Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.81 Кб
Скачать

Халықаралық қатынас

Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар ж/е оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саясикүштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Мемлекеттердің халық-қ қа-ғы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы – мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мем-ң күші оның әскери қуатында деп саналады. Сон-н мем-р жан – жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты.Халықаралық қатынасқа мем-к ұйымдармен қатар саяси партиялар менқозғалыс

тар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар ж/е т.б. мем-к емес ұйымдар қатысуы мүмкін. халық-қ қатынастарда сыртқы және хал-қ саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы,принципері қаланады. Бұл бағыт бағдарламалар сыртқы және х-қ саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.

Мемлекет мәні және функциялары

Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады. Ол геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға, аристократияға, және политейге бөлді.оның ойынша бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса заңды болып танылады. Мамлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасында,ы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс-жүзіне асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.

Мемлекеттің бірнеше белгілері бар.

  • Аумақтық бөліну.

  • Ерекше өкімет аппараты (ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырады.)

  • Мемлекеттің егеменлігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

  • Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандары еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

  • Салық салу.

  • Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы.

Мемлекет түрлері

Мемлекет унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық (лат. Біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға басқа жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бернеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жаалпымемлекеттік конституциясымен реттеледі.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдердің тұрақты одағын айтады.