- •1/48.Соғыс пен бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайларда эфакуациялық
- •2/49.Жер сілкінудің магнитудасы
- •3/11/50/58.Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар
- •4/51. Эвакуациялық органдар
- •5/52.Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді
- •6/53.Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді
- •7/54.Қорғаныс ғимараттар мақсаты бойынша қалай бөлінеді
- •8/55.Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасын беріңіз
- •9/56. Жер сілкінісінің залалын азайту үшін қандай мәселелерді қамтиды
- •10/46/57/68.Жер сілкінудің сипаттамасы
- •14/37/67.Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар
- •15/21/34/64.Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
- •16/40/70.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •17.Өткіш радиация және жердің радиоактивті ластануы туралы түсіндірме
- •18/31/61. Адамға радиатцияның әсері
- •19./32/62 Хлормен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •22/23/35/65.Қатты әсер ететін улы заттар өздерінің қасиеттері бойынша қандай
- •24.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •25. Электромагниттік импульс және өткіш радиация туралы түсіндірме
- •26.Көміртегі тотығымен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •27.Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •28.Жердің радиоактивті ластануы не себептен болады
- •29.Аммиак пен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •30/60.Ведомствалы қатыстағы бойынша төтенше жағдайларға жататын
- •38.Жер сілкінісі анықтамасы
- •41/71.Жер сілкіну түрлері
- •43.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралуы бойынша қадай
- •44.Жер сілкіну географиялық таралуы
- •45.Қалаларды сумен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар
- •72.Жарақаттың қандай түрлері бар
- •73.Экзогенді жарақат пен эндогенді жарақаттың айырмашылығы неде
- •74.Экзогендік жарақат факторларын атаңыз
- •75.Жарақаттың қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады
- •76.Термиялық күйік дегеніміз не қанша түрде ажыратуға болады
- •77.Алғашқы жәрдем аптечкасы дегеніміз не
5/52.Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді
Қорғаныс ғимараттардың түрлері. Панаханалар – жан-жақты қамтылған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатынарнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар типті қираған баспахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек. Панаханалар ссу баспайтын учаскілерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғынығ төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Жылдам тұрғызылған панаханалар(ЖТП) дер кезінде салынаған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панаханалардың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) 50-200кісілік болады. Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды.Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады. Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді. Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардасн жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар да пайдалануға болады.Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қойылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.
6/53.Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді
1964 ж. үш сейсмолог ғалымның (С. В. Медведев —1 ТМД, В. Шпонхойер — ФРГ, В. Қарник — ЧССР) фамилияларының бас әріптерінен құралған халықаралықі кесте (МSК.-64) қабылданып, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді. Бұл кесте бойынша, I мен IV балға дейінгі аралықта жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы адам- дардың (физиологиялық) алған әсері (эмоциясы) негізінде, V тен IX балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирау дәрежесіне қарай анықталады, алі X нан XII балға дейінгі аралықта байқалатын жер бетінің деформациялық ірі өзгерістері (ығысу, ыдырау. қатпарлану, жылжу, жылысу, опырылу, жарылу) жер сілкіну әрекетінің ең жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші болып саналады.
Сонымен, ТМД территориясында қолданылатын XII балдық макросейсмикалық кестенің (М5К-64) негізгі мазмұны мына төмендегідей:
/ балл. Арнаулы сейсмикалық құралдар мен аспаптар арқылы рана байқалады (әлсіз дірілдер).
// балл. Толық тыныштық жағдайда кейбір сезімтал адамдар ғана сезеді (әлсіз дірілдер мен тітіркенулер)^
/// балл. Халықтың шағын бөлігі ғана сезеді. Жоғарғы этаждарда анық сезіледі. Үйдің жанынан өте шыққан жүк автомашинасының туғызған діріліндей әсер қалдырады (өте әлсіз сілкіну).
IV балл. Халықтың көпшілігі сезеді. Үй ішінде терезенің әйнегі дірілдеп, ыдыс-аяқтар сыңғырлайды; люстралар ақырындап тербеліп, есіктер сықырлайды; ұйқыдағы адамдардың оянуы мүмкін; ауыр жүк автомашинасы үйдің қабырғасын соғып өткендей әсер қалдырады (әлсіз сілкіну).
V балл. Үй ішіндегі барлық адам, ал көшедегі адамдардын, басым көпшілігі сезінеді; үй іші шайқалып, есіктер ашылып-жабылып, жеңіл заттар құлап түседі; қабырғада кішігірім жарықшақтар пайда болып, сылақтары түсіп жатады; ұйқыдағы адамдар түгелдей оянып кетеді (орта дәрежедегі сілкінулер).
