д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар араласуының әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті - қазіргі Пәкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдер веда тілі — ритуальдық әнұрандар тілі; Санскрит, палибуддистер тілі; джайндар — пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махараштри/ және апабхраншу джайндер /діни қауымдастық/ тілі.

Ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың болмауы. Кез келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалык, тарихи — бәрінің де өлеңмен де, прозалық, пішінде де жазыла бергені. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика, астрономия, сәулет туралы бәрі де өлеңмен жазылган. Ежелгі үнділік романның нақыш-өрнек қол-өнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.

Беда әдебиті /"веда — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім" ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда әдебиеті /әнүрандары ведасы/ негізін кұрайды /"риг" сөзі "әнүран" ұғымын береді/. "Самведа" — салтанатты өлең айту ведасы "саман" - әуен/ "яджурведа" - кұрбандық нақылдардың ведасы /яджус — "құрбан", "кұрбандық формуласы", "Атхарведа" — дуалау, арбау ведасы/ атхарван— "арбау", магиялық, формула/.

"Махабхарата" немесе "Ұлы /"Ұрпақтар туралы жыр"/ Бахараттар" — зор көлемді шығарма. Ол шамамен жүз мың екі тармақтан, блоктан тұрады. /"Илиада" мен "Одиссеяны" қосқандағыдан сегіз есе үлкен /18 кітапқа бөлініп, 19-кітабы "Хариванша"/"Шежірелі Хари"/ Вишну/ әуелде бөлек кітап та болатын.

"Махабхарата" — көп ғасырлық ауызша орындаушылық жемісі. Дастан оқиғаларының арқауы — каурава және пандава атты бхарат тайпаларындағы билеуші рулардың билікке таласуының соғыстары. Дастанның жырлаушылары: Вьяс, Вайшампаян. Дастанның кейіпкерлері: сиқыр Дхритараштар патша және оның әйелі патшайым Гандхари және олардың үлкен ұлы Дурьодхон-Арджуна батыр.

"Махабхарата" — моралъдық, саяси, әлеуметтік өмір мазмұпының эниклопедиясы.

Үндінің классикалык, эпосы — "Рамаян" /"Дояния Рамы"/ 24000 екі тармақтық - блоктан тұрады, 7 кітапқа бөлінген сюжет сипаты. Кейіпкерлері: Айодьхи елінің патшасы Дашардатхидың 4 ұлы: Каушалья ханымнан Рама, Кайкениден Бхарата, Сумитра атты үшінші әйелден Лакшмана мен Шадрухна. Патшалық тақтан туыстықты жоғары кою. "Рамаян" дастанындаш мифологиялық кейіпкерлер: көп басты демон Раван, сиқыршылар, көпір салушы маймыл Нала және т.б. Вальмики — дастанның кейіпкері болып көрінген аетор. Валъмики — дастанның ауызша жырланып келе жатқан көп гасырлық үлгілерін өзіндік даралык, аторлык, стилъмен жаңарта жырлаушы.

Б.з.д. бірінші ғасырындағы санксрит әдебиеті. Әдеби эпостың драманың, лириканың өкілдері. Ашвагхоши II г. Бхасы /III—IV пг./ және Халы /ІІІ-ІУ т/.Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодтар мен диалогтар, гномикалық өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар. Ежелгі үнді драмасы. Жоғары тәңірі Брахмаға драманы жасау туралы |жазылған "Натьяшастра" /"Драма ғылымы"/ атты тұңғыш санскриттік трактат. Трактаттағы Брахманың театр өнерін жерге жібергені. ':

"Натьяшастрада" оның негіздерін жазғаны турлы аңыздың айтылатыны. |

"Натьяшастраның" 36 тараудан тұратын қойылымының бөлшегінен барлық мәселелерін, костюмнің түсінен бастап, театр ғимаратының пішініне, сюжеттін варияцияларынан актерлердің бет-хцмылдарына /мимикасына/ дейінгі камтитын еңбек екендігі.

2. Б.з.д. ІУ-ҮІІІ ғ. Сакскрит әдебиеті. Үнділік орта ғасырдғы Гуптар әулеті билеген империя. Әдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі.

400 мыңдық теңдерден құралған 18 үлкен, 18 шағын көлемдерден тұратын пурандар. Ең бастылары: "Маркандея-пурана" /III-V ғғ. шамасында кұрастырылған/. "Ваю-пурана" /ІІІ-У ғғ./, "Вишну-пурана"/ІІІ-У ғғ., "Маться-пурана"/ ҮІ-ҮІІ ғғ. /және "Бхагавата пурана" /УІ-Х ғғ./. Бұл шығармалардағы индуизмнің вишнуиттік, шивиаттык, атты басты екі кұдайларына сыйыну, үнділердің мифологиялық және космогониялық үгьш түсініктерінің, бұрынғы күдайлар мен патшалық әулеттердің генеологиясы, көне аңыздар мен ертегілердің берілуі.

