- •Саясаттану категориялары.
- •Саясаттанудың ғылыми статусы және функциялары.
- •Саясаттын мәні ж/е оның қоғамдағы рөлі.
- •Билік теориясы және билік қатынастары
- •Билік легитимдігі.
- •Саяси үрдіс мәні.
- •Халықаралық қатынас
- •Мемлекет мәні және функциялары
- •Мемлекеттің пайда болуы
- •Мемлекеттің қалыптасуының негізгі концепциялары
- •Саяси мәдениет функциясы.
- •Саяси тәртіп(режим)мәні,типтері. Тоталитарлы ж/еАвтолитарлы.
- •Саяси әлеуметтанудың мәні
- •Саяси жүйе: мәні, функциясы
- •Саяси дағдарыс және саяси шиеленіс
- •Саяси элита
- •Партиялар типтері және функциялары.
- •Тұлға саясат субъектісі
- •Саяси идеология
- •Құқықтық мемлекет:мәні,белгілері,принциптері
- •Азаматтық қоғамдағы саяси ғылым.
- •Саяси лидерлік типологиясы және функциясы.
Билік теориясы және билік қатынастары
Билік- ерікті немесе мәжбүрлі бағыну, бой ұсыну деген сөз. Басқару және бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Биліктің өзі басқару түрінде көрінеді, ал басқару билік түрінде болады. Басқару деген ұғым билікке қарағанда кеңірек. Ал билік дегеніміз – басқарудың элементі, басқару процесінің көзі.
«Билік» дегеніміз біреулердің басқаларға өмір жүргізуге, бұйрық беруіне, басқаруға деген құқығы мен еркі, біреулердің басқалар жөнінде дегенін іске асыру және олардың тәртібімен қызметіне белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар.
Теологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әректтің ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғпнынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбісе, көнгіш, басқа біреу өз қырын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
Конфликтілік анықтама дау-жанжалжағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысанда бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын.
Билік легитимдігі.
Билік әр кез заңды, легитимді болуы тиіс. Легитимность – латынның сөзі, ол заңды деген ұғымды білдіреді. Заңды немесе заңдылықты мойындау оны дәлелдеу әлде бір іске араласуға өкілдік беру деген сөз. Бұл термин ХІХ ғасырдың басында Францияда шыққан. Францияда корольдің билігін, ең бірден бір заңдылық билік деп мойындаудантуындаған. Биліктің легатимдігі (заңдылығы) реакциялық күшке, зорлыққа қарсы болады. Мысалы, мемлекет шекарасын рұқсатсыз, зорлықпен қайта қарау, мемлекттік төңкеріс жасаушы узурпатордың әрекеті т.б. жатады. Бүгінде биліктің заңдылығы легатимдігі өркениеті елдердегі құқықтық мемелекеттердің басты белгісі, азаматтық қоғам және әлемдік қауымдастық бұл белгіні қадір тұтады, мойындайды.
Саясаттануда биліктің легатимдігі үш деңгейге бөлінеді: идеологиялы, құрылымдық, дербестік даралық.
Саяси үрдіс мәні.
Саяси процесс категориясының басты белгісі, оынң қоғамдағы объективті оқиқағаларды бейнелеуі. Саясаттануда саяси процесс деп саяси қатынасқа түсетін барлық субъектілердің қалыптасу, қайта жасалу және саяси жүйенің өмір сүруімен байланысты тұтас қызметін айтады.
Саяси процесс белгілі бір кезеңдегі қоғамның саяси жүйесінің өмір сүру формасы.
Саяси проуесс қоғамдық процестердің бірі, ол құқықтық, экономикалық, идеологиялық процестерден өзгеше. Оған мысалы, КСРО-дағы жүргізілген «Қайта құру» жатады.
Белгілі бір жағдайдың нәтижеге жеткенге дейінгі аралықтағы қызметі.
Саяси процестің өмірге келуі белгілі бір ойдан, идеядан туындайды да, оның теорияға айналуына процестің субъектісі оны теория дәрежесіне жеткізеді.
Саяси процесс болып табылатын мақсат-мұратты қалыптастыруға, іс-жүзінде асыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат, құралдары және т.б. қатысады.
сыртқы саясат
Сыртқы саяси стратегия бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара ықпал ету, прогресс және адамгершілік идеяларына, халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сыртқы саясат мемлекттің экономикалық, демографиялық, , әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалына сүйенеді. Ал соңғылары ғылыми-техникалық және мәдени жағдайлар мемлекттің сыртқы саясатындағы мүмкіншіліктерін айқындайды.
Халықаралық саясат
Адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртсек жеке-жеке мемлект болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынастарда болған. Ертеректердегі қатынастардың көбі бір-бірін қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен ол саясатпен реттеліп отырылған.
Халықаралық қатынас теориясында «Сыртқы саясат» терминімен қатар «Халықаралық саясат» және «Халықаралық қатынас» ұғымдары да қолданылады. Бұл ұғымдар бүгін халықаралық жүйе жабық емес, ашық жүйе екндігімен түсіндіріледі. Халықаралық саясатың негізіне тек мемелекетаралық қарым-қатынас қана емес, әлемдік аренадағы халықтық мүдде үшін жұмыс істеген топтардың жұмыстары да жатады.
