- •Аға оқытушы Серкебаева г.И.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1662 Жылы 2 наурызда ірі аристократ, жазушы Францияның сөз шебері герцог Ларофшуконың салонында Мольер өзінің «Оқымысты әйелдер» комедиясын оқиды. Бір аптадан кейін ол Пале –Рояль театрында қойылады.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1813-1816 Жылдар аралығында Байрон Шығыстық поэмаларын жазды. Оған кіретіндер: «Гяур», «Абидосс қалыңдығы», «Корсар», "Коринф бекінісі", "Партизана".
- •Бақылау сұрақтары:
- •1940-1945 Ж аралығында Германия үшін жазылған бірқатар публцистикалық мақалаларда, радиохабарламалар сериясында жазушы саяси іскер –антифашист ретінде көрінеді
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
1.ХҮІІІғ. итальян әдебиетінің даму бағыты қандай болды?
2. Карло Гольдони шығармашылығы жайлы не білесің?
3. Карло Гоцци және оның итальян әдебиетіндегі орны қангдай болды?
4. ХҮІІІғ. АҚШ әдебиеті өкілдері кімдер?
5. АҚШ-тың тұңғыш ұлттық ақыны кім?
6.ХҮІІІ ғ. Неміс әдебиетінің ерекшеліктерін айқында.
7.Лессинг Готхольд өнер теориясындағы еңбектері қандай?
8.Лессингтің қандай драмалық шығармалары бар?
9.«Дауыл мен тегеурін әдебиеті» дененіміз қандай әдебиет?
10. Гете Иоган Вольфганг шығармаларындағы шығыстық сарын қай шығармаларынан көрінеді?
11.Гете балладаларын қазақшалаған кім?
12.«Фауст» қандай шығарма?
13.Шиллер Иоган Фридрих шығармаларының маңыздылығы қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987
2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992
3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985
4. Старшая Эдда. Древнеисландские песен о богах и героях. М. –Л. 1963
5. Беовульф. Песнь о Нибелунгах. М., 1975
6. Песнь о Ролланде. М., 1958
7. Поэзия трубадоров. М., 1979
8. Легенда о Тристане и Изольде. М., 1976
9. Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975
№12 Лекция
Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті, ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті. Англиядағы, Франциядағы романтизм
Cабақты өту түрі: Активті
Жоспары
1.ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті.
2.ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті.
3.Батыс Европалық шетел әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуы, романтизм. Германиядағы романтизм. Гофман романтизмі. Гофман романтизмінің өзіндік ерекшелігі.
4.ХІХ ғ. Батыс Европалық шетел әдебиеті,романтизмнің Батыс Европалық әдебиетінде ХІХғ басында пайда болуы, Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері,Англиядағы романтизм, Д.Г.Н. Байрон шығармашылығы.
5.Байронның лирикалық кейіпкер арқылы озбыр билеушілердің бейнесін әшкерелеуі, П.Б. Шелли және әдебиет.
6. В. Скоттың ағылшын романтикалық әдебиеттегі орны. Вальтер Скотт өмірі мен шығармашылығы, В. Скотт шығармаларының шотландық халық әдебиеті дәстүрімен байланысты. А. Дюма шығармашылығындағы тарихи-шытырман оқиғалы романдар, В. Гюго францияның ұлттық ұлы ақыны «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері.
7. Верн Жюль – француз әдебиетінде ғылыми фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы.
