Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - шетел әдебиетінің тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.Классикалық кезеңнің архайкалық кезеңнен айырмашылығы неде?

2.Алғашқы драмалық шығармалар қалай пайда болды?

3.Драмалық сайыстар, хор және актерлардың пайда болуы туралы не білесің?

4.Трагедия жанры қалай пайда болы және «трагедия атасы» кім?

5.Софокл шығармашылығының маңыздылығы неде?

6.Герадоттың «Тарих» атты еңбегіндегі прозалық әңгімелеу және ғылыми стильдің қарым-қатынасы қандай?

7. Шешендік өнер туралы ғылымның – риториканың қалыптасуы жайлы не білесің?

8. Демокрит шығармаларындағы макросим және крокосим дегеніміз не?

9. Демосфеннің шешендік өнері жайлы әңгімеле.

10. Аристотель еңбектерінде әдебиет пен өнер мәселесі қалай көрінді?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тахо-Годи А.А. Античная литература. М., 1963

2. Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М., 1989

3. Честякова Н.А., Вулих Н.В. История античной литературы. Л., 1963; М., 1971

4. Аристофан Лисистрата. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер.

5. Қаз.тіл.ауд. М.Базарбаев. А., Өнер, 1991, -168 б

6. Еврипид. Медея. Елена. Троя арулары: Трагедиялар. Ауд. Қ. Жұмағалиев. Өнер, А., 1986, -223

7. Эсхил. Бұғауланған Прометей. Ауд. Ә.Нілібаев. А., Жазушы, 1970

3 Лекция

Тақырыбы: Эллинистикалық кезең. Эллинизм заманының идеологиясы мәдениеті. Эленистикалық поэзияның дамуы.

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Элинизм заманынының идеологиясы, мәдениеті.

2.Афины – пәлсапа мен комедиографияның орталығы.

3.Эллинистикалық поэзияның дамуы.

4.Ғалым-ақындар. Прозаның дамуы, шешендік мектептердің пайда болуы.

5.Тарихи пәлсапалық прозаның қалыптасуы.

6.Эллинистикалық кезеңде мәдениеттің дамуы.

7.Шешендік мектептер.

8.Тарихи философиялық проза.

9.Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі.

10.Рим әдебиетініңтарихи маңызы. Рим фольклоры

11.Ерте дәуірлік кезең. Римдік тұңғыш ақындар.

12.Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті.

13.Гректік риторика мен философия.

14. Цицерон Марк Тулий және оның әдебиет дамуындағы орны.

15.Вергелий Марон Публий өмірі мен шығармашылығы.

16. Гораций шығармашылығы.

Эллинизм ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323) бүкіл Грекцияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, б.з.д. 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұлан-ғайыр жерді жаулап алды. Ежелгі дүниеде дәл осындай орасан зор мемлекет ешуақытта да болмаған. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында элленизм кезеңі басталды десек те болады. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу кезеңі, яғни, дәуірі болды. Бұл кезеңді Шығыс және батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі десе де қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңқа бөленген ұлы Александр отыз үш жасында дүние салады. Ол өлгеннен кейін (б.з.д. 323 ж) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды.

Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени ықпалдарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ол өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің Шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезінде Грек қалаларының құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары жа барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды.

Сонымен Шығыс Ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салады. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмыстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі – Александриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмыстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы – Александрияда да дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана орналасты.

Сонымен Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дәстүрлері болды, бірақ, оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді.

Б.з.д. ІІ ғ. өмір сүрген атақты мүсінші Александрдың (Агесандр) қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір дүниежүзіне белгілі. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббат құдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нәзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады.

Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атқа ие болды. Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуірінде біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын. Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Шырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңында жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.

Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткіштерінің бірі – Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер – Агесандр, Полидор және Афанадор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңыз-хикаядан алынған.

Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне тән, патшаны құдай дәрежесінде мадақтауға негізделген – монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардың әйелдері құдайлар деп танылып, оларға құдайларындай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі – «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет-синкретизм еді (гректік және шығыстық діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).

Эллинизм дәуіріне жалпы сипаттама. Грек әдебиетінің классикалық кезеңі б.э.д. ІҮ ғасырда, яғни құл иеленуші полисінің құлауымен бірге аяқталады. Бұдан ары классикадан кейінгі кезең немесе эллинизм дәуірі басталады. Бұл дәуірге жалпы сипаттама беру өте қиын. Өйткені классикалық кезеңдегі ұсақ құл иеленуші полисінің орнына ірі құл иеленуші қоғамында өндіргіш күштердің өсуіне байланысты жаңа құлдар көбірек қажет бола бастады. Бұл үшін жаулап алу соғыстарын жүргізу қажет болды. Классикалық кезеңнің өзінде-ақ жалпы гректік құл иеленушілік құрылысында Афина өзінің ұсақ мемлекеттерде басып алуымен ерекшеленіп тұрды. Үлкен көлемдегі құлдарды пайдалану үшін үлкен жер көлемі қажет болды. Бұның ақыры ІҮ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзінің көп бөлігін жаулап алғаш Александр Македонскийдің ұлы жорығына алып келді. Шығыс елдерін жаулап алуы шығыс және грек мәдениетінің тығыз байланысына алып келді.

