- •1/48.Соғыс пен бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайларда эфакуациялық
- •2/49.Жер сілкінудің магнитудасы
- •3/11/50/58.Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар
- •4/51. Эвакуациялық органдар
- •5/52.Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді
- •6/53.Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді
- •7/54.Қорғаныс ғимараттар мақсаты бойынша қалай бөлінеді
- •8/55.Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасын беріңіз
- •9/56. Жер сілкінісінің залалын азайту үшін қандай мәселелерді қамтиды
- •10/46/57/68.Жер сілкінудің сипаттамасы
- •14/37/67.Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар
- •15/21/34/64.Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
- •16/40/70.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •17.Өткіш радиация және жердің радиоактивті ластануы туралы түсіндірме
- •18/31/61. Адамға радиатцияның әсері
- •19./32/62 Хлормен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •22/23/35/65.Қатты әсер ететін улы заттар өздерінің қасиеттері бойынша қандай
- •24.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •25. Электромагниттік импульс және өткіш радиация туралы түсіндірме
- •26.Көміртегі тотығымен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •27.Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •28.Жердің радиоактивті ластануы не себептен болады
- •29.Аммиак пен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •30/60.Ведомствалы қатыстағы бойынша төтенше жағдайларға жататын
- •38.Жер сілкінісі анықтамасы
- •41/71.Жер сілкіну түрлері
- •43.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралуы бойынша қадай
- •44.Жер сілкіну географиялық таралуы
- •45.Қалаларды сумен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар
- •72.Жарақаттың қандай түрлері бар
- •73.Экзогенді жарақат пен эндогенді жарақаттың айырмашылығы неде
- •74.Экзогендік жарақат факторларын атаңыз
- •75.Жарақаттың қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады
- •76.Термиялық күйік дегеніміз не қанша түрде ажыратуға болады
- •77.Алғашқы жәрдем аптечкасы дегеніміз не
2/49.Жер сілкінудің магнитудасы
Жер сілкінуінің магнитудасы - сілкіністің мөшерін (шамасын) анықтайтын салыстырмалық энергетикалық өлшем. Ол сілкініс ошағынан Бөлініп шыққан энергия мөлшеріне тікелей байланысты. Ч. Рихтердің бастапқы аныұтамасы бойынша магнитуда дегеніміз сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта стандартты сейсмографпен тіркелген сейсмикалық толқынның ең үлкен амплитуда шегінің (милиметрдің мыңнан бір бөлігі) сандық логорафимінетең: Мұнда А-стандартты Сейсмографпен белгілі бір қашықтықта тіркелген толқын амплитудасының шегі, - стандартты сейсмографпен сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта тіркелген амплитудасының шегі (0,001мм-ге тең).1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған) деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. 1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. 2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. 3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. 4 балл. Елеулі жер сілкінісі. 5 балл. Ұйқыдан оянып кету. 6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. 7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. 8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. 9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі. 11 балл. Апат. 12 балл. Жер бедерінің озгеруі.14 Радиоэкологиялық биогеоценоздардың радиоактивті заттармен ластануы ағзалардың мекен ету ортасындағы жаңа абиотикалық фактор болып саналады. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. № 1 радиациядан қорғаушы дәрі-дәрмек - цистамин. Малина түсті екі пенал. Сәулелену қаупі кезінде пайдалану керек
3/11/50/58.Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар
Электр тораптарын жіктеу Сұлбаның конфигурациясы және тұтынушылардың қосылу сұлбалары бойынша тораптар ажыратылған және тұйықталған болып бөлiнедi. Ажыратылған тораптарға жүктемелерi тек бiр жақтан электр энергиясын алатын желiлерден құралған тораптар жатады. Мұндай тораптар радиалды (2.1, а-сурет) және магистралды (2.1, б-сурет) болуы мүмкін. 2.1-сурет. Электр тораптарының сұлбалары Магистралды қоректендіру сұлбаларына түсті металл мен коммутациялық аппараттар аз жұмсалады, сондықтан да олар радиалды сұлбаларға қарағанда анағұрлым арзан. Алайда кәдімгі конструкциямен орындалған магистралды сұлбалардың сенімділігі аздау болады, себебі негізгі (бас) бөлікте апат болғанда осы магистралдан қоректенетін электр қабылдағыштардың барлығы істен шығады, ал радиалды желілерде бұндай жағдайда тек бір ғана қабылдағыш істен шығады. Солай десек те шинақұбырлардан жасалған магистралды тораптар жоғары сенімділікті жабдықтай алады. Тұйықталған тораптар деп тұтынушыларды электрмен жабдықтауды екі және одан көп жақтан қоректендіруге мүмкiндiгi бар тораптарды айтады, бұл торап тардың да маңыздылығы осында (2.1, в-сурет). Оларды екі немесе бірнеше қорек көздері (аудандық тораптар, электрлендірілген темір жолдың тартылым тораптары) тек бір тораппен байланысқанда қолданады. Сақиналы тораптар да тұйықталған торапқа жатады (2.1, г-сурет). Тұйықталған тораптарды есептеу ажыратылған торапты есептеуге қарағанда күрделі болады. Тұйықталған тораптар үшін күрделірек қорғанысты және үлкен ақшалай қаржыны талап етеді.