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алды. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңінде басынан кешірді. Романтизм XVIII ғ соңы мен XIX алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде, әдебиетте, тарих ғылымдарында, жаратылыстану ғылымдарының кейбір салаларында кеңінен тараған идеялық бағыт. Ұлы Француз революциясынан қанаттанып шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте тұсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды.Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып жатты.Оларды жақындастарған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күнгіртігі және т.б. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жұзеге асыру. Нақты өмір мен қиялдағы өмірды салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бұл ортадан безіне қашады. Мұндай көнілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» ұш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көніл- кұй кұйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі.Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым аул адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын көтеретін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Екінші бағыт,өзі өмір сүрген ортадан алшақтап , басқа дүниеі қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерже романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасыр кезеңін, оның өмір салты мен салт дәстұрлерін( В.Скоттың рыцарлық романдары), шаруалардың патриархалдық тұрмыс - тіршілігін (Жорж Санд, Кольридж) және т.б. Өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқау етті. Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан- дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама- қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т.Жерико мен Э.Делакруа портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сұйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағнасы бар деген қорытынды жасауға болады.Олар: «романтикалық тарихылық» және «индивидуалистік субъективизм».Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі – жұректің ұні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъективизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән- мағнасы – жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден тұнілышілік сезімінің пайда болуы. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы кұрескер- энтузиастар болды. Ең бастысы олар – халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді. Гофман творчествосы. Кәсіби музыкант Эрнст Теодор Амадей Гофман неміс әдебиетінде жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол- керемет суретші,кескемдемеші,безендіруші, композитор. Оның тырнақалды тұңғыш әдеби шығармасы «Глюк мырза» новелласы 1809 жылы музыкалық газетте жарияланды. Оны кеңінен танытқан – 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған «Калло мәнеріндегі қиялдары» жинағы болды. Осы атаған «қиялдарына» ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылақтарын суреттегені көрінеді.Ағылшын романтизміндегі қарама қарсылық Баронның «Шығыс поэмаларының» кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуірге тән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ , неміс романтиктері тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, өзбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудырүға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздірінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды .Неміс романтзміндегі Гофманның рөлі жиынгық сипатта, ол екі мектептік (иендік және гейдельбергтік) тәжрибесін қабат қамтығысы келеді. Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі – образды қарама- қарсылық мәнде жасау. Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка- өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі. Гофман Крейслердің бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады. Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшылығын, өте терең сезінеді. Өйткені музакамен суарылған деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірмелейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, оның келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И. Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар. Гофман үйлесімсіздіктің жаршысы болды. Гофманның жағымды кейіпкерлері- суретшілер, ынталылар немесе студентер: «Алтын ұұмырадағы»- Ансельм, «Ергежейлі Цахесте»-Бальтазар, «Құм адамындағы»- Натанаэль және т.б., ал олардың жалғасы сиқыршылар болып келеді: «Алтын құмырдағы» Линдгорст, «Ергежейлі Цахестегі» Прспер Альпанус,т.б. Гофманның тәрбие мәселесіне деген ынтасы, байыпты, байсалды бұл бағытты, кәзіргі көзқараспен қарағанда да тұрақты болып саналады. Бұл жастық шалалығы араласқан даналық. Гофманның аты көпке дейін ең алдымен белгілі «қосәлемдік» принципімен (өнердің мәңгілік мәселесін романтикалық тұрғыдан суреттеу, шындық пен идеал арасындағы тартыс) байланыстырылып келді.Шындық мөлдір болғанымен ұсақ әрі жұпыны, бұл- «міндетті емес»(экзистенциализм түсінігі бойынша), «нағыз өмір емес», ал идеал әдеме әрі поэзияға толы, ол нағыз өмір, бірақ ол суреткердің (энтузиастардың),»ынталылардың» ішкі жан дүниесінде ғана өмір сүреді, оны қуғаным ешкім жеткен емес. Гофмандық «қос әлемдік» стиль ешқашан бір қалыпта тұрмайды ол құбылмалы. Романтизмнің идеяға беріліу өмірден соншалықты алыстап кетуі оның қаншалықты қауіпті екенін жазушы түсінеді. Бірақ та Гофман осыншама алшақтап кетті деуге болмайды, өйткені объевтиктікке жүгінсек, романтикалық сарындағы романтик - кейіпкерлердің әр басқан қадамынан нақты тоғышарлық өмірдің белгілері молынан ұшырасып жатыр. Гофманның пікірінше, адамдар суреткер болып туады (ынталы, зерек деген баламада), ал тоғышар болып кейін қалыптасады. Ол кеміс болып туғандарға налымайды, сол кемістікті өзіне қабылдап алғандарды қарғайды,әшкерелейді.Гофман өнер барлық бәледен құтқаратын жалған дәрі болуы мүмкін дегенге қанағаттанбайды.