Эллинистік мәдениетке сипаттама бере отырып, грек мәдениетінің шығысқа таралуына байланысты. Афина өзінің мәдениет орталығы ретіндегі маңызын жоя бастағанын, бұл орталықтың да шығысқа жылжып бара жатқанын байқаймыз. Әсіресе, Солтүстік Афинадағы Александр Македонский құрған Александрия қаласы үлкен маңызға ие болды. Бұл жерге көптеген ақындар жинала бастады және осыдан эллинистік поэзия александриялық деп атала бастады. Бұлай аталуы шартты түрде болмаса, эллинизм дәуірі ақындарының Александрияға ешқандай қатысы жоқ болатын.

Алдымен бұл мәдениеттің адамы тұрмыстық өмірге бейім болды. Кең мағынада айтқанда тұрмыс сөзі барлық уақытта, барлық жерде қолданған. Алғашқы қауымдағы адамдардың да тұрмысы болған. Тіпті мифологияда да батырлық тұрмысы болды. Бірақ мұндағы тұрмыс сөзі кең мағынада тұр. Ал осы жерде қолданылып жатқан тұрмыс – тар мағынада, яғни мифологиялық немесе еркін әлеуметтік-саяси шығармашылықтың тұрмысы емес, бұл бір субъектінің шектелген көзқарасы, қоғамның немесе жанұяның көзқарасын қарастырған. Мұндай тұрмыс эллинзим дәуіріне дейін Грецияда белгісіз болып келген. Тек қана Гомер және Гесиодқа дейінгі кейбір ойлар болмаса, тек қазір аполитизмнің шарты бойынша және діни-мифологиялық көзқарастардың жойылуынан кейін ғана тұрмыс адамына, оның мұқтаждығына деген қызығушылық пайда бола бастады. Мұндай тұрмысты комедияда бейнелеу ыңғайлы болды. Тек саяси қоғамдық және діни философиялық идеяларға толы ежелгі Аристофанның комедиялары емес, жаңа тұрмысты бейнелеу үшін әдебиет тарихында жаңа антикалық комедия дүниеге келді. Оның талантты өкілдерінің бірі Менандр Афинский болды.

Эллинизм кезеңінде тұрмыстан жеке тұлғаға өткенде субъектінің тереңдетілген ішкі өмірімен кездесеміз. Эллинизм дәуірінде де жеке адам тұлғасы, жаңа европалық әдебиеттегідей ішкі сезімін сезіну формаларынан өткен. Мұндағы ұқсастық кейде тіпті жақын болып келеді, оған кейбір зерттеушілер эллинистикалық дәуірді буржуазия-капиталистік формацияның бір түрі ретінде санайды. Бірақ бұл қате түсінік. Бір еске сақтайтын жағдай эллинизм тек құл иеленушілік формациясымен ғана шектеліп қалған болатын, сондықтан оған жаңа уақыттың әдебиетінде кездесетін жеке өзін мойындату, өзін биікке қою сияқты формалар таныс емес. Эллинизм кезеңінде бір тек жеке тұлға бағытының элементтерін ғана кездестіреміз.

Екінші кезең. Эллинизмнің бастауын Александр Македонскийдің уақытына әкеледі, яғни бұл б.э.д. екінші жартысы, ал эллинизмнің аяқталуын Грецияның Римді жаулап алу кезеңіне әкеледі, яғни б.э.д. ІІ ғасырдың ортасы болып саналады. Б.э.д. І-Ү ғасырда әдебиет эллинизм негізінде дамиды, сондықтан б.э.д. ІҮ-І ғ.ғ. эллинизмнің екі кезеңі туралы айтқанымыз жөн болар. Бірінші кезең – бұл ерте эллинизм (б.э.д. ІҮ-І) және екінші кезең – кейінгі эллинизм (б.э.д. І-Ү) деп атаймыз.

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі. Принцитат. Бір ғасыр бойына Рим тарихы азаматтық бүлікке толы болды. Бұдан бұрын Грецияда болған жағдай мұнда да қайталанды. Өсіп келе жатқан өндіргіш күштердің жаулап алуға көшуі, үлкен көлемде құлдарды пайдалануы шаруалардың жерден айырылуына, ал жоғары биліктегілердің баюына және қарсылық білдірген көпшілікті қарулы күштермен ұстап тұруға әкеліп соқты.