Тораптарға қойылатын негiзгi талаптар Тораптарға қойылатын бес негiзгi талаптарды бөлiп алуға болады: - жұмыс сенімділігі. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мәселесі тораптың түгелге дерлік элементтері уақыт ағынымен зақымдалуына байланысты туады. Зақымданулар найзағайлық қызметтің көтерілуінен, күшті желдің әсерінен, ауыр мұздардың түзілуінен және т.б. болады.
Электрмен жабдықтау сенімділігін көтеру тек зақымдануды төмендету мен тораптың элементтерін резервтеумен ғана емес, сондай-ақ экономикалық жағынан дұрыс деп табылатын жолдармен қамтамасыз етілуі мүмкін. Резервтеуден басқа сенімді электрмен жабдықтауды орындау үшін сенімді әрекеттегі релелік қорғаныс пен автоматиканың құрылғылары керек: АҚҚ – автоматты қайта қосу, РАҚ – резервті автоматты қосу, АЖЖ – автоматты жиіліктік жүксіздендіру және т.б;
- электр энергиясының сапасы. Әрбір тұтынушы сапалы электр энергиясын алуға тиіс. Бұны энергия сапасының негізгі көрсеткіштерімен анықтайды: кернеу деңгейімен; жиілік деңгейімен; үш фазалы кернеудің симметриясымен және кернеу қисығының түрімен. Электр қабылдағыштарының саны көп қазіргі ұзын электр тораптарында электр энергиясының сапасы тораптың көптеген жұмыс жағдайына байланысты. Ол тораптың әр жерінде әр түрлі болады, бірақ арнайы құрылғыларды қолдану арқылы реттелуі мүмкін;
- үнемділік. Торап үнемді болуы үшін, тораптың сұлбалары конфигурацияларының, сымдар қимасы кернеулерінің және т.б. ең орындыларын таңдап алу керек. Сондықтан «келтірілген шығындар» деп аталатын белгіленген критерий бойынша өзара салыстырылатын варианттар қатары жоспарланады. Бұл критерий энергия шығындарын, капиталдық салымдарды және зиянды ескереді. Келтірілген шығындары минималды болатын вариант тиімді болып табылады;
- пайдалану қауіпсіздігі мен ыңғайлығы. Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық пайдалану ережесінде (ТПЕ) келісілгендей жерлендірулер, қоршаулар қабылдағыштар, арнайы киімдер және басқа құралдар пайдаланылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа пайдалану ыңғайлылығы да, алдын ала қарастырылуы тиіс: әр текті ауыстырып қосудың ыңғайлылығы, жөнделетін жабдыққа жақындау, қарау үшін жеткілікті жол және т.б.;
- даму мүмкіндігі. Жүктемелердің ығысуы салдарынан, сондай-ақ жаңа тұтынушылардың үздіксіз пайда болуынан электр торабы даму мен қайта құру жағдайында тұрады. Желілер мен трансформаторлық қосалқы станциялар ауыстырылады, қайта құрылады. Электр торабын жобалағанда, торапты түпкілікті қайта құрмай-ақ, ары қарай кеңейту мүмкіндігі болатындай етіп жобалау керек.