Ежелгі үнді әдебиеті үшін пурандык, этикалык, ілімнің маңыздылығы. Пурандардың адамды азат етудегі мынадай үш жолды білетіндігі: әрекет жолы — жеке міндет — борышты менмендіксіз орындаушылық білім жолы — шынайы шындықты іздеушілік; махаббат — сүйіспеншілік жөне Бхакти тәңірін қәрдірлеу жолы.

Калидастың "Шакунтала" драмасы — ежелгі үнді әдебиетінің, бүкіл үнді мәдениетінің үздік табысы. Калидастың өмірі, тұрмысы туралы аңыздар, шындық мазмұны, Калидас /санскиртше "Калидың хулы"/, аңыз бойынша Кали атты тәңірінің храмында түнеп, бүкіл ғылымдарды меңгерген ақындық дарынына қойылса керек. Калидасқа отыз шақты шығарманың бар екендігі айтылатыны. Калидасқа нақты телінетін шығармалар: 6 лирикалык, поэма "Мегхадута" /"Бұлт хабаршысы", эпикалық поэмалар /"Кумарасамбхава"/, "Кумардың соғыс құдайының тууы" және "Рагхуванша" /"Шежіре Рагху"/, және үш драма: "Малявикагнимитра"/"Маявика жөне Агнимитра"/, "Абхиджняна Шакунтала" "Танылған сақина бойынша Шакунтала" және "Викраморваши" "Ержүректілікпен табылған Урваши"/.

Менту және Бхарави атты ақындар /VI г. екінші жартысында/, Ментудың "Хаягривавадха" /"Хаягривтің өлтірілуі"/ поэмасынан ешнәрсе сақталмағаны, ал Бахаравидың "Киратар — джуния" /"Арджуна мен Кирата"/ поэмасыньң сақталғаны.

Бахарави поэмасының "Махабхаратының" үшінші кітабындағы Арджунаның Шино тәңірімен жекпе-жегін қайталап жырлауы.

Бхати /VII ғ. екінші жартысы/ - әдебиет тарихындағы ғылыми поэманың негізін салушы. Оның "Ранававадхасы" /"Раваның өлтірілуі"/ поэмасында Раманың еріктері, оның Раваны жеңгені жырлана отырып, шығарма грамматика мен риториканың ережелерін де түсіндірушілік қызмет атқарады. Бұл дәстүрді ақындар Бхаумакидың "Рамаян" сюжетін жырлау кезінде Панини грамматикасын, ақын Магханың "Махабхаратаның" екінші кітабындағы жанама эпизодтарды жырлайтын "Шишупалавадхада" /"Шишупалының өлуі"/ эпосында саясат, әскери өнер, әсіресе махаббат ғылымы /камашастра/ туралы терең білімдік трактаттық мазмұнда жырлауы.

Шудрак пен оның атащпы драмасы "Мричхакатика" /"Саз балшықтан істелген арба"/. /Шудрак — драма авторының псевдонимі, ол аңызға айналған патшаның есімі. Шамасы, үнді әдебиетінде кездесетіндей пьеса оньң авторы Шудракқа оның мәртебесі жөне көңілін сақтаушы үшін косылып жазылса керек/.

Санскриттік романдар. Әдеби эпостык, прозалық нұсқаулар. Дандиннің "Дашакумарачарита" /"Он патшазаданың басынан кешкендері"/ Субандухудың "Васавадатта" романы. Бананьң "Харшарита" /"Харшудың өмірі"/ және "Кадамбери" атты романдары.

Ежелгі Иран әдебиеті .Б.з.д. екінші мыңкылдықтағы Евразия кеңістігіндегі /Гиндукуштан Еділге және Оралдан Парсы шығанағына дейін /иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядағы Шығыс ирандары /қазіргі Ауғанстанның Гипдукуш үстіртінің біраз бөлігі. Шығыс ирандарының басым орналасқан жерлері: Ферғана, Хорезм, Соғда, Бактрия, Дрингиан /кейінненСеистан/, Памир, Хорасан. Батыс ирандары: Месопотамия, Жерорта теңізі, Мидия, Фарс. "Гаттар" /"Жыр жырлау"/ - оп жеті мүнажат дүғаларының жинағынан тұратын "Авестаның" көне бір бөлігі.

Қасиетті кітап. "Авеста" — ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны.

Геродот, Ктесия және т.б. антикалық авторлардың жазбаларындағы ежелгі ирандардың, оның әсіресе көшпелерінің салт-санасы туралы /атап айтқанда \ ежелгі ирандардың, оның өсіресе көшпелілерінің салт-санасы туралы /атап айтқанда, скифтердің/ мәліметтер. "Гаттар" /жыр жырлау/ мінәжат дүғаларының жинағы. Авторы — ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра /немесе грекше берілуінде Зороастру/.

Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші ғасырларындағы отырықшы, бақташылық, жер өңдеу жұмыстарының калыптасуы. Көшпелі және отырықшы ирандар.

