- •1/48.Соғыс пен бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайларда эфакуациялық
- •2/49.Жер сілкінудің магнитудасы
- •3/11/50/58.Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар
- •4/51. Эвакуациялық органдар
- •5/52.Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді
- •6/53.Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді
- •7/54.Қорғаныс ғимараттар мақсаты бойынша қалай бөлінеді
- •8/55.Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасын беріңіз
- •9/56. Жер сілкінісінің залалын азайту үшін қандай мәселелерді қамтиды
- •10/46/57/68.Жер сілкінудің сипаттамасы
- •14/37/67.Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар
- •15/21/34/64.Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
- •16/40/70.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •17.Өткіш радиация және жердің радиоактивті ластануы туралы түсіндірме
- •18/31/61. Адамға радиатцияның әсері
- •19./32/62 Хлормен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •22/23/35/65.Қатты әсер ететін улы заттар өздерінің қасиеттері бойынша қандай
- •24.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •25. Электромагниттік импульс және өткіш радиация туралы түсіндірме
- •26.Көміртегі тотығымен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •27.Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •28.Жердің радиоактивті ластануы не себептен болады
- •29.Аммиак пен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •30/60.Ведомствалы қатыстағы бойынша төтенше жағдайларға жататын
- •38.Жер сілкінісі анықтамасы
- •41/71.Жер сілкіну түрлері
- •43.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралуы бойынша қадай
- •44.Жер сілкіну географиялық таралуы
- •45.Қалаларды сумен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар
- •72.Жарақаттың қандай түрлері бар
- •73.Экзогенді жарақат пен эндогенді жарақаттың айырмашылығы неде
- •74.Экзогендік жарақат факторларын атаңыз
- •75.Жарақаттың қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады
- •76.Термиялық күйік дегеніміз не қанша түрде ажыратуға болады
- •77.Алғашқы жәрдем аптечкасы дегеніміз не
43.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралуы бойынша қадай
бөлінеді?
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:
- өндірістік
- транспорттық авариялар
- өрттер
- ҚӘУЗ тасталуымен авариялар
- РЗ тасталуымен авариялар
- БҚЗ тасталуымен авариялар
- ғимараттардың кенеттен құлауы
- электр-энергетиқалық жүйелердегі
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар
- тазартқыш құрылыстардағы авариялар
- гидродинамикалық авариялар жатады.
44.Жер сілкіну географиялық таралуы
Жер сілкінудің географиялық таралуы Жер бетінде біркелкі болмайтындығы кездейсоқ оқиға емес. Оның себебі, жер қыртысының жеке аудандарының геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы аймақтарда жиі байқалады. Мұндай аймақтардың қатарына ең жас қатпарлы тау жоталарың мұ-хиторталық жоталар мен рифттік зоналарды, материктер мен мұхиттардың шекарасын қамтитын аудандарды жатқызуға болады. Сонымен бірге, жер сілкіну аймақтарының вулкандардың таралу аймақтарымен де сәйкес келетіндігін айта кету керек. Кейбір жағдайда, күшті жер сілкіну әрекеттерінің вулкандық әрекеттерді жандандыратындығы байқалады. Мысалы, 1952 ж. Перу мен Чилиде болған күшті жер сілкінуден соң іле-шала оянған вулкандардың саны 25-ке жеткені мәлім. Мұның барлығы жер сілкіну және вулканизм әрекеттерінің пайда болу себептерінің бірлігін немесе ұқсастығын және олардың Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан жалпы геодинамикалық әрекеттермен тығыз байланыстылығын көрсетеді.
45.Қалаларды сумен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар
Сумен жабдықтау жүйесі қатардан шығуы кәсіпорынның тоқтауына және кәсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шығарудың доғарылуына алып келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру мақсатында мыналар қарастырылады: категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жер асты) болуға тиіс; екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен жабдыықтауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырақ жерде болған жөн; сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде су беру су қысымы мұнараларына жетпей берілуге тиіс; орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жіберілуге тиіс; таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен жабдықталуға тиіс; өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспаған аумақта орналастырылғаны жөн.