Англиядағы романтизм. Д. Г. Н. Байрон шығармашылығы.
Д. Г. Н. Байрон (1788-1824) 1788 жылы 28 қаңтарда Лондон қаласында ағылшын аристократы мен шотланд дворяндарының кедейленген әулетінің отбасында дүниеге келген. Джордж Байронның өз әкесі азғындыққа салынып, бар дүниесін ысырапсыз жаратып, ақырында жас Байрон мен шешесі Кәтрин Гордонды тағдыр талқысына тастап кетеді. Он жасына дейін шешесімен Шотландияда болған Байрон он жасында немере ағасы Ульям Байрон қайтыс болып, лорд титулын иеленіп, бай мүлікке иегерлік етеді. Сөйтіп жас Байрон он жасында лорд атанып, парламент мүшесі болады. Алғашқы білімді 1801 жылы ақсүйектердің мектебі Гарроу колледжінде алады. Онда ол тарих, философия, география және антикалық әдебиетпен (түпнұсқада) терең айналысып, спортпен шұғылданады.
1805-1808 жылдар аралығында Кембридж университетінде білім алып, француз ағартушыларының шығармаларын ден қоя оқиды. Вольтер Байронның сүйікті авторының біріне айналса, Руссоның халықшылдық идеялары студент Байронға қатты әсер етті. Сонымен қатар, Байрон ағылшын әдебиетінің классикасын да жете меңгереді. Аяғының сәл кемістігіне ақсап басатындығына қарамастан, өр көкірек тәкаппар Байрон соны білдірмеу үшін спорттың барлық түрімен айналысады. Ол тамаша шабандоз, семсерлеу шебері, мерген және суға жүзудің асқан шебері болды. 1809 жылы университетті бітіргеннен кейін Байрон Португалия, Испания, Греция, Албания және Турцияға саяхат жасайды. Осы тұстағы испан патриоттарының наполеондық жаулаушыларға қарсы күресін көріп, өз әсерін күнделікке түсіреді, кейін оны «Поломничество Чайльд Гарольда» поэмасына негізгі өзек етті. Саяхаттан отанына оралған Байрон өз еліндегі саяси мәселелерге белсенді араласады. Ол лордтар палатасында халыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-әрекеттерді батыл сынға алады. Соның бірі – луддитарды өлім жазасынан қорғау, екіншісі – ирландық шаруалардың құқығын қорғау мәселелері болды. Байронның бұл екі пікірі де парламентте үлкен әсер туғызғанымен, еш нәтиже бермейді. Осыған күйінген Байрон лордтар палатасынан шығып, оларға қарсы күресті өлеңмен памфлет арқылы жүргізбекші болдаы.
Байронның ағылшын ақсүйектерін сынға алуы мен сол тұстағы саясатқа қарсылығын ақсүйектер қауымы кешірмеген. Сондықтан оны ақсүйектер аса қауіпті адам ретінде қоғамнан қуғындауға айла-шаралғы іздейді. Сондай айланың бірі әйелі Аннабелла Мильбенкттің ақынның аяулы жанын түсінбей күйеуін қаралап, одан ажырасуын талап етуі болды. Осы кезеңді шебер пайдаланған ел билеушілер Байронды әр түрлі өсекке таңып, оның күнәсіз жастық, албырт мінезін, шалқу-тасу әрекеттерін бұзылғандықтың белгісі деп көрсетуге тырысты. Билеушілердің айтақтауымен ақшаға сатылған адамдар ұлы ақын тұрған үйдің терезесін сындырып, көшеде жүруіне қауіп төндірді. Жалдамалы газеттер Байронды ғайбаттаған мақалалар жариялады. Ғасырдың ұлы адамы Байронды туған отаны Англия осындай күйге ұшыратты. Бұл жағдайлар Байронның Англиядан безуіне, басқа жақтан мекен іздеуіне себеп болды. 1816 жылы Байрон Швейцарияда болып, онда ағылшынның ұлы ақыны Б.Шеллимен кездеседі. Бұл кездесу үлкен достыққа айналады. 1816 жылдың қазан айында Италияға келіп, француздың ұлы жазушысы Стендальмен пікірлеседі.
