- •Саясаттану категориялары.
- •Саясаттанудың ғылыми статусы және функциялары.
- •Саясаттын мәні ж/е оның қоғамдағы рөлі.
- •Билік теориясы және билік қатынастары
- •Билік легитимдігі.
- •Саяси үрдіс мәні.
- •Халықаралық қатынас
- •Мемлекет мәні және функциялары
- •Мемлекеттің пайда болуы
- •Мемлекеттің қалыптасуының негізгі концепциялары
- •Саяси мәдениет функциясы.
- •Саяси тәртіп(режим)мәні,типтері. Тоталитарлы ж/еАвтолитарлы.
- •Саяси әлеуметтанудың мәні
- •Саяси жүйе: мәні, функциясы
- •Саяси дағдарыс және саяси шиеленіс
- •Саяси элита
- •Партиялар типтері және функциялары.
- •Тұлға саясат субъектісі
- •Саяси идеология
- •Құқықтық мемлекет:мәні,белгілері,принциптері
- •Азаматтық қоғамдағы саяси ғылым.
- •Саяси лидерлік типологиясы және функциясы.
Мемлекеттің пайда болуы
Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады. Ол геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға, аристократияға, және политейге бөлді.оның ойынша бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса заңды болып танылады. Мамлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасында,ы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс-жүзіне асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.
Мемлекеттің қалыптасуының негізгі концепциялары
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қол-ды. Кең мағынада үлкен әлеуметтік топ-ң ұйымдарын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді. Тар мағынада басқару құрылымның мем-к аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Мемлекет – саяси жүйенің басты элементтері, оның негізгі ұғымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың ара-ғы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: 1.теологиялық теория- негізін салушылар: Аквинский мен Августин мем-ң пайда болуымен құдайдың құдыретімен түсіндірді. 2.патриархтық теория – оның негізін салушы Роберт Филлер мем-ң пайда болуынан рулардың тайпаға, тайпалапрдың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрімем-ке дейін бірігуінен деп санайды. 3.қоғамдық келісім теориясы (Гоббс,Гроций, Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мем-т п.б. дейді.4. «зорлық жасау» теориясы (Дюринг,Гумплович,Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәт-де ара-ғы қатынастарды реттеу мем-т п.б. деп пайымдаған. 5.Географиялық (Ратцель,Соловьев, Чичеринмем-ң п.б. географиялық ортаның(ауа райы, жер бедері т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.6. психологиялық теория адамдарға бағыну менқұлшылықету қажеттігі мәңгі бақи тән болағн дегенді айтады. 7. Марксистік теория мем-ң п.б. жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қам-з ету үшін ж/е басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Сонмен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Саяси мәдениет функциясы.
Саяси мәдениет өмір сүріп отырған қоғамның тұрпатына сай қалыптасқан саяси түсінік, құндылық бағыттар, тәртіптер және саяси мінез-құлықтар көріністерінің жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамның тұрақтылығының кепілі. Ол мәдениеттің барлық саласын реттейді. Ал саяси мәдениет, қоғамдық сана және практика арасындағы байланыс саяси дәстүр арқылы жүргізіледі. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі болып табылады, халықтың барлық жіктерін біріктіреді. Саяси мәдениет бір ортақ түпкі мақсатпен өмір сүріп отырған саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етумен біріктірілген біраз қызметтерді атқарады. Оыс мағынада басымдық үстемдік етуші саяси мәдениет қорғау рөлін атқарды оның реттеушілік, тәрбиелік, коммуникативтік және интегративтік функцияларын атап айту керек.Реттеушілік қызметі – бұл саяси мәдениеттің адам-мінез құлқына әсері, олардың ішкі және халықаралық өмірдің саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазіргі саяси қайраткерлерді, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерін бағамдау т.б.Тәрбиелік қызметі – бұл саяси білімдерді игеру жеке адам интетектуалды дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, мүдделердің қалыптасуына, қоғамдық саяси әрекетке, қимылға белгілі тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзінің көрінісін әлеуметтік белсенділіктен табады. Интегративтік-біріктірушілік қызметі – саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі қызметін атқарады.Коммуникативтік қызметі – өмірде үстемдік алған саяси сана мен мінез-құлықты жаңа ұрпаққа сендіру. Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типтегі саяси сана мен саясиміне-құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамдық қатынастарды жаңартып, қайта құру, тарихтың саяис байлығын игеру мақсатында саяис құндылықтарды жасау мен саяси рухани мұраны игерудің біртұтас процесі болып табылады.
