
- •1/48.Соғыс пен бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайларда эфакуациялық
- •2/49.Жер сілкінудің магнитудасы
- •3/11/50/58.Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар
- •4/51. Эвакуациялық органдар
- •5/52.Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді
- •6/53.Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді
- •7/54.Қорғаныс ғимараттар мақсаты бойынша қалай бөлінеді
- •8/55.Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасын беріңіз
- •9/56. Жер сілкінісінің залалын азайту үшін қандай мәселелерді қамтиды
- •10/46/57/68.Жер сілкінудің сипаттамасы
- •14/37/67.Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар
- •15/21/34/64.Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
- •16/40/70.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •17.Өткіш радиация және жердің радиоактивті ластануы туралы түсіндірме
- •18/31/61. Адамға радиатцияның әсері
- •19./32/62 Хлормен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •22/23/35/65.Қатты әсер ететін улы заттар өздерінің қасиеттері бойынша қандай
- •24.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •25. Электромагниттік импульс және өткіш радиация туралы түсіндірме
- •26.Көміртегі тотығымен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •27.Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •28.Жердің радиоактивті ластануы не себептен болады
- •29.Аммиак пен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •30/60.Ведомствалы қатыстағы бойынша төтенше жағдайларға жататын
- •38.Жер сілкінісі анықтамасы
- •41/71.Жер сілкіну түрлері
- •43.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралуы бойынша қадай
- •44.Жер сілкіну географиялық таралуы
- •45.Қалаларды сумен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар
- •72.Жарақаттың қандай түрлері бар
- •73.Экзогенді жарақат пен эндогенді жарақаттың айырмашылығы неде
- •74.Экзогендік жарақат факторларын атаңыз
- •75.Жарақаттың қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады
- •76.Термиялық күйік дегеніміз не қанша түрде ажыратуға болады
- •77.Алғашқы жәрдем аптечкасы дегеніміз не
14/37/67.Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Төтенше жағдай
Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1) Пайда болу саласы бойынша.
2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша.
3) Аумақтық таралуы бойынша. Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды болып бөлінеді.
15/21/34/64.Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төнірегіндегі артық қысыммен сипаталады. Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см2 жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 онан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті. Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Тұман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.