VI балл. Халық түгел сезінеді. Қорқыныш сезімі пайда болып, үрей туғызады. Үй ішіндегі кейбір заттар орнынан козғалып, ыдыс-аяқтар сынуы мүмкін; маятниктті сағаттар тоқтап қалады; қабырғалардың жапсарлары ажырап, сылақтары кесек бөлшектер түрінде опырылып құлап түсуі мүмкін. Құдықтардағы су деңгейі өзгерістерге ұшырайды (үрей туғызатын сілкінулер).
VII балл. Үй ішіндегі кейбір заттар құлайды. Үйдегі адамдардың барлығы да көшеге жүгіріп шығады. Сазды кірпіштен салынған нашар үйлердің қабырғаларында терен жарықтар пайда болып, кейбіреулері жартылай болса да қирайды. Ал таза кірпіштен немесе темір-бетонды ірі панельден тұрғызылған үйлердін, қабырғала-рында кішігірім жарықтар пайда болып, сылақтары опырылып құлап түседі. Кейбір жағдайда түтін мұржалары бұзылып, құлап жатады. Машина айдап келе жатқан адамдарға да сезіледі (күшті сілкінулер).
VIII балл. Үй ішіндегі ауыр заттарға дейін түгел құлайды. Ірі панельден тұрғызылған қабырғалар қаркастан бөлініп, ажырап қалады. Сапалы үйлер азды-көпті бүлініп, ал сапасыз нашар құрылыстар жартылай қирап, құлап жатады. Тау беткейлерінде бірнеше сантиметрлік жарықтар пайда болып, қорым тастарға тола-дьі Ескерткіштер орындарынан қозғалып немесе төңкеріліп қалады (аса күшті сілкінулер).
IX балл. Үй құрылыстары (сапасына қарай) кейде жартылай қисайып, кейде түгелдей бұзылады. Жер бетінде кішігірім (бірнеше см-лік) жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Жер астынан жүргізілген құбырлар әр түрлі деформациялык өзгерістерге ұшырайды. Су бетінде алып толқындар (цунамдар) пайда болып, жағалауда орналасқан халықты апатқа ұшыратады (ерекше күшті сілкінулер).
X балл. Бірен-саран ғана сапалы үйлер жартылай болса да сақталып, қалғандары түгелдей дерлік бұзылады, ал кейбіреулері фундаментінен ұшып кетеді. Темір жол рельстері майысып, сағыздай иіледі. Таулы жерлерде опырылып құлау, жылысу-жылжу әрекеттері байқалады. Өзен сулары арнасынан шығып, жағаға қарай ұмтылады. Жер беті ірілі-ұсақты (1 м-ге дейін) жарықтармен тілімденеді. Жасанды плотиналар мен тасты бөгеттер бұзылып, кейде жаңа көл орындары пайда болады (жойқын күшті сілкінулер).
XI балл. Үй құрылыстары түгелімен бұзылып, қирады. Таулы аудандарда пайда болған ірі жарықтар мен жарылыстарды (бірнеше м-лік) бойлап, тау жыныстарының ірі блоктары тік немесе көлденең бағытта жылжып орын ауыстырады. Көпірлер қирап, жер асты құбырлары мен темір жол рельстері сан бұралып, түгелдей істен шығады (катастрофалық апатты сілкінулер).
XII балл. Барлық құрылыс орындары түгелдей қирап қорым төбешіктерге айналады. Өзендер арнасын өзгертіп, су толқындары аспанға атылып жатады; сарқыра малар мен көлдер пайда болады. Жер қыртысының ірі блоктары тік және көлденең бағыттағы жарықтар бойымен жылжып орын ауыстырады. Соның нәтижесінд жер бетінің бедер пішіндері көп өзгерістерге ұшырап орасан зор опырылыстар мен копарылыстар байқаладц (ен, күшті катастрофалық апатты сілкінулер).
Жер сілкінудің жер бетіне тигізетін әсері жер сілкіну ошағының тереңдігі (неғұрлым терең болса, соғұрлым оның әсері әлсіз) мен дүмпу күшінің шамасьша тәуелді болады. Толығырақ айтсақ, жер сілкіну ошағы тереңдеп, ара қашықтығы өскен сайын дүмпу күшініі жер бетіне тигізетін әсері де азая түседі. Сонымен бірге, дүмпу күшінің әсері жер бетінің геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Егер жердің беткі қабаты толық кристалданған берік жыныстардан тұратын болса немесе топырақ суларының деңгейі тереңірек орналасса, онда жер сілкіну әсері шамалы болады. Жер сілкінудің эпицентрінен алыстаған сайын көлденең бағыттагы тербелістер басым болады. Мұндай тербелістер сейсмикалық серпімді толқындар деп аталады; олар қума толқындар (Р), көлденен. толқындар (S) және беткейлік (/) толқындар болып үш түрге ажыратылады.