Заратуштра есіміне қатысты бақсылық, арбау, жрецтік әнұрандар, шешендік өнер дәстүрлерінің қалыптасуы. Жрецтер орындайтын кейбір жазбаға түсірілген Гат жанрының ерекшеліктері, тұрмыс-салт, мінез-құлық, дағдылары. Гат шығармаларындағы образдардың табиғаттағы, коғамдағы карама-карсы күштерді бейнелеуі. Жердегі "Заттык, әлем" және руханилық әлем туралы Заратуштраньщ шақырулары. Гат мазмұынындағы отырықшы бақташылык, байлыққа кенелу, басқарудғы әділдік туралы. Гат түйіні — төрт түлік малды кырып-жоюға қарсылык, Гаттардағы үш топ /отырықшы, бақташы — жер иеленушілер, көшпелі — тонаушылар, өздері дұрыс санаған ауытқушылар. Өгіз рухының мүнәжаты. Заратуштраның үш кисыны: ой — сөз — іс. Заратуштраның гаттардағы екі қызметі. Гаттардьң жанрлық бөліністері. "Авестаның" басқа кітаптары: 1 "Вендидат"/дию-перілерге қарсы қағидалар/ - зұлым дию - перілерді жек көру мен әділдік орнату туралы заңдар мен ұйғарымдардың жинағы. Заратуштра мен Ахура Мазданың әдет-ғүрыптық тазалық кайғы-қасіретке ұрынбау, мифологиялық ұғымдар және т.б. туралы диалогтарынан құралатыны, 22 тараудан түратыны. 2. "Висперед" /Барлық жоғары тірі жәндіктер туралы кітап/ - салт- жоралары туралы 24 тараулық еңбек. 3. "Ясиа" /немесе — "Салттық жора"/ - қырғыншылықты санамалау, мадақтау жөне литургиялық тұрғыда тәңірге табыну дұгасы. 4. "Яшты" /"Әнұрандар кітабы"/ - Зорастралық әртүрлі тәңірлікті мадақтаудан, көптеген мифологиялық элементтерден құралатьн 22 діни өлеңнен тұратын мадақтау әнұрандары.

1."Кіші Авеста" - қыскрша дүғалық тектерінің жинағы. Авестаның поэтикасының ведалык, поэзиясына жөне иран фольклорына тән жақындықты танытуы.

Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі қытай әдебиетінің негізгі өкілдерін ата.

2.Адамды сүю гуманизмінің өкілдері кімдер?

3.Лю Сян шығармашылығы туралы не білесің?

4.Сыма Цяньның қандай шығармаларын білесің?

5.Веда әдебиеті дегеніміз не?

6.«Махабхарата» қандай шығарма?

7.«Рамаян» қандай шығарма?

8.Ежелгі Иран әдебитеті. Б.з. д. екінші мыңжылдықтағы иран тайпаларының әдебиетінің басты ерекшеліктері қандай?

9.Классикалық үнді әдебиеті. Б. з. д. бірінші ғасырдағы санскрит әдебиеті дегеніміз не?

Пайдаланатын әдебиеттер: м пкгорогог

1. Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.

2. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. 1991. 400 б

3.Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. – Алматы: қаржы-Қаражат, 2003. – 408 б.

4. Махабхарата (Ауд. Ә. Нілібаев) Үзіндісі: Шантану балықшы қыз Сатьяватиге үйленеді. Кітапта: «Әлем». Альманах: Өлеңдер, очерктер, әңгімелер. – А., Жазушы, 1991. – 496 б.

5 Лекция

Тақырыбы: Орта ғасырлық Таяу Шығыс, Орта Азия және Европа әдебиеті

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті.

2.Орта ғасырлық үнді әдебиеті, Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері, орта ғасырдағы араб әдебиеті

3.Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы.Орта ғасырлық эпос,

Кельттік (ирландық) эпос, оның көркемдік қырлары.

4.Скандинавиялық эпос және лирикалық поэзия. «Үлкен Эдда» және «кіші Эдда»

5.Францияның батырлық эпосы «Роланд туралы жыр» шығармасының көркемдігі

6.Испандық «Сид туралы жыр» шығармасының тарихилығы

7.Немістің «Нибалунга туралы дастан» дастанның көркемділігі

8.Орта ғасырдағы қалалық әдебиет,орта ғасырлық драма

9.Рыцарлық куртуаздық әдебиеті. Прованстағы рыцарлық поэзияның пайда болуы. рыцарлық романның пайда болуы. Орта ғасырдағы эпостық шығармалардың, рыцорлық, куртуаздық әдебиеттердің негізгі тақырыптары.

Орта ғасырлар эллиндік классикалық дәуірдің құлдырау шегіне жетіп, одан кейін оның қайта замандық түлеуімен сәйкес келеді. Орта ғасыр Ү-ХҮ ғасыр аралығын қамтиды. Бұл ғасыр қараңғы ғасыр деп аталады. Бұл ғасырда негізгі идея дін болды.

  • храмдар бастады, эпостық шығармалар пайда болды

  • Батыс Рим империясының мәдениеті пайда болды

  • Римдіктер варварлармен терең күрес жүргізді.