Италияда Байрон өзінің шығармашылығындағы ең жемісті кезеңдерін басынан өткереді. 1819 жылы Байрон графиния Тереза Гвиччьолимен танысып, сол арқылы Италияның бостандығы үшін күрескерлер карбонарийлерге көмектеседі. Ақын карбонарийлердің ұйымына қаламақы ақшаларынан қаржылай көмек беріп тұрады. Байронның карбонарийлер ұйымымен байланыстағы кезеңі оның шығармашылығындағы да шарықтау кезеңі болды. Алайда карбонарийлердің күресі жеңіліс табады да Байронның Италиядан кетуіне тура келеді. Осы тұста Байрон Шеллимен біріге отырып, өз отанындағы саяси мәселелерді көтеретін радикальдық бағыттағы журнал шығаруға әрекеттенеді. Бұл журналда Байронның сатиралық шығармалары «Видение суда», «Бронзовый век» туындылары жарияланады.
1823 жылы Байрон грек көтерілісшілерінің шақыруымен Миссалунгаға келді. Мұнда халық оны ыстық ықылас, үлкен құрметпен қарсы алады. Гректердің түрік езгісіне қарсы күрестеріне жан–тәнімен берілген Байрон осы жолда саяси қайраткерлік дарынын танытады. Түріктің үстем таптарына қарсы күрескен гректерді басқарып, Грециядағы қанды айқаста 1824 жылы 19 сәуірде Байрон 36 жасында Миссалан батпағында қаза табады. Байронның ерлікке толы өмірі мен қайғылы өмірі өз тұсындағы әлемнің алдыңғы қатарлы адамдарын үлкен толғанысқа салды. Гете «Фаустың» екінші бөлімінде оған арнап тамаша өлең жазса, Рылеев, Кюхельбекер және Пушкин Байронның қайғылы өліміне қайғырып, қауырсын қаламдарынан жыр төкті.
Байронның шығармашылығы.
Байронның әр жылдарда жазған шығармаларын шартты түрде үшке бөледі:
1807-1809 жылдар аралығы алғашқы кезең;
1809-1817 жылдар аралығы романтикалық кезең;
1818-1824 жылдар аралығы. кейінгі кезең.
Байронның алғашқы шығармашылық кезеңіне тән басты ерекшелік ол бұл тұста ағылшын классицизм поэзиясының әсеріне ұрынды. Алғашқы тырнақалды туындыларын 1802 жылы бүркеншік атпен жариялайды.
Байронның алғашқы өлеңдер жинағы «Часы досуга» 1807 жылы жарық көреді. Бұл жинақта жас ақын ХVIII ғасырдағы ағылшын поэзиясындағы өзінің сүйікті ақындары Грей, Бернс т.б. шығармашылықтарына еліктейді. Мысалы «Строки написанные под вязан на кладбище Гарроуда» Грейге еліктесе, «Хочу ребенком быть я вольным» деген өлеңдерінде Бернс шығармашылығының әсері байқалады. Бұл оның ақындық қалыптасу кезеңіндегі шығармалары. Дегенмен осы алғашқы шығармаларынан-ақ болашақ «Кайн», «Промотей» туындылары авторының жеке ақындық күш-қуатымен нәзік лиризмі танылады.
Автор «Часы досуга» өлеңдер жинағында ақсүйектер қоғамының екіжүзділігін, олардың жан дүниесінің қорқаулығын жыр етіп олардан бетін аулақ салады. Байронның бұл алғашқы шығармашылығындағы өткір ой әдеби жұртшылықтың назарын аударады. Сөйтіп, «Эдинбургское обозрение» деген журнал бетінде ақынның осы «Часы досуга» деген шығармасы қатты сынға ұшырайды. Бұл әдеби сынға Байрон «Английские барды и шотландские обозреватели» деген сатиралық шығармасымен жауап жазады. Бұл ағылшын романтизмінің алғашқы манифесі ретінде саналатын сатиралық шығармада ақын сол тұстағы ағылшын әдебиетінің беделді өкілдері Саути, Вардсворт, Кольриджді өзінің қызбалық мінезімен қатты сынға алып, айқасқа түседі. Дегенмен бұл сол тұстағы әдебиеттің белді өкілдерімен айқасқа түскен сатиралық шығармасында Байрон өз тұстастарының шығармашылығын түгелдей қиратып сынға алмайды, ол Шеридан, Роджерс Кемпбелл шығармаларының үздік жетістіктерін де атап көрсетеді. Байрон бұл манифестік дүниедегі сатиралық шығармасында әдебиеттің реформаторы ретінде әдебиетшілерді мистикадан аулақ болуға, өнерді өмірге жақындатуға шақырып, поэзияға, өнер иелеріне қоятын талаптармен таныстырады.