Принцитат (princeps – бірінші) – бұл биліктің бір түрі және республикадан империяға көшу дегенді білдіреді. Жерінен айрылған жұмыссыз халықтың бөлігі енді армияға бара бастады. Ал аристократтар принцепс қызметіне келіп, соның әміршілдік жүйесіне айналды. Октавион Август басқарған Рим империясындағы принцитат осылай құрылды. Аз ғана уақыттың ішінде республикалық мемлекеттің басты басқарушы орындарын жаулап алған Август Рим империясын сөз жүзінде республика деп атағанымен шән мәнінде. Публий Вергилий Марон б.э.д. 70 жылдары Солтүстік Италияда Мантуй маңындағы Анды ауылында дүниеге келді. Ол Рим және Кремон қалаларында білім алды. Бірақ 42 жылы үйіне қайтып оралды, өйткені ол шуға толы қала өмірін ұнатпайтын. «Букомиктер» (Бақташылар өлеңі) және «Эклогтар» (Таңдамалы өлеңдер), «Георгики» (жерге байланысты өлеңдер) және әсіресе «Энейда» поэмасы Вергилийге әлемдік даңқ әкелді. «Букомиктер» 42-39 ж.ж. «Георгики» 37-30 ж.ж. және «Энейда» 29-19 ж.ж. жазылды. Вергилий б.э.д. 19 жылы Грецияға саяхат жасап келген соң қайтыс болады. Тарихшылар Вергилийді өте қарапайым, ауыл өміріне берілген және Август империясының белсенді жақтаушыларының бірі ретінде суреттелді. 2. «Букомектар» және «Эклогтар»

Тақырыбы айтып тұрғандай бұл бақташылар поэзиясы. Бұл жинақ 10 эклогтан тұрады. Бірінші эклогы букомикалық, яғни бақташылардың ақындық сайысы бейнеленген. Ал келесі эклогы аллегори-букомикалық, яғни мұнда маңызды қоғамдық-саяси құбылыстар және философиялық идеялар туралы айтылады.

Көркемдік стиль. Вергилий өлеңдерінің Феокритке ұқсастығы болғанмен, оның өзіндік стилі бар. Вергилий бақташыларының махаббат мұңын бастан кешіруі, поэзия және музыкамен айналысуы Феокритке ұқсас болып келгенмен Вергилийдің бақташыларға деген қатынасы өзгеше болып келеді. Вергилий олардың сезім мен үмітін ескере отырып, бақташыларды жеке тұлға ретінде бейнелей білген. Вергилий эклогтарының сюжеті жағынан алғанда бақташылар өмірін бейнелеу болса, ал идеялық мағынасы жағынан – бұл жер иелену идеологиясын және қарапайым ауыл поэзиясын насихаттау болып табылады. Дегенмен өзіндік мағынасында букомикалық стильдібайқауға болады. Мұнда қай эклогты алсақ та саясатқа, философияға қатысты ойлар атымен жоқ. Бұл жерде тек бақташылар олардың махаббат сезімдері, нәзік гүлденген табиғат аясындағы ақындық сайыстары бейнеленген.

Вергилийдің идеялық ойларының ішінде мифологиялық сарындар да кездеседі. Эклогтарының ішінде Нимфа, Галатей, Вакхо, Орфея, Юпитер, Аполлон сияқты мифтік образдарға тола болып келеді. Әсіресе ІҮ эклогта дамыған мифологиялық утопияны атап өткен жөн. Бұл жерде Вергилий дүниеге ғажайып баланың келуі және оның өзімен бүкіл жер жүзіне тыныштық әкелуі туралы бейнелейді. Жер адамға керекті нәрсені өзі әкеліп, соғыстар жойылып, жерде жаңа алтын ғасыр орнайды дейді. Бұл эклогта Вергилийдің қайсы бала туралы айтып жатқандығы көптеген пікірталас туғызды. Кейбіреулер Христиан дінінің дамуымен қатар Вергилий бұл жерде Иусус Христостың туылуы жайында айтылған деп те пікірлер айтты. Дегенмен сол кездегі антикалық әлемде алтын ғасырдың келуі жайында көптеген болжамдар болатын. Осындай жағдайда өмір сүрген Вергилий де өзінің идеямиялық ойын туғызған болуы керек.

«Бугомикте» өлең техникасының үлкен белеске көтерілгенін байқауға болады. Вергилийді осы ертеректегі шығармасымен-ақ Рим поэзиясының классигі деп атауға болады. Шығармаға толық талдау жасай отырып, ондағы ботаника және зоология ғылымдарының терминдерін көптеп кездестіруге болады. Вергилий осы ерте табиғатты суреттеудегі нәзіктігімен көркем образдарды жасаудағы қарапайымдылығымен, эллинизм дәуіріндегі александриялық оқымыстылардан ерекшеленіп тұрады.

