Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.81 Кб
Скачать

Саяси дағдарыс және саяси шиеленіс

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағада билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынандай кикілжіңде басқарушы тбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақты да көптеген адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Қазіргі кезеңде шиеленісті шешудің екі жолы бар: 1.шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалга қатысушы жақтардың өзара кешірілімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. 2. зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе толық жойып жібергенде болады. Бұдан басқа Кейінге қалтыру, дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау, аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдістері бар.

Саяси элита

«Элита» термині сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. ХVІІІ ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. ХХ ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. «элита» термині француздың «еІіте» деген сөзіненшыққан,сұрыпталғаг,таңдалған,іріктегген деген мағынаны білдіреді.

Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп салудың 2 түрі бар: антрепренелық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын ,белсенділігін, көрсете білуі қажет.

Саяси элиталарға сұраптаудың мұндай түрінің кемшілігі – саясатқа сырттай жағымды көрінгенмен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басынакелуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан, қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді. Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы, Парламент министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді.Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. Олар қаржы-қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді. Аймақтық элиталарға облыс әкімдері жатады.

Партиялар типтері және функциялары.

Саяси жүйеге мем-пен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Партияларды әртүрлі негіздері бойынша бөлу көбіне-көп шартты, бірақ соған қарамастан партиялардың бірнеше топтарға бөлінетіндігі бар:

  • Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық шаруа, жұмысшы социал-демократиялық бұған зиялылардың тиісті жіктері жатады.

  • Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық яғни қоғам өмірінің құрылымын сапасы жағынан қайта өзгертуге ұмтылатын партиялар:

А) реформистік-қоғамның негізгі құрылымдарын сақтай отырып онда әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге бағытталған партиялар;

Б) консервативтік-өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығыныңнегізгі сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар;

В) Редакциялық партиялар-олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымына ішінара, не толық қайтып оралу болып табылады

  • Басқарудың формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялық, диктатуралық.

  • Үкіметке қатысты бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап.

  • Наным-сенімі бойынша : христиан, ислам; т.б.

Саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. М, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1.аристократиялық үйірмелер; 2.саяси клубтар; 3.көпшілік партиялар. Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы-олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдіреді. Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болады.М Дюверже ХХ 50 ж-да сайлаушылар мен белсенділер санына б/ты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге б/ді. Кадрлық деп қатарына сайлаушылардың 10 пайызынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылумен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбірмүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап, дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.