ХІ-ХІІ ғ. бастап Европада университеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары ашыла бастады. Мысалы: ХІғ Италияда құқықтық мектебі, Англияда Оксфорт университеті (1167), Кембридж университеті (1209) орта ғасырда білім ордасына айналды. Мұнда жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар Р. Бекон жұмыс істеді. 1160ж Париж университеті ашылды. Мұнда медицина, дін, құқық факультеті жұмыс істеді. Латын тілінде сабақ жүргізілді. Орта ғасырларда университеттерде ғылым схоластика түрінде дамыды. Оның негізгі белгілері шіркеуге, шіркеу қайраткерлеріне сену. Теологиялық, догматтық алғышарттарды рационалды принциптермен біріктіру; формальдық логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде тәжірибенің ролін бағаламау болады. Ақсүйектер білім алатын қала мектептерінде діни білім беру ең басты орынға қойылды. Орта ғасырларда Европаның ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше дамыды. Әрине осы тұста әдебиеттің мәдениеттің басты элементтері де дамыды. Бастапқы орта ғасыр кезеңінде ауыз әдебиеті, батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдерінде тән құбылыс болады. Эпостардың бірі ағылшын саксондық қаһарман туралы «Беовульф» поэмасы. Бұл поэма 700 жыл шамасында жазған деп есептелді.

Германия эпостарының ішіндегі беташары болып «Хильдебранте туралы жыр» танылды; орта ғасырларда бұл жыр халықтың салт-дәстүрін танытушы әрі жалғастырушы болды; бұл жыр жазылған уақытта дін орындары «тілдік жырларға» тиым салған болатын, бірақ бұл жыр оған қараған да жоқ.

«Нибелунга туралы жыр» шамамен 1200 жылы жазылған, яғни Гартман фон Ауенің рыцарлық романдары мен Вальтера фон дер Фогельвейдерінің рыцарлық лирикаларынан кейін аударылған. Бұл дәуірдегі романдардың тууына куртуруздық стиль де әсер етті.

Қарапайымдылық пен көкіректілік, жұмсақтық пен қаттылық «Нибелунга туралы жырда» ақырына дейін сақталған.

Жырда сюжеттер мен циклдер өздерінің ерекшелігімен көзге көрінеді және де Францияның Зигфрид туралы эпосы, Бургундардың Гунтер туралы, Готиканың Динтрих пен Эрманарике туралы жырлары немістің бұл жырымен жақындығы бар.

Орта ғасырлардағы неміс эпостары халықтық емес, яғни франциялық және испаниялық эпостарға біршама ұқсас. Жырдағы қаһармандар негізінен ортақ елдері мен халықтарын қорғамайды. Дәл осы тұста бұл жыр Ролланд пен Сид туралы жырларға өте ұқсас келеді. Олардың қаһармандық өлімдері өздерінің қызығушылықтарына, жанұясына, туысқандарына арналған. Немістердің эпостарында жайменен гундардың королі Атилла қаһармандыққа шығады.

Ескі эпикалық жырлар мен қаһармандық поэмалар негізінен Оңтүстік-Батыс Германияда, Дунай жерінде, Бавария мен Австрия жерінде пайда болған делінген.

«Нибелунга туралы жыр». Бұл жыр шамамен 1200 жылы жазылған, ауқымы кең поэма 39 жырдан тұрады («авантюр» үлгісімен жазылған), 10000 өлеңнен құралған.

Вормсе қаласындағы Бургундов корольдігінде, патша гунтер және оның ағалары Зигфридтер осы королдікте патша болатын. Төменгі Рейндегі корольдіктер – Гунтера Кримхилдінің сұлулығы туралы есітеді де, Вормсқа келеді, себебі сұлу әйелді келіншек етпекші болады. Төменгі Рейндегі корольдік Гунтер патшалығына соғыстарда көмек берді; жеңіске жетеді. Осы жеңістің құрметіне мереке күні болып өтеді. Осы кеште гунтера әйелден қолын сұрайды. Ал сол үшін Гунтерді Зигфридтан ұзақ Исландия патшалығына жұмсайды. Сонымен жырдың сюжеті махаббат, достық, алдап-арбау, сенімсіздік және өлім тақырыбына құрылған.

Немістің «Нибелунга туралы жыры» ХІІ ғасырдың соңғы жыры болып табылады. Нибелунга туралы жыр рыцарлық романдарға жақын, онда Кримхильданың махаббаты, рыцарлық өкілдерінің әйелге құрметі, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат, феодалдық берілгендіктен шындық суреттеледі.

Жырдағы Зигфрид рыцарлық тәртіп алған, Кримхильданы сүюші болып суреттелген образ. Ал, Кримхильда қанша жылдар бойында өзінің жырына деген адалдығын сақтаушы. Поэма соғыс пен бейбітшілік өмірдегі феодалдық қоғамның рыцарлық мәдениетін идеалды түрде суреттейді. Шығарманың желісі бұрынғы қысқа батырлық эпостардан алыстаған.

«Зигфрид туралы жыр» да орта ғасырдағы неміс әдебиетінің желісі саналады. «Нибелунга жырына» деген қызығушылығы ХҮІІІ ғасырдың ортасында ояна бастайды. Халық Нибелунга жырын «Немістің Иллиадасы» есебінде етек жая бастайды. Неміс сыншылары әрқашанда Зигфрид образын «германдық қаһарман» деп таныған.