«Георгиктер» яғни «Жерге байланысты өлеңдер». Бұл шығармасында ақын ауыл шаруашылығының суреттерін өте бір жылылықпен, адал көңілмен бейнелейді. Бұл дидактикалық поэма бірнеше жүз өлең жолдарынан тұратын төрт кітаптан құралған. Біріншісінде – жер шаруашылығы, екіншісінде – бау-бақша шаруашылығы, үшіншісінде – мал шаруашылығы, төртіншісінде – ара шаруашылығы жайында айтылады.

«Георгиктің» сюжеті өте қарапайым және түсінікті. Бірінші кітабында Меценатқа, Октавианға және жер құдайлары Церера, Либера, Нептун, Сильваналарға арнау артып болған соң, Вергилий жерді аудару оған тыңайтқыш беру туралы және астықтың жайын тұқымдарды, жыл мезгіліне байланысты егістіктегі жұмыстар жайында әңгімелейді. Бірінші кітаптың соңында Цезардың өлімі жайлы айта келіп, Августты мадақтайды. Бау-бақша шаруашылығына арналған екінші кітабында ағаштардың көптүрлілігін, оларды тұқымдастыру жайын әңгімелейді. Әсіресе жүзімді қалай баптау керек екені айтылады. Ал үшінші кітабында құдайларға арналған ұзақ арнауынан кейін автор ірі қара мал және аттар туралы олардың күтімі жайында әңгімелейді. Сонымен қатар қоймен ешкі туралы да айта келіп, мал арасында болатын аурулар жайында айтып өтеді. Төртінші кітабында ара шаруашылығы жөніндегі ойларымен бөліседі. Мұнда аралардың өмірі туралы, олардың көбеюін, ерекшеліктерін, аурулары туралы айта келіп, Аристей, Орфей, Эвридик жайындағы аңыздарды әңгімелейді.

Поэманың идеялық мағынасы – бұл ғасырлар бойғы соғыстан әбден титықтаған Италияның ауыл шаруашылығын өркендету болып табылады. Ал поэманың көркемдік стиліне келетін болсақ, ауыл шарушалығын, еңбек адамын жырлайды. Оған кеңес бере отырып, оның еңбегін керемет бір бақытқа, әдемілікке теңейді. Сонымен қатар Вергилий Италияның гүлденген бай табиғатын керемет суреттеген. Поэмадағы мифологиялық сарындар, оның көптеген құдайларға арналған арнауынан көрінеді. Энейда. Вергилийге әлемдік даңқ әперген үлкен шығармасының бірі – бұл ерлік туралы поэма «Энейда» болып табылады. Тақырыбының өзі айтып тұрғандай бұл щығарма Энейге арналған жыр. Эней Анхиспен Венераның баласы, ал Анхис Троя патшасы Приалдың ағайыны болып келеді. Гомердің «Иллиадасында» Эней Гектордан кейінгі белгілі троя көсемі ретінде көрінеді. Ал «Энейда» поэмасында Вергилий Энейді жолдастарымен бірге троя құлағаннан кейін Италияға келуін суреттейді. Он екі өлеңнен тұратын бұл поэма толық емес және мағынасында да қайшылықтар кездеседі. Сондықтан Вергилий поэмасын бұл түрінде бастыруға бұйрық береді. Бірақ осы поэманың инициаторы болған Августтың әмірі бойынша автор қайтыс болған соң басылып шығады. Поэманың сюжеті екі бөлімнен тұрады. Поэмадағы алғашқы алты өлеңінде Энейдің Троядан Италияға дейінгі жолдағы оқиғалары жырланса, кейінгі алты өлеңінде Энейдің Италиядағы жергілікті тайпаларымен соғысы жырланады. Вергилий көп жерінде Гомерге еліктеген «Энейданың» бірінші бөлімі «Одиссеяға» екінші бөлімі «Иллиадаға» еліктеу десе де болады.

І өлеңде қысқаша арнаудан келіп Энейді Юнонаның қудалауы туралы, теңіз толқынының әсерінен Энейдің Солтүстік Африкадағы Карфаген еліне келуі туралы айтылады. Венераның өзі ақша кейпіне еніп, Энейге көрінеді. Эней Карфаген патшайымы Дидонаның алдына келеді, ал ол Энейдің келуіне байланысты салтанатты той жасайды.

ІІ өлең Энейдің Дидона патшайымға Трояның құлауы жайындағы әңгімесіне арналады. Эней гректердің зұлымдығы жайында, олардың 10 жыл бойына Трояны ала алмағанын, ақыры болмаған соң ағаш атты пайдаланып құрық істегенін баяндайды.

ІІІ өлеңде Эней жолда басынан кешкен оқиғаларын айтып, әңгімесін жалғастырады. Эней Фракияда, Критта, Строфад аралдарында да болады, бірақ көптеген оқиғаларға байланысты еш жерден өзі келуіне көп жағдайлар кедергі болады.

