Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз тест.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

Информатика пәнінен емтихан сұрақтары

1. Компьютер – бұл...

  1. сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы

  2. ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

  3. ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы

  4. ақпараттық қор көздерін басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтамалар жиынтығы

2. Компьютердің жұмыс істеуі үшін қажет ең аз құрылғылар жинағына ... жатады.

  1. басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта

  2. жүйелік қорап, монитор, пернетақта

  3. процессор, тінтуір, монитор

  4. пернетақта, монитор, тінтуір

3. Монитор (дисплей) ... үшін арналған.

  1. компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдайы сақтау

  2. шеткері құрылғыларды кеңарнаға қосу

  3. берілген бағдарлама бойынша компьютердің жұмысын басқару

  4. мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу

4. Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына ... жатады.

  1. мәтіналғы

  2. басып шығарғыш

  3. пернетақта

  4. модем

5. Ақпаратты енгізу құрылғыларына ... жатады.

  1. дисплей, пернетақта, тінтуір

  2. басып шығарғыш, дисплей, модем

  3. мәтіналғы, пернетақта, тінтуір

  4. басып шығарғыш, мәтіналғы, тінтуір

6. Мәтіналғы – бұл ...

  1. қатты тасымалдаушыға, әдетте қағазға, басып шығару құрылғысы

  2. мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы

  3. мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы

  4. үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған құрылғы

7. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл ...

  1. мәтіналғы

  2. басып шығарғыш

  3. монитор

  4. пернетақта

8. Кернеудің бірден төмендеуі және электр қуатының ажыратылуы кезінде компьютерді ... қорғайды.

  1. аналық тақша

  2. қоректену қорабы

  3. тұрғылықты диск

  4. үздіксіз қоректендіру көзі (UPS)

9. Компьютердің негізгі құрылғыларына жатпайтын құрамдас бөліктері ... деп аталады.

  1. екінші дәрежелі

  2. шеткері

  3. орайласқан

  4. қосалқы

10. Компьютердің пернетақтасы – бұл …

  1. әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы

  2. сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  3. әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  4. еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

11. Тінтуір типті манипулятор – бұл…

  1. Еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

  2. сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  3. әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  4. басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы

12. Тасымалдаушы типтерінің көлемі ең үлкені – ...

  1. DVD-Disk

  2. дискет

  3. CD-Disk

  4. CD-дискет

13. Ақпараттың өлшем бірліктері – ...

  1. стек, регистр

  2. бит, слот

  3. байт, стек

  4. бит, байт

14. Байт – бұл …

  1. 1024 бит

  2. ақпараттың ең үлкен бірлігі

  3. 8 бит

  4. 10 бит

15. Бит - бұл...

  1. логикалық элемент

  2. 0 немесе 1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

  3. 0 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

  4. 1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

16. Бір килобайт ... тең.

  1. 8 байтқа

  2. 1 024 байтқа

  3. 1 000 байтқа

  4. 256 байтқа

17. Жүгіргінің сол жағында тұрған символды ... пернесі жояды.

  1. BackSpace

  2. Delete

  3. ESC

  4. Insert

18. Жүгіргіні ағымдағы жолдың соңына апаратын перне – ...

  1. Enter

  2. Home

  3. End

  4. Esc

19. Жүгіргіні ағымдағы жолдың басына апаратын перне – ...

  1. F1

  2. Home

  3. End

  4. Esc

20. Alt, Ctrl, Shift пернелері ... пернелер деп аталады.

  1. түзетуші

  2. жетелік

  3. басқарушы

  4. әмірлік

21. F1 – F12 пернелері ... пернелер деп аталады.