Ролланд туралы жыр. Бұл поэма 4002 жаттаудан тұрады. Яғни бұл поэма Ролландтың өлімімен аяқталады. Бұл жыр 1100 жылы пайда болған. Бұл поэманың басты проблемасы Манелонның сатқындығынан басталады. Бірақ Манелонға бір арам ой келіп, бұл Ролланд мені өлтіру үшін жіберіп отыр деп ойлайды.

Сонымен қатар бұл поэмада Ролландпен Манелонаның қарама-қайшылығы басқа сыни көздерімен де қарауға болады. Ролланд және оның ең сүйікті досы, әрі ағасы ретінде Оливье суреттеледі. Францияның қаласына жауы келгенде Ролланд пен Оливье соғыса бастайды. Бірақ Оливье Ролландқа корольді шақыр деп бұйрық береді. Бірақ Ролланд шақырмайды. Осымен Оливье үш рет қайталайды. Ролланд өзінің күшіне сенеді. Ролландтың мінезін жырда өте күшті, өзіне сенімді, бір айтқанды екі етпей орындайды.

Испанияның батырлық эпосының көлемі Францияның батырлық эпосына өте ұқсас. Испаниялық халықтық эпостың ең жоғарғысы «Сид туралы жыр». Бұл жыр бізге екі түрде жеткен. Бірі өте ескі және тарихқа жақын, ал екіншісі «Радриго» деген атпен жеткен. Руй Диас басты Сид болып аталуы (1025-1043) жылдар аралығында өмір сүрген. Санчо Саморлермен соғысып, қайтыс болған кезде, Санчоның ағасы Альфонс алтыншы таққа отырады. Ол Сидті жек көретін. Сидті 1081 жылы Кастилиадан қуып жібереді. Бірнеше уақыт Сид әртүрлі христиандық және мұсылмандық елдерде жұмыс істеп, соның арқасында мавровтардан Валенсия қаласын тартып алады. Бұдан кейін ол Альфонс корольмен достасып, мавровтарға қарсы екеуі бірігіп, соғысатын болған. Альфонс пен Сид көптеген соғыстарды жеңіп, әсіресе 1904 жылғы соғыс Куарто Сид 3000 адаммен альмарадтың армиясы 150000 адам болса да, Сид соғысты жеңді. Сид Испанияны мавровтардан толығымен құтқарамын деп ойлап еді, бірақ ол ойы жүзеге асырылған жоқ. Себебі 1044 жылы қайтыс болды.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Сид тірі кезінде-ақ көптеген өлеңдерді, әңгімелерді айтып жүрген. «Сид туралы жыр» 3735 жоқтаудан тұрып, басты үш бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлімінде Сидтің алғашқы ерліктері туралы. Ол паходқа ақша табу үшін еврей сатушыларға бағалы сандықтар өткізіп ақша алады. Содан кейін қасына 60 адам жинап, Сан-Педро де Карденья деген монастырға келіп, әйелі мен қыздарымен қоштасып, мавровтардың еліне аттанады. Сид мавровтарды жеңеді. Екінші бөлімінде Сидтің Валенский қаласын басып алғандығы суреттеледі. Оны көріп отырған Альфонс, Сидке әйелі мен бала-шағасына Валенсия қаласына көшіп келуге рұқсат береді. Одан кейін корольмен кездесіп, король Сидтің қыздарына құда түседі. Сид оған көніп, қыздарын береді. Үшінші бөлімде Сидтің күйеу балалары қорқақ болып суреттеледі. Сид олардың басына күліп, олар туралы күлкі нәрселерді айтып, мазақ қылады. Оған шыдамаған күйеу балалары Сидтің қыздарынан ақыларын алады. Ол оқиға былай болады. Олар киініп, әдеміленіп жолға аттанады. Хорпес деген жерге жетпей әйелдерін ұрып, жолға байлап тастайды. Сидтің жиені Сида Фалис Шуньос уақытында іздеп келіп, қыздарды құтқарады. Сид оларды сотқа береді. Сид сотқа келгенде ұзын сақалын шүберекпен байлап келмесе, бәрі сақалынан тартып, тыныштық бермейді екен. Сот біткеннен кейін Сид шүберекті шешіп, сақалын аман-есен қырады. Содан кейін Сидтің қыздарына тағы жаңадан құда түседі. Олар Новар мен Арагонның принцтері екен. Поэма осымен аяқталады.

Орта ғасырда халықтық эпикалық әдебиеттің дамуы одан әрі жалғасты. Бұл оның дамуының ең маңызды кезеңі еді. Батырлық эпос орта ғасырдағы кітаптің, сөздіктің ең маңызды бөлігі болып табылды. Орта ғасырдың батырлық эпосы этникалық және мемлекеттік бірігудің және сол кезде пайда бола бастаған сеньериальдық - вассальдық қарым-қатынастардан көрінді. Эпостық тарихи тақырыбы кеңейді және ол ертегілік мифологияны ығыстырды. Христиандық мотивтің маңыздылығы артты және бұрынғы фольклорлық үлгілерден біраз басқашалау болды. Дегенмен мұның бәрі сюжет пен мифтік, ақындық образдардың бірігуіне әкеп соқты. Батырлық романдар фольклорлық фантастикаға айналды. Эпос тарихындағы жаңа этаптың ерекшеліктері бір-бірімен тікелей байланысты. Батырлық эпоста рулық қауымдық қатынастар ұлттық қатынастармен алмастырылды. Эпикалық ескерткіштерде патриоттық мотивтер басым болды. Ол патриоттық мотивтер өзге елдегі және өзге діндегі болып алушылардың арасындағы күреспен байланысты еді. Романдық және словяндық әдебиеттерде патриоттық мотивтер христиандар мен «адал емес» мұсылмандар арасындағы қарсылықтар түрінде белгіленді.