ІҮ өлең Дидона мен Энейдің махаббатына арналған. Энейдің ерлігіне сүйсінген. Дидона оған күйеуге шықпақ болады. Бірақ Эней Дидонамен бірге қала алмайды. Өйткені оны Италияда үлкен болашақ күтіп тұрған болатын. Энейдің әсері Африка жағалауынан жүзіп бара жатқанда, Дидона болашақта Рим мен Карфагеннің соғысатынын сыйлаған қылышты өзіне тығып, жанып жатқан отқа өзін тастайды.

Ү өлеңде Эней Сицилияға қайтып келеді, өйткені марқұм әкесі Аххистің құрметіне ойындар өткізіп жатқан болатын. Бірақ Юнана Энейге жаманшылық істеуін қоймайды. Ол Ирида арқылы троя әйелдеріне Энейдің кемесін жаққызады. Энейдің Юпитерге жалбарынуы арқасында өрт тоқтайды.

ҮІ өлеңде Энейдің Италияға келуі суреттеледі. Эней құмахтағы Аполлон храмында сәуегей Сивилламен кездесіп, одан жер асты әлеміне қалай түсу керектігі жөнінде ақыл сұрайды. Сивилланың бастауымен Эней жер асты әлеміне түседі, онда ол Анхистен өзінің болашағы туралы білмек болады. Вергилий жер асты әлемін толық суреттейді. Анхис Энейге бүкіл ұрпақтарын көрсетеді және Италиядағы соғыстар жөнінде ақыл береді. «Энейданың» екінші бөлімінде Энейдің болашақ Рим мемлекетін құру мақсатындағы соғыстары бейнеленген.

ҮІІ өлеңде Эней Лациумға еніп, осы елдің патшасы Латинадан, оның қызы Лавинеяға үйленуге келісім алады. Бірақ Энейдің қарсыласы Юнона бұл некені бұзып, атамандық тайпаны Латинаға қарсы қояды.

ҮІІІ өлеңде итальян тайпасының көсемі Турн Италиядағы грек патшасы Диомедпен келісімге келеді. Ал Эней Аркадиялық грек Свандр мен келісімге келеді. Эней Свандрдың баласы Паллантпен бірге Этруск тайпасынан көмек сұрайды. Венераның өтініші бойынша оның күйеуі Вулкан Энейге арнап қару-жарақ және болашақ Рим тарихының суреті бейнеленген қалқан дайындайды.

ІХ өлеңде соғыстың жайын баяндайды. Турн бастаған итальян тайпасы кемелерді өртеу мақсатымен троя лагеріне енеді, бірақ Юпитер кемелерді теңіз Нимфасына айналдырып жібереді. Маңызды эпизодтардың бірі – бұл троя жауынгерлері Нис пен Евриалдың троя лагерінің қақпасын қорғаудағы ерлігін айтуға болады.

Х өлеңде енді Энейдің өзі қатысуымен кескілескен соғысты бейнеленген. Бұл соғысты тоқтатуға Юпитердің де шамасы келмейді. Турн Энейдің жағалауға қоныстанғанына қарсыласып Паллантты өлтіреді. Турнды Энейдің қарсыласы Юнона қолдап отырады Эней Мезенций мен оның баласын өлтіреді.

ХІ өлеңде өлген трояндықтарды желеу және латина мен Турна, екеуінің арасындағы ұрысы жайлы айтылады.

ХІІ өлең Эней мен Турнның жекпе-жек күресіне арналады. Юнона Энейдің қудалауын тоқтатады. Турн қаза тауып, Эней жеңіске жетеді. Вергилий «Энейданы» аяқтай алмаған, өйткені кейінірек болған оқиғалар яғни Рим тарихының бастауы болған латинандармен трояндықтардың бірігуі; Энейдің Лавинияға үйленуі; олардың баласы Иуланың дүниеге келуі; кейінірек Римнің тұңғыш патшалары болатын Иуланың ұрпақтары ағайынды Ромуя және Римнің дүниеге келуі жайындағы оқиғалар айтылған.

«Энейданың» дүниеге келуі Рим империясының дамуының тарихи негізі болады. Мұндай жағдайларда бір ғана тарихи фактілер жеткіліксіз болды. Яғни жай ғана тарихты ғажайыпқа айналдыратын мифологияны әрқашанда пайдаланамыз. Рим тарихының осындай мифологиялық негізге құрылу концепциясын Вергилий өзінің поэмасында қолданды. Энейдің Италияға келу мақсаты грек ақындары Стесихораның, Дионисмедтің, Гали Карнасскийдің шығармаларында да кездеседі. Бұдан қарап Рим мемлекетінің негізін салушылар трояндықтар екенін көреміз. Яғни бұдан Энейдің бүкіл идеялық мағынасын түсінеміз. Вергилий салтанатты түрде Августтың империясын мадақтағысы келді. Оның ойынша Август Ежелгі Рим патшаларының тікелей ұрпағы болып табылады.

