Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ отчет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
886.27 Кб
Скачать

2.5. Қорытынды баланс құру

Қорытынды есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған,

деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екіжақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) тұратын кестеден құрастырылады. Активте есептің объектілері(шаруашылық құралдар), ал пассивте олардың сатып алыну немесе пайда болу көздері жазылады. Активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болуы тиіс. Бұл жиынтықтардың мөлшері «валюта балансы» деп аталады.

Төмендегі кесте кәсіпорынның өз құрылтайшылары, салық инспекциясы және тағы басқалардың алдында есеп беру үлгісі болып та саналады, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындыланған түрде көрсетеді.

Баланс көрсетілген мерзімге, әдеттегіше, есепке қойылатын талаптармен белгіленген тоқсанның басына құрастырылады.

Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың

көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп тұрады, яғни қозғалыста болады. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен бухгалтерлік шоттарда бейнеленеді.(Қосымша 5)

2.6. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру

1.Кәсіпорында болған барлық шаруашылық операциялары операциялар журналына енгізіледі. Бухгалтерлік оперцияларды журналға енгізуді автоматтандырудың екі түрі бар:

  • Типтік операция режимі,

  • Құжаттау мен есептеулер режимі.

Типтік операция режимі.

Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың «сценарийі» жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.

Типтік операция менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операция (Типовые операции)» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға типтік оперция тізімі шығады.

Тізімі қарап шығуға және түзетуге оңай болу түшін арнайы топқа біріктірілген. Типтік операциялар тізімінде сол жағында --- топтар белгісі бейнеленген. Бірінші бағанада типтік операция үлгісінің тобы мен атауы көрсетілген. Сол жақтағы бағана – жұмысшы, онда әртүрлі шартты белгілер мен типтік операция үлгісі тізімінің жолдары көрсетілген.

--- бұл жол типтік операция үлгісінің қалыбы болып есептеледі. Қалып операцияларды енгізу үшін қолданылады.

--- бұл жол типтік операция үлгісі тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы типтік операция тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін типтік оперция үлгісін таңдауға болады.

--- типтік операциялар тізіміндегі сатылы түрді көрсетуді алып тастаған топтардың тақырыбы.

Қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Қарап шығатын топтардың сатылы деңгейіне байланысты ашық топтар жолы бірнеше болуы мүмкін. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.