Франциядағы батырлық эпос. Романдық халықтарының эпосы (француздар мен испандар) Х-ХІІІ ғ. аралығында дамыды. IX ғ. бастап роман тілі ретінде бөлініп шықты және оның әдеби творчествосы басталды. VIII ғ. тарихи оқиғалар бұл эпосқа әсер етті. Роман халқының халықтық поэзиясы гермондардың фольклорлық әдістерін меңгерді. Француздардық халықтық латын тілінен ескі француз тiліне өтуі және этникалық француздардың Франциядағы феодалдық құрылыс Каролингов дәуіріне кіреді. (VIII - IX ғ.) Батырлық поэзиядағы бұл дәуір эпикалық уақыт деп аталады. Каролинговтардың ішіндегі ең атақтысы 800 жыл патша тағына император Карл Великий эпикалық король атанды және «ақылды францияның» V эпикалық басқарушысы болды. Француздың шамамен жүз шақты батырлық поэмасы сақталған.

«Ролланд туралы жыр» Француз эпосының ең биік шыңында «Ролланд туралы жырдың» орны ерекше. Бұл эпос 4002 өлең жолынан тұрады, қолжазбаның соңында Турольд деген кісінің есімі бар. Турольдты автор деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ бұл осы қолжазбаны көшіруші және бас редакторы.

Бұл жырда Пиренеядағы Ронсеваль шатқалында француздар мен маврлардың (сарацин) ұрысы туралы айтылады. Француз әскерлері Карл Роланд басқарған француз әскерлері бұл соғыста Франция үшін шайқаста батырлықпен қаза табады. Олар маврлармен соғысқан еді. Отрядтың жеңілуіне себепкер Роландтың өгей әкесі Ганелон кінәлі еді. Ганелон өгей баласы Роландты жек көргені үшін Сарагос Марсилия патшасымен келісімге тұрады. Роландтың және оның досы Оливье мен 12 сері жігіттің өлімі үшін Карл өшін алып, жауларын жеңіп шығады. Ганелон жекпе-жекте қайтыс болады. Бұл жырдың сюжеті белгілі бір тарихи негізі бар. Оның куәгері француз және араб хроникаларында сақталынған. Ұлы Карл 778 мұсылман қауымының бастығы Инбаль-Арабидің шақыруымен Испанияға келеді. Инбаль-Араби халиф Абдеррахманға қарсы күресті басқарушы еді. Инбаль-Араби Карлға көмегі үшін Сарагосты беруге уәде етті. Бірақ Сарагостың басқарушысы француздарды кіргізуге рұқсат етпеді. Сол үшін Карлға кері қайтуға тура келді және ол сакстардың көтерілісі туралы естіді. Пиреней асуларынан өткен кезде христиандар Карлдың сөзінде тұрмағаны үшін француз әскерін талқандады. Бұл шайқаста аздап маврларда қатысты және олар Аль-Арабиді Карлдың тұтқынынан құтқарды.

VIII - IX ғ. мұсылмандарға қарсы идеялар бас көтерді. Осы дәуірде жеңгендердiң христиандыққа өткізу басталды. Мұсылмандарға қарсы соғыс XI ғ. II жартысында крест жорығына дайындық кезінде басталды. Бұл уақытта француз рыцарлары Испаниядан маврларды VI Альфонса Кастильдің туы астынан қууға қатысты.

Бұл поэмадағы маңызды орынды маврлармен соғыс туралы айтылады. Бірақ поэманың басты тақырыбы феодал-рыцарлар мен корольдардың арасындағы және өзара соғыстары, феодалдық құрылымының өз арасындағы өте әлсіз және әділетсіз корольдар арасындағы соғысты көрсете отырып, ХІІ-ХІП ғ. жағдайы француз эпосының құрылып бітуімен байланыстырады.