Энейданың жанры түрлі болып келеді, бірақ бұл эллинистік Рим поэзиясы үшін қалыпты жағдай болып табылады. Алдымен бұл эпос ерлік туралы жыр болып табылады. Мұның бастау бұлағы Гомер, Рим ақындары Невии және Эннийлерден басталады. Сонымен қатар Вергилий шығармасында лирика да кездеседі, әсіресе ол Евандрдің және Евриалдың анасының жоқтауынан көрінеді. Вергилий эпосының басқа эпостан айырмашылығы – бұл тұрақты, шарықтау шегіне жетіп отыратын драманың болуы. Жанры көптүрлі болып келетін Энейданың көркем стиль классикалық қарапайым түріне жатпайды, өйткені мұнда адамға ұмытпас әсер қалдыратын көптеген қарама-қайшы элементтерге толы болып келеді. Вергилийдің көркем стилінің ерекшелігі, оның Вергилийдің шығармаларындағы мифологизмдердің тарихи оқиғалардан ажыратылмауы, яғни тарихи оқиғалармен қамтылуын айтамыз. Римнің құрылуы оның даму күші, принципаттың пайда болуы сияқты тарихи оқиғалар суреттеу, сипаттау, көркемдеу құралдарымен бірігіп, астасып жатады. Мұндағы тарихи оқиғаларды идеологияның бір көрінісі немесе Рим тарихының бір көрінісі ретінде қарауға болмайды. Мұндағы оқиғаларды Вергилий өз басынан кешірген. Сондықтан адам психологиясын көрсете білу поэманың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Энейданың көркем образдарының құрылысы ақыл-ой және бірігу күш арқылы ерекшеленіп тұрады. Бұлай болмауы да мүмкін емес еді, өйткені бұл поэма әлемдегі күшті империяны мадақтауға арналған. Вергилий өзінің поэтикасында ірі антикалық моралистердің бірі болып келеді. Ақжүректі Вергилий тек Букомиктер және Георгиктер поэмаларында ғана емес, сонымен қатар Энейда поэмасында да соғысты кінәлап, жайбарақат, тыныш ауыл өмірін аңсаған ойларын жазады. Көптеген сыни көзқарастардың болуына қарамастан, әлем әдебиеті тарихында Вергилий өзінің өшпес ізін қалдырды десе де болады. Ежелгі әдебиетінің өзінде Вергилийге деген табынушылыққа толы болатын. Тіпті оған эпикалық ақындар Силий, Италик, Валерий Флакк, драматург Сенека тарихшы Тит Ливвлейлердің өзі еліктейтін. Кейінірек әдебиетте Вергилийдің шығармаларына түрлі тақырыпқа құрылған өлеңдерден тұратын бүкіл бір жанр пайда болды.

Вергилийдің кіші замандастарының бірі Квинт Гораций Флакк император Август дәуірінің ең үлы ақындарынын бірі. Ол б.э.б. 65 жылы Италияның оңтүстігіндегі Венузийде дүииеге келді. Оның әкесі азат етілген қүлдар тұқымынан шыққан, аз ғана жеке меншік жері бар жақсы жан еді. Ол өз үлына жақсьі білім әперді. Гораций ең алдымен ежелгі рим ақындары мен Гомерді оқытатын рим мектебінде, одан кейін Афинада оқыды. Ол жерде грек поэзиясы мен философиясын зерттеді, тереңдетіп үйренді, сөйтіп "ақиқат пен әділдік іздеді".Цезарь өлімінен кейін, Афинды билеуге келген Брутпен Гораций тіл табысып, әскери трибун дәрежесіне дейін көтерілді, қызмет істеді. Филиппадағы Бруттың жеңілісі (42ж б.ғ.д.) және республикашыл партиялардың талқандалуы Гораций икон ықпалын тигізді, рим бостандығы туралы армандары күйреп, ақын алдында мүлдем жаңа өмір тұрды. Кешірім алған (атнистия) Горацмй "Қанаты қырқылып" Римге қайтып оралды. Мекен жайы-тәркіленіп, өмір сүруі қйындай түсті. Опық жеп, өкінген сәттерде еңсеңді түсірме деп өзін-өзі жұбата білді. Міне осы кезеңде бұрынғы легион жетекшісі квестор жазушылар коллегиясының құрамына кірді, олардың негізгі міндеті заңдар мен протоколдарды, басқа да мемлекеттік құжаттарды қайта жазып, тіркеп отыру болатын. Осы мезгілдер (30 жылдар) оның қызметінің бақылау кезеңесіне сөйкес келеді. Оның өз айтуы бойынша "жоқшылық". "кедейлік" оны өлең жазуға итермелейді. Гораций өзінің алғашқы өлеңдерін "Эподтар" деп атады. Сонымен қатар бұл мезгілде сатира жазумен де айналыса бастады. Эпод — лирикалық өлеңнің бөлігі, екі шумақты өлең, екінші өлең біріншіден қысқалау болады, өлең қорытындысы, қайырмасы.