Байронның екінші шығармашылық кезеңіне тән басты ерекшелік ол бұл тұста нағыз кемелденген романтик ақын ретінде көрінді. Ақынның екінші шығармашылық кезеңі лиро-эпикалық поэма «Поломничество Чайльд Гарольда» деген туындысын жариялаудан басталады. Сонымен ақынның екінші шығармашылық кезеңіне жататын туындылар: «Восточные поэмы» (1813-1816), «Гяур» (1813), «Абидосская невеста» (1813), «Карсар» (1814), «Лара» (1814), «Осада Каринфа» (1816), «Паризина» (1816), «Промотей» (1816). Байрон өзінің шығармашылығының екінші кезеңінде ақыл-ой, сезім, талант, тіл жағынан биік деңгейге жетеді. Осы кезеңдегі алғашқы үлкен шығармасы «Чайльд Гарольд» тек ағылшын оқырмандарына ғана емес, Европаның әдеби жұртшылығына керемет әсер етті. Тек 1812 жылдың өзінде поэма бес рет басылып шықты. Поэманың осындай жетістікке жетуінің басты сыры ақын өз заманының ең кеселді мәселелерін поэтикалық формада жеткізе білді. Ақын бұл поэмада өз ортасына көңілі толмайтын, оған қарсы күресуге ұмтылған өзімшіл, қатыгез де тәкаппар бүлікшіл романтикалық бейнені сомдады. Поэманың басты кейіпкері жас аристократ Чайльд Гарольд өмірдің, ойын-сауықтың бәрінен түңіліп, адамдар арасынан алыстап, жеке тіршілікті аңсап Шығысқа қарай бет түзейді. Әкесінің үйін, отанын тастап бара жатқан Гарольдтың жан күйзелісі Байронның өз басынан өткерген сезімімен ұштасады. Бұл жерде автордың ақындық «мені» анық байқалады. Поэманың негізгі сюжет желісі төрт өлеңнен тұрады. Бірінші өлеңде жаны жай таппаған Чайльд Гарольдтың Португалияға, Испанияға сапары сөз балады. Екінші өлеңде Гарольдтың Грецияға сапары жырланады. Мұндағы автордың көңіл-күйіне тоқталсақ, сонда ақын күңгірт ойларға берілмей, ежелгі грек тарихының мәніне тоқтала отырып, болашаққа үндейді. Үшінші, төртінші өлеңдер – Байронның Англиядан қуғындалған кезіндегі жазылған туындылар. Сондықтан бұл өлеңдерде ақынның ішкі драмасы анық көрінеді. Бұл өлеңдерде Байронның тірі кезінде көруге жазбаған қызы Адаға деген арнауы бар. Үшінші, төртінші өлеңдерде Франция революциясының ерлік тақырыбы жырланады. Мұнда Европа тарихындағы маңызды кезең Ватерлоо шайқасы мен Наполеонның тақтан құлауы, Руссо мен Вольтер идеяларына деген ақынның көзқарасы мен ойлары байқалады. Бұл поэмада Чайльд Гарольдтың өмір жолындағы оқиғалар сөз бола отырып, сол заманның шындығы суреттеледі. Автор «Чайльд Гарольдта» Европадағы шапқыншылық соғыстарға қарсы шыға отырып, басқыншыларды әшкерелеп, оларға адамзат атынан қарғыс айтады. Бұл поэмада мемуарлық шығарманың элементтері мол кездеседі.