«Сид туралы жыр» Сан ғасырлар бойы испан халқы (VIII - XV ғғ) Пиреней түбегін жаулаған арабтарға қарсы соғыс жүргізді. Ұлт-азаттық соғыстың ең өрлеген кезі ХІ-ХІІІ ғ. аралығы еді. Испандықтар Пиреней түбегін түгел дерлік қайтарып алды. Арабтарға 1492 жылға дейін өмір сүрген Гранад Хандығы қалды. Тарихта реконкиста деген атпен қалған бұл соғыс бүкіл Испанияны қамтыды. Карл Маркстың айтуына қарағанда соғыс жылдарында испан халқының заңдары мен дәстүрлері қалыптасқан. Реконкистадағы жеңістер ақындарды да шабыттандырған. Сондықтан да реконкистаның қаһамандары испан халқының әдебиеттерінде үлкен орын алған. Үлкен ұлт-азаттық көтеріліс кезінде испан батырлық эпосының ұлы ескерткіші - «Сид туралы жыр» қалыптасты. (XII ғ. ортасы). Бізге дейін жеткен жалғыз қолжазба XV ғ. жазылған. Жырда XI ғ. өмір сүрген Руя (Родриго) Диаса де Бивар, яғни Сид деп аталатын батырдың ерліктері суреттелген 1043 - 1099 жж.өмір сүрген Сид реконкистаның алға бастар батырларының бірі болған. Ол маврлардан Валенсияны қайтарып алды, бірақ оның басты ерлігі VI Альфонсаны бірнеше рет жеңген, мавритандық хандықтарға Африкадан көмектесуге келген альморавидтерді ойсырата жеңуінде еді. Жырда Сид Кампеадор испан халқының батырлық идеясына айналады, не дегенмен автор тарихи фактілерден ауытқыған. Жырда оны өз халқының патриоты ретінде, маврларға қарсы барлық күшін салып соғысқан қаһарман ретінде суреттейді. Шын өмірде Руй Диас маврларға қарсы көп шықпаған. Нағыз феодал, таққа ұмтылған тарихи Сидтан гөрі, жырда аз мұқтаждығынан Испанияның жағдайын алға қойған Сидті суреттейді. Міне, осында оның корольге тұрақтылығы байқалады. Реконкиста шартында үлкен саяси-прогрессивтік мағына бар. Мұнда Сидтің атақты демократизациялық образын айта кеткен жөн. Біз білетін, яғни, жоғарғы кастиль әулиетіне Сидті жырда инфансон ретінде суреттейді, феодалдық аристократияға жатқызбайды. Оны тек өзіне, халқына сенген батыл адам ретінде суреттейді. Ал нағыз феодалдық әулет Карриондарды мүлдем басқаша бейнелейді. Олар өзін жоғары санайды, алаяқ, қорқақ және қанішерлер. Поэма соңында бұлардың бәрі жазаланады. Жырдың басы жоғалған. Мұнда испан королінің Сидті қуып жіберуі жазылуы тиіс еді. Жылнамалардың айтуына қарағанда оның мәнісі мынада: VI Альфонсаның бұйрығы бойынша Сид Севилия аумағынан жылдық салықты жинауы керек еді, бірақ Сид тек жинаған, маврлармен одақта болған граф Гарсиа Ордоньесаны тұтқынға алады, ал корольдікке жеткенше Сидтің жаулары корольді алдап, Сидті салықтың бір бөлігін алды деген жалған айып тағып үлгерді. Сидке тісін қайрап жүрген Альфонс 1087 ж. Сидті корольдіктен қуып жібереді. Сидті қуып жібергеннен кейін жырдың сақталған бөлігі шығады.

Жырда өлең жолдары ассононс арқылы байланысқан. Әріптері басқа ескерткіштерден алынып қалпына келтірілген.

«Нибелунга туралы жыр» (1200 жыл бұрын) - неміс халқының батырлар эпосының үлкен ескерткіштерінің бірі. Сақталған 33 қолжазбалардың мәтіні үш тақырыпта өрбиді. «А» нұсқасы ең қиыны және ең аз таралғаны. «В» және «С» нұсқалары ең көп таралған болып табылады. Бұл жайттар кезінде зертеушілердің үлкен пікір-таласын тудырған «А» нұсқасын немістің атақты филологы К. Лахман (1793 -1851) да қолдаған. Ал «В» нұсқасын осы жырға сәйкес келетін соңғы зерттеулер де дәлелдеген. Осы «В» нұсқасы орыс тілінде де аударылған.

«Нибелунга туралы жыр» негізінде неміс халқының ертегілері, яғни, осыдан мыңдаған жыл бұрынғы варварлық соғыстар жатыр. Бұл поэманың негізінде 437 жылы ғұндармен талқандалған. Бургунд хандығының өмір сүруінің тоқтатылуы болып табылады, осыдан 1200 жыл бұрын жазылған поэма XII ғ. неміс феодалдық, батырлық өмірімен қоғамдық колоритімен тығыз байланысты. Жырда батырлық дәстүрлердің Бургунд хандығының хандық құрған кезеңінде орындалғаны айтылады. Жырдағы басты кейіпкер әдемі де сұлу Кримхильданы ұнатқан батыр да батыл Зигфрид. Жыршы батырлардың той мерекелері мен хандар мен ханзадалардың киіну үлгілерін де жырлауды да ұмытпаған.

Жоғарыда аталғандардың бәрі поэманың сыртқы келбеті. Осындай қызықты оқиғалардан кейін трагедиялық эпизодтар өрбиді. Жас кейіпкер Зигфридтің сатқындық құрбаны болды. Гунтер, Брюнхильда және Хаген деген жауыздардың Кримхильдаға істеген жауыздығы. Жат жерде қайтыс болған Бургунд хандарының қасіреті. Бұл жырда біз феодалдық өмірдің келбетін көреміз. Неміс халқының салт-дәстүрін байқаймыз. Бұл поэмада басқа батырлық эпостағыдай кейіпкерлер кездеседі. Мысалы: Хаген, Дитрих Бернский, Хильдебранд, Этцель және т.б.