Горацийдің осы алғашқы ақындық тәжірибелері Вергилийдің назарын аудара бастады, оның бойынан талантты ақынға тән қасиеттерді аңғарған ол Горациді Меценатпен таныстырды. Меценат Ангуст саясатын жүзеге асырып, ақын шығармаларына бағыт беріп отыратын еді. Горацийдің Меценаттың әдеби үйірмесіне кіруі оның өмір жолын толық өзгертті. Ол өзінің қамкоршысына жақын бола бастады, нәтажесінде Сабиндік жер меншігін /имение/ сыйға алды. Уақыт өте келе ол пушкин атап өткендей "Август ақыны" немесе сарай ақыны бола бастады. Рим ақыны өз өмірінін көп бөлігін Сабинде өткізді. Ұлы ақын б.ғ.д. жылы Римде қайтыс болды. Оның артында өлмес даңқ әперген аса үлкен емес өлең кітабы қалды. Гораций соңында қалған әдеби мұралар эподтардан, сатиралық екі жинақтан, төрт кітаптан тұратын одалар, мерекелік гимнен, екі кітаптық арнаудан тұрады. "Эподтар" Гораций эподтары 31-30 жылдары жарық көрді. Ол да Архилог сияқты (б.ғ.д. ҮІІг. өмір сүрген грек ақыны) эподтарын ямб үлгісінде жазды. 17 өлеңнен түратын эподтар жинағы өз дәуірінің шындығы на сай жазылған тақырыптардан тұрады. Эпод мазмұндары түрлілігімен ерекшеленеді, алайда олардың ішінен айра ерекше көзге түсетіндері саяси бағыттарға арналған өлеңдері.

I эпод өзгелерден кейін жазылса да жинақты ең алдымен арналасқан, себебі ол өзінің демеушісі, қамқоры болған Меценатқа арналған. Сонымен қатар ақынның ақсүйектерге, мырзаларға деген Ямб - өлең өлшемі, екі буынды ырғақтық өрнек өлең тармағында алдымен екпін аз буын, кейін екпінсіз буын келіп отырады көзқарасын көрсетеді. Орындалмайтын арман, "алтын гасырдың" гүлденуі 16 эподты өз көрінісін табады. Гораций алыс аралдарға "шат-шадыман"өмір сүру үшін рим халқын барлық тартыс-таластан аулақ өмір сүруге шақырады. Ақын келесі бір өлендерінде қоғамдық өмір көрінісін камтитын мәселелерді жырға қосады. 5-17 эподтары арқылы сиқырлау, дуалауға тиым салатын шешімге жауап береді. Өте қатаң түрде, жеккөрінішті сиқыршы Копидағы қарсы шабуыл жасайды. Ол әйелдердің рухани кұлдырауын (8.12) құлдық ортадан шығып менменсініп кеткендерін (4) өткір сынға алады. Бұл эподтардың дені әлеуметтік бағытпен көзге түседі. Табиғат аясында ауыл өмірінің даңқын аспандату — ақынның сүйікті тақырыбы ~ осы тақырыпқа автор өзінің 2 эподын арнайды, "өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді" дейтін Гораций эпод жанрына үлкен еңбек сіңірді.Сатиралары Гораций сатиралық екі кітап шығарды, біріншісі 35, 94 ж., екіншісі ~ 30 ж. Бірінші кітаптағы 10 өлеңнің ішінен екі сатира - 4.10 ерекше орын алады, олар әдеби тақырыпқа арналып жазылған.

