Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.81 Кб
Скачать

Тұлға саясат субъектісі

Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мем-р саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайларын қалыптастырған, саналы іс – әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып – білуші жеке адамды айтады. Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам н/е әл-к топты айтады. Объект деп субъектінің танымдық ж/е басқа іс- әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне б/ты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс- әрекетіне, жағдайына ықпал ететін , саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтың адам, ұйым не, әлеумметтік топты айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа мем-ке жатады. Тұлғаның қоғамдық – саяси өмірге белсене араласуының жан – жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені ондағы қайшылықтардың неден тұрғаның ж/е оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденін мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінің білуі керек. жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны дажоғарыболады. Адамның әлеуметтік ж/е саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық құқықтық заңда айқындалады.

Саяси идеология

«Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне ж-е логос-білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға әдебиетке француз ғалымы ж-е фәлсафашысы А.Дестют де Траси кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы ж-е әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеу-к топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат мүдделерін білдіретін ж-е қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Идеология әр түрлі саяси,құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз б/ты ж-е саяси сипаты болады. Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады,оларға мұраттар,ережелер, рухани байлықтар,бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралы мен жолдарын белгілейді. Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларда, манифестерінде, жарғыларында сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарды қалыптастырады.

Ұлт деп жер,тіл,экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен психологиялық құрылымның ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік – этникалық бірлестігін айтады. әлеуметтік аспект ұлтты өндірістік қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан тұратын әлеуметтік - экономикалық тұтастық етіп танытады.

Құқықтық мемлекет:мәні,белгілері,принциптері

құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылдаған заң үстемдік ететін,оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жанжақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.заң үстемдігінің мызғымастығы елдің конституциясында бекітіліп басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді ж/е оны барлық адамдар,мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады,өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Мұндабір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол бермейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде м-к ж/е қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.