«Нибелунга туралы жырдың» монументальді образдарына Г. Гейне тамсанған. Поэма аллитерарлық өлеңмен жазылған. Мұндай әдіс алғашқы миннезингерлерде кездескен.

Орта ғасырлар – эллиндік- классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп,ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, үзаққа созылған біртүтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы- «романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени д  дәстүрлері болып саналады. Олар қүқық, ғылым, өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет,христиан діні және т.б.Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде терендей түсіп,Батыс Еуропаның пүтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты.Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды,яғни V- ғасырдан бастап VX ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бүл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қалданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол біртарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мағынасын жойған жоқ. Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен түрады. Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі»- дәуір бастаунан басталып X-XI - ғасырға дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық ) кезең- XI - XIV ғғ.; ал үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» - XIV- XVғғ. Аралықтарын қамтиды. Ортағасырлық  мәдениеттің басты ерекшелігі- мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан щіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діні шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни- уағыздардың басты қағидалары - сенім белгілері қабылдана бастады. Шіркеу ілімі қоғамдық ой - сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым  салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалау бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V-VI ғғ. Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу биілігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. XI-XII ғғ. Бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми- зерттеу жұмыстарының орталығында айнала басты. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті ашылды. Англияда Оксфорд университеті,ал одан кейінКембридж университеті- ортағасырлық білім ордаларына айналды. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді. Орта ғасырлық университеттік ғылымды – схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады. Оның негізгі белгілері - шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық – догматтық алғышарттарды рационалдық принциптермен біріктіру, формалдық- логикалық мәселелерге қызығушылық және танымнаң негізгі әдісі ретінде тәжіребенің рөлін бағалау болды. Орта ғасырлық мәдениеттің басты элементі - әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын- саксондық қаһармандық эпостардың бірі - 700 ж. Шамасында жазылған «Буеовульф» поэмасы болды. Маман - ғалымдардің пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтын поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі- құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын- «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған. Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра- француздардың халықтық эпосы «Ролланд туралы жыр». Бұл поэмасында император корольді немере інісі граф Ролландтың Ронсельвальдың үстірттегі маврлармен соғыста қаза тапқаны туралы, Ролландтың өгей әкесі Ганелонның сатқындығы және әйгілі корольдің Ролланд үшін кек алуы туралы және он екі пәр туралы жазылған. Ролланд туралы аңыздың идеялық ойы мәттінің тарихи фактілермен дәлме дәл келтірілуі. Ролланд туралы поэмасында түпкі негізінде крестік(крестовый) басушылық идеясы кірген, бірақ көне және кішірейтілген түрінде.Мұнда испандық христиандарға көмек көрсету және мавларды испандарға ығыстырылуы көрсетілген. Ролланд туралы ән мазмұны тек халықтық религиоздық идеямен ғана келтірілмейді. Мұнда 10-11 ғасыр феодалізіміне тән сауалдық-саяси қарама-қайшылықтар көрсетілген, француз армиясы ұятқа қалмай керісінше үлкен даңққа ие болды. Ролланд бұл поэмада- батыр, ол ұшін Франциядан басқа ешнәрсе жоқ. Бұл көрініс оны халық батыры, әрі адамға жақын деп көрсетеді. XII-XIII ғ. неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы - «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Vғ. Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары- уақиғаның негізгі арқауы болған. Алайда, жалтырыған рыцарлық өмір суреттері - жырдың тек «сыртқы келбеті» ғана, жырдың «пердесінің» артында аянышты оқиғалар да кездеседі. «Нибелунгтар туралы жырды» жақсы түсіну үшін шығарма сюжетін сол кездегі уақыт деңгейінде қабылдау қажет. Әр эпизодтар арасында көп уақыт өткеніне қарамай, жырдағы оқиғалар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзия да дами бастады. Германияда лирикалық поэзияның окілдері саналған миннезинглер ( жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай манындағы) поэзия»- француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды.    Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйтісіне жан - тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп - қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары- Бертран де Борн, Джауфре Рюдель және т.б. болды.XII-XIII ғ.француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды.Ваганттар деп ( латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған.Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі- вагант ақындардың католик шеркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық іс- әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжұзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын - сүргіне ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясынын аса құнды шығармаларының бірі болып саналады.   XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робинн Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежұзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы- ағылшын әдебиетінің бет- бейнесін айқын аңғартады.Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар,соннеттер басым болып келеді.XII ғ. ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт- «жаңа әдемілік стиль» пайда болады.Бұл стильдің негізін салушы- болондық ақын Гвидо Гвиницелли болды.Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады.Оның көрнекті өкілдері- Чекко Анджольери,Гвидо Орланди және т.б. Олардың шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті түрмыс- тіршілігі реалистік түрғыдан көрініс тапты.Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.