Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tkn_original.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.16 Кб
Скачать

24.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

25. Электромагниттік импульс және өткіш радиация туралы түсіндірме

беріңіз

Атом энергетикалық станцияларды пайдалану кезінде бір қатар елдерде авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан шығу нәтижесінде адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін көтеріңкі радияциялық қауіп деңгейі радиациялық авария деп аталады.

Радиоактивтілік және иондық сәулелену жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін болды. Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Ани Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады.

Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері бар:

§ ауа толқынының соққысы;

§ жарықты сәулелену немесе жарықтың сәуле шығаруы;

§ өткіш радиация;

§ радиоактивтік ластану;

§ электромагниттік импульс.

Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.

Жарықты сәулелену немесе жарықтың сәуле шығаруы – ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны.

Өткіш радиация – ядролық жарылыс кезіндегі гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Жердің радиоактивті ластануы – ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болатын құбылыс.

Электромагниттік импульс – гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер.

Ядролық қару – жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]