Біріншісі сатира бағытын түсіндіреді, екіншісі-поэтикалық мұралар формасына деген талапты айқындайды. 10-сатира "Ия! Луцилия өлеңдері өте сүйкімсіз деп айттым ғой" деп басталады. Бұл Луцилий оқырмандарының республика жақтастарына, Октавианаға жаулық ниеттілерге жауап болатын.Бірінші кітаптың өзге сатираларында автор өмірде кездесетін әртүрлі эпизодтарды суреттейді: Брундузияға деген саяхаты (5) беймаза жолаушымен кездесу (9) Пренесталық Ренила Рекске қатысты сот ісі (7) т.б, Сонымен қатар әлеуметтік-этикалық мәселелерді қозғайды: қызғаншақтық, сараңдық, сиқырлык, рухани қүлдырау, өзімшілдік т.б. Сөйтіп "сараң мұқтаждықтан көз ашпайды" деген даналық пікір білдіреді. Гораций өзінің алдына бір мезгілде көңілдендіре отырып үйрету арқылы диатрибаның барлық әдістерін пайдаланады: данағоймен болған әңгіме, риотрикалық сұрақтар, эпитеттер, теңеулер, метафоралардың бәрі күнделікті өмірден алынады. Бүл әдістің барлығы оқырманға ауырлық түсірмей, оның акыл-ойына тікелей қозғау салып, жасандылықтан аулақ, табиғи жер туғызады. Сатира өлшемі — икзаметр. Олардың дені автор өз шығармасын арнаған білімдер, озық ойлы риториктердің тілімен жазылған. Сатира туралы алғашқылардың бірі болып кітап жазған Гораций "Әзіл, күлдіргі сөз тіпті маңызды нәрселердің өзіне ден қойып, терең зерттегенге қарағанда әрі сәтті, әрі жақсы анықтайды" деп зор баға берді. Мерекелік гимн. Горацийдің атын әлемге мәшһүр еткен ода "Ғасырлар жыры" десе де болады. Өз заманында "Август ақыны" атанған оның алғашқы одалар жинағы шығысымен-ақ император Август 17 жылы бүкілхалықтық мерекені тойлауды ұйымдастыру қарсаңында. Икзаметр — ежелгі грек, рим өлеңдерінін 6 бунақты түрі; риторика — грекше шешен, ділмар; диатриба біреудіц жанына тигізе айтылатын у тіл, ащы сөз. Мерекелік гимн "Ғасырлар жырын" жазуға тапсырма берді. Осындай мерекелер әулие кітаптардың көрсетуі бойынша әр 100 жыл сайын өткізіліп түруға тиісті болатын. Бірақ ұзақ уақыт бойы жүргізілген азаматтық соғыстардың әссрінен өткізілмей келе жатқан еді. Римнің атақты адамдары түгелге жуық қатынасқан, құдайларға дегсн құрбандық шалынған мереке салтанаты гимнмен аяқталды. Бүл гимнді 27 ұл мсн 27 қыздан тұратын хор айтты. Мерекелік гимнде Гораций Римнің, Августың қуаты күшейіп, гүлденуін, даңқы арта беруін тілейді. "Арнау" (Псолания) 20 жылдардың соңында "Арнаудың" бірінші кітабы, ал екіншісі — 19-14 жылдар аралығында жарық көрді. Арнаудың алғашқы кітабы сатираға жақын, философиялық характерлермен көзге түскен әр алуан тақырыптағы шығармалар. Бүл арнаулардағы сөз сарыны үлкен салмақтылығымен ерекшеленеді. Бұны ақын кейбір қажеттіліктермен, жасының ұлғаюымен деп түсіндіреді. Жаңа жанрдағы шығармаларда өмірдің мәні туралы философиялык. Ойларын, өзіндік пікірлерін ортаға салады. Гораций осы арнауларында өзге шығармаларына қарағанда дін, саясат мәселелерінен аулақ болуға әрекет етіп, оқырманды өзінің ішкі әлеміне шақырады.Тыныштық, рух бостандығы, шектен тыс ақыл-ойларды жүзеге асыру — арнаудың алғашқы кітабының негізгі түйіні.Тарихи-әдеби түрғыдан қарағанда "Арпаудың" екінші кітабы үлкен кызығушылық тудырады. "Августке", "Флорға" және "Пизонға арнау" деген үш хаттан тұратын кітап әдебиетте "Поэзия өнері" деген атпен белгілі болды. Горацийдін ақындық сырын ашқан "Поэзия өнері" (Пизонға арнау) еңбегі- классикалық эстетиканың ерте дәуірдегі бірден-бір сскерткіші болып табылады. Құдіретті поэзияның дүнисгс келуін тарихи мифологиямен байланыстырады. Құдайлар еркін жүзеге асырушы Орфей адамдарға бірін-бірі өлтіруді, өмір тұрмысын өзгертуге мәжбүр етті. Поэзияның дүниеге келуіне философия өз ықпалын тигізді дейді. Өнер мен таланттың өзара қарым-қатынасы Горацийді өте қатты толғандырды. Бір ғана талант жеткіліксіз, оны үнемі үйренумен толықтырып отыру керек деді. Өз күшіне қарап мифологиядан, тарихтан керекті материалды таңдап ала білуді, сонымен қатар көзсіз еліктеуден аулақ болу қажет екенін түсіндірді. Поэзия ғылымын сөз еткен ақын тіл мәселесіне де назар аударды. Гораций жаңа сөз қолданар кезде өте сақ болуды мұқият тандауды талап етеді және грек әдебиетінің қайнар көздерін кеңірек пайдалануға кеңес береді. Өз дәуірінің ұлы ақыны болған Горацийді классицизм теоретиктері де кеңінен пайдалана білді. Оның ғажайып мұралары Европа поэзиясының, әсіресе 16-18 ғасырдағы лирика жанрының калыптасуына да аса зор рол атқарды. Сондықтанда ол ежелгі дәуір әдебиетінің ең озық өкілдерінің бірі болып өмір сүре береді. "Адамның колынан келмейтін ешнәрсе жоқ" дейтін әйгілі қағидасы адамзат баласының ұлылығын ғасырдан-ғасыр өткен сайын биік мәртебеге көтеру үстінде. Классицизм — ескі грек, рим үлгілеріне еліктеген өнеп бағыты.